РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген, Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Белгіленсін:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар.
2. алынып тасталды - Ақмола облысы әкімдігінің 10.11.2014 № А-10/530 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ.Әкімовке жүктелсін.
4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі Қ.Айтмұхаметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ А-3/95 қаулысына
1-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағыты |
Өлшем бірлігі |
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды орнын 100 %-ға дейін өтеу |
бас |
3 535 |
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ А-3/95 қаулысына
2-қосымша
Қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінде асыл тұқым орталығы ретінде қызметті бастау туралы хабарламаның болуы.
2. Меншік құқығы немесе ұзақ мерзімді жалға алу шартында (кем дегенде бес жыл) немесе лизинг шартында өндірістік үй-жайлар кешенінің болуын растайтын (ауыл шаруашылық малдарының өндірушілерді ұстау үшін үй-жайлар, төменгі температурада қатыратын және өндірушілердің тұқымын сақтауға арналған зертхана, ветеринарлы-санитарлы өткеру, карантин үй-жайы, оқшаулағыш, зертхана және криогенді жабдық) құқық белгілеуші құжаттар көшірмелерінің боулы.
3. Малдарды бағалау жүргізу туралы растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну арқылы ұрпақ сапасы және өзіндік өнімділік бойынша малдарға бағалау жүргізу.
4. Бонитировка жүргізу туралы растайтын құжаттардың көшірмесін ұсыну арқылы асыл тұқымды малдарға бонитировка жүргізу.
5. Тиісінше «зоотехник», немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», немесе «биотехнология» мамандықтары бойынша білімі бар бір немесе одан да көп қызметкерлердің штатта болуы.
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ А-3/95 қаулысына
3-қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - Ақмола облысы әкімдігінің 10.11.2014 № А-10/530 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ А-3/95 қаулысына
4-қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 4-қосымша алынып тасталды - Ақмола облысы әкімдігінің 10.11.2014 № А-10/530 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.