Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялық және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қаңтарда № 10069 тіркелді.

Жаңартылған

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін oн жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Рау

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 247 бұйрығымен бекітілген

Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 № 825 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ақтөбе - Алматы.

      2. Ақтөбе - Атырау.

      3. Ақтөбе - Маңғыстау.

      4. Алматы - Алтынкөл.

      5. Алматы - Нұр-Сұлтан.

      6. Алматы - Атырау.

      7. Алматы - Достық.

      8. Алматы - Жезқазған.

      9. Алматы - Өскемен-1.

      10. Алматы - Қостанай.

      11. Алматы - Локоть.

      12. Алматы - Маңғыстау.

      13. Алматы - Озинки.

      14. Алматы - Орал.

      15. Алматы - Павлодар.

      16. Алматы - Петропавл.

      17. Алматы - Сарыағаш.

      18. Алматы - Шымкент.

      19. Арқалық - Нұр-Сұлтан.

      20. Нұр-Сұлтан - Айсары.

      21. Нұр-Сұлтан - Алтынкөл.

      22. Нұр-Сұлтан - Атбасар.

      23. Нұр-Сұлтан - Достық.

      24. Нұр-Сұлтан - Жезқазған.

      25. Нұр-Сұлтан - Көкшетау.

      25-1. Нұр-Сұлтан - Көкшетау - Володаровка.

      26. Нұр-Сұлтан - Қайрақ.

      26-1. Нұр-Сұлтан - Қарағанды - Семей.

      27. Нұр-Сұлтан - Қызыл-Ту - Петропавл.

      28. Нұр-Сұлтан - Риддер.

      29. Нұр-Сұлтан - Манғыстау.

      30. Нұр-Сұлтан - Павлодар.

      30-1. Нұр-Сұлтан - Павлодар - Семей.

      31. Нұр-Сұлтан - Сарыағаш.

      32. Нұр-Сұлтан - Тобыл.

      33. Атырау - Ақсарай.

      34. Атырау - Нұр-Сұлтан.

      35. Атырау - Маңғыстау.

      36. Көкшетау - Нұр-Сұлтан - Ерейментау.

      37. Көкшетау - Қызылорда.

      38. Қарағанды - Нұр-Сұлтан.

      39. Қарағанды - Петропавл.

      40. Қостанай - Есіл - Арқалық.

      41. Қостанай - Қарағанды.

      42. Қызылорда - Жезқазған.

      42-1. Қызылорда - Жезқазған - Нұр-Сұлтан.

      43. Қызылорда - Петропавл.

      44. Қызылорда - Семей.

      45. Орал - Ақтөбе.

      46. Орал - Нұр-Сұлтан.

      47. Павлодар - Пресногорьковская.

      48. Шалқар - Сексеуiл.

      49. Шымкент - Түркістан.

      Ескертпе: Әлеуметтiк маңызы бар қатынас қоғам мен мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық жағдайына ықпал ететiн және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетiн қатынас болып танылады:

      1) мемлекеттік маңызы - мемлекетаралық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасының астанасы мен облыс орталықтарын Қазақстан Республикасымен айтарлықтай қоғамдық, сауда немесе өзге де өзара қатынастары бар мемлекеттердiң әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерінің астаналарымен және басты қалаларымен қосу;

      2) баламасыздығы - ұзақтығы үлкен әрi тармақталуы aз болғанда қайта отырғызусыз қатарлас қатынастардың болмауы, ауа райы жағдайларына тәуелсiздігі, барлық маусымдылығы, жолаушыларды бiр жолғы жаппай тасымалдау;

      3) әлеуметтік маңызы - халықтың жан басына шаққандағы табысында жол жүруге арналған шығысының қол жетiмдi деңгейiнiң сақталуы;

      4) қол жетiмдiлігі - азаматтардың қол жетімдi балама көлiк түрлерi жоқ бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еркiн орын ауыстыру, оның шегiнен тыс шығу және кедергісiз қайтып келу мүмкiндігiн қамтамасыз ету.