"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика ми

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 324 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9824 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже);

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ереже бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      14-тармақта:

      18) тармақша алып тасталсын;

      20) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауына;

      жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын сақтауына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылуына мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;";

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру салаларында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз етеді;";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, олардағы сын ескертпелердi талдау және қорыту, жұмысты жетiлдiру әрi жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептердi жою мақсатында қоғамдық пiкiрдi зерделеу.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ережеде:

      13-тармақта:

      13) тармақша алып тасталсын;

      14) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауына;

      жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын сақтауына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылуына мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, олардағы сын ескертпелердi талдау және қорыту, жұмысты жетiлдiру әрi жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептердi жою мақсатында қоғамдық пiкiрдi зерделеу.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, тиісті облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары – Экология департаменттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың жүзеге асырылуы бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойған күннен бастап бір апта мерзім ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрыққа қол қойған күннен бастап бір ай мерзім ішінде Астана қаласының Әділет департаментін бұйрықтың көшірмесін қоса беріп хабардар етуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев