"Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/505 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 сәуірде № 4091 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № А-4/878 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 21.04.2016 № А-4/878 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесі негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Омароваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қала әкімі Ж.Жұмағұлов

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 14 наурыздағы
№ А-3/505 қаулысымен
бекітілген

"Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
      3. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 142 А үй, 1 пәтер.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      1) егіншілікте, өсімдік шаруашылығында, мал шаруашылығында, техникалық инспекцияда мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсіптік кешені саласында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа сапалы деңгейіне жету және экономикалық өсуге қолдау көрсету мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің даму аясында Көкшетау қаласының аграрлы саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру.
      15. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) даму үстіндегі нарықтық қатынас жағдайында аграрлық сектор экспорттық мүмкіндіктерін көтеру;
      2) Көкшетау қаласының стратегиялық жоспарлары мен жекелеген бағдарламаларын жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген мақсаттарын шешу;
      4) "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты сұрақтар бойынша жоғары тұратын ұйымдарға есеп және ақпараттар ұсыну;
      5) қалалық агроөнеркәсіптік кешені саласында салааралық координация және қатынастарды реттеу;
      6) Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы саласында аграрлық және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды, агроөнеркәсіптік кешенінде жеке бизнесті дамыту және қолдау стратегиясын жүзеге асыру үшін қажет жағдайларды жасау;
      7) ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін өсіруді ынталандыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру;
      8) ауыл шаруашылығындағы реформаларды тереңдету және жетілдіру, шаруашылықтың түрлі формаларының дамуы;
      9) Көкшетау қаласында аграрлық реформаның жүзеге асуына қатысу;
      10) агроөнерәсіптік кешені саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарымен қаралған басқа да құқықтары.
      16. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) кешенді жоспарды орындау бойынша ақпаратты жалпылау және тікелей жинау арқылы қала рейтингін тоқсан сайын анықтаумен агроөнеркәсіптік кешенде қалалық даму бағдарламаларын жүзеге асырудың бағалық көрсеткіштерін орындау талдауын жүзеге асыру;
      2) ауыл шаруашылық техникасына, қосалқы бөлшектерге, жағар жанар май материалдарына, егілетін тұқымға, мал азығына, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерге деген қажеттіліктердің болуына мониторинг жасау;
      3) мемлекеттік бағдарламалар бойынша оларға субсидия төлеу үшін қаланың ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен (шаруа қожалықтарын қосқанда) алынған құжаттарды облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыну;
      4) қаланың ауыл шаруашылық құрылымдарында егістік жұмыстарын ұйымдастыру үшін көмек көрсету;
      5) өз қызметі саласында мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларда қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуының орта мерзімді стратегиялық жоспарын жасауға және жүзеге асыруға қатысады;
      6) топырақ құнарлылығын арттыруға, астық шаруашылығын бекітуге, мал шаруашылығы үшін берік мал азықтық базаны құруға бағытталған агротехникалық, ұйымдастыру- экономикалық шараларды енгізу, жасау және қамтамасыз ету;
      7) асыл тұқымды жас малды өсіру бойынша асыл тұқымды субъектілер қызметін координациялау;
      8) өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал өсіру ісінің дамуына бағытталған іс шараларды жүргізуді қамтамасыз ету;
      9) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды жануарлар туралы мәлімет жинауды жүзеге асыру;
      10) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден есепті қабылдау;
      11) қаланың ауыл шаруашылық тауар өндірушілер қызметінің координациясын қамтамасыз ету;
      12) жануарларды өсіруді жүзеге асыратын, жануарлар шикізатын және өнімін дайындау (сою), сақтау, қайта өндеу және сату, жануарларды өсіруді жүзеге асыратын өндіріс нысандарын қабылдау, сондай-ақ мал азықты және мал азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және сату бойынша мемлекеттік комиссияны ұйымдастыру;
      13) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың мемлекеттік тіркеуде бары не жоғы туралы анықтама беру;
      14) мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына ішкі бақылау жүргізу;
      15) тракторлардың және олардың базасымен жасалған өздігінен жүретін механизмдер мен шассилардың, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда олардың тіркемелерінің, өздігімен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекттік тіркеме нөмірлерді және тіркеу құжатын беру арқылы мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден өткізу;
      16) тракторлардың және олардың базасымен жасалған өздігінен жүретін механизмдер мен шассилардың, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда олардың тіркемелерінің, өздігімен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің, өтімділігі жоғары арнайы машиналардың иелерінен белгіленген заң тәртібіне сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін белгіленген алым төлетуді қамтамасыз ету;
      17) ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша қала және облыс әкімдігінің отырыстарына материалдар дайындауға қатысу;
      18) ауыл шаруашылығы саласына жататын мәліметтердің ақпараттық базасын қалыптастыру, жинау, жалпылау, жіктеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 26.06.2014 № А-6/1161 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      17. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) Көкшетау қаласының агроөнеркәсіптік кешеніндегі қызметінің мәселелері бойынша тиісті жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ұсыныс енгізу және ауыл шаруашылығын дамытудың аймақтық бағдарламасын әзірлеу және іске асыруға қатысу;
      2) бюджеттік бағдарламаларды әкімшіліктендіру;
      3) өзін-өзі қамту аймақтық бағдарламасын әзірлеу;
      4) нарықтық жағдайдағы жұмыс үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді қайта даярлау және оқытуды ұйымдастыруға қолдау жасау;
      5) ауыл шаруашылығын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру, үрдістерді талдау, оның келешегін болжау және анықтау;
      6) ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде маркетинг жүйесін ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өндеуге инвестиция тарту, ауыл шаруашылығының барлық салаларының қызметі үшін оңтайлы жағдай жасауда ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің мүддесін қорғау;
      7) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін агрария, техникалық инспекция, мал шаруашылығы саласындағы өкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      8) жедел статистикалық және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жетілдіру;
      9) ауыл шаруашылығының тракторлар мен комбайндерге, автомобильдер мен жабдықтарға, ауыл шаруашылығы көліктеріне, жанар жағар май мен басқа материалдық ресурстарға мұқтаждықтарына болжау әзірлеу;
      10) қалалық ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің мүддесін барлық деңгейдегі мемлекеттік және шаруашылық басқарма органдарында білдіру және қорғау;
      11) азаматтардың жеке шаруашылығындағы құстар мен малдың басын есептеу;
      12) аграрлы саясат саласында мемлекеттік органдар қызметінің ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша қала әкіміне ұсыныстар енгізу, Қазақстан Республикасының нормативтік актілерімен қарастырылған бөлімді жүргізу және басқа да "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функцияларына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және басқа да материалдарды дайындауды жүзеге асыру;
      13) "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметі саласына жататын сәйкес мемлекеттік органдарға және қызметтік тұлғаларға тапсырмалар беру, олардың орындалуын қадағалау, қаланың және облыстың жергілікті атқарушы органдармен жүргізілетін іс шараларға қатысу;
      14) көлік иелерінің міндеттерін тіркеуден өткізуді жүзеге асыруын алға тартуын орындау үшін мерзімде белгіленген машиналарды жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу ережелері және машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерін сақтау үшін бақылауды жүзеге асыру;
      15) өз құзыреті шегінде машиналарды жыл сайынғы техникалық байқау жүргізуді жақсарту үшін іс шараларды және ұсыныстарды жасау;
      16) жыл сайынғы техникалық байқау жүргізу Ережелерімен бекітілген машиналарды мемлекеттік техникалық байқау талаптарын регламенттейтін нормативтік–техникалық құжаттар тізімі талаптарына жауап бермейтін немесе жол жүру қауіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғау талаптарына нұқсан келтіретін машиналарды пайдалануға тыйым салу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Көкшетау қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындауды және функцияларын жүзеге асыруды жеке жауапкершілікке алады;
      2) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің өкілеттік шеңберін, міндеттерін анықтайды;
      3) Заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеме қызметшілерін лауазымға тағайындап жұмыстан босатады;
      4) Заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеме қызметшілеріне тәртіптік жаза салады;
      5) мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;
      6) мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
      7) мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарға және басқа жерлерде таныстырады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқада өкілеттерді іске асырады.
      "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.