Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 ақпанда № 10176 тіркелді

Жаңартылған

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 32-бабының 6-тармағына243-1 бабына, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары мен олардың мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                   Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________ Б. Сұлтанов
      2014 жылғы 30 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 195 бұйрығымен бекітілген

Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу
және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына
қойылатын талаптар

      1. Осы Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 3239-2–баптарына сәйкес әзірленді және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
      Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) Бюджет кодексінде және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес әзірленеді.

1. Жалпы ережелер

      2. Стратегиялық жоспар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы стратегиялық жоспарда айқындалған мақсаттармен өзара байланысқан республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
      Стратегиялық жоспар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысқан республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, бюджеттік бағдарламасы тиісті аумақтарды дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысқан жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 715 бұйрығымен.
      3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаны жылжымалы негiзде жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлейдi және тікелей және түпкілікті нәтиженің көрсеткіштерін, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемін қамтиды.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 715 бұйрығымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 715 бұйрығымен.

2. 2014 және 2015 қаржы жылдарына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу тәртібі және олардың мазмұнына қойылатын талаптар

      5. Бюджеттік бағдарлама оның іске асырылуын бағалау үшін тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін қамтиды.
      Бюджеттік бағдарламада сапа және (немесе) тиімділік көрсеткіштері қамтылуы мүмкін.
      Сапа және (немесе) тиімділік көрсеткіштері кейіннен бағалау үшін сапа және (немесе) тиімділік деңгейі маңызды критерий болып табылатын бюджеттік бағдарламаларда көрсетіледі.
      6. Бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарламалар үшін бюджеттік бағдарламаларға да қолданылатын нәтиже көрсеткіштерін қолдану шартымен, бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын нақтылайтын кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
      7. Стратегиялық жоспар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасының жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 50 бұйрығымен бекітілген, нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9872 тiркелген, Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес жасалады және мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы;
      2) бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы;
      3) бюджеттік бағдарламаның түрі;
      4) бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің атауы:
      тікелей нәтиже көрсеткіштері;
      түпкілікті нәтиже көрсеткіштері;
      сапа көрсеткіштері;
      тиімділік көрсеткіштері;
      5) бюджет қаражатының көлемі.
      8. Стратегиялық жоспар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасының жобасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) жоспарлы кезең;
      2) бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы;
      3) бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы;
      4) бюджеттік бағдарламаның басшысы;
      5) бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi;
      6) бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздеме);
      7) бюджеттiк бағдарламаның түрi;
      8) бюджеттiк бағдарламаның мақсаты;
      9) бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi;
      10) бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар және жоспарлы кезеңдегі іске асырылу мерзімі;
      11) тiкелей нәтиже көрсеткiштерi;
      12) түпкілікті нәтиже көрсеткiштерi;
      13) сапа көрсеткiштерi;
      14) тиімділік көрсеткiштерi;
      15) бюджет қаражатының көлемі.
      9. Стратегиялық жоспар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарлама жобасы мынадай талаптарға сәйкес жасалады:
      1) ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы жоспарлы кезең болып табылады;
      2) «Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы» деген жолда бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң толық атауы және оның коды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген, нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9756 тiркелген бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес көрсетіледі;
      3) «Бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы» деген жолда бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес коды және атауы көрсетіледі.
      Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атауы жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің мазмұны және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және мемлекеттік орган қызметінің бағыттарын көрсетеді.
      Нысаналы трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары нысаналы трансферттер немесе бюджеттік субсидиялар арқылы жүзеге асырылатын шығыстардың нысаналы мақсатын көрсетеді.
      Жалпы сипаттағы трансферттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары жалпы сипаттағы трансферттердің түрі мен берілетін бюджет деңгейін көрсетеді.
      Бюджеттік кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары жергілікті бюджеттерді не қарыз алушыны кредиттеу кезінде бюджет деңгейін, сондай-ақ осы бюджеттік кредиттер арқылы жүзеге асырылатын шығыстардың бағыттарын көрсетеді.
      Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары бөлінетін бюджет қаражатының нысаналы бағытын көрсетеді.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуымен байланысты бюджеттік бағдарламалардың атаулары заңды тұлғаны атауы мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын шығыстардың нысаналы бағытын көрсетеді.
      Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары мемлекеттік органды, оның аумақтық органдарын не ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды көрсетеді.
      Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары мемлекетт қабылдаған міндеттемелерді орындау бойынша шығыстардың мазмұнын көрсетеді.
      Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары қызметіне нысаналы салым салу жүзеге асатын ұйымның атауын көрсетеді.
      Нысаналы аударуға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары қызметіне нысаналы аудару жүзеге асатын ұйымның атауын көрсетеді;
      4) «Бюджеттік бағдарламаның басшысы» деген жолда тиісті бұйрықпен айқындалған бюджеттік бағдарлама басшысының фамилиясы, аты-жөні, лауазымы көрсетіледі.
      Ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі, әкім аппаратының басшысы немесе әкімдік қызметінің тиісті бағыттарына жетекшілік ететін әкімнің орынбасары, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары немесе мемлекеттік орган қызметінің тиісті бағыттарына жетекшілік ететін бірінші басшыларының орынбасарлары мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейіндегі бюджеттік бағдарламаның басшысы болып табылады;
      5) «Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi» деген жолда осы бюджеттік бағдарлама шеңберiнде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асыратын мемлекеттiк функциялар мен өкілеттіктерді, сондай-ақ осы бюджеттiк бағдарламаның қажеттігін негіздейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнің толық атаулары, қабылдану күндері мен тіркеу нөмірлері көрсетiледi.
      Бұл ретте нормативтiк құқықтық актiлердің құрылымдық элементтері көрсетіледі (бап немесе тармақ, тармақша, бөлік және басқалары);
      6) «Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздеме)» деген жолда мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өкілеттіктере және басқа да нормативтік құқықтық актілермен немесе тиісті аумақтарды дамыту бағдарламаларында айқындалған бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторларға байланысты шығыстардың бағыттары көрсетіледі;
      7) «Бюджеттiк бағдарламаның түрi» деген жолда:
      «мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты» деген жол бойынша мынадай бюджеттік бағдарламалар түрінің біреуі көрсетіледі:
      республикалық;
      облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың;
      аудан (қалалық);
      қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары;
      «мазмұнына байланысты» деген жолда бюджеттiк бағдарлама түрлерінің біреуі көрсетіледі:
      мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету;
      трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беру;
      бюджеттік кредиттерді беру;
      бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру;
      күрделi шығыстарды жүзеге асыру;
      мемлекет мiндеттемелерiн орындау;
      нысаналы салым салу;
      нысаналы аударым;
      «iске асыру тәсiлiне қарай» деген жолда жеке не бөлiнетiн бюджеттiк бағдарлама көрсетiледi;
      «ағымдағы/даму» деген жолда ағымдағы бюджеттiк бағдарлама не бюджеттiк даму бағдарламасы көрсетiледi;
      8) «Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты» деген жолда мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өкілеттіктере және басқа да нормативтік құқықтық актілермен немесе тиісті аумақтарды дамыту бағдарламаларында айқындалған бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторларға байланысты бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуi болжанатын белгiлi бiр нәтиже келтіріледі.
      Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты анық, нақты және қолжетiмдi болуы тиiс;
      9) «Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi» деген жолда бюджеттiк бағдарламаның түпкiлікті нәтижесiне қол жеткiзу жолдары көрсетiледi.
      Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi анық, дәл және нақты болуға тиiс;
      10) «Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар» деген бағанда жоспарлы кезеңде олардың iске асырылу мерзiмдерi көрсетiлген мiндеттердi шешуге бағытталған негiзгi iс-шаралар (іс-қимылдар) көрсетiледi (2-4 бағандар);
      11) «Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi» деген жолда қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын ұйымның қызметіне немесе көрсететін қызметіне толық тәуелді болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетің қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы көрсетіледі;
      Тiкелей нәтиженің көрсеткiштерi:
      мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін объективті көрсетеді және бюджеттік бағдарлама басшысының жетекшілік ететін саласына сәйкес келеді;
      бюджеттік бағдарламада көзделген бюджет қаражаты есебінен жоспарлы кезеңнің белгілі бір қаржы жылында қол жеткізу болжанатын мемлекеттік орган қызметінің барлық нәтижелерін қамтиды;
      бюджеттік бағдарламаның мақсатымен өзара байланыстырады;
      абсолюттік шамалармен көрсетіледі. Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiн салыстырмалы немесе пайыздық шамалармен көрсетуге рұқсат берілмейді.
      Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей көрсеткіш қана көрсетіледі.
      Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері жергілікті бюджеттік инвестициялар бөлінісінде көрсетіледі;
      12) «Түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi» деген жолда халықтың өмір сүру деңгейi мен сапасының нысаналы жай-күйінің өзгеруi, әлеуметтiк саланың, экономиканың, қоғамдық қауiпсiздiктің және басқа да мемлекеттік органдар қызметіне белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негiзделген мемлекеттiк басқарудың басқа да салаларының (аяларының) көрсеткiштерi келтiрiледi.
      Түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi:
      белгілі бір уақыт кезеңінде қол жеткізілуге тиіс белгілі бір қорытындыларды көрсетеді;
      мемлекеттік органдардың ережелерінде айқындалған өкілеттіктермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен не аумақтарды дамыту бағдарламаларында айқындалған нысаналы индикаторлармен және нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысқан болуы және қойылған міндеттердің шешілу дәрежесін қамтиды;
      абсолюттік, сол сияқты салыстырмалы немесе пайыздық шамаларында көрсетіледі.
      Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметті қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерiн айқындамайды.
      Бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi айқындалмайды.
      Бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінген кезде түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштері тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалады;
      13) «Сапа көрсеткiштерi» деген жолда бюджеттiк бағдарламаны iске асыру шеңберiнде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң оны алушылардың үмiттенулерiне және мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына сәйкестігі дәрежесін көрсететiн көрсеткiштер көрсетіледі.
      Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша сапа көрсеткіштерін айқындамайды.
      Бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша сапа көрсеткiштерi айқындалмайды.
      Бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінген кезде сапа көрсеткiштері тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалады;
      14) «Тиiмдiлiк көрсеткiштерi» деген жолда бюджет қаражатының бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып, ең үздiк тiкелей нәтижеге қол жеткiзу дәрежесін немесе бюджет қаражатының аз көлемiн пайдалана отырып, тiкелей нәтижеге қол жеткiзудi көрсететiн көрсеткiштер келтiрiледi.
      Стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша тиімділік көрсеткіштерін айқындамайды.
      Бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша тиімділік көрсеткiштерi айқындалмайды.
      Бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінген кезде тиімділік көрсеткiштері тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалады;
      15) «Бюджет қаражатының көлемi» деген жолда есептi деректер бойынша алдыңғы қаржы жылындағы, ағымдағы қаржы жылындағы және жылдар бөлiнісінде жоспарлы кезеңдегi осы бюджеттiк бағдарлама бойынша бюджет қаражатының көлемi мың теңгемен көрсетiледi (3-7-бағандар).
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 14.04.2015 № 328 бұйрығымен.
      10. Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын стратегиялық жоспарлар құрамында ұсынады.
      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.

3. 2016-2018 және кейінгі қаржы жылдарына бюджетті әзірлеу кезінде бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу тәртібі және олардың мазмұнына қойылатын талаптар

      11. Бюджеттік бағдарлама стратегиялық жоспардың, аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына және (немесе) бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
      Әртүрлі көздер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар үшін қаржыландыру көздерінің әрқайсысы үшін бюджеттік кіші бағдарлама бөлінеді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 715 бұйрығымен.
      12. Стратегиялық жоспардың немесе аумақты дамыту бағдарламасының мақсатына, бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру жөніндегі шығындар көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөле отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 715 бұйрығымен.
      13. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарлама жобасы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы;
      2) жоспарлы кезең;
      3) бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы;
      4) бюджеттік бағдарламаның басшысы;
      5) бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi;
      6) бюджеттiк бағдарламаның түрi;
      7) бюджеттiк бағдарламаның мақсаты;
      8) бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері;
      9) бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздеме);
      10) бюджеттiк бағдарламаның шығыстары;
      11) бюджеттiк кіші бағдарламаның коды мен атауы;
      12) бюджеттiк кіші бағдарламаның түрі;
      13) бюджеттiк кіші бағдарламаны сипаттау (негiздеме);
      14) тiкелей нәтиже көрсеткiштерi;
      15) бюджеттiк кіші бағдарламаның шығыстары.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 715 бұйрығымен.
      14. Бюджеттік бағдарламада бюджеттiк кіші бағдарлама болмаған жағдайда, 13-тармақтың 11)-13), 15) тармақшаларында көрсетілген ақпарат бюджеттік бағдарлама нысанында көрсетілмейді.
      Бюджеттiк кіші бағдарламасы жоқ бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштері бағдарлама деңгейінде көрсетіледі.
      15. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарлама жобасы мынадай талаптарға сәйкес әзірленеді:
      1) «Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы» деген жолда бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң толық атауы және бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес оның коды көрсетіледі;
      2) ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы жоспарлы кезең болып табылады;
      3) «Бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы» деген жолда бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес коды және атауы көрсетіледі.
      Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атауы жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің мазмұны және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді немесе мемлекеттік орган қызметінің бағыттарын көрсетеді.
      Нысаналы трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары нысаналы трансферттер немесе бюджеттік субсидиялар арқылы жүзеге асырылатын шығыстардың нысаналы мақсатын көрсетеді.
      Жалпы сипаттағы трансферттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары жалпы сипаттағы трансферттердің түрі мен берілетін бюджет деңгейін көрсетеді.
      Бюджеттік кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары жергілікті бюджеттерді не қарыз алушыны кредиттеу кезінде бюджет деңгейін, сондай-ақ осы бюджеттік кредиттер арқылы жүзеге асырылатын шығыстардың бағыттарын көрсетеді.
      Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары бөлінетін бюджет қаражатының нысаналы бағытын көрсетеді.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысумен байланысты бюджеттік бағдарламалардың атаулары заңды тұлғаның атауы мен жарғылық капиталға қатысу арқылы жүзеге асырылатын шығыстардың нысаналы бағытын көрсетеді.
      Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары мемлекеттік органды, оның аумақтық органдарын не ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды көрсетеді.
      Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары мемлекет қабылдаған міндеттемелерді орындау бойынша шығыстардың мазмұнын көрсетеді.
      Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары қызметіне нысаналы салым салу жүзеге асатын ұйымның атауын көрсетеді.
      Нысаналы аударуға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары қызметіне нысаналы аудару жүзеге асатын ұйымның атауын көрсетеді;
      4) «Бюджеттік бағдарламаның басшысы» деген жолда тиісті бұйрықпен айқындалған бюджеттік бағдарлама басшысының фамилиясы, аты-жөні және лауазымы көрсетіледі.
      Ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі, әкім аппаратының басшысы немесе әкімдік қызметінің тиісті бағыттарына жетекшілік ететін әкімнің орынбасары, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары немесе мемлекеттік орган қызметінің тиісті бағыттарына жетекшілік ететін бірінші басшыларының орынбасарлары мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейіндегі бюджеттік бағдарламаның басшысы болып табылады;
      5) «Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi» деген жолда осы бюджеттік бағдарлама шеңберiнде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асыратын мемлекеттiк функциялар мен өкілеттіктерді, сондай-ақ осы бюджеттiк бағдарламаның қажеттігін негіздейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнің толық атаулары, қабылдану күндері мен нөмірлері көрсетiледi.
      Бұл ретте нормативтiк құқықтық актiлердің құрылымдық элементтері (бап, тармақ, тармақша, бөлік және басқалары) көрсетіледі;
      6) «Бюджеттік бағдарламаның түрі» деген жолда:
      «мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты» деген жол бойынша бюджеттік бағдарламаны мынадай түрлерінің бірі көрсетіледі:
      республикалық;
      облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың;
      аудандақ (қалалық);
      қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары;
      «мазмұнына байланысты» деген жол бойынша бюджеттік бағдарламаның мынандай түрлерінің бірі көрсетіледі:
      мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру;
      бюджеттік кредиттер беру;
      бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру;
      күрделі шығыстарды жүзеге асыру;
      мемлекет міндеттемелерін орындау;
      нысаналы салым салу;
      нысаналы аударым;
      «іске асыру тәсіліне қарай» деген жолда не бөлінетін бюджеттік бағдарлама көрсетіледі;
      «ағымдағы/даму» деген жолда ағымдағы бюджеттік бағдарлама не бюджеттік даму бағдарламасы көрсетіледі;
      Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру жөніндегі шығындарды қамтитын бағдарламалар бойынша «мазмұнына байланысты», «ағымдағы/даму» деген жолдар бойынша бюджеттік бағдарламаның түрі көрсетілмейді;
      7) «Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты» деген жолда бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзу болжанатын мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттарымен, аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарымен, мемлекеттік органның ережелерінде айқындалған өкілеттіктермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен байланыстырылған белгiлi бiр нәтиже келтіріледі.
      Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты анық, нақты және қолжетiмдi болуға тиiс;
      8) «Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері» деген жолда бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық жоспардың мақсатына сандық өлшенетін қол жеткізуі көрсеткіштері, аумақтарды дамыту бағдарламасын және (немесе) бюджеттік бағдарламаның, мемлекеттік органның қол жеткізуі шартталған тікелей нәтижелер көрсетіледі.
      Егер бюджеттік бағдарлама стратегиялық жоспардың бір мақсатына сәйкес болса, онда бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі ретінде стратегиялық жоспардың осы мақсатының нысаналы индикаторы көрсетіледі.
      Бюджеттiк бағдарламаның нәтижелері:
      анық, айқын және нақты болуы тиiс;
      оның сандық көрсеткіштері мен оған қол жеткізу күнін (кезеңін) (белгілі бір уақыт аралығында, жоспарлы кезеңнің соңында, жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бөліністе) айқындау жолымен бюджеттік бағдарламаны іске асырудың сапалы қорытындысын көрсетуі тиіс;
      мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларынды не аумақтарды дамыту бағдарламаларын айқындалған нысаналы индикаторлармен өзара байланысады;
      абсолютті, салыстырмалы немесе пайыздық шамалармен беріледі және ақшалай шамада көрсетіле алмайды.
      Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын, тұрақты сипаттағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша олардың түпкілікті нәтижелерін көрсетпестен анықтауға жол беріледі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерін және шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды пайдалануға бағытталған бюджеттік бағдарламларды қоспағанда, бөлінетін бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері бюджеттік бағдарламаны бөлетін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелері осы бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, сондай-ақ шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар үшін түпкілікті нәтижелер көрсетілмейді.
      9) «Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі)» деген жолда сипаттамада жоспарланатын бюджет қаражатының стратегиялық жоспарларда немесе не тиісті аумақтарды дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланыстылығы ашып көрсетіледі.
      Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі) бюджеттік бағдарламаның жоспарланып отырған бюджет қаражатының негіздемелерін, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылының сомасынан ауытқу себептерін қамтуы тиіс.
      Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі) бюджеттік бағдарламаның нәтіжесіне қол жеткізу әдістері пен тәсілдерін қамтуы мүмкін, сондай-ақ барынша қысқа, айқын және нақты болуы тиiс;
      10) «Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар» деген кестеде есептік деректер бойынша алдыңғы қаржы жылының, ағымдағы қаржы жылының және жоспарлы кезеңге арналған жылдар бойынша бөлінісінде бюджеттік бағдарламаның теңгемен көрсетілген шығыстардың жиынтық сомасы көрсетіледі;
      11) «Бюджеттiк кіші бағдарламаның коды мен атауы» деген жолда бюджеттiк кіші бағдарламаның бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес коды және атауы көрсетіледі.
      Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламада бұл жол көрсетілмейді;
      12) «Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі» деген жолда мазмұнына байланысты бюджеттік кіші бағдарламаның түрі көрсетіледі, сондай-ақ ағымдағы кіші бюджеттiк бағдарлама не кіші бюджеттiк даму бағдарламасы көрсетіледі;
      13) «Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздеме)» деген жолда кіші бағдарламаның қысқаша сипаттамасы және бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен міндетіне қол жеткізуге кіші бағдарламаның іске асырылуының ықпал етуін бағалау келтіріледі.
      Бюджеттiк кіші бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі) бюджеттік бағдарламаның сипаттамасын (негiздемесін) қайталамауы тиіс.
      Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламада бұл жол көрсетілмейді;
      14) «Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi» деген кестеде қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызмет көрсететін мемлекеттік органның қызметіне толық тәуелді болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен көрсетілетін қызметтер көлемінің санмен өлшенетін сипаттамасы көрсетіледі.
      Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болған жағдайда, бұл кесте әрбір кіші бағдарлама бойынша толтырылады.
      Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi:
      есептік деректер бойынша есепті қаржы жылы, ағымдағы қаржы жылы бойынша және жылдар бойынша бөлінісінде жоспарлы кезеңге көрсетіледі;
      объективті түрде мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін көрсетеді және бюджеттік бағдарлама басшысының жетекшілік ететін саласына сәйкес келеді;
      бюджеттік бағдарламада көзделген бюджет қаражаты есебінен жоспарлы кезеңнің белгілі бір қаржы жылында қол жеткізу болжанатын мемлекеттік орган қызметінің барлық нәтижелерін қамтиды;
      бюджеттік бағдарламаның мақсатымен өзара байланысады;
      абсолюттік шамалармен көрсетіледі. Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiн салыстырмалы немесе пайыздық шамалармен, ақшалай көрсеткіште көрсетуге жол берілмейді.
      Бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шегінде өзара және бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) арасында тікелей және түпкілікті нәтижелердің өзара қайталануына жол берілмейді.
      Бөлінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, сондай-ақ шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар үшін тікелей нәтижелер көрсеткіштері көрсетілмейді.
      Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері жергілікті бюджеттік инвестициялар бөлінісінде көрсетіледі.
      Бюджет қаражаты есебінен бірлесіп қаржыландыруды көздейтін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша тікелей нәтижелер қарыз шарттының, гранттар туралы келісімдердің талаптарына сәйкес айқындалады;
      15) «Бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстары» деген кестеде бюджеттік бағдарлама бойынша есепті деректер бойынша алдыңғы қаржы жылындағы, ағымдағы қаржы жылындағы және жоспарлы кезеңге арналған жылдар бөлінісінде қорытынды шығыстар сомасы мың теңгемен көрсетіледі.
      Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болмаған жағдайда,бюджеттік бағдарламада бұл кесте көрсетілмейді.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 14.04.2015 № 328; 25.11.2015 № 715; 13.04.2016 № 173-1 бұйрықтарымен.
      16. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.

4. Бюджеттік бағдарламаларды бекіту (қайта бекіту) тәртібі

      17. Стратегиялық жоспарларды әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2015 қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларының мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі.
      2016-2018 және кейінгі қаржы жылдарына арналған бюджеттік бағдарламалар бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының бұйрығымен бекітіледі.
      18. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобалары республикалық бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      18-1. Бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде бюджет қаражаты жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 715 бұйрығымен.
      19. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобалары тиісті жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      20. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар жобаларын нысаналы трансферттер аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісімен және төмен тұрған бюджеттің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін төмен тұрған бюджеттің бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiсi басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      21. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттік бағдарламалар жобалары тиісті жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті ревизиялық комиссия төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
      22. Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттары аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының жобалары тиісті жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті мәслихат хатшысының өкімімен бекітіледі.
      23. Бюджеттік бағдарламаның жобалары осы Қағидалардың 18-22-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік органдармен мынадай тәртіппен келісілді.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде бір мезгілде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға адресаты «Мемлекеттік органдарға (тізім бойынша)» деп көрсетіле отырып және көрсетілген тиісті мемлекеттік органдар тізімін қоса, мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қойған бір ілеспе хатпен келісуге ұсынылады.
      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін бес күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік органның басшысы немесе оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен тиісті жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға келісуге ұсынылады.
      Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың жобалары бір мезгілде мемлекеттік органның басшысы немесе оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен жоғары тұрған бюджеттің нысаналы трансфертерді аударатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне келісуге ұсынылады.
      Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар оларды басқа мемлекеттік органдармен келісуді талап етпейді.
      Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуден бас тартқан жағдайда бас тарту себебі түсіндіріледі.
      Бюджеттік бағдарламалардың жобалары келісуге жіберілген мемлекеттік органдар алған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын дайындайды немесе олардың жоқ екіндігі туралы хабарлайды.
      Мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалардың жобалары туралы ескертулерінде кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар қамтылуы тиіс, сондай-ақ тікелей оның құзыреті мәселелеріне қатысты, негізделген және толық болуы тиіс.
      Ескертулер болса, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі пысықтайды.
      Келісуші мемлекеттік органдардың ескертулерімен келіспеген жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осындай әрбір ескерту келіспеушілігін жазбаша негіздей отырып, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын бұрыштама қол қоюға жібереді.
      Келісуші мемлекеттік органдарға «ескертулері бар» бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуге жол берілмейді.
      Келісуші мемлекеттік орган тұжырымдамалық сипаттағы ескертулердің болуына байланысты бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуден бас тартқан жағдайда, мұндай мемлекеттік органдарға осындай ескертулерді жоюдың өзара оңтайлы шешімдерін көрсете отырып, дәлелді жауап беріледі.
      Бұл ретте, мемлекеттік органдарға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын олар берген ескертулерді жоюдың өзара оңтайлы шешімдерін көрсетпей келісуден бас тартуға жол берілмейді.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының қосымшаларымен бірге бюджеттік бағдарламаларды бекіту жөніндегі бұйрығының барлық парақтарына осы бұйрықты келісуге жіберген мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы не оны ауыстыратын тұлға қол қояды.
      Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу ағымдағы қаржы жылының
30 желтоқсанынан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысының не олар уәкілеттік берген лауазымды тұлғалардың бұрыштама қол қоюымен рәсімделеді.
      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу ағымдағы қаржы жылының
30 желтоқсанынан кешіктірмей тиісті бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органның басшысы не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның бұрыштама қол қоюымен рәсімделеді.
      Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жобаларын нысаналы трансферттерді бөлетін жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен түпкілікті келісу ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей осы нысаналы трансферттерді бөлу жөніндегі жоғары тұрған бюджеттің бағдарламасының басшысының бұрыштама қол қоюымен рәсімделеді.
      Бұрыштама қол қою мемлекеттік орган басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның лауазымының, бұрыштама қол қоюшының жеке қолы, қолын таратып жазуды, күні мен елтаңбалық мөрін қамтиды.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік не бюджеттік жоспарлау жөнінде жергілікті атқарушы органның бюджеттік бағдарламаларын келісу грифі бюджеттік бағдарламаларды бекіту туралы бұйрықтың соңғы бетінің төменгі сол жақ бұрышында орналастырылады және «КЕЛІСІЛДІ» деген сөзден тұрады.
      Нысаналы трансферттерді бөлетін, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісімен жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды келісу грифі тиісті жергілікті бюжеттік бағдарламаның бірінші бетіндегі «Келісілді» деген жолда орналастырылады.
      Мемлекеттік органдармен түпкілікті келісілген бюджеттік бағдарламаның мәтініне түзетулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 13.04.2016 № 173-1 бұйрығымен.
      24. Бюджетті түзету және нақтылау кезінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдармен және (немесе) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдармен келісім бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемі және нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаннан кейін немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімі бекітілгеннен кейін немесе тиісті бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың қаулылары мен өзге де нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалар қайта бекітіледі.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 715 бұйрығымен.
      25. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларына Бюджет кодексінің 85-бабында көзделген бюджет қаражаттары қайта бөлінген жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
      26. Бюджет кодексінің 32-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларға кемінде тоқсанына бiр рет, тоқсанның екінші айының 25-күніне дейін өзгерістер енгізуге жол беріледі.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 13.04.2016 № 173-1 бұйрығымен.
      27. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген және олар қайта бекітілген кезде бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту кезінде осы Қағидаларда белгіленген талаптар сақталады.
      28. Бюджеттік бағдарлама бекітілгеннен кейін ол күнтізбелік 3 күн ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб-сайтында орналастырылады.

Бюджеттік бағдарламаларды   
(кіші бағдарламаларды) әзірлеу
және бекіту (қайта бекіту)  
қағидалары және олардың мазмұнына
қойылатын талаптардың    
1-қосымшасы           

нысан 

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 
басшысының (облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың,
облыстардың тексеру комиссиясының
төрағасының, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, ауданның  
(облыстық маңызы бар қаланың) 
мәслихат хатшысының) бұйрығымен
(өкімімен) бекітілді     
20__ ж. «__» _________ №   

«Келісілді»*       
Нысаналы трансферт бөлетін жоғары
тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама
әкімшісі басшысы      
__________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты,)
20__ ж. «__» _________    

мөрдің орны

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң
БЮДЖЕТТIК БАҒДАРЛАМАСЫ
_______________ жылдарға арналған

бюджеттiк бағдарлама әкімшісінің коды және атауы ____________________
бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы______________________________
бюджеттiк бағдарламаның басшысы _____________________________________

Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi


Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi)


Бюджеттiк бағдарламаның түрi

мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты


мазмұнына байланысты


iске асыру тәсiлiне қарай


ағымдағы/даму


Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты


Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi


Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар

жоспарлы кезеңде iске асыру мерзiмi




1

2

3

4





Бюджеттiк бағдарлама көрсеткiштерiнiң атауы

өлшем бiрлiгi

есептi жыл

ағымдағы жыл жоспары

жоспарлы кезең




1

2

3

4

5

6

7

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi














Түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi














Сапа көрсеткiштерi















Тиiмдiлiк көрсеткiштерi














Бюджет қаражатының көлемi

мың
теңге






Ескерту:
* осы жол жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша толтырылады

Бюджеттік бағдарламаларды    
(кіші бағдарламаларды) әзірлеу  
және бекіту (қайта бекіту) қағидалары
және олардың мазмұнына қойылатын
талаптардың 2-қосымшасы    

нысан

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 
басшысының (облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың,
облыстардың тексеру комиссиясының
төрағасының, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, ауданның  
(облыстық маңызы бар қаланың) 
мәслихат хатшысының) бұйрығымен
(өкімімен) бекітілді     
20__ ж. «__» _________ №   

«Келісілді»*          
Нысаналы трансферт бөлетін жоғары
тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама
әкімшісі басшысы       
_____________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты,) 
20__ ж. «__» _________    

мөрдің орны

БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА
____________________________________________________
бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды және атауы
_______________ жылдарға арналған

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 715 бұйрығымен.

Бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы _____________________________
Бюджеттiк бағдарламаның басшысы _____________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі__________________
Бюджеттiк бағдарламаның түрі:
_____________________________________________________________________
мемлекеттік басқару деңгейіне қарай
_____________________________________________________________________
мазмұнына қарай
_____________________________________________________________________
іске асыру түріне қарай
_____________________________________________________________________
ағымдағы/даму
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты______________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері; ______________________
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) ___________________

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең






...

мың теңге






Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

мың теңге






Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы: ________________________
Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:
мазмұнына байланысты _______________________
ағымдағы/даму _______________________________
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) ______________

Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең











...







...







Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең






...

мың теңге






Жалпы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

мың теңге






Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы: ________________________
Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:
мазмұнына байланысты _______________________
ағымдағы/даму _______________________________
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) ______________

Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең






...







...







Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең






...

мың теңге






Жалпы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

мың теңге






Ескерту:
* осы жол жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша толтырылады