Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 07.12.2023 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 07.12.2023 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 07.12.2023 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мұхамедиұл |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 100 бұйрығымен бекітілген |
Жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 07.12.2023 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілерін аттестаттауды "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) әзірлеген және бекіткен кәсіптік стандарттарға сәйкес республикалық және өңірлік спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары (бұдан әрі – федерациялар) жүргізеді.
3. Спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларды және жаттықтырушы-оқытушыларды аттестаттау жаттықтырушылардың және жаттықтырушы-оқытушылардың спортшыларды даярлау бойынша жұмысты жүргізу құқығын растау мақсатында қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша білімін қоса алғанда, жаттықтырушылардың және жаттықтырушы-оқытушылардың тиісті біліктілігі мен тиісті спорт түрі саласындағы білімдерін тану және растау рәсімі болып табылады.
4. Спорт төрешілерін аттестаттау спорттық іс-шараларда төрешілік жұмысты жүргізу құқығын растау мақсатында спорт төрешілерінің тиісті спорт түрі саласындағы тиісті біліктілігі мен білімін тану және растау рәсімі болып табылады.
5. Жаттықтырушылар және спорт төрешілері төрт жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
6. Аттестаттау үшін жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілері федерацияға мынадай құжаттар береді:
1) аттестаттаудан өту туралы еркін нысандағы жазылған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) дене шынықтыру және спорт саласындағы жалпы жұмыс өтілі мен қол жеткізген нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын жұмыс орнынан мінездеме;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
5) спорттық дәрежесі берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
6) дене шынықтыру және спорт саласында даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру бойынша курстардан өткені туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда).
Жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілері кезекті аттестаттаудан өту туралы өтініштерді федерацияға аттестаттау өткізілетін күннен бір ай бұрын береді.
7. Жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілерін аттестаттаудан өткізу үшін федерациялар Аттестаттау комиссияларының құрамын бекітеді.
Аттестаттау комиссиясы уәкілетті органның өкілі, сондай-ақ біліктілік санаттары бар жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілері кіретін бес мүшеден тұрады.
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қатарынан ашық дауыс беру арқылы төраға сайланады.
Аттестаттау комиссиясының жұмысын дауыс беру құқығы жоқ хатшы қамтамасыз етеді.
8. Аттестаттау комиссиясының отырысы тоқсан сайын жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілерін аттестаттаудан өткізу туралы өтініштердің түсуіне қарай және Аттестаттау комиссиясының кемінде үш мүшесі болғанда өткізіледі.
9. Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін басқаның ауыстыруына рұқсат берілмейді.
10. Аттестаттау комиссиясы ашық дауыс беру арқылы комиссия мүшелерінің көп дауысымен шешім қабылдайды, ол хаттамамен рәсімделеді және Аттестаттау комиссиясының отырысқа қатысушы мүшелері мен хатшы қол қояды.
2-тарау. Аттестаттау жүргізу тәртібі
11. Аттестаттау мыналарды қамтиды:
1) аттестаттау өткізуге дайындық;
2) әңгімелесу;
3) шешім шығару;
4) аттестаттау туралы куәлік беру.
12. Аттестаттау өткізуге дайындық барысында Аттестаттау комиссиясы осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың болуын тексереді, аттестаттау өткізу кестесін бекітеді, аттестатталатын адамдардың тізімін жасайды, аттестатталатын адамдардың жеке істері мен әңгімелесу өткізуге арналған сұрақтарын жасайды.
Аттестаттау өткізу кестесі мен аттесталатын адамдар тізімін федерациялар өз веб-сайттарында жариялайды.
13. Әңгімелесуде Аттестаттау комиссиясы жаттықтырушылар, жаттықтырушылар-оқытушылар және спорт төрешілеріне тиісті спорт түрі (түрлері) саласындағы сұрақтартардың тең санын, ал жаттықтырушылар мен жаттықтырушылар-оқытушылар үшін — қауіпсіздік техникасы ережелерін білуіне қосымша сұрақтар беріледі.
14. Әңгімелесу өткізу кезінде аттестатталушыға тиісті спорт түрі (түрлері) бойынша оның кәсіби және біліктілік дайындығы мәселелерінде құзыреттілігінің деңгейін айқындауға бағытталған сұрақтар беріледі.
15. Әңгімелесу нәтижесі бойынша Аттестаттау комиссиясы мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) аттестатталды;
2) аттестатталған жоқ;
3) қайта аттестаттауға жатады.
16. Аттестаттау комиссиясының әңгімелесудің өтуі туралы шешімі осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда аттестациялау енгізіледі.
17. Аттестаттаудан өткен жаттықтырушылар, жаттықтырушылар-оқытушылар және спорт төрешілеріне осы Қағиданың 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жаттықтырушылар, жаттықтырушылар-оқытушылар және спорт төрешілерін аттестаттау туралы куәлік беріледі.
18. Аттестаттау туралы куәлік Аттестаттау комиссиясы хаттамаға қол қойған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде беріледі.
19. Федерациялар аттестатталған жаттықтырушылар, жаттықтырушылар-оқытушылар және спорт төрешілерінің есебін жүргізеді.
Аттестаттау туралы берілген куәлікті Аттестаттау комиссиясының хатшысы Аттестатталған жаттықтырушылар, жаттықтырушылар-оқытушылар және спорт төрешілері тізілімінде осы Қағиданың 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес нысанда тіркейді.
Аттестатталған жаттықтырушылар, жаттықтырушылар-оқытушылар және спорт төрешілерінің тізілімдері тігіледі, нөмірленеді және федерацияның мөрімен бекітіледі.
Аттестаттау туралы куәлік нөмірі Аттестатталған жаттықтырушылар, жаттықтырушылар-оқытушылар және спорт төрешілерінің тізілімін толтырудың реттік нөмірімен сәйкес келеді.
20. Аттестаттау туралы куәлік төрт жыл мерзімге беріледі.
21. Аттестаттаудан өтпей қалған жаттықтырушылар, жаттықтырушылар-оқытушылар және спорт төрешілері аттестаттау өткізілген күннен бастап кемінде үш айдан ерте емес осы Қағидада белгіленген тәртіпте қайта аттестаттаудан өтеді.
Жаттықтырушылар, жаттықтырушы- оқытушылар және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Аттестациялық парақ
Аттестацияның түрі: бастапқы -
; кезекті - ; қайта -(керектісін Х белгісімен белгілеу)
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________
2. Туылған жылы "____" _______________ 20___ жыл
3. Білімі, біліктілігін арттыру, қайта даярлау туралы мәліметтер
(қашан және қандай оқу орнын бітірді, білімі бойынша мамандығы және біліктілігі,
біліктілігін арттырғаны туралы құжаттар)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Атқаратын қызметі және тағайындалған уақыты
____________________________________________________________________
5. Жалпы еңбек өтілі _____________________________________________
____________________________________________________________________
6. Аттестациялық комиссия мүшелері айтқан ескертулер мен ұсыныстар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
7. Аттестациядан өтушінің пікірі:
_________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Дауыс беру нәтижесі бойынша аттестациядан өтуші қызметінің бағасы:
1) аттестацияланды (дауыстар саны)
____________________________________________________________________
2) аттестациядан өтпеді (дауыстар саны)
____________________________________________________________________
3) қайта аттестациядан өтуі тиіс (дауыстар саны)
____________________________________________________________________
Аттестация парағымен таныстым:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(аттестациядан өтушінің қолы)
Аттестация өткен уақыт "____" ______________ 20___ жыл
Аттестациялық комиссияның төрағасы: __________________________________
(қолы)
Аттестациялық комиссияның мүшелері: _________________________________
(қолы)
__________________
(қолы)
__________________
(қолы)
Аттестациялық комиссияның хатшысы: __________________________________
(қолы)
Федерацияның мөріне арналған орын
Жаттықтырушылар, жаттықтырушы- оқытушылар және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Жаттықтырушыны аттестаттау туралы куәлік № _____
____________________________ берілді, ол ___________________________
(аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (спорт түрі)
бойынша жаттықтырушы аттестациясынан өтті
Аттестациялық комиссияның 20_ жылғы "__"______________ №__ хаттамасы
Куәлік 20__жылғы "__"______________ 20__жылғы "__"____________дейін жарамды
Аттестациялық комиссияның төрағасы __________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Хатшы __________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________"__"_____________20___жыл
Федерацияның мөріне арналған орын
Жаттықтырушылар, жаттықтырушы- оқытушылар және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Жаттықтырушы-оқутышыны аттестаттау туралы куәлік № _____
____________________________ берілді, ол ___________________________
(аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (спорт түрі)
бойынша жаттықтырушы-оқытушы аттестациясынан өтті
Аттестациялық комиссияның 20_ жылғы "__"______________ №__ хаттамасы
Куәлік 20__жылғы "__"______________ 20__жылғы "__"____________дейін жарамды
Аттестациялық комиссияның төрағасы __________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Хатшы __________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________"__"_____________20___жыл
Федерацияның мөріне арналған орын
Жаттықтырушылар, жаттықтырушы- оқытушылар және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Спорт төрешісін аттестаттау туралы куәлік № _____
____________________________ берілді, ол ___________________________
(аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (спорт түрі)
бойынша спорт төрешісі аттестациясынан өтті
Аттестациялық комиссияның 20_ жылғы "__"______________ №__ хаттамасы
Куәлік 20__жылғы "__"______________ 20__жылғы "__"____________дейін жарамды
Аттестациялық комиссияның төрағасы __________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Хатшы __________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________"__"_____________20___жыл
Федерацияның мөріне арналған орын
Жаттықтырушылар, жаттықтырушы- оқытушылар және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Аттестатталған жаттықтырушылар тізілімі
№ р/р | Аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Спорт түрі (түрлері) | Аттестаттау комиссиясы отырысының өткізілген күні, хаттама нөмірі | Жаттықтырушыны аттестаттау туралы куәлік нөмірі (берілген күні мен жылы) | Аттестатталушының қолы |
Жаттықтырушылар, жаттықтырушы- оқытушылар және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Аттестатталған жаттықтырушылар-оқытушылар тізілімі
№ р/р | Аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Спорт түрі (түрлері) | Аттестаттау комиссиясы отырысының өткізілген күні, хаттама нөмірі | Жаттықтырушы-оқутышыны аттестаттау туралы куәлік нөмірі (берілген күні мен жылы) | Аттестатталушының қолы |
Жаттықтырушылар, жаттықтырушы- оқытушылар және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Аттестатталған спорт төрешілерінің тізілімі
№ р/р | Аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Спорт түрі (түрлері) | Аттестаттау комиссиясы отырысының өткізілген күні, хаттама нөмірі | Спорт төрешісін аттестаттау туралы куәлік нөмірі (берілген күні мен жылы) | Аттестатталушының қолы |