«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мұхамедиұл
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 19 қарашадағы
№ 100 бұйрығымен
бекітілген
Жаттықтырушылар мен спорт төрешілеріне аттестаттау
жүргізу қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Жаттықтырушылар мен спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) жаттықтырушылар мен спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін аттестаттауды республикалық және өңірлік спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары (бұдан әрі – федерациялар) жүргізеді.
3. Спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларды аттестаттау жаттықтырушылардың спортшыларды даярлау бойынша жұмысты жүргізу құқығын растау мақсатында қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша білімін қоса алғанда, жаттықтырушылардың тиісті біліктілігі мен тиісті спорт түрі саласындағы білімдерін тану және растау рәсімі болып табылады.
4.- Спорт төрешілерін аттестаттау спорттық іс-шараларда төрешілік жұмысты жүргізу құқығын растау мақсатында спорт төрешілерінің тиісті біліктілігі мен тиісті спорт түрі саласындағы білімін тану және растау рәсімі болып табылады.
5. Жаттықтырушылар мен спорт төрешілері төрт жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
6. Жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін аттестаттау үшін федерацияға мынадай құжаттар беріледі:
1) аттестаттаудан өту туралы ерікті түрде жазылған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қызметі мен дене шынықтыру және спорт саласындағы қол жеткізген нәтижелерін көрсетететін мінездеме;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
5) спорттық дәрежесі берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Жаттықтырушылар мен спорт төрешілері кезекті аттестаттаудан өту туралы өтінішті федерацияға аттестаттау мерзімі өткенге дейін бір ай бұрын береді.
7. Жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін аттестаттаудан өткізу үшін федерациялар Аттестаттау комиссияларының құрамын бекітеді.
Аттестаттау комиссиясы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның өкілі, сондай-ақ біліктілік санаттары бар жаттықтырушылар мен спорт төрешілері кіретін бес мүшеден тұрады.
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қатарынан ашық дауыс беру арқылы төраға сайланады.
Аттестаттау комиссиясының жұмысын дауыс беру құқығы жоқ хатшы қамтамасыз етеді.
8. Аттестаттау комиссиясының отырысы тоқсан сайын жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін аттестаттаудан өткізу туралы өтініштердің түсуіне қарай және Аттестаттау комиссиясының кемінде үш мүшесі болғанда өткізіледі.
9. Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін басқаның ауыстыруына рұқсат берілмейді.
10. Аттестаттау комиссиясы ашық дауыс беру арқылы комиссия мүшелерінің көп дауысымен шешім қабылдайды, ол хаттамамен рәсімделеді және Аттестаттау комиссиясының отырысқа қатысушы мүшелері мен хатшы қол қояды.
2. Аттестаттау жүргізу тәртібі
11. Аттестаттау мыналарды қамтиды:
1) дайындық;
2) әңгімелесу;
3) шешім шығару;
4) аттестаттау туралы куәлік беру;
12. Аттестаттау өткізуге дайындық барысында қажетті құжаттардың болуы тексеріледі, аттестаттау өткізу кестесі бекітіледі, аттесталатын адамдардың тізімі жасалады, аттесталатын адамдардың жеке істері мен әңгімелесу өткізуге арналған сұрақтар жасалады.
Аттестаттау өткізу кестесі мен аттесталатын адамдар тізімін федерациялар өз веб-сайттарында жариялайды.
13. Әңгімелесуде жаттықтырушылар мен спорт төрешілеріне тиісті спорт түрлері саласындағы сұрақтар, ал жаттықтырушылар үшін қауіпсіздік техникасы ережелерін білуіне қосымша сұрақтар беріледі.
14. Әңгімелесу өткізу кезінде аттестатталушыға тиісті спорт түрі бойынша оның кәсіби және біліктілік дайындығы мәселелерінде құзыреттілігінің деңгейін айқындауға бағытталған сұрақтар беріледі.
15. Әңгімелесу нәтижесі бойынша Аттестаттау комиссиясы мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) аттестатталды;
2) аттестатталған жоқ;
3) қайта аттестаттауға жатады.
16. Аттестаттау комиссиясының әңгімелесудің өтуі туралы шешімі осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда аттестациялау парағында көрініс табатын хаттамамен рәсімделеді.
17. Аттестаттаудан өткен жаттықтырушылар мен спорт төрешілеріне осы Қағиданың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін аттестаттау туралы куәлік беріледі.
18. Аттестаттау туралы куәлік Аттестаттау комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде беріледі.
19. Федерациялар аттестатталған жаттықтырушылар мен спорт төрешілерінің есебін жүргізеді.
Аттестаттау туралы берілген куәлікті Аттестаттау комиссиясының хатшысы Аттестатталған жаттықтырушылар мен спорт төрешілері тізілімінде осы Қағиданың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес нысанда тіркейді.
Аттестатталған жаттықтырушылар мен спорт төрешілерінің тізілімдері байланады және федерацияның мөрімен бекітіледі.
Аттестаттау туралы куәлік нөмірі Аттестатталған жаттықтырушылар мен спорт төрешілерінің тізілімін толтырудың реттік нөмірімен сәйкес келеді.
20. Аттестаттау туралы куәлік төрт жыл мерзімге беріледі.
21. Аттестаттаудан өтпей қалған жаттықтырушылар мен спорт төрешілері аттестаттау өткізілген күннен бастап кемінде үш ай ішінде осы Қағидада белгіленген тәртіпте қайта аттестаттаудан өтеді.
Жаттықтырушыларға және
спорт төрешілеріне аттестаттау
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Аттестациялық парақ
Аттестацияның түрі: бастапқы - ; кезекті - ; қайта-
(керектісін Х белгісімен белгілеу)
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
2. Туылған жылы «____» _______________ 20___ жыл
3. Білімі, біліктілігін арттыру, қайта даярлау туралы мәліметтер
(қашан және қандай оқу орнын бітірді, білімі бойынша мамандығы және
біліктілігі, біліктілігін арттырғаны туралы құжаттар)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Атқаратын қызметі және тағайындалған уақыты
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Жалпы еңбек өтілі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Аттестациялық комиссия мүшелері айтқан ескертулер мен ұсыныстар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Аттестациядан өтушінің пікірі:

8. Дауыс беру нәтижесі бойынша аттестациядан өтуші қызметінің бағасы:
1) аттестацияланды (дауыстар саны)
_____________________________________________________________________
2) аттестациядан өтпеді (дауыстар саны)
_____________________________________________________________________
3) қайта аттестациядан өтуі тиіс (дауыстар саны)
_____________________________________________________________________
Аттестация парағымен таныстым:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(аттестациядан өтушінің қолы)
Аттестация өткен уақыт "____" ______________ 20___ жыл
Аттестациялық комиссияның төрағасы: __________________
(қолы)
Аттестациялық комиссияның мүшелері: __________________
(қолы)
__________________
(қолы)
__________________
(қолы)
Аттестациялық комиссияның хатшысы: _________________
(қолы)
Ұйымның мөріне арналған орын
Жаттықтырушыларға және
спорт төрешілеріне аттестаттау
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Жаттықтырушыны аттестаттау туралы куәлік № _____
____________________________ берілді, ол ___________________________
(аты, жөні) (спорт түрі)
бойынша жаттықтырушы аттестациясынан өтті
Аттестациялық комиссияның 20_ жылғы «__»______________ №__ хаттамасы
Куәлік 20__жылғы «__»______________ 20__жылғы «__»____________дейін
жарамды
Аттестациялық
комиссияның төрағасы __________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты)
Хатшы __________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты)
______________«__»_____________20___жыл
Ұйымның мөріне арналған орын
Жаттықтырушыларға және
спорт төрешілеріне аттестаттау
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Спорт төрешісін аттестаттау туралы куәлік № _____
______________________________ берілді, ол _________________________
(аты, жөні) (спорт түрі)
бойынша спорт төрешісі аттестациясынан өтті.
Аттестациялық комиссияның 20__жылғы «__»__________ хаттамасы
Куәлік 20__жылғы «__»__________ 20___ жылғы «___» _______дейін
жарамды
Аттестациялық
комиссияның төрағасы __________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты )
Хатшы _____________________________
(аты, тегі, әкесінің аты)
____________________ «__»_____________20__жыл
Ұйымның мөріне арналған орын
Жаттықтырушыларға және
спорт төрешілеріне аттестаттау
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Аттестатталған жаттықтырушылар тізілімі
№№ р/р |
Т.А.Ә |
Спорт түрі |
Аттестаттау комиссиясы отырысының өткізілген күні, хаттама нөмірі |
Жаттықтырушыларды аттестаттау туралы куәлік нөмірі (берілген күні мен жылы) |
Аттестатталушы ның қолы |
Жаттықтырушыларға және
спорт төрешілеріне аттестаттау
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Аттестатталған спорт төрешілерінің тізілімі
№№ р/р |
Т.А.Ә |
Спорт түрі |
Аттестаттау комиссиясы отырысының өткізілген күні, хаттама нөмірі |
Спорт төрешілерін аттестаттау туралы куәлік нөмірі (берілген күні мен жылы) |
Аттестатталушының қолы |