"Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағи

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 677 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 қазанда № 12191 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 5 шiлдедегi № 562 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 05.07.2022 № 562 (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 01.07.2022 бастап, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 173-бабына, Қазақстан Республикасы Кылмыстық кодексінің 75-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9762 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 27 желтоқсанда № 253 (28476) жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:

      Осы бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларында:

      8-тарау тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. ҚАЖ мекемелерінен босатылатын туберкулезбен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. ҚАЖ мекемелерінен босатылатын, туберкулезбен ауыратын, жазасын өтеу кезеңінде емдеудің толық курсынан өтпеген адамдар, сот шешімімен босатылған соң босатылу орны бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуге жатады.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Туберкулезбен ауыратын, сот шешімімен мәжбүрлеп емдеу белгіленген адамдарды, ҚАЖ мекемелерінен босату туралы хабарлама мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарға және мекеменің орналасқан жері бойынша ішкі істер органдарына жіберіледі.

      ҚАЖ мекемелерінен босату туралы хабарлама еркін нысанда жасалады.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. ҚАЖ мекемелерінің әкімшіліктері тиісті құжаттарымен, сотпен мәжбүрлеп емдеу тағайындалған, туберкулезбен ауырған адамның босатылу орны бойынша денсаулық сақтау жүйесінің ТҚҰ-на алып баруды қамтамасыз етеді.";

      Осы бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымшада:

      1-тармақта:

      екінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТИ-да анықталған және азаматтық денсаулық сақтау секторынан ауыстырылған туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар № 907 бұйрықпен бекітілген туберкулез бойынша есепке алу нысандарына сәйкес ТБ-16 диспансерлік қадағалау картасында, ТБ-03, IV-санатты ТБ-11 журналдарында және Ұлттық туберкулез ауруларын тіркеуіндегі "жаңа жағдай", "рецидив", "басқалар", "ауыстырылды" және т.б. бағандарында тіркеледі.";

      бесінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТИ-да тіркелген науқасты ЕПМ-ге жолдаған кезде науқастың деректері науқас жолданған ТИ-ның ТБ-03 және IV-санатты ТБ-11 журналдарының көшірмесіне "Ескертпе" бағанында ТИ-ның индексі мен келу күнін көрсете отырып енгізіледі. Емдеу және бақылау бойынша барлық деректер ТБ-03 немесе IV-санатты ТБ-11 журналдарына, ТБ-01 немесе IV-санатты ТБ-01 медициналық карталарына және Ұлттық туберкулез аурулары тіркеуіне ол келген ТИ-дың логины мен құпия сөзімен енгізіледі.";

      Осы бұйрықпен бекітілген Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Адамды ауруына байланысты жазасын өтеуден босату туралы мәселені көтеру үшін сотқа АМК-ның ұсынымы, қорытындысы, сотталғанның мінездемесі мен жеке ісі науқасты куәландыру күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде жолданады.

      Ұсынымда сотталған туралы деректер, ол жасаған қылмыстың ауырлығы, оның жеке басы туралы, жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқы және ол ауыратын аурудың сипаты көрсетiледi.

      Тізбеде көрсетілген ауруы бар адам науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталғанның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, сотпен жазасын өтеуден босатылады немесе жазасы неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Сот ауруына байланысты жазасын өтеуден босатылған сотталғандар міндетті диспансерлік есепке алынады, қажет болған жағдайда аумақтық медициналық ұйымдарға стационарлық емге жатқызылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Босатылған диспансерлік есепте тұрған немесе емделіп жатқан денсаулық сақтау ұйымы мекеме әкімшілігіне науқастың денсаулығы жағдайы туралы ақпарат тоқсан сайын, ал сауыққан немесе қайтыс болған жағдайда шұғыл хабарлайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М.Бердалин):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына (Б.М. Бердалин) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 21 қыркүйек