Көкшетау қаласы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күші жойылған деп тану туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № А-4/878 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қала әкімі Е.Маржықпаев

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 21.04 № А-4/878
қаулысына қосымша

Көкшетау қаласы әкімдігінің кейбiр күшi жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірінде № А-4/714 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4769 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпанда "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған);
      2. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпаңдағы № А-2/219 "Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4650 болып тіркелген, 2014 жылдың 24 сәуірінде "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған)
      3. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/506 "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4086 болып тіркелген, 2014 жылдың 24 сәуірінде "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған)
      4. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/506 қаулысына өзгерістер енгізу" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпаңдағы № А-2/225 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4708 болып тіркелген, 2015 жылдың 9 сәуірінде "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған);
      5. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/506 қаулысына өзгерістер енгізу" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 ақпаңдағы № А-2/209 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5270 болып тіркелген, 2016 жылдың 8 наурызда "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған);
      6. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/505 "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4091 болып тіркелген, 2014 жылдың 24 сәуірінде "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған);
      7. "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/505 қаулысына өзгерістер енгізу" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № А-6/1161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 болып тіркелген, 2014 жылдың 14 тамыздағы "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған);
      8. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № А-7/2048 "Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ Көкшетау қаласындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін бос жұмыс орындарының квотасын анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-180 болып тіркелген, 2012 жылдың 10 тамыздағы "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған);
      9. "Көкшетау қаласы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олардың қаржыландыру көздерін бекіту туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № А-1/101 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5242 болып тіркелген, 2016 жылдың 11 ақпаңдағы "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған).