«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (А.С. Биахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 20 қарашадағы
№ 98 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі — уәкілетті орган) - мемлекеттік қызметтер корсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.
3. Тізілімді жүргізудің негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді анықтау және тізілімге енгізу болып табылады.
4. Тізілімді жүргізу мақсаттары:
1) көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру;
2) көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтердің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді есепке алу және талдау.
5. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді.
2. Тізілімді жүргізу тәртібі
6. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан талдау;
2) жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;
3) анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу;
4) тізілімге оның мазмұнын өзектілендіру (жаңарту) тұрғысынан мониторинг жүргізу;
5) тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту).
7. Тізілімге енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыруға бағдарланған болуы;
2) дара тәртіппен жүзеге асырылуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша жүзеге асырылуы;
4) көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағдарлануы.
8. Тізілімді жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
9. Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар:
1) тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге жыл сайын түгендеу жүргізеді;
2) 1-ші мамырдан және 1-ші қазаннан кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы мәліметтер береді.
10. Уәкілетті орган жыл сайын, 1-ші шілдеден және 1-ші желтоқсаннан кешіктірмей тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін, соның ішіде орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен ұсынылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
3. Тізілімнің құрылымы
11. Тізілім:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
2) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті (жеке және (немесе) заңды тұлға); мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауын; көрсетілетін қызметті берушінің атауын;
3) өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауын және/немесе мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетілген жағдайда, «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсетуді;
4) мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;
5) мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін болуын көздейді.
12. Тізілім сыныптамасы:
1) қоғамдық қатынастар саласына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін бөлімдерден;
2) көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін кіші бөлімдерден;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірлерінен тұрады.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке тізілім сыныптамасының барлық деңгейдегі кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгілер түріндегі сегізмәнді жеке сыныпталған код беріледі.
Сыныпталған код үш бөліктен тұрады:
1) бірінші бөлік - 3 цифрдан тұрады және қоғамдық қатынастар саласындағы бөлімді білдіреді;
2) екінші бөлік - 2 цифрдан тұрады және көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты кіші бөлімді білдіреді;
3) үшінші бөлік - 3 цифрдан тұрады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші бөлім ішіндегі реттік нөмірін білдіреді.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке сыныпталған кодты уәкілетті орган береді.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
тізілімін жүргізу қағидаларына
1-қосымша
нысан
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және
(немесе) толықтырулар енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін
қызмет туралы мәліметтер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
Көрсетілетін қызметті алушылардың санаты |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Өтініштерді және ресімделген құжаттарды беруді қабылдауды жүзеге асыратын ұйымдар |
Ақылы |
оның ішінде: |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерінің нысаны |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі |
Ескертпе (Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негізі) |
|
Құқықтық негіз |
төлем мөлшері |
||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
тізілімін жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы
Бөлім |
||
Ішкі бөлім |
||
Атауы |
||
001 |
Құжаттау |
|
00101 |
Жеке басты куәландыратын құжаттарды/анықтамаларды және мәртебені алу |
|
00102 |
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес құқықтарды қамтамасыз ететін құжаттарды алу |
|
002 |
Жеке тұлғалар мен азаматтарды тіркеу |
|
00201 |
Жеке тұлғаларды тіркеу/ мәртебесін, тұрғылықты жерін, Т.А.Ә. және басқа деректерін ауыстыру |
|
00202 |
Шетелде болу |
|
00203 |
Қазақстан Республикасына келу |
|
003 |
Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу |
|
00301 |
Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
004 |
Отбасы және балалар |
|
00401 |
Отбасын құру |
|
00402 |
Туу, қамқоршылық және бала тәрбиелеу |
|
00403 |
Балаға білім беру және бос уақыт |
|
00404 |
Баланы бағу және қамтамасыз ету |
|
005 |
Мүлік және зияткерлік меншік құқығы |
|
00501 |
Жылжымалы мүлік |
|
00502 |
Жылжымайтын мүлік |
|
00503 |
Зияткерлік меншік |
|
00504 |
Мүлік және зияткерлік меншік құқығы саласындағы басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
006 |
Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау |
|
00601 |
Медициналық көмек |
|
00602 |
Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) |
|
00603 |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы |
|
00604 |
Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
007 |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау |
|
00701 |
Халықты жұмыспен қамту |
|
00702 |
Халықты жұмыспен қамту саласында рұқсат құжаттарын беру |
|
00703 |
Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру |
|
00704 |
Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау |
|
00705 |
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер |
|
00706 |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
008 |
Білім және ғылым |
|
00801 |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім |
|
00802 |
Білім және ғылым саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) |
|
00803 |
Білім және ғылым саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
009 |
Бизнес және кәсіпкерлік |
|
00901 |
Бизнестің немесе жеке кәсіпкерліктің басталуы |
|
00902 |
Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметінің тоқталуы |
|
00903 |
Белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) |
|
00904 |
Өнімдердің жекелеген түрлерін өндіруге рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) |
|
00905 |
Өнімдердің жекелеген түрлерін сатып алуға, өткізуге және сақтауға (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) |
|
00906 |
Кәсіпкерлік қызметті қолдау |
|
010 |
Туризм |
|
01001 |
Туризм саласындағы өзгеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
011 |
Көлік және коммуникация |
|
01101 |
Автомобиль көлігі |
|
01102 |
Әуе көлігі |
|
01103 |
Теміржол және су көлігі |
|
01104 |
Көлік және коммуникация саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
012 |
Қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін, табиғи ресурстарды қорғау |
|
01201 |
Қоршаған ортаны қорғау |
|
01202 |
Су ресурстарын пайдалану |
|
01203 |
Орман ресурстарын пайдалану |
|
01204 |
Жануарлар дүниесін пайдалану |
|
01205 |
Жер қойнауын пайдалану |
|
013 |
Ауыл шаруашылығы |
|
01301 |
Ауыл шаруашылығы саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
01302 |
Ауыл шаруашылығы саласында рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) |
|
014 |
Өнеркәсіп, индустрия және технология |
|
01401 |
Отын және энергетика |
|
01402 |
Технологиялар |
|
01403 |
Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) |
|
01404 |
Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
015 |
Мұнай-газ саласы |
|
01501 |
Мұнай-газ саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) |
|
01502 |
Мұнай-газ саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
016 |
Салықтық әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп, аудиторлық қызмет |
|
01601 |
Салықтық әкімшілендіру |
|
01602 |
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік |
|
01603 |
Аудиторлық қызмет |
|
017 |
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау |
|
01701 |
Банктер қызметі саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) |
|
01702 |
Зейнетақы қорларының қызметі саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) |
|
01703 |
Сақтандыру қызметтері нарығы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) |
|
01704 |
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
018 |
Кеден ісі |
|
01801 |
Кеден ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
019 |
Қауіпсіздік, қорғаныс және сот әділдігі |
|
01901 |
Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) |
|
01902 |
Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
020 |
Бәсекелестікті қорғау |
|
02001 |
Бәсекелестікті қорғау саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
021 |
Дін |
|
02101 |
Дін саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
022 |
Жер қатынастары, геодезия және картография |
|
02201 |
Жер қатынастары |
|
02202 |
Геодезия және картография |
|
023 |
Мәдениет, ақпарат және байланыс |
|
02301 |
Байланысты ұйымдастыру және ұсыну саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) |
|
02302 |
Ақпарат |
|
02303 |
Мәдениет |
|
024 |
Төтенше жағдайлар |
|
02401 |
Төтенше жағдайлар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
025 |
Дене шынықтыру және спорт |
|
02501 |
Дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
026 |
Сәулет-қала құрылысы қызметі |
|
02601 |
Сәулет-қала құрылысы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) |
|
02602 |
Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
027 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
|
02701 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
028 |
Сыртқы саясат және шетел істері |
|
02801 |
Сыртқы саясат және шетел істері саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
029 |
Табиғи монополияларды реттеу |
|
02901 |
Табиғи монополияларды реттеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
030 |
Мемлекеттік қызмет |
|
03001 |
Мемлекеттік қызмет саласындағы басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
|
031 |
Басқа |
|
03101 |
Ғарыш кеңістігін пайдалану |
|
03102 |
Апостиль қою |
|
03103 |
Статистикалық ақпаратты ұсыну |
|
03104 |
Мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттік меншік |
|
03105 |
Анықтамалар беру |