"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 32-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.03.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары мен олардың мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2014 жылғы 30 желтоқсан
Форма
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген |
Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптар
Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.03.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 32–39-2-баптарына сәйкес әзірленді және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) Бюджет кодексінде және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес әзірленеді.
2. Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы республикалық бюджет шығыстарының мемлекеттік органның даму жоспарында айқындалған мақсаттармен өзара байланысты бағытын айқындайды.
Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы республикалық бюджет шығыстарының мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты бағытын айқындайды.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы жергілікті бюджет шығыстарының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті даму жоспарында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты бағытын айқындайды.
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаны жылжымалы негiзде жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлейдi және ол тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдерін, бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштерін қамтиды.
2-тарау. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу тәртібі және олардың мазмұнына қойылатын талаптар
4. Бюджеттік бағдарлама мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына және (немесе) бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
Әртүрлі көздер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар үшін бюджеттік кіші бағдарлама қаржыландыру көздерінің әрқайсысы үшін бөлінеді.
5. Мемлекеттік органның даму жоспарының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсатына, бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру жөніндегі шығындар көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөліне отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін.
6. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарлама жобасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай ақпаратты қамтиды:
1) бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы;
2) жоспарлы кезең;
3) бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы;
4) бюджеттік бағдарламаның басшысы;
5) бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi;
6) бюджеттiк бағдарламаның түрi;
7) бюджеттiк бағдарламаның мақсаты;
8) бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері;
9) бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздеме);
10) бюджеттiк бағдарламаның шығыстары;
11) бюджеттiк кіші бағдарламаның коды мен атауы;
12) бюджеттiк кіші бағдарламаның түрі;
13) бюджеттiк кіші бағдарламаның сипатталуы (негiздемесі);
14) тiкелей нәтиже көрсеткiштерi;
15) бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштері;
16) бюджеттiк кіші бағдарламаның шығыстары.
7. Бюджеттік бағдарламада бюджеттiк кіші бағдарлама болмаған жағдайда, осы Қағидалардың 6-тармағының 11)-13) және 16) тармақшаларында көрсетілген ақпарат бюджеттік бағдарлама нысанында көрсетілмейді.
Бюджеттiк кіші бағдарламалары жоқ бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтиже, бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштері бюджеттік бағдарлама деңгейінде көрсетіледі.
8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарлама жобасы мынадай талаптарға сәйкес әзірленеді:
1) "бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы" деген жолда бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң толық атауы және бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес оның коды көрсетіледі;
2) ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы жоспарлы кезең болып табылады;
3) "бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы" деген жолда бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы көрсетіледі.
Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атауы жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің мазмұны және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді немесе мемлекеттік орган қызметінің бағыттарын көрсетеді.
Нысаналы трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары нысаналы трансферттер немесе бюджеттік субсидиялар арқылы жүзеге асырылатын шығыстардың нысаналы мақсатын көрсетеді.
Жалпы сипаттағы трансферттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары жалпы сипаттағы трансферттердің түрі мен берілетін бюджет деңгейін көрсетеді.
Бюджеттік кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары жергілікті бюджеттерді не қарыз алушыны кредиттеу кезінде бюджет деңгейін, сондай-ақ осы бюджеттік кредиттер арқылы жүзеге асырылатын шығыстардың бағыттарын көрсетеді.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары бөлінетін бюджет қаражатының нысаналы бағытын көрсетеді.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысумен байланысты бюджеттік бағдарламалардың атаулары заңды тұлғаның атауын және жарғылық капиталға қатысу арқылы жүзеге асырылатын шығыстардың нысаналы бағытын көрсетеді.
Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары мемлекеттік органды, оның аумақтық органдарын не ведомстволық бағынысты ұйымдарды көрсетеді.
Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары мемлекет қабылдаған міндеттемелерді орындау бойынша шығыстардың мазмұнын көрсетеді.
Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары қызметіне нысаналы салым салу жүзеге асырылатын ұйымның атауын көрсетеді.
Нысаналы аударуға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары қызметіне нысаналы аудару жүзеге асырылатын ұйымның атауын көрсетеді;
4) "Бюджеттік бағдарламаның басшысы" деген жолда тиісті бұйрықпен айқындалған бюджеттік бағдарлама басшысының аты-жөні, тегі және лауазымы көрсетіледі.
Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде бюджеттік бағдарламаның басшысы ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі, әкім аппаратының басшысы не әкімнің әкімдік қызметінің тиісті бағыттарына жетекшілік ететін орынбасары, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары не бірінші басшының мемлекеттік орган қызметінің тиісті бағыттарына жетекшілік ететін орынбасарлары болып табылады;
5) "Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi" деген жолда осы бюджеттік бағдарлама шеңберiнде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асыратын мемлекеттiк функциялар мен өкілеттіктерді, сондай-ақ осы бюджеттiк бағдарламаның қажеттілігін негіздейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнің тақырыбы, қабылданған күндері мен тіркеу нөмірлері көрсетiледi.
Бұл ретте нормативтiк құқықтық актiлердің құрылымдық элементтері көрсетіледі;
6) "Бюджеттік бағдарламаның түрі" деген жолда:
"мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты" деген жолда бюджеттік бағдарламаның мынадай түрлерінің бірі көрсетіледі:
республикалық;
облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың;
аудандық (қалалық);
республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қала бюджеттерінің құрамында бекітілетін қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары;
аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары көрсетіледі;
"мазмұнына байланысты" деген жолда бюджеттік бағдарламаның мынадай түрлерінің бірі көрсетіледі:
мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;
трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру;
бюджеттік кредиттер беру;
бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру;
күрделі шығыстарды жүзеге асыру;
мемлекет міндеттемелерін орындау;
нысаналы салым салу;
нысаналы аударым;
"іске асыру тәсіліне қарай" деген жолда жеке не бөлінетін бюджеттік бағдарлама көрсетіледі;
"ағымдағы/даму" деген жолда ағымдағы бюджеттік бағдарлама не бюджеттік даму бағдарламасы көрсетіледі;
мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру жөніндегі шығындарды қамтитын бюджеттік бағдарламалар бойынша "мазмұнына байланысты", "ағымдағы/даму" деген жолдар бойынша бюджеттік бағдарламаның түрі көрсетілмейді;
7) "Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты" деген жолда бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзу болжанатын мемлекеттік органның мемлекеттік органның даму жоспарының стратегиялық бағыттарымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарымен, мемлекеттік органның ережелерінде айқындалған өкілеттіктермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен байланыстырылған белгiлi бiр нәтиже келтіріледі.
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты анық, нақты және қолжетiмдi болуға тиiс;
8) "Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері" деген жолда мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді сандық тұрғыдан өлшейтін, мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізуге негізделген бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері көрсетіледі.
Егер бюджеттік бағдарлама мемлекеттік органның даму жоспарының бір мақсатына сәйкес болса, онда бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі ретінде мемлекеттік органның даму жоспарының осы мақсатының нысаналы индикаторлары көрсетіледі.
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:
анық, айқын және нақты болуға тиiс;
бюджеттік бағдарламаның сандық көрсеткіштері мен оған қол жеткізудің нақты күнін (кезеңін) (белгілі бір уақыт аралығында, жоспарлы кезеңнің соңында, жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бөліністе) айқындау жолымен бюджеттік бағдарламаны іске асырудың сапалы қорытындысын көрсетуге тиіс;
мемлекеттік органның даму жоспарында не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті даму жоспарында айқындалған нысаналы индикаторлармен өзара байланыстырылады;
абсолютті, салыстырмалы немесе пайыздық шамаларда беріледі және ақшалай мәнде көрсетіле алмайды.
Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын, тұрақты сипаттағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті нәтижелер олардың көрсеткіштерін көрсетпестен айқындалады.
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, бөлінетін бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері түпкілікті нәтижелерді көрсетпейді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Бюджет кодексінің 31-бабының 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес айқындалатын бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға немесе қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бағытталған бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті нәтиже көрсеткіштері қаржы-экономикалық негіздемелерге және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемелерге сәйкес көрсетіледі;
9) "Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)" деген жолда жоспарланатын бюджет қаражатының мемлекеттік органның даму жоспарында немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті дамыту жоспарында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланыстылығы ашып көрсетіледі.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі) бюджеттік бағдарламаның жоспарланып отырған бюджет қаражатының негіздемелерін, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылының сомасынан ауытқу себептерін қамтуға тиіс.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі) бюджеттік бағдарламаның нәтижесіне қол жеткізу тәсілдері мен әдістерін қамтуы мүмкін, сондай-ақ барынша қысқа, айқын және нақты болуға тиiс;
10) "Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар" деген кестеде есептік деректер бойынша алдыңғы қаржы жылының, ағымдағы қаржы жылының және жоспарлы кезеңге арналған жылдар бойынша бөлінісінде бюджеттік бағдарламаның теңгемен көрсетілген шығыстардың жиынтық сомасы көрсетіледі.
Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттерін және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға немесе қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бағытталған бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік кіші бағдарламалары жоқ бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарлама шығыстары төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде әрбір бюджеттік инвестиция бойынша көрсетіледі;
11) "Бюджеттiк кіші бағдарламаның коды мен атауы" деген жолда бюджеттiк кіші бағдарламаның бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес коды және атауы көрсетіледі.
Бюджеттік бағдарламада бюджеттік кіші бағдарламалар болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламада бұл жол көрсетілмейді;
12) "Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі" деген жолда мазмұнына байланысты бюджеттік кіші бағдарламаның түрі көрсетіледі, сондай-ақ ағымдағы кіші бюджеттiк бағдарлама не кіші бюджеттiк даму бағдарламасы көрсетіледі;
13) "Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)" деген жолда бюджеттік кіші бағдарламаның қысқаша сипаттамасы және бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен міндетіне қол жеткізуге кіші бағдарламаның іске асырылуының ықпал етуін бағалау келтіріледі.
Бюджеттiк кіші бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі) бюджеттік бағдарламаның сипаттамасын (негiздемесін) қайталамауы тиіс.
Бюджеттік бағдарламада бюджеттік кіші бағдарламалар болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламада бұл жол көрсетілмейді;
14) "Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi" деген кестеде қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызмет көрсететін мемлекеттік органның қызметіне толық тәуелді болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен көрсетілетін қызметтер көлемінің санмен өлшенетін сипаттамалар көрсетіледі.
Бюджеттік бағдарламада бюджеттік кіші бағдарламалар болған жағдайда, бұл кесте әрбір кіші бағдарлама бойынша толтырылады.
Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi:
есептік деректер бойынша есепті қаржы жылы, ағымдағы қаржы жылы бойынша және жылдар бойынша бөліністе жоспарлы кезеңге көрсетіледі;
объективті түрде мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін көрсетеді және бюджеттік бағдарлама басшысының жетекшілік ететін саласына сәйкес келеді;
бюджеттік бағдарламада көзделген бюджет қаражаты есебінен жоспарлы кезеңнің белгілі бір қаржы жылында қол жеткізу болжанатын мемлекеттік орган қызметінің барлық нәтижелерін қамтиды;
бюджеттік бағдарламаның мақсатымен өзара байланысады;
абсолюттік шамаларда көрсетіледі және осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, салыстырмалы немесе пайыздық шамаларда, сондай-ақ ақшалай мәнде көрсетіле алмайды.
Бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шегінде өзара және бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) арасында тікелей және түпкілікті нәтижелердің өзара қайталануына жол берілмейді.
Бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тікелей нәтижелер көрсеткіштерін көрсетпейді.
Нысаналы даму трансферттері және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға немесе қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бағытталған бюджеттік кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері жергілікті бюджеттік инвестициялар бөлінісінде көрсетіледі.
Бюджет қаражаты есебінен бірлесіп қаржыландыруды көздейтін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша тікелей нәтижелер нысаналы трансферттерді аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі айқындаған қарыз шарттарының, гранттар туралы келісімдердің, жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырудың талаптарына сәйкес айқындалады.
Бюджет кодексінің 46-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес төмен тұрған бюджеттердің кірістері бойынша шығындарды өтеуге бағытталған нысаналы ағымдағы трансферттерді қоспағанда, нысаналы ағымдағы трансферттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері төмен тұрған бюджеттердің бөлінісінде көрсетіледі.
Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттерін және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға немесе қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бағытталған бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштерінде төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде бюджеттік инвестициялардың жалпы саны көрсетіледі.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Бюджет кодексінің 31-бабының 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес айқындалатын бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға немесе қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бағытталған бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері қаржы-экономикалық негіздемелерге және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемелерге сәйкес көрсетіледі;
15) "Бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштері" деген жолда бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштері көрсетіледі.
Бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштері бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша көрсетіледі.
Бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, мәлімделген шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік инвестициялық жобалардың жоспарлануы кезеңінде ресімделген құжаттардың негізінде Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) 6 және 12-тармақтарының талаптарына сәйкес көрсетеді.
Бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстарың экономикалық әсерінің көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Бюджет кодексі 67-бабының 6-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары айқындаған тәртіпке сәйкес айқындалған бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсеріне сәйкес көрсетеді.
Бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері әрбір бюджеттік кіші бағдарлама бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар және бюджеттік субсидиялардың түрлері бөлінісінде толтырады;
16) "Бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстары" деген кестеде ағымдағы қаржы жылының есепті деректері бойынша алдыңғы қаржы жылындағы және жылдар бөлінісінде жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстардың қорытынды сомасы мың теңгемен көрсетіледі.
Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттерін және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға немесе қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бағытталған бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік кіші бағдарламалар бойынша бюджеттік кіші бағдарлама шығыстары төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде әрбір бюджеттік инвестиция бойынша олардың атауын көрсете отырып көрініс табады.
Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламада бұл кесте көрсетілмейді.
9. Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері:
ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде ведомстволық бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға;
15 мамырға дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары ескеріле отырып пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалардың жобаларын Бюджет кодексінің 68-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес қарайды.
Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламалар жобаларын ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынылатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдарға ұсынады.
3-тарау. Бюджеттік бағдарламаларды бекіту (қайта бекіту) тәртібі
10. Бюджеттік бағдарламалар бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының бұйрығымен бекітіледі.
11. Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары республикалық бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары республикалық бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының бұйрығымен бекітіледі.
12. Бюджет қаражаты жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген жағдайда бюджетті нақтылау немесе түзету осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
13. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобалары тиісті жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі басшысының бұйрығымен бекітіледі.
14. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің жобалары аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері бекітілгеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органымен келісу бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі басшысының өкімімен бекітіледі.
15. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер және (немесе) бюджеттік кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың жобалары нысаналы трансферттерді және (немесе) бюджеттік кредиттерді аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісімен және төмен тұрған бюджеттің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органымен келісу бойынша ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін төмен тұрған бюджеттің бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiсi басшысының бұйрығымен бекітіледі (қайта бекітіледі).
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бекітілген (қайта бекітілген), төмен тұрған бюджет нысаналы даму трансферттерін және (немесе) бюджеттік кредиттерді беруге бағыттаған бюджеттік бағдарламаларды республикалық немесе облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері олар бекiтiлген (қайта бекітілген) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының назарына жеткізеді.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бекітілген (қайта бекітілген), төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін және (немесе) бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларды аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері олар бекiтiлген (қайта бекітілген) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының назарына жеткізеді.
16. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттік бағдарламаларының жобалары тиісті жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті тексеру комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
17. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттары аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының жобалары тиісті жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мәслихат хатшысының өкімімен бекітіледі.
18. Республикалық бюджеттік бағдарламалар:
Бюджет кодексінің 32-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті нақтылау;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті түзету кезінде қайта бекітіледі.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар Бюджет кодексінің 32-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджетті түзету туралы қаулыларын нақтылау немесе қабылдау кезінде олардың қаржыландыру көлемі, нәтижелер көрсеткіштері мен бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштері өзгерген жағдайда қайта бекітіледі.
Мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары мен штат санының лимиттері өзгерген жағдайларда бюджетті түзетуге байланысты тиісті бюджеттік бағдарламалар өткізу актісі мен бөлу теңгеріміне сәйкес олардың қаржыландыру көлемдері, нәтижелер көрсеткіштері мен бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсері көрсеткіштерінің өзгеруімен қайта бекітіледі.
Қағидалардың осы тармағының үшінші бөлігіне байланысты емес бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту кезінде өзгерістер осы Қағидаларға 1-қосымшаның "Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері", "Тікелей нәтиже көрсеткіштері", "Бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштері" және "Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар" кестелеріндегі 5-баған бойынша жоспарлы кезеңнің бірінші қаржы жылына көзделген қаржыландыру көлемдері, нәтижелер көрсеткіштері мен бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштері бойынша енгізіледі.
19. Бюджеттік бағдарламалардың жобалары осы Қағидалардың 11-18-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік органдармен келісіледі.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламалардың жобаларымен бірге:
бюджеттік бағдарламаларды бекіту (қайта бекіту) туралы бұйрықтың жобасын;
мемлекеттік органның даму жоспарының жобасын немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті даму жоспарын;
осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту кезінде тиісті бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесін;
осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламаларға енгізілген өзгерістердің салыстырма кестесін енгізеді.
Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы мақұлданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бір мезгілде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға адресаты "Мемлекеттік органдарға (тізім бойынша)" деп көрсетіле отырып және аталған мемлекеттік органдардың тиісті тізімін қоса берумен, мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қойған бір ілеспе хатпен келісуге ұсынылады.
Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы мақұлданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен келісуге ұсынылады.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары тиісті жергілікті бюджеттің мәслихаты бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына келісуге ұсынылады.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты тиісті жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына келісуге ұсынылады.
Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер және (немесе) бюджеттік кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың жобалары бір мезгілде жоғары тұрған бюджеттің нысаналы трансферттерді және (немесе) бюджеттік кредиттерді аударатын бюджеттік бағдарламалары әкімшісіне мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен келісуге ұсынылады.
Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар оларды басқа мемлекеттік органдармен келісуді талап етпейді.
Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуден бас тартқан жағдайда бас тарту себебі негізделеді.
Бюджеттік бағдарламалардың жобалары келісуге жіберілген мемлекеттік органдар оларды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалар жобаларын ұсынған бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын дайындайды немесе олардың жоқ екендігі туралы хабарлайды.
Мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша ескертулерінде кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар қамтылуға тиіс, сондай-ақ тікелей оның құзыреті мәселелеріне қатысты, негізделген және толық болуға тиіс.
Ескертулер болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі пысықтайды.
Келісетін мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстары ескеріле отырып пысықталған, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған бюджеттік бағдарламалардың жобалары ескертулер мен ұсыныстар алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде келісетін мемлекеттік органға қарауға не келісуге қайта енгізіледі.
Бюджеттік бағдарламалардың жобалары қайта келісуге жіберілген келісетін мемлекеттік органдар оларды қарайды және өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын жібереді немесе олардың жоқ екендігі туралы бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуге ұсынған бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне оларды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Келісетін мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстары ескеріле отырып қайта пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобалары ескертулер мен ұсыныстарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде келісетін мемлекеттік органға қарауға не келісуге қайта енгізіледі.
Бюджеттік бағдарламалардың жобалары қайта келісуге жіберілген келісетін мемлекеттік органдар оларды қарайды және өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын жібереді немесе олардың жоқ екендігі туралы бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуге ұсынған бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне оларды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша барлық ескертулер мен ұсыныстарды жойғаннан кейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған бюджеттік бағдарламаларды бекіту (қайта бекіту) туралы бұйрықты келісуге енгізеді.
Келісуші мемлекеттік органдардың ескертулерімен келіспеген жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осындай әрбір ескерту бойынша келіспейтіндігін жазбаша түрде негіздей отырып, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын бұрыштама қол қоюға жібереді.
Келісуші мемлекеттік органдарға "ескертулері бар" бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуге жол берілмейді.
Келісуші мемлекеттік орган тұжырымдамалық сипаттағы ескертулердің болуына байланысты бюджеттік бағдарламаның жобасын келісуден бас тартқан жағдайда, мұндай мемлекеттік орган осындай ескертулерді жоюдың өзара оңтайлы шешімін көрсете отырып, дәлелді жауап береді.
Бұл ретте, мемлекеттік органдарға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуден олар берген ескертулерді жоюдың өзара оңтайлы шешімін көрсетпей бас тартуға жол берілмейді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының қосымшалары бар бюджеттік бағдарламаларды бекіту жөніндегі бұйрығына осы бұйрықты келісуге жіберген мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы не оны ауыстыратын тұлға қол қояды.
Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысының не олар уәкілеттік берген лауазымды тұлғалардың бұрыштама қол қоюымен ресімделеді.
Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның бұрыштама қол қоюымен ресімделеді.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының бірінші басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның бұрыштама қол қоюымен ресімделеді.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының бірінші басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның бұрыштама қол қоюымен ресімделеді.
Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер және (немесе) бюджеттік кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жобаларын нысаналы трансферттерді және (немесе) бюджеттік кредиттерді бөлетін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің түпкілікті келісуі бюджетті бекіту кезінде ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей бюджетті нақтылау не түзету кезінде нысаналы трансферттерді және (немесе) бюджеттік кредиттерді аударатын жоғары тұрған бюджеттің келісетін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ескертулері мен ұсыныстары жойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы нысаналы трансфертті бөлу жөніндегі жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасы басшысының бұрыштама қол қоюымен ресімделеді.
Бұрыштама қол қою мемлекеттік орган басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның лауазымының атауын, бұрыштама қол қоятын адамның жеке қолын, оның қолының толық жазылуын, күні мен елтаңбалы мөрді қамтиды.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бюджеттік бағдарламаларды келісу грифі бюджеттік бағдарламаларды бекіту туралы бұйрықтың соңғы бетінің төменгі сол жақ бұрышында орналастырылады және "КЕЛІСІЛДІ" деген сөзден тұрады.
Нысаналы трансферттерді және (немесе) бюджеттік кредиттерді бөлетін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісінің жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер және (немесе) бюджеттік кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды келісу грифі тиісті жергілікті бюжеттік бағдарламаның бірінші бетіндегі "КЕЛІСІЛДІ" деген жолда орналастырылады.
Мемлекеттік органдармен түпкілікті келісілген бюджеттік бағдарламаның мәтініне түзетулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
20. Бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық қаржыландыру көлемін өзгертпей мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдардың келісуінсіз немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның келісуі бойынша Бюджет кодексінің 85-бабы 9-тармағының екінші бөлігінде, 9-1, 9-3-тармақтарында көзделген жағдайларда өзгерістер енгізіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өз бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізген кезде үш жұмыс күні ішінде тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға хабардар ету тәртібімен бюджеттік бағдарламаларға бекітілген өзгерістерді жолдайды.
21. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген және олар қайта бекітілген кезде бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту кезінде осы Қағидаларда белгіленген талаптар сақталады.
22. Бюджеттік бағдарлама бекітілгеннен кейін ол үш жүмыс күн ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға 1-қосымша |
Нысан
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі басшысының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы төрағасының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты хатшысының) 20 жылғы № бұйрығымен (өкімімен) бекітілген "КЕЛІСІЛДІ"* Нысаналы трансферттерді бөлетін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының басшысы |
(қол, аты, әкесінің аты, тегі)
20 жылғы
мөрдің орны
Бюджеттік бағдарлама
_____________________________________________________________
бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды және атауы
____________________________________ жылдарға арналған
Бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы ____________________________
Бюджеттiк бағдарламаның басшысы____________________________________
___________________________________________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі ___________________
Бюджеттiк бағдарламаның түрі: ________________________________________
____________________________________________________________________
мемлекеттік басқару деңгейіне қарай ___________________________________
___________________________________________________________________
мазмұнына қарай ____________________________________________________
____________________________________________________________________
іске асырылу тәсіліне қарай _____________________________________________
____________________________________________________________________
ағымдағы/даму ______________________________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: ____________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: _________________________
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) ____________________
__________________________________________________________________
Тікелей нәтиже көрсеткіштері | Өлшем бірлігі | Есепті жыл | Ағымдағы жылдың жоспары | Жоспарлы кезең | ||
… | ||||||
… |
(Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болмаған жағдайда тікелей нәтиже көрсеткіштері бағдарлама бойынша толтырылады)
Бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын
қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделген
шығыстардын экономикалық әсерінің көрсеткіштері
________________________________________________________________________________
(Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болмаған жағдайда экономикалық әсерінің
көрсеткіштері бағдарлама бойынша толтырылады)
Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы | ||||||
Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар | Өлшем бірлігі | Есепті жыл | Ағымдағы жылдың жоспары | Жоспарлы кезең | ||
… | мың теңге | |||||
Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар жиыны | мың теңге |
Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы: _________________________
Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:
мазмұнына қарай ____________________________________________________
ағымдағы/даму ______________________________________________________
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)
___________________________________________________________________
Тікелей нәтиже көрсеткіштері | Өлшем бірлігі | Есепті жыл | Ағымдағы жылдың жоспары | Жоспарлы кезең | ||
… | ||||||
… |
Бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын
қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделген
шығыстардын экономикалық әсерінің көрсеткіштері
________________________________________________________________________________
Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы | ||||||
Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар | Өлшем бірлігі | Есепті жыл | Ағымдағы жылдың жоспары | Жоспарлы кезең | ||
… | мың теңге | |||||
Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар жиыны | мың теңге |
Ескертпе: * осы жол жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер
есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша
толтырылады
Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға 2-қосымша |
Нысан
Бюджеттік бағдарламаларға енгізілген өзгерістердің салыстырма кестесі
_______________________________________________________________________
(бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізудің себебі көрсетіледі)
Р/т№ | Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының бұйрығымен бекітілген бюждеттік бағдарлама | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | 2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы _____________________________
(Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесінің көрсеткіштері бюджеттік кіші бағдарламалар болмаған жағдайда көрсетіледі) Бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделген шығыстардын экономикалық әсерінің көрсеткіштері __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ (Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болмаған жағдайда экономикалық әсерінің көрсеткіштері бағдарлама бойынша толтырылады)
Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы ______________________________________________________ Бюджеттiк кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)
Бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделген шығыстардын экономикалық әсерінің көрсеткіштері _____________________________________________________ ___________________________
|
Кестенің жалғасы
Бюджеттік бағдарлама енгізілген өзгерістерімен (түзету немесе нақтылау кезіндегі өзгерістер қалың шрифтпен белгіленеді) | Ауытқу (бюджеттік бағдарлама бойынша бекітілген сомадан ұлғайту немесе азайту сомасын көрсетіледі (+/-) | Негіздеме (тиiстi бюджет комиссиясы шешiмiне (егер ондай бар болса) сілтемесімен өзгерiстер мен толықтырулар енгізудің себептерi) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 | 4 | 5 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы _____________________________
(Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесінің көрсеткіштері бюджеттік кіші бағдарламалар болмаған жағдайда көрсетіледі) Бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделген шығыстардын экономикалық әсерінің көрсеткіштері ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ (Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болмаған жағдайда экономикалық әсерінің көрсеткіштері бағдарлама бойынша толтырылады)
Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы _______________________________________________________________________ Бюджеттiк кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)
Бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделген шығыстардын экономикалық әсерінің көрсеткіштері _______________________________________________ ________________________
|