Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялық және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қаңтарда № 10069 тіркелді

Жаңартылған

      «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін oн жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы                          А. Рау

Қазақстан Республикасы       
Инвестициялық және даму министрінің м.а.
2014 жылғы 8 желтоқсандағы    
№ 247 бұйрығымен         
бекітілген            

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Тізбе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.10.2016 № 738 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының
тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.02.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1. Ақтөбе - Ақсарай.
2. Ақтөбе - Алматы.
3. Ақтөбе - Астана.
4. Ақтөбе - Атырау.
5. Ақтөбе - Маңғышлақ.
6. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Алматы - Алтынкөл.
9. Алматы - Астана.
10. Алматы - Атырау.
11. Алматы - Достық.
12. Алматы - Жезқазған.
13. Алматы - Защита.
14. Алматы - Қостанай.
15. Алматы — Локоть.
16. Алматы - Маңғышлақ.
17. Алматы - Озинки.
18. Алматы - Орал.
19. Алматы - Павлодар.
20. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Алматы - Сарыағаш.
22. Алматы — Талдықорған.
23. Алматы - Шымкент.
24. Арқалық - Астана.
25. Астана - Айсары.
26. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
27. Астана - Атбасар.
28. Астана - Бурабай курорты - Ақкөл.
29. Астана - Бурабай курорты.
30. Астана - Достық.
31. Астана - Жезқазған.
32. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33. Астана - Қайрақ.
34. Астана - Қызыл Ту - Петропавл
35. Астана - Лениногорск.
36. Астана – Маңғышлақ.
37. Қарағанды – Озинки
38. Астана - Павлодар.
39. Астана - Сарыағаш.
40. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
41. Астана - Тобыл - Илецк - Озинки.
42. Астана - Тобыл.
43. Атырау - Ақсарай.
44. Атырау - Астана.
45. Атырау - Маңғышлақ.
46. Көкшетау - Астана - Ерейментау.
47. Көкшетау - Қызылорда.
48. Қарағанды - Алматы.
49. Қарағанды – Семипалатинск.
50. Қарағанды - Петропавл.
51. Қарағанды - Семей - Петропавл.
52. Қостанай - Есіл - Арқалық.
53. Қостанай - Қарағанды.
54. Қызылорда - Астана.
54-1. Қызылорда – Жезқазған.
55. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
56. Қызылорда – Семипалатинск.
57. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
58. Орал - Астана.
59. Павлодар - Деғелең.
60. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
61. Павлодар - Пресногорьковская.
62. Сағыз - Шұбарқұдық.
63. Шалқар - Сексеуіл.

      Ескертпе: Қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ететін және мынадай өлшемдерге сәйкес келетін қатынас әлеуметтік маңызы бар қатынас болып танылады:
      1) мемлекеттік маңызы - мемлекетаралық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасының астанасы мен облыс орталықтарын Қазақстан Республикасымен айтарлықтай қоғамдық, сауда және өзге де өзара қарым-қатынастары бар мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктерінің астаналарымен және басты қалаларымен қосу;
      2) баламасыздығы - ұзақтығы үлкен әрі тармақталуы аз болғанда қайта отырғызусыз қатарлас қатынастардың болмауы, ауа райы жағдайларын тәуелсіздігі, барлық маусымдылығы, жолаушыларды бір жолғы жаппай тасымалдау;
      3) әлеуметтік маңызы - халықтың жан басына шаққандағы табысында жол жүруге арналған шығысының қол жетімді деңгейінің сақталуы;
      4) қол жетімділігі - азаматтардың қол жетімді балама көлік түрлері жол бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еркін орын ауыстыру, оның шегінен тыс шығу және кедергісіз қайтып келу мүмкіндігін қамтамасыз ету.