БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрі | В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________Ә. Исекешев
2015 жылғы 13 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Е. Досаев
2015 жылғы 13 қараша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 565 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі
1. "Мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9998 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай және газ саласында қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2 | меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік база (ғимарат, үй-жайлар) өтініш берілген кіші қызмет түрлеріне сәйкес жабдықталуы тиіс және мыналардың болуын қамтиды: | меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмелері | |
жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) үшін – жобалау үшін пайдаланылатын лицензияланған бағдарламалық қамтылым, арнаулы техника және жабдықтар | жобалау үшін пайдаланылатын лицензияланған бағдарламалық қамтылымның, арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер нысаны* | ||
мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру үшін – жер қойнауын пайдалануға, инженерлік құрылыстарға, тетіктерге, арнайы техника және жабдықтарға, технологиялық процесті бақылауға арналған өлшеу жабдықтарына келісімшарт немесе өзге де заңды негіз | жер қойнауын пайдалануға, инженерлік құрылыстарға, тетіктерге, арнайы техника және жабдықтарға, технологиялық процесті бақылауға арналған өлшеу жабдықтарына келісімшарттың немесе өзге де заңды негіздің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстар (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) жүргізу үшін: кәсіпшілік зерттеулер және геофизикалық жұмыстар үшін – ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр; сейсмикалық барлау жұмыстары үшін – сейсмикалық стансалар немесе басқа сейсмикалық жабдықтар | ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың, сейсмикалық стансалар немесе басқа сейсмикалық барлау құрылғыларының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін: 1) лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт; 2) перфорациялық жабдықтар немесе жүйелер | лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың; перфорациялық жабдықтар немесе жүйелерінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
құрлықта; теңізде; ішкі су қоймаларында көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін - бұрғылау (оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында жүзетін) қондырғылары, қашау, бұрғылау құбырлары, шығарындыға қарсы жабдықтар, көтергіш агрегаттар | бұрғылау (оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында жүзетін) қондырғыларының, қашаудың, бұрғылау құбырларының, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
кен орындарында ұңғымаларды жер астында (күрделi, ағымдағы) жөндеу үшін — арнайы техника және жабдықтар; | арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру, сынаудан өткізу үшін - көтергіш көлік құралдары, цементтеу агрегаты, арнайы техника және жабдықтар, тетіктер мен аспаптар | көтергіш көлік құралдарының, цементтеу агрегатының, арнайы техника және жабдықтардың, тетіктер мен аспаптардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін – техника құралдарының кешені, арнайы техника және жабдықтар | техника құралдары кешенінің, арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
құрлықта; теңiзде кен орындарында көмірсутекті шикізат төгiлуiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар үшін – теңіздегі мұнай жинау қондырғысы (скиммер), құрлықта мұнай жинауға арнайы техника және жабдықтар, жүзуші резервуарлар және бонолық тосқауылдар | теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), құрлықта мұнай жинауға арнайы техника және жабдықтардың, жүзуші резервуарлардың және бонолық тосқауылдардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін – құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтар, цементтеу агрегаты және лақтыруға қарсы жабдықтар | құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтеу агрегатының және лақтыруға қарсы жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін: 1) тетіктердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аттестацияланған зертханалар немесе өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шарты | тетіктердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аттестацияланған зертханалардың немесе өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының болуы туралы ақпараттарды қамтитын мәліметтер нысаны* |
"
2. "Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 144 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10065 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
3. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 02.11.2021 № 333 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2021 № 212 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.