РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген, Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Белгіленсін:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар.
2. Осы қаулысының 3, 4-қосымшаларына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ.Әкімовке жүктелсін.
4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі Қ.Айтмұхаметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ А-3/95 қаулысына
1-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағыты |
Өлшем бірлігі |
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды орнын 100 %-ға дейін өтеу |
бас |
3 535 |
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ А-3/95 қаулысына
2-қосымша
Қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінде асыл тұқым орталығы ретінде қызметті бастау туралы хабарламаның болуы.
2. Меншік құқығы немесе ұзақ мерзімді жалға алу шартында (кем дегенде бес жыл) немесе лизинг шартында өндірістік үй-жайлар кешенінің болуын растайтын (ауыл шаруашылық малдарының өндірушілерді ұстау үшін үй-жайлар, төменгі температурада қатыратын және өндірушілердің тұқымын сақтауға арналған зертхана, ветеринарлы-санитарлы өткеру, карантин үй-жайы, оқшаулағыш, зертхана және криогенді жабдық) құқық белгілеуші құжаттар көшірмелерінің боулы.
3. Малдарды бағалау жүргізу туралы растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну арқылы ұрпақ сапасы және өзіндік өнімділік бойынша малдарға бағалау жүргізу.
4. Бонитировка жүргізу туралы растайтын құжаттардың көшірмесін ұсыну арқылы асыл тұқымды малдарға бонитировка жүргізу.
5. Тиісінше «зоотехник», немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», немесе «биотехнология» мамандықтары бойынша білімі бар бір немесе одан да көп қызметкерлердің штатта болуы.
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ А-3/95 қаулысына
3-қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 22.05.2014 № А-5/204 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ |
Субсидиялау бағыты |
Өлшем бірлігі |
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Субсидиялау көлемі |
Субсидиялау сомасы, мың теңге |
|
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы |
||||||
1. |
Асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу |
|||||
1) |
тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы |
бас |
18 000 |
24 500 |
441 000 |
|
2) |
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы |
бас |
20 000 |
15 591 |
311 820 |
|
3) |
жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу |
бас |
104 000 |
128 |
13 312 |
|
2. |
Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу |
|||||
1) |
отандық асыл тұқымды ірі қара мал |
бас |
154 000 |
665 |
102 410 |
|
2) |
импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан және Канададан) |
бас |
200 000 |
181 |
36 200 |
|
Барлығы: |
904 742 |
|||||
Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы |
||||||
1. |
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу |
|||||
1) |
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы |
бас |
20 000 |
5 947 |
118 940 |
|
2. |
Асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу |
|||||
1) |
отандық асыл тұқымды ірі қара мал |
бас |
154 000 |
181 |
27 874 |
|
2) |
импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан, Канададан) |
бас |
235 000 |
700 |
164 500 |
|
Ірі қара мал шаруашылығы |
||||||
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру |
бас |
3 535 |
12 923 |
45 683 |
||
Барлығы: |
356 997 |
|||||
Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы |
||||||
Ата-тектік, ата-енелік нысандары бар отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан жұмыртқа бағыттағы асыл тұқымды тәулiктiк балапандарды, сондай-ақ асыл тұқымды жұмыртқаларды сатып алу |
||||||
1) |
Тәуліктік балапан (ақырғы) |
мың бас |
50 000 |
677 |
33 850 |
|
Барлығы: |
33 850 |
|||||
Қой шаруашылығы |
||||||
1. |
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу |
|||||
1) |
Асыл тұқымды зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымдық аналық қой басы |
бас |
1 500 |
5 204 |
7 806 |
|
2. |
Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу |
бас |
8 000 |
368 |
2 944 |
|
Барлығы: |
10 750 |
|||||
Жиыны: |
1 306 339 |
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ А-3/95 қаулысына
4-қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 22.05.2014 № А-5/204 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ |
Субсидиялау бағыты |
Өлшем бірлігі |
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Субсидиялау көлемі |
Субсидиялау сомасы, мың теңге |
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы |
|||||
1. |
Сиыр етін өндіру үшін мал азығы құнын арзандату: |
||||
1) |
1-деңгей |
тонна |
220 000 |
550 |
121 000 |
2) |
2-деңгей |
тонна |
170 000 |
960 |
163 000 |
3) |
3-деңгей |
тонна |
120 000 |
300 |
36 000 |
2. |
Бұқашықтарды субсидиялаудың бірінші деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу |
бас |
15 000 |
2 100 |
31 500 |
Барлығы: |
351 700 |
||||
Шошқа шаруашылығы |
|||||
1. |
Шошқа етін өндіруге арналған азық құнын арзандату |
тонна |
98 000 |
500 |
49 000 |
Барлығы: |
49 000 |
||||
Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы |
|||||
1. |
Сүт өндіру үшін мал азығы құнын арзандату: |
||||
1) |
1-деңгей |
тонна |
25 000 |
15 670 |
391 750 |
2) |
2-деңгей |
тонна |
15 000 |
3 820 |
57 300 |
3) |
3-деңгей |
тонна |
10 000 |
4 820 |
48 200 |
Барлығы: |
497 250 |
||||
Жылқы шаруашылығы |
|||||
1. |
Мыналарды өндіру үшін азық құнын арзандату: |
||||
1) |
қымыз |
тонна |
60 000 |
140 |
8 400 |
Барлығы: |
8 400 |
||||
Түйе шаруашылығы |
|||||
1. |
Мыналарды өндіру үшін азық құнын арзандату: |
||||
1) |
шұбат |
тонна |
55 000 |
11 |
605 |
Барлығы: |
605 |
||||
Етті бағыттағы құс шаруашылығы |
|||||
1. |
Құс етін өндіру үшін азық құнын арзандату: |
||||
2) |
3-деңгей |
тонна |
50 000 |
470,2 |
23 511 |
Барлығы: |
23 511 |
||||
Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы |
|||||
1. |
Тағамдық жұмыртқа өндіру үшін азық құнын арзандату: |
||||
1) |
1-деңгей |
мың дана |
3 000 |
258 815 |
776 445 |
2) |
2-деңгей |
мың дана |
2 600 |
133 720 |
347 672 |
3) |
3-деңгей |
мың дана |
2 000 |
15 000 |
30 000 |
Барлығы: |
1 154 117 |
||||
Жиыны: |
2 084 583 |