Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қаңтарда № 10068 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 10.08.2016 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 10.08.2016 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Бюджет саясаты департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 139 бұйрығымен
бекітілген

Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесі

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.02.2018 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45 - бабына сәйкес әзірленді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері үшін үшжылдық кезеңге және олар өзгерген жағдайда әрбір үш жылға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде қолданылады.

2-тарау. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау

      2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі Бюджет кодексіне сәйкес тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемі арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады және төмендегідей формулаға сәйкес есептеледі:

      ЖСТі=КБКі-ШБКі,

      мұнда:

      ЖСТі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жалпы сипаттағы трансферттерінің көлемі;

      КБКі – і-облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) кірістерінің болжамды көлемі;

      ШБКі – і-облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шығындарының болжамды көлемі.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамды көлемі шығындардың болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі>0) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгіленеді.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемі кірістердің болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі<0) жоғары тұрған бюджеттен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне бюджеттік субвенциялар белгіленеді.

3-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамды көлемін айқындау

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамды көлемі Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес есептеледі.

4-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемін айқындау

      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 54, 55, 56, 56-1–баптарында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.

      Бұл ретте тұрақты сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мақсатқа жетуге, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі мыналардан тұрады:

      еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерді төлеу, азық-түлік пен дәрілік заттар сатып алуға жұмсалатын шығындар, жәрдемақылар төлеу және басқа да шығындар (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);

      материалдық - техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындар және басқа да шығындар (бұдан әрі – күрделі сипаттағы шығындар).

1-параграф. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      5. Осы Әдістеменің көмегімен есептелген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерін айқындау үшін ғана пайдаланылады.

      6. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.

      7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджеттік параметрлеріне сәйкес (жалақыны қоспағанда) жоспарланған кезеңдегі тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғайғанын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;

      2) жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары жобаларының жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және Республикалық бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауынан кейін жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін ережелері;

      4) Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен өңірлер бойынша абсолюттік сомалармен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен бұрын қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар.

      8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған қаражат алып тасталады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолютті сомалармен қосылады.

      9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.

      10. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.

      11. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы шығындарын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұнда:

      АШіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есептік шығындары;

      Шj – j функционалдық кіші тобы бойынша барлық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттері бойынша ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемі;

      Тіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік қызметтерін тұтынушылардың саны;

      К1іj, ..., Кnіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) мемлекеттік қызметтер көрсетудің құнындағы республикалық орта деңгейден айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.

      12. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде мемлекеттік қызмет көрсету құнының әртүрлілігін негіздейтін, объективті факторларды бейнелейтін мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) урбандалу коэффициенті:



      мұнда:

      Халіқала – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша і-облыстың қала халқының саны;

      Халі – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) халықтың саны.

      Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік қызмет көрсетулерге байланысты шығындардың орташа республикалық деңгейге қатысты барынша жоғары деңгейін ескереді;

      2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:



      мұнда:

      Халісак – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 500 адамнан аз елді мекендерінде тұратын і-облыс халқының саны;

      Халі – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша і-облыстағы халықтың жалпы саны.

      Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік қызметтердің айқындалған жиынтығын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген шығындардың орташа республикалық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;

      3) ауқым коэффициенті:



      мұнда:

      а – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана халқы санының орташа республикалық деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ;


– Қазақстан Республикасы бойынша бір өңір халқының орташа саны;

Халі – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) халықтың саны;

      Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуін ескере отырып, бір адамға шаққандағы мемлекеттік қызмет көрсетулерге арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқым әсерін ескереді;

      4) халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті:



      мұнда:

      Халітоп – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) белгілі бір жас тобы бойынша халқының саны;

      Халі – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) халықтың саны.

      Халықтың жас мөлшері құрылымының коэффициенті халықтың жекелеген санаттарының денсаулық сақтауға және білім беруге байланысты мемлекеттік қызметтерге қойған жоғары сұранысын ескереді;

      5) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есептеу коэффициенті:



      мұнда:

      Халіауыл – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша і-облыстың ауыл халқының саны;


– j функционалдық кіші тобы бойынша (барлық өңірлер бойынша сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.

      Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есептеу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;

      6) тығыздық коэффициенті:



      мұнда:

      р – Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы;

      рі – і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) халықтың тығыздығы;


– облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халқы тығыздығының орташа республикалық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.

      Тығыздық коэффициенті өңір халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;

      7) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:



      мұнда:

      Nі – "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;


– республика бойынша орташа автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

      8) кедейлікті есептеу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):



      мұнда:

      bі – і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

      Кедейлікті есепке алу коэффициенті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;

      9) жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті:



      мұнда:

      dі – і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) жылыту маусымының кезеңі;


– Қазақстан Республикасы бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;

– облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.

      Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының Қазақстан Республикасындағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.

      13. Ағымдағы шығындарды есептеу кезінде:

      Алматы және Астана қалалары үшін, олардың ерекше мәртебесін ескере отырып, тиісінше 1,25 және 1,5 жоғарылату коэффициенттері қолданылады.

2-параграф. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      14. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы шығындарды қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөлінісінде анықталады.

      і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есептік шығындарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шығындар есепке алынады.

      Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

      КШі = k* ЕШі,

      мұнда:

      КШі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) күрделі сипаттағы есептік шығындары;

      ЕШі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есептік шығындары;

      k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы.

      Республикалық бюджет пен облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k шамасы 6,5% тең болады.

3-параграф. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарының болжамды көлемін есептеу

      15. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

      БДБШi = r*ЕШі,

      мұнда:

      БДБШi – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;

      ЕШi – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есептік шығындары;

      r – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

      16. r коэффициентінің шамасы:

      республикалық бюджет пен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін – Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің алдағы үш жылдық кезеңге болжамды көрсеткіштерін анықтау үшін жалпы сипаттағы трансферттер көлемін айқындау есептерін Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      18. Республикалық бюджет комиссиясында қаралғаннан кейін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бөлінісінде жылдар бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы тиісті заңда белгіленеді.

      19. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу мақсатында облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептейді.

  Жалпы сипаттағы
трансферттердің
есеп-қисаптар әдістемесіне
қосымша

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі

Функционалдық кіші топтардың атауы

Көрсеткіштер

Коэффициенттер

1

2

3

1. Жалпы сипаттағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Қаржы қызметі

қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Жоспарлау және статистикалық қызмет

қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Жалпы сипаттағы өзге де қызметтер

қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

2. Қорғаныс

Әскери қажеттіліктер

18-ден бастап 26 жасты қоса алғандағы әскерге шақырылатын жастағы ер азаматтар

қоныстандыру дисперсиялығы;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

Тұрақты халық саны

урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

3. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

Құқық қорғау қызметі

Тұрақты халық саны

урбандалу;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

4. Білім беру

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

1-5 жастағы балалар саны

урбандалу;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

6-18 жастағы балалар саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім

14-тен 18 жасқа дейінгілер

урбандалу;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру

Тұрақты халық саны

урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Білім беру саласындағы өзге де қызметтер

Тұрақты халық саны

тығыздық;
халықтың жас мөлшері құрылымы;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

5. Денсаулық сақтау

Кең бейінді ауруханалар

Тұрақты халық саны

халықтың жас мөлшерінің құрылымы;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Халықтың денсаулығын қорғау

тығыздық;
урбандалу;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Мамандандырылған медициналық көмек

ауқым;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Емханалар

урбандалу;
халықтың жас мөлшерінің құрылымы;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Медициналық көмектің басқа түрлері

тығыздық;
урбандалу;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер

тығыздық;
урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік қамсыздандыру

6-18 жастағы балалар саны және зейнеткерлік жасынан асқан халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Әлеуметтік көмек

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
кедейлікті есепке алу (кірісі күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде);
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де қызметтер

қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үй шаруашылығы

Тұрақты халық саны

урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Коммуналдық шаруашылық

урбандалу;
тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Елді мекендерді көркейту

урбандалу;
тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Мәдениет саласындағы қызмет

Тұрақты халық саны

урбандалу;
ауқым;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Спорт

урбандалу;
ауқым;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Ақпараттық кеңістік

урбандалу;
ауқым;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Туризм

Туризм, тәулігіне төсек орын саны

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Мәдениетті, спортты, туризмді және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер

Тұрақты халық саны

урбандалу;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің орташа тізімдік саны

ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Су шаруашылығы

Суды тұтыну (миллион текше метр)

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Орман шаруашылығы

Орман қоры (миллион гектар)

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Қоршаған ортаны қорғау

Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары

урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Жер қатынастары

Тұрақты халық саны

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

11. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

Тұрақты халық саны

урбандалу;
тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

12. Көлік және коммуникация

Автомобиль көлігі

Жергілікті маңызы бар автожолдардың ұзындығы

урбандалу;
жолдарды күтіп-ұстау;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Көлік және коммуникация саласындағы өзге де қызметтер

Жолаушылар айналымы (миллион жолаушы-километр)

урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

13. Басқалары

Экономикалық қызметті реттеу

Тұрақты халық саны

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Табиғи монополияларды реттеу

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Басқалары

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу