Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10135 тіркелді

Жаңартылған

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 20) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеге жолдауын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Е. Досаев
      2014 жылғы 12 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      ________________ Ә. Исекешев
      2014 жылғы 22 желтоқсан

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 153 бұйрығына  
1-қосымша     

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда келесі анықтамалар мен ұғымдар қолданылады:
      1) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      2) газ желісі ұйымы – аккредиттеу туралы куәлігі бар және газ толтыру станциясын, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ Заңда белгіленген жағдайларда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      3) газ толтыру станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауға, теміржол цистерналарына, автогаз тасымалдағыштарға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені.
      Осы Қағидаларда қолданылатын өзге анықтамалар мен ұғымдар Заңға сәйкес іске асырылады.
      3. Аккредиттеу уәкілетті органмен жүргізіледі және қағаз және (немесе) электрондық аккредиттеу туралы куәлікпен расталады.
      4. Аккредиттеу келесі негізгі кезеңдерді көздейді:
      1) аккредиттелетін субъектілердің құжаттарын қарау;
      2) аккредиттеу туралы куәлікті беруіне дейін, өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін орнату;
      3) аккредиттеу туралы шешімді қабылдау;
      4) ресімдеу, тіркеу және қағаз және (немесе) электрондық түрде аккредиттеу туралы куәлікті беру, не бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу.

2. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      5. Өтініш берушімен аккредиттеуді жүзеге асыру үшін уәкілетті органға тізімі бойынша келесі құжаттар ұсынылады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін өтініш (бұдан әрі – өтініш);
      2) рұқсат беру талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.
      Осы тармақта көзделмеген өзге де құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Уәкілетті орган екі жұмыс күнінің ішінде өтініш берушінің құжаттар пакетін алғаннан кейін оның толықтығы тұрғысында тексеру рәсімін жүзеге асырады.
      «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Рұқсаттар туралы Заң) 25-бабы 2-тармағына сәйкес егер өтініш берушімен ұсынылған құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда уәкілетті орган белгіленген уақытта өтінішті қараудан дәлелді бас тарту туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
      6. Құжаттарды қарау, сонымен бірге өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      7. Құжаттарды қарау және өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін анықтау қорытындылары бойынша уәкілетті орган аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімдер қабылдайды.
      8. Уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда газ желісі ұйымдарының тізіліміне тиісті жазба енгізеді және өтініш берушіге қағаз және (немесе) электрондық түрде Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзімнің ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беріледі.
      Аккредиттелген субъектілердің тізілімін уәкілетті орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
      9. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар, сонымен бірге өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру нәтижелері сәйкес келмеген жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тарту дәлелді негіздемемен жазбаша ресімделеді, сонымен бірге электрондық және қағаз түрінде беріледі.
      Егер уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген мерзімде өтініш берушіге аккредиттеу туралы куәлікті бермесе не оны беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оны беру мерзімдері біткен күнінен бастап аккредиттеу туралы куәлік берілген болып саналады және біржола газ желісі ұйымдарының тізіліміне енгізіледі.
      Рұқсаттар туралы Заңның 26-бабы 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікті беру мерзімі біткен сәттен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірмей оны өтініш берушіге береді.
      Егер уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікті бермеген жағдайда бес жұмыс күні өткеннен кейін аккредиттеу туралы куәлік алынған болып саналады. Бұл жағдайда аккредиттеу туралы куәлікті алғанға дейін уәкілетті органның құжаттарды қабылдау күні туралы белгісі бар тізімдеменің көшірмесі қызметті жүзеге асырудың заңдылығын растайтын құжат болып табылады.
      10. Аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тартылған жағдайда өтініш беруші аккредиттелетін субъект анықталған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес қайта өтініш береді.
      11. Заңның 18-бабы 4-тармағына сәйкес, аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтату:
      1) аккредиттеу туралы куәлікті өз еркімен қайтару;
      2) газ толтыру станциясын меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде иеленуді тоқтату;
      3) заңды тұлғаның таратылғаны немесе оның бөлiну нысанында қайта ұйымдастырылу;
      4) сот шешімінің негізінде аккредиттеу туралы куәліктен айыру жағдайларында жүзеге асырылады.
      12. Газ толтыру станциясын меншік құқығында немесе өзге заңды негізде иелену тоқтатылған жағдайда газ желісі ұйымы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.
      13. Заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасу мекен-жайы, ұйымдық құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, газ желісі ұйымдары уәкілетті органға өзгерістің болған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса беріп, аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша      

                                                              Нысан

Газ желістері ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті беруге
өтініш

_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)

_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның БСН, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу нөмірі мен күні)

_____________________________________________________________________
(газ толтыру станциясының орналасқан жері)

___________________________ аккредиттеу туралы куәлік беруді сұрайды.

Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:
1. _________________________________
2. _________________________________

Ұйымның басшысы (лауазымы)

_______________ ___________________________
    (қолы)      Т.А.Ә (бар болған кезде)

МО

20 __ ж. «___» ______________

Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша      

                                                             Нысан

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

Берілді ____________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
______________________________________________
(заңды тұлғаның мекен жайы, орналасқан жері)
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің*
көшірмесі немесе анықтама)

БСН: ______________________________
____________________________________________________
(газ толтыру станциясының орналасқан жері)
__________________________________________
(газ толтыру станциясын иеленуге негіз)

Куәлікті берген орган:

Басшы (уәкілетті органның):

Куәліктің ресімделген күні:

Куәліктің сериясы:

Астана қаласы         М.О.

Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 153 бұйрығына  
2-қосымша      

Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру
үшін қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті
растайтын құжаттардың тiзбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 11.09.2015 № 565 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с

Рұқсат беру талаптары

Құжаттар

1

меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық база

жерге жеке меншік құқығына актілердің, объектілерге техникалық паспорттардың, әділет органдарынан немесе электрондық үкімет порталынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауырпалықтар) және оның техникалық сипаттамасына анықтамалардың, объектілерді пайдалануға беру туралы мемлекеттік комиссиялардың актілерінің, жалға алу шарттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*

мамандандырылған өндірістік ғимараттар-баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесі, төгу-құю бөлімшесі, баллон жөндеу цехы, баллондарды техникалық куәландыру учаскесі, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық түрдегі қойма

баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесінің, төгу-құю бөлімшесінің, баллон жөндеу цехының, баллондарды техникалық куәландыру учаскесінің, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық түрдегі қоймаларының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*

инженерлік құрылыстар - төгу-құю теміржол эстакадасы, толтырғыш бағандар, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтар

төгу-құю теміржол эстакадасының, толтырғыш бағандардың, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*

газ сақтау объектілері - жалпы көлемі кемінде 300 тонна сұйытылған мұнай газын сақтау базалары

жалпы көлемі кемінде 300 тонна сұйытылған мұнай газын сақтау базаларының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*

2

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауды, оның ішінде:
қауіпті өндірістік объектілерді және техникалық қондырғыларды өндірістік бақылауды;
газ толтыру станциясын, топтық резервуарлық қондырғыларды, газ тұтыну жүйелерін пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді;
сұйытылған мұнай газын сақтау, тасу және өткізу объектілерін пайдаланудың техникалық процесін сақтауды;
вагон-цистерналарда келіп түсетін сұйытылған мұнай газының кірісін бақылау және өткізілетін (босатылатын) өнімнің сапасын бақылауды;
еңбекті, қауіпсіздік техникасын қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды; метрологиялық бақылауды;
өрт қауіпсіздігін;
өнеркәсіптік қауіпсіздікті;
күзет қауіпсіздігін;
авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін қызметтердің және жауапты тұлғалардың болуы

қызметтерді құру және осы қызметтер бойынша жауаптыларды тағайындау туралы бұйрықтардың күндері және нөмірлері туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*

3

тиісті білім беру деңгейіне жауап беретін, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері оқудан және нұсқама алудан, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өткен, мамандығы бойынша кемінде екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар мамандардың техникалық басшыларының білікті құрамы (техникалық басшылары үшін – мұнай-газ саласындағы жоғары білімі, мамандар үшін – техникалық персоналдың жалпы санының кемінде 50 %-ы және кем дегенде арнайы орта білімі)

әрбір қызметкер бойынша: Т.А.Ә (бар болған жағдайда), білімі бойынша мамандығы, қызметі, бұл саладағы қызметінің еңбек өтілі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*

4

бекітілген:
қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы,өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралар;
аварияларды жою және қаланың аварияларды жою жөніндегі қызметтерінің өзара іс-қимыл жоспарының болуы

бағдарламалар мен іс-шаралардың күндері және нөмірлері туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*

5

«Азаматтық қорғау туралы»
2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен тіркелген қауіпті өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздік декларациясының болуы

декларацияны тіркеу күні және нөмірі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*

6

объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы

шарттың күні және нөмірі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*

*Осы газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша      

Газ желістері ұйымдарының тізілімі

р/с

Күні

Аккредиттеу туралы куәліктің сериясы

Газ желісі ұйымының атауы

БСН

Газ толтыру станциясының орналасқан жері

Байланысу деректері

1

2

3

4

5

6

7















Газ және газбен жабдықтау саласындағы
қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
рұқсат беру талаптары және оларға  
сәйкестiкті растайтын құжаттардың  
тiзбесіне қосымша          

Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру
үшін қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті
растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ бұрышы және тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.09.2015 № 565 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық базаның болуы _____________________________ (жерге жеке меншік құқығына актілерді, объектілерге техникалық паспорттарды, әділет органдарынан немесе электрондық үкімет порталынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауырпалықтар) және оның техникалық сипаттамасына анықтамаларды, объектілерді пайдалануға беру туралы мемлекеттік комиссиялардың актілерін, жалға алу шартын көрсету;
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.09.2015 № 565 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Мамандандырылған өндірістік ғимараттар туралы ақпарат _______________________(баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесі, төгу-құю бөлімшесі, баллон жөндеу цехы, баллондарды техникалық куәландыру учаскесі, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық түрдегі қоймалардың болуын көрсету);
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.09.2015 № 565 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Инженерлік құрылыстар бар болуы туралы ақпарат _________________ (төгу-құю теміржол эстакадасы, толтырғыш бағандар, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтардың бар болуын көрсету);
      4. Газ сақтау объектілерінің бар болуы туралы ақпарат _________________ (жалпы көлемі кемінде 300 тонна сұйытылған мұнай газын сақтау базаларының болуын көрсету);
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.09.2015 № 565 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауды, оның ішінде: қауіпті өндірістік объектілерді және техникалық қондырғыларды өндірістік бақылауды; газ толтыру станциясын, топтық резервуарлық қондырғыларды, газ тұтыну жүйелерін пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді; сұйытылған мұнай газын сақтау, тасу және өткізу объектілерін пайдаланудың техникалық процесін сақтауды; вагон-цистерналарда келіп түсетін сұйытылған мұнай газының кірісін бақылау және өткізілетін (босатылатын) өнімнің сапасын бақылауды; еңбекті, қауіпсіздік техникасын қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды; метрологиялық бақылауды; өрт қауіпсіздігін;өнеркәсіптік қауіпсіздікті; күзет қауіпсіздігін; авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін қызметтердің болуы туралы ақпарат _________________________ (қызметтерді құру және осы қызметтер бойынша жауаптыларды тағайындау туралы бұйрықтарының күнін және нөмірін көрсету);
      6. Тиісті білім беру деңгейіне жауап беретін, мамандығы бойынша кемінде екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқудан және нұсқама алудан, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өткен мамандардың біліктілік құрамының (техникалық басшылары үшін – мұнай-газ саласындағы жоғары білім, мамандар үшін – техникалық персоналдың жалпы санының кемінде 50%-ы және кем дегенде арнайы орта білімі) болуы туралы ақпарат _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: Т.А.Ә (бар болған жағдайда), білімі бойынша мамандығы, лауазымы, осы саладағы мамандығы бойынша еңбек өтілі);
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.09.2015 № 565 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі бекітілген бағдарламалар мен іс-шаралардың, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралардың;аварияларды жою және қаланың аварияларды жою жөніндегі қызметтерінің өзара іс-қимыл жоспарының бар болуы туралы ақпарат _________________________________ (бағдарламалар мен іс-шаралардың күндерін және нөмірлерін көрсету);
      8. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген қауіпті өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздік декларациясының бар болуы туралы ақпарат ____________________________
(декларацияны тіркеу күні және нөмірін көрсету);
      9. Объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы туралы ақпарат ___________________________________ (шарттың күнін және нөмірін көрсету).
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.09.2015 № 565 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.