"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін oн жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
А. Рау |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығымен бекітілген |
Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.09.2022 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Ақтөбе – Алматы.
2. Ақтөбе – Атырау.
3. Ақтөбе – Маңғыстау.
4. Алматы – Нұр-Сұлтан.
5. Алматы – Атырау.
6. Алматы – Достық.
7. Алматы – Жезқазған.
8. Алматы – Өскемен-1.
9. Алматы – Қостанай.
10. Алматы – Локоть.
11. Алматы – Маңғыстау.
12. Алматы – Озинки.
13. Алматы – Орал.
14. Алматы – Павлодар.
15. Алматы – Петропавл.
16. Алматы – Сарыағаш.
17. Алматы – Шымкент.
18. Арқалық – Қостанай – Нұр-Сұлтан.
19. Нұр-Сұлтан – Айсары – Арқалық.
20. Нұр-Сұлтан – Атбасар.
21. Нұр-Сұлтан – Достық.
22. Нұр-Сұлтан – Жезқазған.
23. Нұр-Сұлтан – Өскемен-1.
24. Нұр-Сұлтан – Көкшетау.
25. Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Володаровка.
26. Нұр-Сұлтан – Қарағанды – Семей.
27. Нұр-Сұлтан – Қызыл-Ту – Петропавл.
28. Маңғыстау – Нұр-Сұлтан – Семей.
29. Нұр-Сұлтан – Павлодар.
30. Нұр-Сұлтан – Павлодар – Семей.
31. Нұр-Сұлтан – Шымкент.
32. Атырау – Ақсарай.
33. Атырау – Нұр-Сұлтан.
34. Атырау – Маңғыстау.
35. Көкшетау – Нұр-Сұлтан – Ерейментау.
36. Көкшетау – Қызылорда.
37. Қарағанды – Нұр-Сұлтан.
38. Қарағанды – Петропавл.
39. Қарағанды – Жезқазған.
40. Қостанай – Есіл – Арқалық.
41. Қостанай – Қарағанды.
42. Қызылорда – Жезқазған – Нұр-Сұлтан – Павлодар.
43. Қызылорда – Петропавл.
44. Қызылорда – Семей.
45. Орал – Ақтөбе – Құлсары.
46. Орал – Нұр-Сұлтан.
47.Өскемен – Жаланашкөл.
48. Павлодар – Пресногорьковская.
49. Шалқар – Сексеуіл.
50. Павлодар – Нұр-Сұлтан – Шымкент.
Әлеуметтік маңызы бар қатынас қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ететін және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қатынас болып танылады:
1) мемлекеттік маңызы – мемлекетаралық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасының астанасы мен облыс орталықтарын Қазақстан Республикасымен айтарлықтай қоғамдық, сауда немесе өзге де өзара қатынастары бар мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктерінің астаналарымен және басты қалаларымен қосу;
2) баламасыздығы – ұзақтығы үлкен әрі тармақталуы aз болғанда қайта отырғызусыз қатарлас қатынастардың болмауы, ауа райы жағдайларына тәуелсіздігі, барлық маусымдылығы, жолаушыларды біржолғы жаппай тасымалдау;
3) әлеуметтік маңызы – халықтың жан басына шаққандағы табысында жол жүруге арналған шығысының қолжетімді деңгейінің сақталуы;
4) қолжетімділігі – азаматтардың қолжетімді балама көлік түрлері жоқ бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еркін орын ауыстыру, оның шегінен тыс шығу және кедергісіз қайтып келу мүмкіндігін қамтамасыз ету.