Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 қыркүйекте № 9762 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16, 117, 161, 162, 170, 173-баптарына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасы бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 117 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 115 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7616 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдедегі № 211-212 (27030-27031) "Егеменді Қазақстан" газетінде жарияланған)) бірлескен бұйрығының;

      2) "Сотталғандарды жазасын өтеуден босату үшін негіз болатын аурулар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 93 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7656 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымдағы № 199-200 (27018-27019) "Егеменді Қазақстан" газетінде жарияланған)) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М.Бердалин):

      осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;

      осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін (Б.М. Бердалин).

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

      2014 жылғы 2 қыркүйек



  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2014 жылғы 19 қыркүйектегі
  № 530 бұйрығына


  1-қосымша

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы
көмекті ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау және санитарлық саулығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан әрі - ҚАЖ) тергеу изоляторларында (бұдан әрі - ТИЗО) ұсталатын қылмыс жасауда күдіктілер мен айыпталушыларға (бұдан әрі - күдіктілер және айыпталушылар), сондай-ақ ҚАЖ түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға (бұдан әрі - сотталғандар) туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастырумен байланысты мәселелерді реттейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) қақырық микроскопиясының оң нәтижесі (бактерия шығарушы) бар өкпе туберкулезі ем жүргізілгенге дейін қақырық жағындысының микроскопиясы кезінде қышқылға төзімді бактериаларынан (бұдан әрі - ҚТБ), тіпті бір рет болса да табылған науқаста анықталады;

      2) қақырық микроскопиясының теріс нәтижесі бар өкпе туберкулезі науқаста санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен клиникалық практика стандарттарына сәйкес келетін мынадай өлшем-шарттар негізінде анықталады:

      қақырық жағындысында қышқылға төзімді бактерияның бар-жоғына микроскопиялық зерттеу кезінде теріс нәтижелерді кемінде 3 рет алу;

      өкпе белсенді туберкулезіне cәйкес келетін рентгенология арқылы анықталатын өзгерістер;

      кең ауқымды бактерияларға қарсы дәрі-дәрмектермен терапия жүргізу кезінде нәтиженің болмауы;

      Орталық дәрігерлік кеңестік комиссия (бұдан әрі – ОДКК) шешімі.

      3) қақырық жағындысының конверсиясы - ем барысында қарқынды фаза аяқталғаннан кейін кемінде екі жүйелі теріс микроскопиялармен дәлелденген ҚТБ-ның жойылуы;

      4) көптеген дәрілік тұрақтылығы бар туберкулез (бұдан әрі - КДТ ТБ) – бұл штаммдары кемінде рифампицинге төзімді туберкулез микобактерияларын (бұдан әрі - ТМБ) қоздырған туберкулез;

      5) кең көлемді дәрілерге тұрақтылығы бар туберкулез (бұдан әрі - ККДТ ТБ) – бұл штаммдары кемінде изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біреуіне және екінші қатардағы инъекциялық үш дәрінің біреуіне (капреомицин, канамицин немесе амикацинге) төзімді ТМБ-мен қозатын туберкулез;

      6) полирезистентті туберкулез (бұдан әрі – ПР ТБ) – бұл КДТ ТБ және ККДТ ТБ-ден өзгеше, екі және одан да көп дәрілерге көнбейтін ТМБ штаммдары қоздыратын туберкулез;

      7) қарқынды кезең – аурудың клиникалық көріністерін жоюға және ТМБ таралуына жоғары әсер етуге бағытталған (қақырық жағындысының конвердамуына өнуіне жол бермеу) терапияның бастапқы кезеңі;

      8) жалғастыру кезеңі – терапияны жалғастыру кезеңі, ол сақталған микобактериалды таралымға кедергі жасайды, қабыну өзгерістерінің және туберкулез барысы инволюциясының одан әрі азаюын, сондай-ақ науқастың ағзасындағы функционалды мүмкіндіктерін қалпына келтіруді қамтамасыз етеді;

      9) микроскопиялық зерттеу – ҚТБ-ны бактериоскопиялық әдісі. Бактериоскопиялық әдіс науқаста туберкулезді анықтауға, сонымен қатар, динамикада ем нәтижелігін бақылауға мүмкіндік береді;

      10) егу – бактериологиялық зертхана жағдайында микобактерия дақылдарын қоректік ортада бөліп алу әдісі. Егуге кез-келген биологиялық материал жолданады;

      11) дәріге сезімталдық тесті (бұдан әрі - ДСТ) - туберкулез микобактерияларының туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерге (бұдан әрі -ТҚД) сезімталдық спектрын анықтауға, науқастардың химиятерапия ем тактикасын және ауру нәтижесін болжауға мүмкіндік береді.

2. Туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру тәртібі

      3. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға туберкулезге қарсы көмек мамандандырылған мекемелерде және ҚАЖ-нің медициналық бөліністерінде көрсетіледі.

      4. Туберкулезге қарсы ауруханалар мен туберкулезбен ауыратын адамдарды ұстауға және емдеуге арналған мекемелер мамандандырылған емес ҚАЖ мекемелері үшін туберкулезге қарсы жұмыс жөніндегі ұйымдық-әдістемелік орталықтар болып табылады. Қызметтің осы бағыты бойынша негізгі ұйымдастыру іс-шаралары, сондай-ақ мекемелер мен мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдардағы медициналық ұйымдардың жұмысын үйлестіруді және өзара іс-қимылды бейінді мамандар (бас, аға инспекторлар және маман - инспекторлар) жүзеге асырады.

      5. ҚАЖ мекемелерінде туберкулезге қарсы іс-шараларға:

      1) уберкулезге күдікті адамдарды анықтау;

      2) туберкулез жағдайының, туберкулездің дәріге төзімді түрлерінің, туберкулездің ко-инфекциясын және адамның иммунді тапшылық вирусын (бұдан әрі - АИТВ-инфекциясы) диагностикалау;

      3) туберкулез жағдайларын тіркеу және сандарттық жіктеу;

      4) туберкулезбен ауыратын науқастарды бактерия шығарушылығына және ДСТ-ке байланысты бөлек ұстау және оқшаулау;

      5) сезімталдық деректерін ескере отырып, науқастарды үздіксіз емдеу;

      6) БДҰ ұсынымына сәйкес 1,2,3 қатардағы туберкулезге қарсы препараттармен (бұдан әрі - ТҚП) толық (емделетіндердің кемінде 85-100% қамту) және ТҚП-на жағымсыз реакцияны алу үшін дәрілермен қамтамасыз ету;

      7) туберкулезбен науқастарға диспансерлік бақылау;

      8) АИТВ жұқтырғандарға туберкулездің химияпрофилактикасы;

      9) туберкулез мәселелері бойынша санитарлық ағарту;

      10) стандартты медициналық құжаттамалар және туберкулезбен ауыратындардың Ұлттық тіркелімін жүргізу (бұдан әрі - ТАҰТ);

      11) инфекциялық бақылау шараларын сақтау;

      12) жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету (бетперде, респиратор);

      13) туберкулезбен ауыратын науқастардың босатылатыны туралы ақпаратты туберкулезге қарсы ұйымдарға (бұдан әрі - ТҚҰ), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі - ТҚҚК ) аумақтық органдарына және ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөліністеріне хабарлау;

      14) ҚАЖ туберкулезге қарсы шаралардың тиімділігін талдау;

      15) емдеу тиімділігін когортты талдау жатады.

      6. ҚАЖ-де туберкулез науқастарын емдеуді жүзеге асыратын емдеу-профилактикалық мекемелеріне (бұдан әрі – ҚАЖ ЕПМ):

      1) туберкулезге қарсы ауруханалар;

      2) әйелдерді, кәмелетке толмағандарды, сот, құқық қорғау және арнайы органдарының бұрынғы қызметкерлерін, өмір бойы бас бостандығынан айыруға кесілген адамдарды ұстауға арналған түрмелерде, түзеу мекемелерінде (бұдан әрі - ТМ), туберкулезбен ауыратын науқастарды ТИЗО ұстауға және емдеуге арналған оқшаулаған учаскелері жатады.

      7. ТИЗО-ғы медициналық бөлімінің мамандары:

      1) карантинде, профилактикалық тексерулерде, шағымдануы бойынша туберкулезге күдікті адамдарды анықтауды;

      2) туберкулезді анықтауда диагностикалық алгоритмінің сақталуын;

      3) туберкулезге күдікті адамдарды туберкулездің микобактерияларына патологиялық материалдарының микроскопиялық зерттелуін;

      4) жоспарлы көкірек қуысын флюорографиялық тексеруді;

      5) туберкулез жағдайларын дер кезінде диагностикалау үшін ОДКК материалдарды ұсынуды;

      6) туберкулезбен науқасты емдегенге дейін культуралды және ДСТ тексеруді;

      7) ошақты тіркеуге алу үшін және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін карантинде туберкулезбен ауыратындардың анықталуы туралы ТҚҰ және ТҚҚК аумақтық органдарына хабарлауды;

      8) туберкулезбен ауыратын науқастарды бактерия шығарушылығына және дәріге төзімділігіне байланысты бөлек ұстау және оқшаулау;

      9) туберкулездің сезімтал түрімен ауыратын науқастарға үздіксіз емді тағайындауды;

      10) үнемі тікелей-бақыланатын емді жүргізу;

      11) диспансерлік бақылауды ұйымдастыруды;

      12) АИТВ-инфекциясын жұқтырғандарға туберкулездің химияпрофилактикасын;

      13) туберкулез бойынша санитарлық ағартуларды;

      14) стандартты медициналық іс-қағаздар жүргізуді;

      15) инфекциялық қадағалау шараларын сақтауды;

      16) жеке қорғаныс құралдарын қолдануды;

      17) ТҚҰ-на, ТҚҚК аумақтық органдарына және ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөліністеріне уақытша ұстау изоляторларынан (бұдан әрі - УҰО) сот залынан босатылатын туберкулезбен ауыратын науқастар туралы ақпаратты алған соң 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпаратты беруді;

      18) мекемелерде туберкулезге қарсы шаралардың тиімділігін талдауды;

      19) когортты талдауды жүзеге асырады.

      8. ТМ-гі медициналық бөлімінің мамандары:

      1) карантинде, профилактикалық тексерісте, шағымдануы бойынша туберкулезге күдікті адамдарды анықтауды;

      2) туберкулезді анықтауда диагностикалық алгоритмді сақтауды;

      3) туберкулезге күдікті адамдарды туберкулездің микобактерияларына патологиялық материалдарын микроскопиялық зерттеу;

      4) жоспарлы көкірек қуысын флюорографиялық тексеру;

      5) туберкулезбен науқастарды бактерия шығарушылығына және дәріге төзімділігін тексеру нәтижесіне байланысты оқшаулау;

      6) туберкулездің жағдайлары бойынша уақтылы диагностикалау үшін ОДКК-ға құжаттар ұсынуды;

      7) науқастарды Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) бекітілген ТБ-03, ТБ-11 журналдарына тіркеу;

      8) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес туберкулезбен науқастарды анықтау туралы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (бұдан әрі - ҚАЖД) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөліністерін (бұдан әрі - СЭҚБ) хабардар ету;

      9) науқасты кестеге сәйкес жақын этаппен ЕПМ-ге айдауылдауды;

      10) қарым-қатынаста болған адамдарды тексеруді;

      11) АИТВ жұқтырғандарға туберкулездің химиопрофилактикасын;

      12) туберкулез бойынша санитариялық ағартуларды;

      13) жеке қорғану заттарын пайдалануды;

      14) ЕПМ-нен емдеу нәтижесі туралы ақпаратты алу және туберкулез бойынша есепке алу нысандарына сәйкес ТБ-03, ТБ-11 журналдарына енгізуді;

      15) мекемелерде туберкулезге қарсы шаралардың тиімділігін талдауды;

      16) когортты талдау;

      17) стандартты медициналық іс-қағаздарды;

      18) диспансерлік қадағалау ұйымдастыруды жүргізеді.

      9. ҚАЖ мекемелерінде туберкулезбен науқастарға емді жүргізетін мамандар:

      1) туберкулездің жағдайларын уақтылы диагностикалау үшін ОДКК;

      2) емді бастағанға дейін туберкулезбен науқастардың барлығына культуральды зерттеу және туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектерге микобактерияларға дәрілік сезімталдығына тест жүргізуді ұйымдастыруды;

      3) туберкулезбен науқастарды бактерия шығарушылығына және дәріге бейімділігіне тексеру жүргізу нәтижесіне байланысты бөлек ұстау және оқшаулауды;

      4) науқасты ҚАЖ ЕПМ-де ұстау және емдеу режимі туралы ақпараттандыру;

      5) бактериологиялық мәртебесінің өзгеруіне дәрілік сезімталдығы нәтижелеріне байланысты науқасты бөлімшелер бойынша ауыстыруды;

      6) туберкулез науқастарына сезімталдығын есепке ала отырып, үздіксіз емді тағайындауды;

      7) үнемі қадағаланатын емді жүргізуді;

      8) емдеу мониторингісі;

      9) туберкулез бойынша санитарлық ағартулар;

      10) стандартты медициналық іс-қағаздар мен электронды тізілімді жүргізуді;

      11) жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды;

      12) жазаны өтеу кезеңінде толық емделу курсын өтпеген ҚАЖ мекемелерінен босатылатын бактерия шығаратын туберкулезбен ауыратын науқастарды сотқа мәжбүрлеп емдеуге құжаттарын босатылардан 1 ай бұрын ұсынуды;

      13) ТҚҚК аумақтық органдарына және ТҚД-ге, ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөліністеріне босатылатын туберкулезбен науқастар туралы осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес босатылардан 1 ай бұрын және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға (бұдан әрі - ШМБ) 15 күнтізбелік күн қалғанда хабардар ету;

      14) сот мәжбүрлеп емдеу тағайындаған бактерия шығарушы туберкулезбен ауыратын науқастарды ТМ орналасу орны бойынша аумақтық ТҚҰ-на жеткізуді;

      15) ҚАЖ ЕПМ туберкулезге қарсы шараларының тиімділігін талдауды;

      16) когортты талдауды жүргізеді.

      10. Туберкулезге қарсы ауруханаларда мекеме бастығының бұйрығымен ОДКК комиссиясы құрылады. ОДКК құрамына:

      1) төраға – мекеменің медицина қызметінің бастығы немесе ҚАЖ ЕПМ бөлімшесінің бастығы (фтизиатр-дәрігер);

      2) комиссия мүшелері:

      бөлімше бастықтары;

      бактериолог-дәрігер;

      провизор (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жауапты);

      рентгенолог кіреді.

      Комиссия жұмыс көлеміне байланысты аптасына 1-2 рет отырыс өткізеді. Осы Қағиданың 12-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, туберкулез диагнозы осы комиссияның шешімімен ғана расталады және ол диспансерлік есепке алу тобын анықтайды.

      11. Науқастарды бір диспансерлік есептен басқа диспансерлік есепке ауыстыру ОДКК шешімімен жүргізіледі.

      12. Туберкулездің диагнозы, егер:

      1) облыстар және Астана, Алматы қалаларының аумағында ҚАЖ ЕПМ жоқ болған;

      2) ҚАЖ мекемесі ҚАЖ ЕПМ-нен 20 км асатын қашықтықта орналасқан;

      3) туберкулез КДТ/ККДТ кезінде анықталған немесе күдік болған жағдайларда ОДКК-да қойылады.

      13. ОДКК туберкулез диагнозын растаған жағдайда науқас аумақтық бекітілуі бойынша ҚАЖ ЕПМ емді қабылдау үшін жіберіледі.

      14. ҚАЖ мекемелерінің мүмкіндігі болмаған жағдайда (бактериоскопиялық және бактериологиялық зертхананың болмауы, зертханашының болмауы) денсаулық сақтау жүйесінің ТҚҰ техникалық (жылжымалы флюроқондырғы) көмек көрсетеді, бейінді мамандардың қарауы, клиникалық-зертханалық тексерістер (қақырық жағындысының микроскопиясын және/немесе культуральды тексерістерді) келісімге сәйкес жасайды.

      15. Туберкулездің асқынған жағдайларына клиникалық талдау ҚАЖД СЭҚБ бірлесіп талдау хаттамасы мен іс-шаралар жоспарын құру арқылы жүргізіледі.

      16. ҚАЖ-де туберкулезге қарсы шараларды бағалау және мониторинг индикаторлы негізде жүйелі түрде жүргізіледі.

3. Туберкулезді анықтау және диагностика жүргізу

      17. ҚАЖ мекемелерінде туберкулез жағдайын анықтау мынадай кезеңдерде:

      1) мекемеге келген кезде (карантинде);

      2) профилактикалық медициналық тексерістер барысында;

      3) ауруы бойынша медициналық көмекке жүгінген кезде жүзеге асырылады.

      18. ҚАЖ мекемелерінің әрбір жасағында, туберкулез ауруына күдігі бар жөтеліп жүрген сотталғандарды тіркейтін, науқастың өзі немесе жасақтағы жауапты кезекші толтыратын (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)), "Жөтелетін аурулар журналында" жүргізіледі. ТМ-гі жауапты адамдар (медицина қызметкері және жасақ бастығы) апта сайын жөтеліп жүрген адамдарды анықтау және "Жөтелетін аурулар журналын" жүргізуді қадағалау мақсатында жасақтарды аралап тұрады.

      19. Туберкулезге күдіктіні анықтаған жағдайда ТМ-нің медицина қызметкері ол туралы медициналық бөлім бастығына дереу баяндайды және пациентті оқшаулауға және тексеруге арналған шараларды жүргізеді.

      20. Егер жөтел адамда 2 аптадан ұзақ болса мекеменің медицина қызметкері (терапевт, фельдшер) науқастың туберкулезге диагностикалық алгоритмін жүргізеді.

      21. Туберкулездің белсенді түрі анықталған науқасты ҚАЖ ЕПМ жіберілгенге дейін инфекциялық изоляторда оқшау ұстайды.

      22. Туберкулезбен науқастардың емі жүргізілмейтін ҚАЖ мекемелерінде үй-жайлардан барынша алыс орнатылған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларды бекіту туралы" 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысына (бұдан әрі – 87 Қаулы) сәйкес жабдықталған медициналық тексеру және науқастарды қарауға арналған кабинеттер, қақырық жинау бөлмелерін (орнын) ұйымдастыру қажет.

      Климаты жылы өңірлерде қақырық алуды далада, арнайы жасалған орында ұйымдастырылады.

      23. Транзиттік-ауыстыру пункті арқылы жіберілген адамнан туберкулез ауруына күдік болса, ол медициналық бөлім бастығының баянатымен транзитті камерадан диагностикалық алгоритм жүргізу үшін жеке камераға көшіріледі. ТИЗО бастығының кезекші көмекшісі өзінде сақталатын жеке істі бөлек алып және медициналық бөлім бастығының қатысуымен жеке істен амбулаториялық картаны алады. Этаппен одан әрі жіберу мәселесі шешілгенге дейін ашылған жеке іс тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісінде қалады. Медициналық бөлім бастығы ТИЗО бастығының атына науқастың диагнозы анықталғанға дейін ол адамды этаптан алу туралы баянат береді.

      Диагнозы анықталған жағдайда:

      1) медициналық бөлім бастығы тарапынан ТИЗО бастығының атына тағы да қатынас бағытын өзгерту және ҚАЖ-дың туберкулезге қарсы мекемесіне жіберу мәселесін шешу туралы баянат беріледі;

      2) этапқа дейін туберкулезбен науқасты оның жұқпалылық мәртебесіне сәйкес ТИЗО медициналық бөлімінің туберкулез ауруларына арналған камерасына ауыстырады;

      3) туберкулез жағдайы тіркеледі, емі тағайындалады;

      4) фтизиатр (транзит орнының фельдшері) жол парағына және ТИ транзитті камераларының орналасуына сәйкес қарым-қатынаста болғандарды анықтайды, олардың аты-жөнін науқастың медициналық картасына енгізеді;

      5) тексеріс жүргізген медициналық қызметкер, жеке істің ашық анықтамасындағы қорытындыға аты-жөнін, лауазымын және күнін көрсете отырып қол қояды.

      6) Егер транзитпен кетіп бара жатқан кісі туберкулезді науқаспен қарым–қатынаста болған болса, онда бұл этаппен бара жатқан адамның жеке ісінің ашық анықтамасында "қатынаста болған" белгісімен көрсетілуі тиіс.

      24. ҚАЖ ЕПМ жіберген кезде мынадай қажетті медициналық құжаттарды ұсынады:

      1) мұрағаттық рентген-флюоро тексеріс деректері;

      2) бактериоскопиялық (микроскопия) зерттеулер деректері;

      3) амбулаторлық пациенттің медициналық картасы;

      4) эпидемиологиялық тексеріс деректері;

      5) кезеңді аудармалық эпикриз.

      25. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталғандар, туберкулезбен ауыратындар этаппен жіберілген кезде жеке қорғаныс құралдарымен (маскалармен), түкіргіштермен жіберуші мекеменің есебінен инфекциялық бақылау шараларын сақтай отырып, қамтамасыз етіледі. Бактерия шығарушы туберкулезбен ауыратындарды айдауылдайтын қызметтер жіберуші-мекеменің есебінен жоғары деңгейлі қорғаныс респираторларымен қамтамасыз етіледі.

4. Туберкулез жағдайларын тіркеу, емдеу және диспансерлік
қадағалау және химияпрофилактика

      26. Туберкулез жағдайын анықтау (туберкулез процесін оқшаулау, бактериологиялық мәртебесі, аурудың асқынуы, санаттар бойынша емдеу, емнің көрсеткені, диспансерлік бақылау) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

      27. ТИЗО-да туберкулезбен науқас мекеменің туберкулезге қарсы бөлімшесінде (камерада) емін қабылдайды, кейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жаза тағайындалған сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ҚАЖ ЕПМ-не ауыстырылады.

      ТИЗО-да туберкулезі анықталған ауруларға ТҚП денсаулық сақтау жүйесінің ТҚҰ-да толық емдеу курсында қамтамасыз етіледі.

      28. Туберкулезбен ауыратын адамды ТИЗО-нан тергеу экспериментін жүргізу үшін уақытша ұстау изоляторына ауыстырған жағдайда ТҚП ТИЗО-нан айдауылдау қызметі арқылы 30 күнтізбелік күнге беріледі.

      29. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды тасымалдауға жауапты қызметтер әрбір пунктке келген кезде ауырған адаммен бірге ТҚП және медициналық құжаттарын беруге дайындау үшін жіберуден бір күн бұрын арнайы мекемелердің медицина қызметкерлеріне хабарлайды.

      ТҚП-мен емдеу барлық арнайы мекемелерде маршруттың аралық және соңғы кезеңдерінде жүргізіледі, қалдық ТҚП ауырған адамдармен бірге ТҚП өткізу актісі бойынша өткізіледі.

      30. Туберкулезбен ауырған науқас адамға емі жүргізіліп жатқан мекемелерде препараттарды беретін және олардың қабылдануын медициналық қызметкер тікелей қадағалайтын бөлме бөлінеді.

      31. Туберкулез ауруларын емдеу арнайы дайындалған медициналық қызметкердің тікелей қадағалауымен палаталарда (камераларда) жүргізіледі. Емдеу басталмастан бұрын, науқаспен № 907 бұйрықпен бекітілген 14-ТБ-ға ақпараттандырылған келісімін қол қою арқылы тағайындалған туберкулезге қарсы препараттарды қабылдау қажеттігі, емделуде үзілістің қаупі, аурудан емделу ұзақтығы мен қиындығы, қосымша реакциялардың болуы, айналасындағыларға инфекциялық қауіптің туындауы туралы әңгіме өткізіледі.

      32. ҚАЖ ЕПМ төменде көрсетілген санаттағы адамдарға:

      1) ТҚП сезімталдығы сақталған оң мәнді жағындысы анықталған туберкулезбен ауыратын науқастарға;

      2) ТҚП сезімталдығы сақталған бактерия бөлмейтін өкпе туберкулезімен және өкпеден тыс түрлерімен ауыратындарға;

      3) көптік дәрілік тұрақтылығы бар бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратындар, оның ішінде туберкулезбен ККДТ бөлек ұстауға;

      4) көптік дәрілік тұрақтылығы бар бактерия бөлмейтін туберкулезбен ауыратындар, оның ішінде туберкулезбен ККДТ бөлек ұстауға;

      5) симптоматикалық емдеу тағайындалған науқастарға мамандандырылған бөлімшелер ұйымдастырылуы қажет.

      33. Әрбір мамандандырылған бөлімшеде препараттарды беретін және оның қабылдануын қадағалайтын арнайы бөлме бөлінеді.

      Бақыланатын емді жасақ бастығының қатысуымен орта медициналық персонал жүргізеді.

      Фтизиатр жүйелі түрде тікелей бақыланатын процесс мониторинг жүргізеді, ол үшін емдеу хаттамасы қолданылады.

      Жасақ бастығы науқастың препараттарды қабылдауға арналған бөлмесіне міндетті түрде баруын қамтамасыз етеді.

      34. ЕПМ-де кем дегенде 6 айға резерв қоры бар ТҚП, қосымша әсер ету, асқынуды емдеуге және басқа да ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектері бар күзетілетін дәріхана қарастырылады.

      Туберкулезге қарсы және симптоматикалық препараттар үшін мұздатқыш, желдеткіш, гигрометр және термометр қондырғысы болады.

      Дәріхана сотталғандардың қолы жетпейтін жерде орналастырылады.

      Медициналық персонал дәрілік препараттарға үнемі қол жетімді болады.

5. Диспансерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру

      35. Диспансерлік есеп жүргізу және бақылау мынадай топтар бойынша жүргізіледі:

      1) нөлдік топ (0) – туберкулездің белсенділігі күмәнді адамдар;

      2) бірінші топ (І) – белсенді туберкулезі бар адамдар;

      3) екінші топ (ІІ) – белсенді емес туберкулезі бар адамдар;

      4) үшінші топ (ІІІ) - туберкулезбен ауыру қаупі жоғары адамдар.

      36. Диспансерлік есепке алудың 0 және IIІ тобына жататындар, ҚАЖ мамандандырылған мекемелеріндегі фтизиатр-дәрігерінде қаралады. І, ІІ топқа жататындар ҚАЖ ЕПМ-де ұсталады.

      37. Аз қалдықты өзгерістері бар диспансерлік есепке алудың II тобына жататын адамдар ОДКК шешімімен ТМ-не фтизиатр дәрігері бақылауымен одан әрі жазасын өтеуге жіберіледі.

      38. Көптеген қалдықты өзгерістері бар адамдар ОДКК шешімімен ЕПМ-нің диспансерлік бөлімінде бақыланады. Жыл ішінде диспансерлік бақылаудың тұрақты клиникалық-рентгенологиялық көріністері байқалған кезде ОДКК шешімімен сотталғандар ТМ-не одан әрі бақылау үшін ауыстырылады.

      39. Туберкулездің химияпрофилактикасы АИТВ-жұқпалы тұлғаларға ауру адамның ауызша немесе жазбаша ерікті келісімін алған соң жүргізіледі.

      40. Туберкулездің химияпрофилактикасы АБТ-да (АИТВ-жұқпалы балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге) фтизиатр-дәрігер кешенді клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер деректері бойынша белсенді туберкулез жойылған соң ғана тағайындалады және 6 ай ішінде күн сайынғы режимде пиридоксинмен ұштастыра отырып (күніне 25 мг) салмағы 10 мг/кг есебінен (300 мг-ден аспайтын) изониазидпен (Н) жүргізіледі.

      41. Химияпрофилактикасы үшін изониазид жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы (бұдан әрі – ЖИТС) орталығымен қамтамасыз етіледі.

      42. Туберкулездің химияпрофилактикасы АИТВ-жұқпалы тұлғаларға (12 айдан асқан балаларға, жасөспірімдер мен ересектерге) бір реттен туберкулезбен ауыратындармен байланысының бар-жоқтығына қарамастан оң АИТВ-мәртебесін анықтаған кезде жүргізіледі.

      43. АИТВ-жұқпалы тұлғаларға, туберкулезбен ауыратындарға антиретровирусты терапия мен котримоксазолмен профилактикалық емдерді аумақтық ЖИТС орталықтарының мамандары тағайындайды және қамтамасыз етеді.

      44. Мүгедектігін және еңбекке жарамсыздық дәрежесін белгілеу, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғалуы шегінде қажеттілігін анықтау "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысына сәйкес аумақтық уәкілетті органдармен медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) өткізуі арқылы жүргізіледі.

      Сотталған мүгедек адамдарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы ТМ-нің ақшаны уақытша орналастыратын бақылау шотына түсіріледі.

6. ҚАЖ-де көптік және кең көлемді дәрілік тұрақтылығы бар
туберкулезбен науқастардың емін жүргізу

      45. ҚАЖ ЕПМ-де көптік және күрделі дәрілік тұрақтылығы бар туберкулезбен науқастардың емін жүргізу ҚАЖД және облыстар, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бірлескен бұйрықтарымен әрбір көптік дәрілік тұрақтылығы бар науқастың диагнозы және емдеу тактикасы бойынша алқалық шешім қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымының ТҚД өкілін шақыру арқылы мамандандырылған ОДКК ұйымдастырады.

      46. IV санаттағы науқастарға емдеу қарама-қарсы көрсеткіштері жоқ болған жағдайда тағайындалуы мүмкін. Әрбір науқас бойынша соңғы шешімді денсаулық сақтау ұйымының мамандары бірлескен ОДКК қабылдайды. Ұзақ мерзімдегі емдеуге және препараттарға жанама реакция болуы мүмкіндігі туралы алдын-ала психологиялық дайындық, сонымен қатар, санитарлық ағарту ІV санат бойынша емдеудің ажырамас бөлігі болып табылады.

      47. Көптік дәрілік тұрақтылығы бар туберкулез диагнозы құжаттамалық расталған барлық науқастар ем қабылдағанға дейін микроскопиялық, бактериологиялық, рентгенологиялық зерттеулерінің мәліметтері, ДСТ, клиникалық-зертханалық зерттеулер және мамандардың қарауын жүргізеді. ІV санат бойынша екінші қатардағы препараттармен емделіп жатқан науқастарға қарқынды кезеңде (аралығы 30 күнтізбелік күннен кем емес) ай сайын, жалғастыру кезеңінде тоқсан сайын қақырық жағындысына микроскопия және культурасын егу жүргізеді. Бактериологиялық зерттеу үшін материал алған кезде туберкулезге қарсы препараттармен емделу үзілмеуі тиіс. Рентгенологиялық тексерулер науқастың емделу динамикасын қадағалау үшін тоқсан сайын өткізіледі. Қосымша емдеу курсының барлық кезеңінде клиникалық мониторинг өткізіледі және теріс реакциялардың болуын қадағалау үшін, сондай-ақ басқа да патологияларды емдеу және алдын алу үшін мамандардың қарауы жүргізіліп отырады.

7. ҚАЖ-де туберкулез науқастарын дәрілік қамтамасыз ету

      48. Туберкулезбен науқас адамдар медициналық көмектің тегін кепілдік берілген көлемі шеңберінде ТҚП қамтамасыз етіледі.

      49. ТҚП сақтау шарттары Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 78-бабының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      50. ТҚП-ны бір ТМ-нен басқа ТМ-ге беру облыстық ҚАЖД ТҚП атауын және қажетті санын көрсете отырып, ҚАЖ комитетіне хат жазу негізінде жүзеге асырылады. ҚАЖ комитетінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жауапты адам әр тоқсан сайын ТҚП қозғалысын қадағалап және осының негізінде ТҚП беру және алу жөнінде жазбаша нұсқау жібереді.

      51. Мекемелер бір бірінен алыс болған жағдайда ТҚП пошта (бандероль) арқылы сәйкес құжаттармен (сенімхат, тауар құжаттамасы) жіберіледі. ТҚП беретін мекемеде жөнелтпе құжаттың міндетті түрде нөмірін, сенімхатқа сәйкес алушының тегін, аты-жөнін, сонымен қатар дәрінің атауын, мөлшерін, өлшем бірлігін, сертификат нөмірін, сериясын, жарамдық мерзімін, жіберілген дәрілердің санын, әр препараттың бағасы мен жалпы сомасын көрсете отырып, жөнелтпе құжатты толтырады.

      52. Егер де ТМ-де ТҚП қоры жеткіліксіз болған жағдайда препараттар облыстық, Астана және Алматы қалаларының ТҚД қажетті құжаттарды ресімдеу арқылы келісім негізінде беріледі. ҚАЖД бастығы облыстық, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасы жергілікті органының медициналық ұйымының дәрілік бөліміне (ТҚП атауы және қажетті мөлшері көрсетілген) хат жібереді. ҚАЖД ТҚП-ны ТҚД-дан алғаны туралы ҚАЖ комитетін жазбаша хабардар етеді.

      ТҚД-ның дәрілік қамтамасыз ету бойынша үйлестіруші ҚТП-ны ТМ-ге беру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Туберкулез мәселелері бойынша ұлттық орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын (бұдан әрі – ҚР ДсМӘД ТПҰО) жазбаша түрде хабардар етеді.

      53. ТМ-нен ТҚД-ға ТҚП-ны беру мынадай тәртіппен жүргізіледі: ТҚД бас дәрігерінің қолы қойылған хат ҚАЖД-ға (ТҚП және қажетті санын көрсете отырып) жіберіледі. ҚАЖД ҚАЖ комитетіне ТҚП беру туралы хатты мәлімет үшін жолдайды (ТҚД хатының көшірмесін қоса береді). ТҚД дәрілік қамтамасыз ету бойынша үйлестіруші ҚАЖД-дан ТҚП алу туралы рұқсат қағазды алу үшін облыстық, Астана және Алматы қ.қ. мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасы жергілікті органының медициналық ұйымының ТҚД бас дәрігерінің қолы қойылған хатты жібереді.

      Оң шешілген жағдайда ТҚД-ға ТҚП-ны беру туралы ҚАЖД бастығының бұйрығы шығады. ТҚД дәрілік қамтамасыз ету бойынша үйлестіруші ТМ-нен ТҚП алғаны туралы Туберкулез мәселелері бойынша ұлттық орталығын (бұдан әрі – ТПҰО) жазбаша түрде хабардар етеді.

      54. Түскен (жіберілген) ТҚП кіріс/шығысы барлық жағдайлары № 907 бұйрықпен бекітілген ТБ 12 – "Туберкулезге қарсы препараттарды тіркеу журналына" ТҚП түскен күні (берілгені) тіркеу журналына тіркеледі.

      ТҚП кірісі негізгі жөнелтпе құжатына сәйкес тіркеледі, шығыс жөнелтпе құжатына және талаптарына негізделеді.

      Ескертпеде ТҚП алынған облыс және мекеме немесе қайда жіберілгені міндетті түрде көрсетілуі қажет.

8. ҚАЖ мекемелерінен босатылатын туберкулезбен ауыратын
адамдарды мәжбүрлеп емдеу

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2015 № 677 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. ҚАЖ мекемелерінен босатылатын, туберкулезбен ауыратын, жазасын өтеу кезеңінде емдеудің толық курсынан өтпеген адамдар, сот шешімімен босатылған соң босатылу орны бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуге жатады.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2015 № 677 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің әкімшіліктері осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларды жаза мерзімі аяқталардан бір ай бұрын мекеменің орналасқан жеріндегі сотқа мәжбүрлеп емді тағайындау туралы ұсыным жібереді.

      57. Туберкулезбен ауыратын, сот шешімімен мәжбүрлеп емдеу белгіленген адамдарды, ҚАЖ мекемелерінен босату туралы хабарлама мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарға және мекеменің орналасқан жері бойынша ішкі істер органдарына жіберіледі.

      ҚАЖ мекемелерінен босату туралы хабарлама еркін нысанда жасалады.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2015 № 677 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. ҚАЖ мекемелерінен туберкулезбен ауыратын адамдарды босату
кезіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл

      58. ҚАЖ ЕПМ медициналық қызметі туберкулезбен ауыратын адамдарды босату кезінде мынадай шараларды жүргізеді:

      1) арнайы есепке алу бөлімімен бірлесіп осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес босатылуға дайындалып жатқан, туберкулезбен ауыратын сотталғандардың тізімін дайындайды;

      2) облыстық ІІД (ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөліністері) мен ТҚҰ-да босатылатын туберкулезбен ауыратындар туралы алдын ала: жаза мерзімінің аяқталуына 1 ай және ШМБ (шартық түрде мерзімінен бұрын босату) бойынша босатылуға 15 күнтізбелік күн қалғанда хабарлайды;

      3) ТИЗО және ҚАЖ ЕПМ-нен ауырған адамдар босатылған соң ТҚҰ-на хабарлайды (ТБ-01, ТБ-01 ІV нысандары, ДСТ нәтижелері көрсетіліп ауру тарихы туралы толық көшірме, туберкулезбен ауырғанды өткізу актісі).

      59. ҚАЖ мекемелерінің әкімшіліктері тиісті құжаттарымен, сотпен мәжбүрлеп емдеу тағайындалған, туберкулезбен ауырған адамның босатылу орны бойынша денсаулық сақтау жүйесінің ТҚҰ-на алып баруды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2015 № 677 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Сот шешімімен мәжбүрлеп емдеу тағайындалған, ҚАЖ мекемесінен босатылған жағдайда 5 күнтізбелік күн ішінде емдеуді әрі қарай жалғастыру үшін ТҚБ-ға диспансерлік есепке тіркелуге жатады.

      61. Астана, Алматы қ.қ., облыстар бойынша ІІД Денсаулық сақтау жүйесінің ТҚБ-мен бірлесіп:

      1) ЕПМ-нен босатылған, туберкулезбен ауыратындар туралы алынған ақпараттарды тексереді;

      2) ҚАЖД медициналық қызметіне дұрыс көрсетілмеген немесе жоқ мекенжайлар фактілері бойынша ақпараттар жібереді;

      62. Денсаулық сақтау жүйесінің ТҚБ:

      1) ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөліністері мен ҚАЖД медициналық қызметтеріне ҚАЖ мекемелерінен босатылған ауруларды есепке алу туралы хабарлайды;

      2) ауырған адамның босатылған күнінен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде келмеген жағдайда ТҚҰ ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөлімшелеріне хабаралайды;

      63. Ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөлімшелері:

      1) іздеу жұмыстарын жүргізеді және ауырған адамның тұрғылықты мекен-жайы анықталған кезде бір тәулік ішінде ауырған адамның мекен-жайы бойынша ТҚҰ-на хабарлайды;

      2) ТҚБ ауырған адамды тасымалдау үшін автокөлік жібереді;

      3) ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөліністері қажетті жағдайда ТҚҰ-мен жіберілген автокөлікке науқастың отырғызылуын қамтамасыз етеді.


  Қылмыстық-атқару жүйесі
  мекемелерінде ұсталатын
  адамдарға туберкулезге қарсы
  көмекті ұйымдастыру
  қағидаларына
  1-қосымша

Туберкулезбен науқас адамдар бойынша ақпарат беру және салыстыру жүргізу сызбасы

      1. ТИЗО-дан науқасты ЕПМ-не жіберу бағыты:

      науқас адамда белсенді туберкулез анықталған кезде, диагнозды растау, емдеу стратегиясын анықтау, науқас адамды бақылау ОДКК шешімімен жүргізіледі.

      ТИ-да анықталған және азаматтық денсаулық сақтау секторынан ауыстырылған туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар № 907 бұйрықпен бекітілген туберкулез бойынша есепке алу нысандарына сәйкес ТБ-16 диспансерлік қадағалау картасында, ТБ-03, IV-санатты ТБ-11 журналдарында және Ұлттық туберкулез ауруларын тіркеуіндегі "жаңа жағдай", "рецидив", "басқалар", "ауыстырылды" және т.б. бағандарында тіркеледі.

      № 907 бұйрықпен бекітіліген 089/у, 058у хабарламалары туберкулезді есепке алу нысандарына сәйкес ТИЗО-дан аумақтық ТҚҚК органдарына және ҚАЖД-не жіберіледі.

      Жіберу мерзімдеріне сәйкес № 907 бұйрықпен бекітіліген ТБ-02, ТБ-07 (ТБ-07 ІV санатты), ТБ-08 (ТБ-08 ІV санатты), ТБ-10 (ТБ-10 ІV санатты), ТБ-13 есеп нысандары ТИЗО орналасқан жердегі ҚАЖД-не жіберіледі.

      ТИ-да тіркелген науқасты ЕПМ-ге жолдаған кезде науқастың деректері науқас жолданған ТИ-ның ТБ-03 және IV-санатты ТБ-11 журналдарының көшірмесіне "Ескертпе" бағанында ТИ-ның индексі мен келу күнін көрсете отырып енгізіледі. Емдеу және бақылау бойынша барлық деректер ТБ-03 немесе IV-санатты ТБ-11 журналдарына, ТБ-01 немесе IV-санатты ТБ-01 медициналық карталарына және Ұлттық туберкулез аурулары тіркеуіне ол келген ТИ-дың логины мен құпия сөзімен енгізіледі.

      ТИЗО-ның медициналық бөлімі ТБ-03 журналын ЕПМ ТБ-03 жиынтық журналымен тұрақты салыстырулар жүргізіп отырады. Белгіленген күні (келісім бойынша) ТИЗО-ның фтизиатр-маман дәрігері ЕПМ-не салыстыру үшін барады.

      Науқастың ТИЗО-дан ЕПМ-не кеткен кезде – салыстыру жүргізу және ақпараттар беру схемасы:

     


      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2015 № 677 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Науқасты ТМ-нен ЕПМ-ге жіберу бағыты:

      ЕПМ-нен қашық орналасқан жағдайда науқасқа диагнозды азаматтық денсаулық сақтау секторының аумақтық ОДКК, жақын орналасқан жағдайда – ҚАЖ ЕПМ ОДКК қояды.

      ТБ-03 журналында науқас қойылған диагнозына сәйкес тіркеледі. Науқасы анықталған ТМ-де № 907 бұйрықпен бекітілген 089/н, 058/е, ТБ-02, ТБ-03, ТБ-04, ТБ-05, ТБ-07 есепке алу-есептілік нысандары толтырылады.

      № 907 бұйрықпен бекітілген 089/е, 058/е хабарламалары ТМ-нен аумақтық ҚАЖД және бекіту орны бойынша ЕПМ-не жіберіледі.

      Облыстық ТМ-нен ЕПМ-не белсенді туберкулез науқастары № 907 бұйрықпен бекітілген туберкулезді есепке алу нысандарына сәйкес ІV санатты ТБ-03, ТБ-11 журналында және Ұлттық туберкулез ауруларын тіркеуіндегі "жаңа жағдай", "рецидив", "басқалар" бағандарында тіркеледі.

      ТМ медициналық бөлімі ТБ-03, ТБ-11 журналын ЕПМ ТБ 03, ТБ 11 жиынтық журналымен тұрақты салыстыру жүргізеді:

      жақын орналасқан жағдайда ТМ маманы ЕПМ-не салыстыру жүргізу және деректерді ТБ 03, ТБ 11 журналына енгізу үшін барады;

      қашық орналасқан жағдайда салыстыру жөніндегі ақпараттар сұратылып алынады және факсимильді байланыс арқылы беріледі (немесе электронды нұсқада).

     



  Қылмыстық-атқару жүйесі
  мекемелерінде ұсталатын
  адамдарға туберкулезге қарсы
  көмекті ұйымдастыру
  қағидаларына
  2-қосымша


нысаны

1, 2 ДЕТ диспансерлік есебінде тұратын, ҚАЖ туберкулезге қарсы мекемелерінен
босатылған туберкулез науқастарының тізімі (ай сайынғы)

      ________ облысы бойынша ҚАЖД мекемесі

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

туған күні, айы, жылы

Тізімді жіберген ҚАЖД мекемесінің атауы

Диагнозы/Типі/

санаты/1,2 ДЕТ

Босатылу кезінде

Босату күні

Мекенжайы (үйі және сотталғанның көрсеткен мекенжайы);

нақты үйінің мекенжайы (есепке алу бөлімі бойынша)

ТМБ+/

ТМБ -

Емдеу кезеңі,

Қарқын кезеңі/жалғастыру кезеңі,

Республикалық бюджет/жасыл жарық комитеті,

Симтоматикалық

емдеу басталған күн



















  Қылмыстық-атқару жүйесі
  мекемелерінде ұсталатын
  адамдарға туберкулезге қарсы
  көмекті ұйымдастыру
  қағидаларына
  3-қосымша

Жөтелден зардап шегуші адамдарды есепке алу журналы

      № ____ жасақ

      2014 жылғы "____" ____________

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


ай күндері




































































      Жасақ бастығы (Тегі, аты, жөні (болған жағдайда)) _________________________

      Қолы ______________


  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2014 жылғы 19 қыркүйектегі
  № 530 бұйрығына
  2-қосымша

Сотталғандарды жазасын өтеуден босату үшін негіз болатын аурулар тізбесі

      1. Туберкулез:

      1) омыртқаның өршімелі деструктивтік туберкулезі.

      Диагностика бактериоскопиялық зерттеулердің деректеріне, туберкулез абсцестерінен ірің ағуына, екі өзара перпендикуляр проекциядағы (тік және жанама) рентгенографияға негізделеді;

      2) зәр шығару органдарының спецификалық процесімен және терминалдық сатыдағы созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің (бұдан әрі-СБЖ) дамуымен асқынған бүйректің екі жақты деструктивтік туберкулезі.

      Зәр шығару жолдарының спецификалық процесімен асқынған бүйрек туберкулезінің диагностикасы зәрдің клиникалық анализіне (пиурия, протеинурия, цилиндруриялар тән), себу әдісі арқылы зәрді бактериологиялық зерттеуіне, бүйрек пен қуық аумағын міндетті түрдегі жалпы рентгенографиясына негізделеді. Жалпы рентгенографияның деректері жеткіліксіз болған жағдайда экскреторлық урография, индигокарминдік сынамасы бар цистоскопия және ретроградтық пиелография жүргізіледі.

      2. Ісіктер:

      1) халықаралық ауралар жіктеуі бойынша III-IV кезеңдегі барлық қатерлі ісіктер;

      2) лимфалық, қан жасау және оларға тән тіндердің қатерлі ісіктері;

      3) қайталану сатысындағы жедел лейкоз аурулары (иммунитет тапшылығы жағдайы, бауырдың созылмалы қабынуы, ми дерттері, ішкі мүшелердің нәрсізденуі);

      4) терминалдық кезеңдегі созылмалы лейкоз (эритремияны қоса алғандағы аурулардың барлық типтері);

      5) остеодеструктивтік процестері бар көптік миелома (омыртқа мен сүйектердің патологиялық сынықтары);

      6) бір және одан да көп экстралимфа, лимфа түйіндерінің барлық топтары

      Зақымданған терминалды кезеңдегі Ходжкин ауруы.

      Осы аурулардың клиникалық диагнозы гистологиялық зерттеулермен, қанды, қан жасау органдарының және оларға тән тіндерді зерттеумен, дәрігер-онколог немесе гематологтың (аурудың түріне қарай) кеңестерімен расталады.

      7) қозғалу, сезімталдық және вегетативтік-трофикалық қызметтерінің айқын, тұрақты бұзылулары жылдам өршімелі және жүргізіліп жатқан емнің тиімсіздігі байқалатын аурулар: бас ми ісіктері, краниоспинальдік ісіктер, жұлын миының ісіктері, сирингобульбия, гепатоцеребралдық дистрофия (гепатолентикулярлық дегенерация, Вильсон-Коновалов ауруы), спиноцеребралдық атаксия, жанама амиотрофиялық склероз, миастения.

      3. Эндокриндік жүйе аурулары:

      инсулинге тәуелді (инсулин дозасы тәулігіне 60 бірліктен жоғары) кетоацидозға бейім ауыр ағымдағы айқын макроангиопатияның, ретинопатияның, полинейропатияның болуы байқалатын І типті қант диабеті.

      Диагноз кешенді тексерулер (ультрадыбыстық тексеру (бұдан әрі- УДТ), ангиография, қанның биохимиялық анализдері) нәтижесіне негізделеді.

      Қант диабетімен бірлескен ауруларда эндокринолог, офтальмолог, ангиохирургтің кеңестері қажет.

      4. Психикалық ауытқулар:

      1) дефицитарлық және тұрақты психотикалық белгілері арқылы байқалатын жедел прогредиенттік процесі бар дефектінің үздіксіз немесе эпизодтық өсу түрі ағымындағы шизофрения (жай, гебефреникалық, параноялық, кататоникалық, дифференция жасалынбаған);

      2) жиі ауысып отыратын маниакалдық және депрессивтік фазалы, аралас психотикалық жағдайлары бар, үздіксіз ағымдағы биполярлық аффектілік бұзылу-маникалдық-депрессивтік психоз;

      3) органикалық психикалық ауытқулар: бас миының ауруынан болатын деменция (Альцгеймер ауруы, Пик ауруы, Гентингтон ауруы, Паркинсон ауруы, деменцияның сенильдік және пресенильдік варианттары, эпилепсия кезіндегі деменция, атеросклероздық зақымданудан кейінгі, сондай-ақ, жарақаттан және бас миының індетінен кейінгі деменция);

      4) прогредиенттік ағымдағы соматикалық бөліктің зақымдануымен, созылмалы жан күйзелісі сипатында болатын ұзақ уақытқа созылған реактивтік психоздар;

      5) тұрақты психотикалық белгілері бар және психикасының үдемелі өзгерулері бар әртүрлі этиологиялы созылмалы психоздар.

      Клиникалық диагноз ауру анамнезін, процестің прогредиенттілігін, дефицитарлық белгілерінің байқалуын ескере отырып, тек қана Республикалық психиатриялық аурухана және Республикалық соматикалық аурухананың психиатриялық бөлімшесі жағдайларында дәлелденеді.

      5. Жүйке жүйесі мен сезім органдарының аурулары:

      1) бас және жұлын миының тамыр аурулары: эмболиялар, ми қан айналымының геморрагиялық, мидың ошақтық бұзылуларының айқын тұрақты құбылыстары байқалатын диагноз қойылған кездегі бастапқы (жарақатқа қатысы жоқ) субарахноидалдық қан құйылулар (геми-, параплегиялар; тереңдеген геми-, парапарездер; кеңістік пен уақытты бағдарлаудың бұзылуы, акинетика-ригидтік синдромы);

      2) тереңдеген тұрақты қызметтерінің бұзылулары (ауыр сал аурулары, сезімталдылықтың жайылмалы бұзылулары, жамбас органдары қызметтерінің бұзылулары, трофикалық бұзылулары бар парездер, айқын байқалатын акинетика-ригидтік синдром) байқалатын бас және жұлын миының органикалық зақымдануымен және процестің өршімелі өтуімен: екіншілікті, іріңді менингиттер, бас миының абсцесстері, спиналдық эпидуралдық абсцесстер мен туберкулезге тән емес гранулемалар, нейросифилис, туберкулез кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдануы, сейілген склероз, Шильдер лейкоэнцефалиті ілісе жүретін орталық жүйке жүйесінің (бұдан әрі - ОЖЖ) індеттік, демиелинизациялау аурулары;

      3) мидың ошақтық зақымдануының айқын байқалатын тұрақты құбылыстары бар ОЖЖ (геми-, параплегиялар, терең геми-, парапарездер) жарақаттық аурулары;

      4) толық соқырлық.

      Диагностика инструменталдық тексерулер әдістері арқылы деректеріне, сондай-ақ профилдік мамандардың (невропатолог, нейрохирург, офтальмолог, ангиохирург) кеңестеріне негізделеді.

      6. Қан айналымы органдарының аурулары:

      1) жүрек пен бүйректердің зақымдануы басым байқалатын гипертензивтік (гипертониялық) ауру, IV функцианалдық класс;

      2) жүрек ырғағының ауыр және күрделі бұзылуымен асқынған 2-3 кезеңдегі қан жетіспеушілігі (бұдан әрі – ҚЖ) байқалатын жүрек аурулары: жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, созылмалы адгезивті перикардит, созылмалы констриктивті перикардит, туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек аурулары теңгеру сатысында, туа біткен немесе жүре пайда болған кардиомиопатиялар, миокард фиброзы, миокард дегенерациясы;

      3) аорта, артериялар, артериола және капиллярлар аурулары: аортаның қабатталған аневризмасы, кемінде екі аяқ-қолды зақымдайтын гангреноздық-некроздық кезеңдегі аяқ-қолдар артерияларының атеросклерозы (атеросклероздық гангрена), гангреноздық-некроздық кезеңдегі кемінде екі аяқ-қолды зақымдайтын Рейно ауруы, гангреноздық-некроздық кезеңдегі кемінде екі аяқ-қолды зақымдайтын облитерациялық эндоартериит.

      Нысана – ағзалардың бірлескен аурулары болған жағдайда профильдік мамандардың кеңестері қажет.

      7. Ас қорыту органдарының аурулары:

      1) бір қайтара қан кету орын алған гиперспленизмі, порталдық гипертензиясы, бауыр клеткаларының жеткіліксіздігі байқалатын декомпенсация кезеңіндегі түрлі этиологиясы бар бауыр циррозы,

      2) ауыр ағымдағы спецификалық емес жарасы бар колит.

      Сотталғанды Арнайы медициналық комиссияға (бұдан әрі – АМК) куәландыруға ұсыну үшін ҚАЖ емдеу–профилактикалық мекемелеріне бірнеше рет жатқызу негіз болып табылады. Клиникалық диагноз кешенді зерттеулермен (УДТ, фиброгастродуоденоскопия, қанның толық жазылған биохимиялық талдауы) расталуы керек.

      8. Бүйрек аурулары:

      терминалдық кезеңдегі СБЖ бар бүйрек аурулары:

      1) созылмалы гломерулонефрит;

      2) созылмалы пиелонефрит;

      3) гидронефроз;

      4) бүйректің кистоздық ауруы.

      Стационарлық емнің тиімсіздігі, науқас жағдайының тұрақты нашарлауы, гемодиализ рәсімі уақытының тұрақты өсуі кезінде. Клиникалық диагноз кешенді зерттеулермен (УДТ, зәр талдауы, қанның биохимиялық талдауы) расталуы керек.

      9. Сүйек-бұлшық ет жүйесінің және біріктіруші тіндердің аурулары:

      ұдайы өршімелі таралған процесі бар және терминалдық кезеңдегі СБЖ немесе 2-3 кезеңдегі ҚЖ немесе ОЖЖ тұрақты ошақтық зақымдануы (геми-, параплегиялар; геми-, парапарездер) немесе дисфагия, дизартрия байқалатын көлденең бұлшық еттің таралған зақымдануымен:

      1) ревматоидтық артрит;

      2) анкилоздық спондилоартрит (Бехтерев ауруы);

      3) жүйелік қызыл волчанка;

      4) дерматомиозит;

      5) түйіндік периартериит;

      6) жүйелік склеродермия.

      Сотталғанды АМК-ға куәландыруға ұсыну үшін аурудың өршуі, өткізілген емнің тиімсіздігі, жалпы жағдайының тұрақты жағымсыз динамикасы негіз болып табылады. Нысана – ағзалардың бірлескен аурулары болған жағдайда профильдік мамандардың кеңестері қажет.

      10. Жаза өтеудің соңғы мерзімі кезіндегі ауру немесе жарақат салдарынан анатомиялық кемістіктер: қол немесе аяқтың жоғары деңгейдегі ампутациясы, сондай-ақ бір қолдың және бір аяқтың жоғарғы деңгейдегі ампутациясы.

      Сотталғандарды АМК-ға куәландыруға ұсынғанда еңбекке жарамсыздық дәрежесін анықтауға медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қажет.

      11. Тері аурулары:

      1) т-лимфома.

      Теріде көк немесе сары-қызыл түсті түйіндердің пайда болуымен, жиі эрозияланған немесе ақаулы бетімен терінің кез келген бөліктерінде көкшіл-қызыл немесе охралы-сары қабыршақтанумен, шаштары жоқ бляшкалар мен инфильтраттар болумен сипатталады. Лимфа түйіндері үлкейеді. Перифериялық қанда Сезари-Лютцер клеткалары пайда болады. Диагноз гистологиялық әдіспен расталуы тиіс;

      2) эритропоэтикалық уропорфирия себеп болған фотодерматоз (Гюнтер ауруы).

      Ауру аутосомды-рецессивті тұқым қуалаумен сипатталады, клиникалық түрде күлдіреу диаметрі 1-ден 10 мм дейінгі везикулезді- буллезді дерматоз арқылы байқалады, күлдіреуді ашқан кезде жараланған немесе терең жаралған беті көрінеді, процесс тыртықтанумен аяқталады. Бөртпелер терінің ашық жерлеріне шығады. Спленомегалия патогномиясы тән. Эритроциттерде уропорфирин-І концентрациясы қан сары суындағы уропорфириннің мөлшеріне қарағанда едәуір жоғарлауы тән. Қан мен зәрдегі порфирин мөлшерін зерттеу диагнозды верификациялау үшін міндетті.

      3) эритропоэтикалық протопорфирия себеп болған фотодерматоз (Магнус ауруы).

      Ауру аутосомды-доминанттық тұқым қуалаумен сипатталады, негізгі синдром - ісіну, эритема, қышумен байқалатын фотордерматоз, күлдіреулер ылғи пайда бола бермейді. Дененің ашық жерлері зақымданады. Соңғы кезеңде бауыр жетіспеушілігіне әкеліп соқтыратын гепатоз дамиды. Қан сары суында темірдің қалыпты немесе жоғары мөлшермен болуымен сиппаталатын гипохромды анемия тән. Нәжісте протопорфирин мөлшерінің тез өсуі және копропорфирин мөлшерінің шамалы өсуі, эритроциттерде протопорфирин мөлшерінің едәуір жоғарылауы байқалады. Қан мен нәжісте порфирин мөлшерін зерттеу диагнозды верификациялау үшін міндетті;

      4) псориатикалық артропатияның дамуы байқалатын псориаз.

      Псориатикалық артрит көбінесе тері зақымданумен қатар жақын жүреді. Қол және аяқ саусақтарының буындары, одан соң ірі буындар, анкилозды спондилоартриттің дамуымен жүретін омыртқаның зақымдануымен сипатталады.

      Рентгенографиялық және анатомиялық өлшемдерден басқа, қабынудың биохимиялық және иммунологиялық белгілері, сүйекбуын қосындыларының белсенділік дәрежесі мен функционалдық мүмкіндіктерін ескеру қажет. Науқас еңбекке жарамсыз болғанда және өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігін жоғалтқанда зақымдану дәрежесі ескеріледі;

      5) эритродермияның дамуы байқалатын псориаз.

      Эритродермия қабынып іскен, қою эритематозды түстегі, әртүрлі фигураларды, кей жерлерде тұтас диффуздық жерлерді құрайтын жеке орналасқан эффлоресценциялардың бірігуімен сипатталады. Ден мен аяқ-қолдардың терісі қатты тырысып тұрған тас қабық тәріздес, қоңыр түсті болады, қатты қабыршақтанады.

      Сотталғанды АМК-ға куәландыруға ұсыну үшін ҚАЖ емдеу– профилактикалық мекемелеріне бірнеше рет жатқызу негіз болып табылады. Профилдік мамандардың кеңесі қажет. Науқастың жалпы жағдайы, аурудың ұзақтығы, емге жылдамдығы назарға алынады.

      12. Жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы (бұдан әрі – ЖИТС) клиникалық көріністері кезеңінде:

      1) адамның иммунды тапшылық вирусы (бұдан әрі - АИТВ) тудыратын қатерлі ісіктер түрінде көрінетін ауру;

      2) АИТВ тудырған, энцефалопатия және деменция көріністі ауру;

      3) АИТВ тудырған қалжырау синдромы көріністі ауру (өміршеңдік сарқылуы көрінісімен);

      4) АИТВ тудырған, цитомегаловирустық ауру көріністі ауру;

      5) АИТВ тудырған Pneumocystis carinii тудырған пневмония көріністі ауру.

      Диагнозды ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтарының мамандары қояды.

      13. Қан және қан өндіру ағзаларының аурулары:

      1) "А", "В" ауыр кезеңдегі гемофилиясы.

      Процестің негізіне қан ұйығыштың IX факторы (протромбиндік комплекс, немесе Кристмас факторы) қан ұйығыштығының 1 фазасында белсенді тромбокиназаның түзелуіне қажетті тромбоплстинның плазмалық компонентінің жетіспеушілігі жатады. А гемофилиясын қиылыстық және "жыландық" сынақтары арқылы дифференциациялайды.

      14. Сотталғанды жазасын өтеуден босатуға ұсыну үшін негіз болатын аурулар тізбесінде ескерілмеген, дәрі-дәрмектермен немесе хирургиялық ем сәтсіз аяқталған, организмнің негізгі қызметтерінің қайта қалпына келмес бұзылуы немесе өмір сүрудің шектелуі кезінде аумақтық уәкілетті органдары бірінші топ мүгедектігін анықтағаннан кейінгі басқа да созылмалы аурулар жатады.


  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2014 жылғы 19 қыркүйектегі
  № 530 бұйрығына
  3-қосымша

Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын
сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасы

      1. Осы Қағида ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өтуін ұйымдастыруды айқындайды.

      2. Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру органдарының міндеті оларда бар аурулар нозологиялық нысандар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес келген жағдайда сотталғандарды куәландыру болып табылады.

      3. Сотталғанда Тізбеде көрсетілген ауру болған жағдайда, стационарлық емнің тиімсіздігі, науқастың жалпы жағдайының одан әрі нашарлауы кезінде, медициналық бөлімінің дәрігерлік – консультативтік қомиссиясында (бұдан әрі - ДКК) немесе өзге де емдеу – профилактикалық мекемеде қаралады.

      ДКК қарауынан кейін сотталған Арнайы медициналық комиссияның (бұдан әрі – АМК) куәландыруына жіберіледі.

      4. Аумақтық Қылмыстық – атқару жүйесі департаментерінің (бұдан әрі – ҚАЖД) медициналық қызметтерінде ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды куәландыру бойынша АМК құрылады.

      АМК отырыстары аумағында емдеу-профилактикалық мекемелер (ауруханалар, арнайы психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар), сондай-ақ әйелдерді, кәмелетке толмағандарды және соттар мен құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерін ұстауға арналған мекемелерде өткізіледі.

      5. АМК құрамын ҚАЖД бастықтары бекiтедi. АМК төраға – ҚАЖД медициналық қызмет басшысынан және емдеу саласының екi дәрiгерi – ведомстволық бағынысты мекемелерден комиссия мүшелерiнен тұрады. Комиссия жұмысына аумақтық денсаулық сақтау органдарының мамандары олардың басшылығымен келісу арқылы тартылады.

      6. АМК өз жұмысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық–атқару кодексін және осы Қағиданы басшылыққа алады.

      7. АМК куәландыруына сотталғанның Тізбеде көрсетілген аурумен ауыратын сотталғандар аурулары жазасын өтеу кезінде пайда болған, сондай- ақ қылмыс жасағанға дейін болған ауруының өршуі кезінде, стационарлық емдеу оң нәтижесі бермеген сотталғандар жатады. Тиісті құжаттар бір уақытта аумақтық уәкілетті органдарға еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін анықтау үшін жіберіледі.

      8. Емдеу – профилактикалық мекемелердегі сотталған науқастарды медициналық куәландыру психикалық ауытқулары бар науқастарды қоспағанда тексеріс кешенін және бейінді мамандардың кеңесін өткізуді қамтамасыз ете отырып, аурудың бейініне қарамастан ҚАЖД АМК құрылған мекемелерде жүргізіледі.

      9. Өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсінуге не оларды басқара алу мүмкіндігінен айыратын психикалық ауытқулары бар сотталғандар жазасын қылмысының сипаты мен ауырлығына, тағайындылған және жазасының өтелген мерзіміне, жазасын өтеу кезіндегі мінез – құлқына және басқа жағдайларға қарамастан босатылуға жатады.

      Психикалық ауытқулары бар сотталғандарды АМК-ның медициналық куәландыруы тек мамандандырылған (бейінді) мекемелерде жүргiзiледi.

      Психикалық бұзылулары бар адамға қатысты АМК қорытындысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 91-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тағайындау қажеттiлігi мен оның түрi көрсетiледi.

      10. Егер аурудың түрi Тізбеде көрсетілген ауруларға жатады деп танылса, осы Тәртіпке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АМК қорытындысы жасалады.

      11. АМК қорытындысы қорытынды диагнозы ескеріліп, жүргізілген емнің нәтижесіздігі туралы куәландыратын науқасты жан-жақты медициналық тексеру жүргізгеннен кейін беріледі.

      12. АМК қорытындысы төрт данада ресiмделедi және бес жұмыс күні ішінде: бiрiншiсі – мекеме басшысының ұсынымы және жеке ісімен сотқа, екiншiсi - ҚАЖД медициналық қызметiне, үшiншiсi – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жiберiледі, төртіншісі - ауру тарихына тігіледі.

      13. Адамды ауруына байланысты жазасын өтеуден босату туралы мәселені көтеру үшін сотқа АМК-ның ұсынымы, қорытындысы, сотталғанның мінездемесі мен жеке ісі науқасты куәландыру күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде жолданады.

      Ұсынымда сотталған туралы деректер, ол жасаған қылмыстың ауырлығы, оның жеке басы туралы, жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқы және ол ауыратын аурудың сипаты көрсетiледi.

      Тізбеде көрсетілген ауруы бар адам науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталғанның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, сотпен жазасын өтеуден босатылады немесе жазасы неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2015 № 677 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Сот ауруына байланысты жазасын өтеуден босатудан бас тартқан сотталғандардың жазасын өтеуге кедергі келтіретін денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда материалдар АМК-да куәландырылғаннан кейін сотқа қайта жiберiледi.

      15. Сотқа материалдардың ұсынылғаны не ұсынылмағанына қарамастан АМК куәландырған сотталғандарды есепке алу осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысанда ҚАЖД медициналық қызметі жүргізетін Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға сотталғандарды есепке алу журналында жүргізіледі.

      16. Сотталғанды ауруына байланысты босатқанға дейін күнтізбелік 15 күн ішінде науқас босатылып жатқан мекеме аурудың толық диагнозын көрсете отырып, сотталғанды босату туралы хабарламаны науқастың тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау органдарының жергілікті басқармаларына (бұдан әрі – Денсаулық сақтау басқармалары) жібереді.

      Денсаулық сақтау басқармасы бір ай мерзім ішінде сотталғанның ауруына байланысты босатылған мекемесіне осы сотталғанның аумақтық денсаулық сақтау органдарына есепке қойылғаны туралы ақпарат жолдайды.

      17. Сот ауруына байланысты жазасын өтеуден босатылған сотталғандар міндетті диспансерлік есепке алынады, қажет болған жағдайда аумақтық медициналық ұйымдарға стационарлық емге жатқызылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2015 № 677 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Аурудың ауырлығына немесе психикалық ауытқуына байланысты жазасын өтеуден босатылған сотталғандардың денсаулығын, науқас босатылған мекеме әкімшілігі бақылауға алады.

      19. Босатылған диспансерлік есепте тұрған немесе емделіп жатқан денсаулық сақтау ұйымы мекеме әкімшілігіне науқастың денсаулығы жағдайы туралы ақпарат тоқсан сайын, ал сауыққан немесе қайтыс болған жағдайда шұғыл хабарлайды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2015 № 677 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Науқас сауыққан жағдайда жазаның орындалуын қайта қалпына келтіру мекеме әкімшілігінің ұсынымы бойынша соттың шешімімен жүргізіледі.


  Ауруына байланысты жазасын
  өтеуден босатуға ұсынылатын
  сотталғандарды медициналық
  куәландыру қағидасына
  1-қосымша


нысан

      мекеменің мөрі

Арнайы медициналық комиссияның
қорытындысы

Сотталған_______________________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты) _________________________________________________________________________________

      Туған жылы мен жері_______________________________________________________________

      Кім және қашан соттаған____________________________________________________________

      ҚР ҚК бабы ____________________________ Мерзімі___________________________________

      Мерзімнің басталуы _________________ Мерзімнің аяқталуы____________________________

      № ___ жеке ісі

І. Шағымдары

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

ІІ. Өмірдегі анамнезі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

ІІІ. Аурудың анамнезі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

ІV. Объективті дәрежесі

________________________________________________________________________________

      (Антропометриялық деректер)

      1) Тері қабаты, көрінетін шырышты қабаттар, тері асты-май өзегі

      _________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________

2) Тірек-қозғалыс жүйесі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

3) Тыныс алу органдары

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

4) Жүрек-тамыр жүйесі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

5) Ас қорыту жүйесі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

6) Несеп жүйесі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

7) Неврологиялық дәрежесі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

8) Психикалық дәрежесі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

Мамандардың кеңесі, зертханалық, рентгенологиялық
және басқа зерттеулердің деректері (динамикада)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

Қорытынды диагноз:

      _________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 20 жылғы "___" ___________ № _____ бұйрығымен бекітілген Сотталғандарды жазасын өтеуден босату үшін негіз болатын аурулар тізбесінің ___ тармағы __________ тармақшасына сәйкес сотталған

      __________________ ауруына байланысты жазасын өткеруден босатуға ұсынылады.

      (Тегі, аты, жөні)

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 91 және 95-баптарына сәйкес қарқынды қадағалаудағы мамандандырылған типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалады.

      М.О. Комиссия төрағасы

      Күні Комиссия мүшелері:


  Ауруына байланысты жазасын
  өтеуден босатуға ұсынылатын
  сотталғандарды медициналық
  куәландыру қағидасына
  2-қосымша


нысан


Арнайы медициналық комиссия куәландырған сотталғандарды есепке алу журналы


Тегі, аты,

әкесінің аты,

Мекеме

Мекемеге

келген

күні

Емдеуге

жатқызылған

күні

АМК куәландырған

күні

АМК

қорытындысы,

диагнозы

Сотқа

ұсынылған

күні

Соттың

шешімі,

күні

Қайда

жіберілді

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      Ескертпе: журналдың сақталу мерзімі - тұрақты

      10-бағанда науқастың қайда жіберілгені көрсетіледі (аумақтық денсаулық сақтау және органдарына жатқызылды, туысқандары алып кетті және т.б.)