"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 23 қазанда № 9824 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 Қаулысының 2-тармағының 5) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 Қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже);

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ереже бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті, тиісті облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаментері осы бұйрықтың жүзеге асырылуы бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі Т.Ахсамбиевке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін, осы бұйрықпен бекітілген Ереженің 14-тармағының 7), 8), 16) және 17)-тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

В.Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 20 қазандағы
№ 62 бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық
реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік
мекемесінің ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.07.2016 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасы Энергетика министрімен келісе отырып, Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.

      8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, ғимарат № 8.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.10.2017 № 668-ж (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Комитеттің толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение "Комитет экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан".

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

      12. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттемелерді орындау мәні бойынша Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Комитетке табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы ұсынылса, онда ондай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің табысына бағытталады.

2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен
міндеттері

      13. Комитеттің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

      1) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;

      2) қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін өз құзыреті шегінде жетілдіру;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу;

      4) эмиссияларды ұйымдастыру, үйлестіру, нормалау және экологиялық рұқсаттарды беруді жүзеге асыру;

      5) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру.

      14. Комитеттің негізгі функциялары:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

      3) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      4) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      5) ведомствоның өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау функцияларын жүзеге асырады;

      6) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      7) өз құзыреті шегінде лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;

      8) рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;

      9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      10) құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар береді және оларда қоршаған ортаға эмиссияға арналған лимиттерді белгілейді;

      11) кешенді экологиялық рұқсаттар береді;

      12) өз құзыретінің шегінде табиғат ресурстарын пайдалану саласында лицензия, рұқсат, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;

      13) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензияны беруді жүзеге асырады (қызметтің кіші түрлері: табиғатты пайдалануды жобалау, шаруашылық және өзге де қызметтердің І санаты үшін нормалау; шаруашылық және өзге де қызметтердің І санаты үшін экологиялық аудит);

      14) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат береді;

      15) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім қабылдайды;

      16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретінің шегінде нормалау және стандарттар жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;

      17) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз етеді;

      ең озық қолжетімді технологиялар тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

      18) Алынып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19) экологиялық қауіпті технологиялар, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;

      20) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерінің және экологиялық талаптардың сақталуына, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына;

      қоршаған орта ластануының салдарын жою жөніндегі шаралардың жүргізілуіне;

      жерді жақсарту, жердің тозуын туғызатын процестер салдарының алдын алу және жою, топырақтың құнарлылығын қайта жаңғырту және сақтау жөніндегі іс-шаралар кешенінің өткізілуіне;

      жерді қайта құнарландыру жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, құрылыстар және өзге де объектілерді салу және реконструкциялау кезінде экологиялық талаптардың сақталуына;

      жерді қайта құнарландыру жөніндегі жобаланған жұмыстарды орындау бөлігінде кәсіпорындар, құрылыстар және өзге объектілерді іске қосу және пайдалану кезінде экологиялық талаптардың сақталуына;

      жердің бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатының алынуын, сақталуын және пайдаланылуына;

      пайдалы қазбалардың қорын өнеркәсіптік өндіруден немесе өзге де бұзушы процестер мен жұмыстардан босаған жерлердің нысаналы мақсатына сәйкес бұдан әрі пайдалануға жарамды жағдайға келтірілуіне;

      қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келісімшарттық шарттардың сақталуына;

      кен орындарының және өзге қоршаған орта объектілерінің бүлінуіне әкеліп соғатын ластанудан, су басудан және техногендік процестерден жер қойнауының сақталуына;

      жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануын және жойылуына;

      жер қойнауын пайдалану және минералды шикізатты қайта өңдеу кезінде экологиялық нормалардың және қағидалардың сақталуына;

      минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдердің сақталуына;

      жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде апаттық немесе өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуына;

      зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуге және сарқынды сулардың жер қойнауына төгілуіне;

      Қазақстан Республикасының континенталдық қайраңында қалдықтарды және басқа материалдарды көму, ұңғымалар мен жабдықтарды консервациялау мен демонтаждау қағидаларының сақталуына;

      су сапасы нормативтерінің сақталуына;

      атмосфералық ауаны қорғау, сондай-ақ климат пен Жердің озон қабатын қорғау мәселелері жөніндегі, оның ішінде көлік және өзге қозғалмалы құралдарды пайдалануға шығарған және пайдаланған кезде техникалық регламенттердің, нормативтердің, қағидалардың және өзге талаптардың сақталуына;

      кәсіпорындарды пайдалануға қосу, қалдықтарды қоймалау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына;

      парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыру кезінде талаптардың сақталуына;

      кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге объектілерді салу, реконструкциялау, пайдалануға қосу және пайдалану кезінде экологиялық талаптардың сақталуына;

      радиоактивті және өзге экологиялық қауіпті заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе өзге жұмыс істеу ережелерін қоршаған орта ластануының алдын алу жөніндегі экологиялық талаптар бөлігінде сақталуына;

      химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау бойынша белгіленген нормалар мен ережелердің сақталуына;

      экологиялық рұқсаттарда белгіленген табиғатты пайдалану шарттарының орындалуына;

      өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандырудың белгіленген нормалары мен қағидаларының сақталуына;

      ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің стационарлық көздері бар және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілердің санитарлық қорғау аймақтарына экологиялық талаптардың сақталуына;

      Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайды, қоршаған орта объектілерінің радиоактивті заттармен ластануының алдын алу жөніндегі жобалық шешімдердің орындалуына;

      тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерінің сақталуына;

      өндірістік экологиялық бақылаудың нормалары мен қағидаларының сақталуына;

      Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен қағидаларының сақталуын;

      мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізудің міндеттілігі туралы және оның шарттарын орындау туралы талаптардың сақталуына;

      міндетті экологиялық аудитті өткізу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі шынайы ақпаратты ұсыну туралы талаптардың сақталуына;

      Қазақстан Республикасының континенталдық қайраңында теңіздік ғылыми зерттеулерді өткізген кезде экологиялық талаптардың сақталуын;

      қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуына;

      технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;

      Ресей Федерациясының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартында көрсетілген талаптардың сақталуына;

      озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауына;

      жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын сақтауына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылуына мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

      21) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      22) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      23) жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      24) әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;

      25) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;

      26) құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;

      27) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      28) шаруашылық және қызметтің экологиялық қауіпті өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      29) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      30) мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;

      31) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;

      32) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулер бағдарламаларын келіседі;

      33) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;

      34) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      35) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттiк құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;

      36) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру салаларында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз етеді;

      37) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Комитет өз құзыреті шегінде:

      1) министрліктерден, ведомстволардан және өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде алады;

      2) кеңесу органы болып табылатын Мемлекеттік экологиялық сараптама жөніндегі Сарапшылық кеңесті құру туралы ұсыныстарды енгізеді;

      3) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттамаларды, талдау нәтижелерін және өзге материалдарды сұрастырады және алады;

      4) Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны және табиғат ресурстарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаларының және болжамдарының жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;

      5) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріне нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, сондай-ақ, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      6) өз құзыреті шегінде халықаралық экологиялық ұйымдармен, шетел заңды тұлғаларымен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады және жүзеге асырады, Қазақстан Республикасымен қабылданған келісімдер мен конвенцияларды, экологиялық бағдарламаларды және жобаларды орындау жөніндегі мемлекетаралық ынтымақтастыққа қатысады;

      7) аумақтық экология департаменттерінің қызметтерін қадағалау және үйлестіру және бақылау бойынша басшылықты жүзеге асырады;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен бекітілген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

      16. Комитеттің міндеттеріне мыналар кіреді:

      1) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

      2) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салған ретте қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

      3) Комитет қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге;

      4) Министрлік басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізу.

      5) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, олардағы сын ескертпелердi талдау және қорыту, жұмысты жетiлдiру әрi жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептердi жою мақсатында қоғамдық пiкiрдi зерделеу.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      17. Комитеттің басшылығы Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.

      18. Комитетті Қазақстан Республикасы Энергетика министрі қызметке тағайындайтын және босататын Төраға басқарады.

      19. Комитет төрағасы Комитет төрағасының ұсынысы бойынша Министрліктің Жауапты хатшысымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарларға ие.

      20. Комитетпен қабылданатын шешімдер Комитет Төрағасының бұйрығымен рәсімделеді.

      21. Комитет Төрағасының өкілеттері:

      1) заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлерін, Төрағаның орынбасарларын қоспағанда, лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      2) заңнамада бекітілген тәртіпте Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдары - экология департаменттері басшыларының орынбасарларын іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта дая рлау), біліктілік арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру мәселелерін, сонымен қатар тәртіптік жауапкершіліктерін шешеді;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшін жеке жауапкершілік артады;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде Комитеттің атынан түседі;

      5) Министрлігінің жауапты хатшысына Комитеттің және оның аумақтық органдарының құрылымы мен штаттық санын өзгерту туралы ұсыныстарды енгізеді;

      6) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдерді қабылдайды;

      7) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      22. Төраға болмаған кезенде оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      23 Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан мемлекеттік органдарға және Министрлігінің құрылымдық бөлімдерімен жіберілетін құжаттарға Комитет басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

4. Комитеттің мүлкі

      24. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығармайды немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етпейді.

      27. Комитеттің осы Ереженің қосымшасында көрсетілген тізімге сәйкес аумақтық органдары бар.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлігінің Экологиялық реттеу және
бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік
мекемесінің ережесіне қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдардың тізбесі

      1) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      9) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      10) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      11) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      12) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      13) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      14) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      15) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      16) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 20 қазандағы
№ 62 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық
реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Астана және
Алматы қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті
туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.07.2016 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ереже

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып Экология департаменті (бұдан әрі - Департамент) табылады, ол экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтарына, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан және егер уәкілеттік берілсе, Комитеттің атынан түседі.

      5. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар түріндегі актілер шығарады.

      6. Аумақтық органның құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жауапты хатшысымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрімен келісе отырып бекітіледі.

      7. Аумақтық органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің _________________________ бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде - Республиканское государственное учреждение "Департамент экологии по _________________________ Комитета экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан".

      8. Департаменттің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, ___________________________.

      9. Департаменттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      10. Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      11. Департаментке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне жол берілмейді.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
және міндеттері

      12. Департаменттің негізгі міндеттері болып келесілер табылады:

      1) қоршаған орта сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне жету;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды, шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында экологиялық талаптар нормативтерінің сақталуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;

      3) табиғат пайдаланушылардың өндірістік экологиялық бақылау жүргізуін үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;

      4) өз құзыреті шегінде экологиялық ақпараттарды жинау және таратуды ұйымдастыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ағарту жүйесін дамыту;

      5) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау салаларындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық орнату;

      6) өз құзыреті шегінде аумақтық деңгейде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыруды, заңнамада белгіленген тәртіпте экологиялық рұқсаттарды беру.

      13. Департамент келесі функцияларды жүзеге асырады:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

      3) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      4) департаменттың өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау функцияларын жүзеге асырады;

      5) өз құзыреті шегінде рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;

      6) қоғамдық тыңдалымдарға қатысады;

      7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;

      8) құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар береді және оларда қоршаған ортаға эмиссияға арналған лимиттерді белгілейді;

      9) өз құзыреті шегінде табиғат ресурстарын пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;

      10) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы ұсыныс жасайды;

      11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретінің шегінде нормалау және стандарттар жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;

      12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз етеді;

      13) Алынып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерінің және экологиялық талаптардың сақталуын, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын;

      қоршаған орта ластануының салдарын жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін;

      жерді жақсарту, жердің тозуын туғызатын процестер салдарының алдын алу және жою, топырақтың құнарлылығын қайта жаңғырту және сақтау жөніндегі іс-шаралар кешенінің өткізілуін;

      жерді қайта құнарландыру жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, құрылыстар және өзге де объектілерді салу және реконструкциялау кезінде экологиялық талаптардың сақталуын;

      жерді қайта құнарландыру жөніндегі жобаланған жұмыстарды орындау бөлігінде кәсіпорындар, құрылыстар және өзге объектілерді іске қосу және пайдалану кезінде экологиялық талаптардың сақталуын;

      жердің бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатының алынуын, сақталуын және пайдаланылуын;

      пайдалы қазбалардың қорын өнеркәсіптік өндіруден немесе өзге де бұзушы процестер мен жұмыстардан босаған жерлердің нысаналы мақсатына сәйкес бұдан әрі пайдалануға жарамды жағдайға келтірілуін;

      қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келісімшарттық шарттардың сақталуын;

      кен орындарының және өзге қоршаған орта объектілерінің бүлінуіне әкеліп соғатын ластанудан, су басудан және техногендік процестерден жер қойнауының сақталуын;

      жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануын және жойылуын;

      жер қойнауын пайдалану және минералды шикізатты қайта өңдеу кезінде экологиялық нормалардың және қағидалардың сақталуын;

      минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдердің сақталуын;

      жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық немесе өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын;

      зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуге және сарқынды сулардың жер қойнауына төгілуін;

      Қазақстан Республикасының континенталдық қайраңында қалдықтарды және басқа материалдарды көму, ұңғымалар мен жабдықтарды консервациялау мен демонтаждау қағидаларының сақталуын;

      су сапасы нормативтерінің сақталуын;

      атмосфералық ауаны қорғау, сондай-ақ климат пен Жердің озон қабатын қорғау мәселелері жөніндегі, оның ішінде көлік және өзге қозғалмалы құралдарды пайдалануға шығарған және пайдаланған кезде техникалық регламенттердің, нормативтердің, қағидалардың және өзге талаптардың сақталуын;

      кәсіпорындарды пайдалануға қосу, қалдықтарды қоймалау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын;

      парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыру кезінде талаптардың сақталуын;

      кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге объектілерді салу, реконструкциялау, пайдалануға қосу және пайдалану кезінде экологиялық талаптардың сақталуын;

      радиоактивті және өзге экологиялық қауіпті заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе өзге жұмыс істеу ережелерін қоршаған орта ластануының алдын алу жөніндегі экологиялық талаптар бөлігінде сақталуын;

      химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау бойынша белгіленген нормалар мен ережелердің сақталуын;

      экологиялық рұқсаттарда белгіленген табиғатты пайдалану шарттарының орындалуын;

      өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандырудың белгіленген нормалары мен қағидаларының сақталуын;

      ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің стационарлық көздері бар және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілердің санитарлық қорғау аймақтарына экологиялық талаптардың сақталуын;

      Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайды, қоршаған орта объектілерінің радиоактивті заттармен ластануының алдын алу жөніндегі жобалық шешімдердің орындалуын;

      тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерінің сақталуын;

      өндірістік экологиялық бақылаудың нормалары мен қағидаларының сақталуын;

      Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуын;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен қағидаларының сақталуын;

      мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізудің міндеттілігі туралы және оның шарттарын орындау туралы талаптардың сақталуын;

      міндетті экологиялық аудитті өткізу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі шынайы ақпаратты ұсыну туралы талаптардың сақталуын;

      Қазақстан Республикасының континенталдық қайраңында теңіздік ғылыми зерттеулерді өткізген кезде экологиялық талаптардың сақталуын;

      қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуын;

      технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптардың сақталуын;

      Ресей Федерациясының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартында көрсетілген талаптардың сақталуын;

      озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауына;

      жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын сақтауына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылуына мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

      15) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      16) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      17) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      18) әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;

      19) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;

      20) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;

      21) шаруашылық және қызметтің экологиялық қауіпті өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      22) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      23) мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;

      24) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;

      25) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;

      26) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      27) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттiк құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;

      28) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Департамент өз құзыреті шегінде:

      1) министрліктерден, ведомстволардан және өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде алады;

      2) кеңесу органы болып табылатын Мемлекеттік экологиялық сараптама жөніндегі Сарапшылық кеңесті құру туралы ережені бекітеді;

      3) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттамаларды, талдау нәтижелерін және өзге материалдарды сұрастырады және алады;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен бекітілген өзге құқықтарды жүзеге асырады.

      15. Департаменттің міндеттеріне мыналар кіреді:

      1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

      2) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салған ретте қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

      3) Департмент қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;

      4) Комитет басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізу;

      5) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, олардағы сын ескертпелердi талдау және қорыту, жұмысты жетiлдiру әрi жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептердi жою мақсатында қоғамдық пiкiрдi зерделеу.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық инпектордың құқықтарын иеленеді.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

      17. Департаментті Қазақстан Республикасының Энергетика министрімен келісе отырып, Төрағаның ұсынысы бойынша Министрліктің Жауапты хатшысымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Басшы басқарады.

      Департамент Басшысы болмаған жағдайда оның міндетін орындау орынбасарға немесе Комитеттің және/немесе оның аумақтық бөлімшелерінің кез-келген қызметкеріне Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығына сәйкес жүктеледі.

      18. Департаменттің Басшысына демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру мәселелері Комитет Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жауапты хатшысының бұйрығымен рәсімделеді.

      19. Басшының, Комитет Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жауапты хатшысымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары бар.

      Тиісті облыстардың/Астана және Алматы қалаларының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары Департамент Басшысының орынбарлары болып табылады.

      20. Департамент Басшысы Департаменттің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілік артады.

      21. Департамент Басшысы осы мақсаттарда:

      1) өзінің орынбасарының және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттерін анықтайды;

      2) Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Департамент басшысының орынбасарын қоспағанда, Департамент қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады және мадақтау шараларын қолданады;

      4) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады;

      5) Заңнамада белгіленген тәртіппен өзге де мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Департаменттін мүддесін ұсынады;

      6) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен экологиялық сарапшылық комиссияларын, топтарын құрады, жұмысқа қатысуға отандық және шетелдiк мамандарды тартады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттері бар;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      8) Департаменттің бұйрықтарына қол қояды.

4. Департаменттің мүлкі

      22. Департамент жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие. Департаменттің мүлкі оған мемлекет, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атынан берілген мүліктің, сондай-ақ олардың құны департаменттің теңгерімінде көрсетілетін негізгі қор және айналым қаражаттарынан, сондай-ақ өзге мүліктің есебінен қалыптасады.

      23. Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығармайды немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етпейді.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.