"Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары туралы" облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 15 тамыздағы № 232 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 265 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 4124 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексінің 386-бабына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 19-бабының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занының 6-бабының 2-2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары туралы» облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 15 тамыздағы № 232 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4037 тіркелген, 2014 жылғы 30 қыркүйектегі «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 123 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      шешімнің кіріспесіндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, 300-бабына» сөздері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексінің 386-бабына» сөздерімен ауыстырылсын;
      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген, Қағидаларда:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мамандандырылған ұйым – қажетті материалдық және білікті еңбек ресурстары бар, жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, шаруашылық жүргізуші субъект;»;
      18-тармақ «аудандық әкім аппараттарымен» сөздеріне дейін «Ақтөбе қалалық және» сөздерімен толықтырылсын;
      1925-тармақтарда:
      «3 метрден» сөздері «2 метрден» сөздерімен алмастырылсын, «2,0 метрден» және «2 метрден» сөздері «1 метрден» сөздерімен алмастырылсын;
      «уәкілетті органының», «уәкілетті органы» сөздеріне дейінгі «әкімдіктің» сөзі алынып тасталсын;
      202734394245 және 55-тармақтарда «уәкілетті органының», «уәкілетті органы» сөздеріне дейінгі «әкімдіктің» сөзі алынып тасталсын;
      44-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
      2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
 
 

      Облыстық мәслихаттың сессия
      төрағасы
      Облыстық мәслихаттың хатшысы

М. ИТЕҒҰЛОВ
С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА