"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика мин

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 25 шілдедегі № 341 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жыл ғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми дәрежелерді беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережесі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Ғылыми дәрежелерді беру қағидалары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелерді беру Қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы А.А. Пірімқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      _____________Ж.Қ. Асанов

      3 қыркүйек 2016 жыл


      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт

      Министрінің м.а.

      __________Ғ.А. Ахмедьяров

      25 шілде 2016 жыл


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт

      министрі

      __________А. Мұхамедиұлы

      ___________20___ жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      _____________И.Н.Тасмағамбетов

      10 тамыз 2016 жыл


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ________________В.З. Жұмақанов

      1 тамыз 2016 жыл


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрінің м.а.,

      полиция генерал-лейтенанты

      ________________М.Г. Демеуов

      27 шілде 2016 жыл



  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 шілдедегі
№ 468 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 127 бұйрығына
1-қосымша

Ғылыми дәрежелерді беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғылыми дәрежелерді беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Ғылым туралы" Заң) 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аттестациялық іс - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін ұсынылатын құжаттар топтамасы;

      2) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

      3) диссертация - философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасының шеңберінде нақты мамандық бойынша Қазақстан Республикасында немесе шетелде қорғалған біліктілікті айқындайтын ғылыми жұмыс;

      4) Сараптау кеңесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) жанындағы диссертацияның Қағида талаптарына сәйкестігін сараптайтын консультативтік-кеңесші орган;

      5) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, "Білім туралы" Заңында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

      3. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін Комитет тиісті ғылыми бағыт бойынша Сараптау кеңесінің осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыларын ескере отырып береді.

2-тарау. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор
дәрежелерін беру тәртібі

      4. Диссертация ғылыми дәрежелері (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері бар және докторанттың ғылыми зерттеулері саласындағы маман болып табылатын отандық және шетелдік ғылыми консультанттардың жетекшілігімен орындалады.

      Мемлекеттік құпиялары бар диссертация ғылыми дәрежелері (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері бар және докторанттың ғылыми зерттеулері саласындағы маман болып табылатын не ғылыми-педагогикалық жұмысының тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем емес полковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы бар және докторанттың ғылыми зерттеулері саласында ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын екі отандық ғылыми консультанттың жетекшілігімен орындалады.

      Диссертацияның тақырыбы (бекіту күніне) "Ғылым туралы" Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия қалыптастыратын ғылымның даму бағыттарына және/немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес болуы тиіс (Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тануға ұсынылған диссертациялардан басқа).

      5. Диссертация өзі жазу, ішкі бірлік, ғылыми жаңашылдық, дәйектілік, практикалық құндылық пен академиялық адалдық принциптері сақтала отырып орындалады.

      Өзі жазу принципі диссертацияны докторанттың өзі жазуын және диссертация авторының ғылымға, техника мен технологиялардың дамуына қосқан жеке үлесін танытады.

      Ішкі бірлік принципі диссертацияның ішкі бірлігінің болуын, диссертацияның барлық бөлімдері мен ережелері логикалық түрде өзара байланысты болуын; ғылыми ережелер, алынған нәтижелер мен ұсынымдар диссертацияда қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуын танытады. Автор ұсынған жаңа шешімдер (қағидаттар, әдістер) дәлелденіп, бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырылып бағаланады.

      Ғылыми жаңашылдық принципі диссертацияның ғылыми нәтижелері, ережелері, ұсынымдары мен қорытындыларының жаңа болуын білдіреді және диссертация:

      жиынтығы жаңа ғылыми жетістік ретінде белгіленген немесе нақты ғылыми бағыттардың дамуы үшін аса маңызды жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелерді;

      не енуі ел экономикасын дамытуға маңызды үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, технологиялық, экономикалық немесе басқару шешімдерін қамтиды.

      Дәйектілік принципі диссертация жұмысының нәтижелері компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістері мен деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістемелерін пайдалана отырып алынғанын білдіреді (егер қолданылса); жаратылыстану, техникалық, медициналық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша орындалған диссертациялар үшін теориялық қорытындылар, модельдер, анықталған өзара байланыстар және заңдылықтар эксперименттік зерттеулермен дәлелденеді және расталады; "Білім беру" тобының мамандықтары үшін нәтижелер педагогикалық эксперимент негізінде дәлелденеді (егер қолданылса).

      Диссертацияның практикалық құндылығының принципі қолданбалы мәні бар диссертацияда авторлық куәліктермен, патенттермен, зияткерлік меншік куәліктерімен, өндіріске ену актілерімен және басқа да ресми құжаттармен расталған автордың қол жеткізген ғылыми нәтижелерінің практикада қолданылуы туралы мәліметтер, ал теориялық мәнге ие диссертацияда ғылыми тұжырымдарды пайдалану жөнінде ұсынымдар келтірілуін танытады.

      Академиялық адалдық принципі диссертация авторының басқа авторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауын және диссертацияда авторы мен дереккөзі көрсетілмеген бөтен материалдың болмауын, сондай-ақ оның бөтен мәтінді мағынасын өзгертпей, ондағы сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік ауыстыра отырып (бұдан әрі - плагиат) пайдаланбауын білдіреді. Плагиатты табу мүмкіндігін азайту немесе жою мақсатында техникалық құралдар мен әдістерді қолдануға да жол берілмейді.

      6. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін алуға ұсынылған диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелері диссертация қорғауға дейін диссертация тақырыбы бойынша кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде: кем дегенде 3 (үш) мақала Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 121) тармақшасына сәйкес уәкілетті органы бекітетін Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне (бұдан әрі – басылымдар Тізбесі) кіретін ғылыми басылымдарда; 1 (бір) мақала рецензияланатын халықаралық ғылыми журналда; 3 (үш) халықаралық конференция материалдарында немесе тезистерінде, оның ішінде 1 (бір) мақала шетелдік конференция материалдарында жарияланады.

      Рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар даярлану бағытына байланысты ескеріледі, атап айтқанда:

      1) Жараталыстану ғылымдары, Техника ғылымдары және технологиялар, Медицина, Ауыл шаруашылығы ғылымдары мамандықтары тобы бойынша Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) а қпараттық компаниясының деректер базасында нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus, Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysical journal деректер базасына кіретін басылымдарда;

      2) қалған мамандықтар тобы үшін Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) а қпараттық компаниясының деректер базасы бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus, JSTORE деректер базасына кіретін басылымдарда.

      Мақалалар журналдардың аталған базаларда индекстелу мерзімінде ағымдағы нөмірлерінде жариялануы және мазмұны базаларда көрсетілген журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келуі қажет. Аталған базаларда индекстелген конференция материалдарындағы жарияланымдар халықаралық конференциялар материалдары ретінде саналады.

      Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының деректер базасына енгізілген шетелдік патенттер рецензияланатын халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланымдар ретінде саналады.

      "Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына сәйкес соңғы 3 (үш) жылда талантты жас ғалымдар үшін мемлекеттік ғылыми стипендия немесе ғылым саласындағы сыйлық алған тұлғалар үшін рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы жарияланымдар талап етілмейді.

      Мемлекеттік құпиялары бар диссертация қорғалған жағдайда, диссертацияның негізгі нәтижелері диссертация тақырыбы бойынша кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 4 (төрт) мақала басылымдар Тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда жарияланады.

      Шетелде алған ғылыми дәрежесінің баламалылығын тануға құжаттарын ұсынған тұлғалар үшін аттестациялық ісі Комитетке тапсырылған сәтте жарияланған ғылыми еңбектер ескеріледі. Бұл ретте диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымы, оның ішінде кемінде 3 (үш) мақала басылымдар Тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда не/немесе 3 (үш) мақала шетелдік ғылыми басылымдарда; 1 (бір) мақала рецензияланатын халықаралық ғылыми басылымда және 3 (үш) халықаралық конференция материалдарында, оның ішінде 1 (бір) мақала шетелдік конференция материалдарында жариялануы тиіс. Рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес есептеледі.

      7. Диссертацияда:

      1) бастапқы толық деректерді көрсете отырып, цитата алынған материалдардың немесе жекелеген нәтижелердің көздеріне;

      2) дербес немесе өзге авторлармен бірлесіп алынған әзірлемелерге арналған қорғау құжаттарына;

      3) дербес немесе өзге авторлармен бірлесіп орындалған диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстарға сілтеме жасалады.

      Докторант авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен материалды пайдаланған жағдайда (бұдан әрі - плагиат), диссертациялық кеңес немесе Комитет қайта қорғау құқығынсыз теріс шешім қабылдайды.

3-тарау. Диссертациясын Қазақстан Республикасында қорғаған
тұлғаларға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор
дәрежелерін беру

      8. Диссертациялық кеңестің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген) бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің (бұдан әрі - Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже) 20-тармағына сәйкес Комитетке ұсынатын аттестациялық істердің қаралу мерзімі олардың Комитетте тіркелген күнінен бастап 4 (төрт) айды құрайды. Докторант Сараптау кеңесінің отырысына шақырылса, аттестациялық істі қарау мерзімі 1 (бір) айға созылады. Қарау мерзімінің созылғаны туралы Комитет диссертациялық кеңеске созылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      Докторанттық жеке арызы (ерікті нысанда) немесе диссертациялық кеңестің қолдау хаты (ерікті нысанда) болған жағдайда аттестациялық іс Комитеттің қаралуынан алынады.

      9. Диссертациялардың Қағида талаптарына сәйкестігін тиісті мамандықтар топтары бойынша Сараптау кеңесінің Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысында ұсынатын тиісті қорытындылары негізінде Комитет белгілейді.

      10. Сараптау кеңестері мамандықтар тобының тиісті бағыттары бойынша құрылады.

      Сараптау кеңестерінің құрамына ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері бар, соңғы 5 (бес) жылда рецензияланатын халықаралық ғылыми басылымдарда соңғы 5 (бес) жылда кемінде 5 (бес) жарияланымы немесе авторлық куәліктері, патенттері, зияткерлік меншік куәліктері немесе уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 10 (он) жарияланымы бар мамандар кіреді. Сараптау кеңестерінің құрамына жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) және ғылыми ұйымдардың басшылары, мемлекеттік қызметшілер және диссертациялық кеңестердің төрағалары кірмейді.

      Мамандар Қағиданың осы тармағының талаптарына сәйкес болған жағдайда, Комитет Сараптау кеңестерінің құрамын 3 (үш) жыл мерзімге бекітеді. Бір Сараптау кеңесінің құрамына кемінде 7 (жеті) адам кіреді. Сараптау кеңестерінің мүшелері өздерінің функцияларын қатарынан 2 (екі) мерзімнен артық орындай алмайды. 1 (бір) жылда Сараптау кеңесінің отырыстарында 3 ретттен артық болмаған немесе өз міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда, Сараптау кеңесінің мүшесі Сараптау кеңесінің құрамынан шығарылады.

      Сараптау кеңесінің құрамында бір ұйымның өкілдері болып табылмайтын төраға, төрағаның орынбасары және ғалым хатшы тағайындалады.

      11. Сараптау кеңесінің функциялары:

      1) аттестациялық істер және диссертациялардың Қағиданың және Үлгі ереженің талаптарына сәйкестігін сараптау;

      2) диссертацияның ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылымдардың тізбесін сараптау;

      3) диссертациялық кеңестер жұмысын талдау;

      4) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор даярлауды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды қарау және ұсынымдар дайындау.

      12. Сараптау кеңесінің отырысы сараптау кеңесі төрағасының, ол болмаған жағдайда төраға орынбасарының басшылығымен өтеді.

      Сараптау кеңесінің отырысы бекітілген құрамының кемінде 2/3-сі (үштен екісі) болған жағдайда заңды болып саналады.

      Егер ашық дауыс беру кезінде кеңес мүшелерінің отырысына қатысушылардың 3/4-і дауыс берсе, қорытындылар мен ұсынымдар қабылданған болып есептеледі. Ғылымның бірнеше саласын қамтитын тақырыптар бойынша орындалған диссертацияларды тиісті Сараптау кеңестері қарайды.

      Сараптау кеңесі мүшелерінің қатысуы осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес келу парағымен расталады.

      Сараптау кеңесінің жұмыс материалдары Комитетте сақталады.

      13. Сараптау кеңесінде докторанттың, ізденушінің зерттеулері саласында маман болмаған жағдайда, Сараптау кеңесі диссертацияны ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар сыртқы сарапшыға жібереді. Сондай-ақ Сараптау кеңесі шешімінің негізінде докторант Сараптау кеңесінің отырысына шақырылады.

      14. Комитет Сараптау кеңесі қорытындысының негізінде докторантқа философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру/беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және тиісті бұйрық шығарады.

      Докторант Сараптау кеңесінің диссертация бойынша теріс қорытындысымен Комитеттің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешімі қабылданғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде танысады.

      15. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беруден бас тартылған жағдайда, докторант диссертацияны алдыңғы қорғаудан кем дегенде бір жылдан кейін қайта қорғауға ұсынады.

      Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде белгіленген диссертация қорғау рәсімінің бұзылғаны анықталған жағдайда, Сараптау кеңесі шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде аттестациялық іс диссертацияны Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде белгіленген тәртіппен қайта қорғау үшін қайтарылады.

      16. Теріс шешім қабылданған жағдайда, Комитеттің және диссертация дайындалған ЖОО-ның интернет-ресурстарында осындай шешім қабылдаудың себептері көрсетілген ақпарат, сондай-ақ ғылыми кеңесшілер, диссертациялық кеңес және ресми рецензенттер туралы мәліметтер орналастырылады. Мемлекеттік құпиялары бар диссертация бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда, ақпарат Комитеттің және ЖОО-ның интернет-ресурстарында орналастырылмайды. Диссертацияны қайта қорғаудан кейін Комитет оң шешім қабылдаған жағдайда, теріс шешім туралы ақпарат ЖОО-ның және Комитеттің интернет-ресурстарынан алынады.

      17. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері берілген тұлғаларға "Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 39 бұйрық) бекітілген нысан бойынша мемлекеттік үлгідегі дипломдар беріледі.

      Дәреже беру туралы ақпарат шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитеттің интернет-ресурстарында орналастырылады.

      18. Қазақстан Республикасында Комитет № 39 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша берген дәрежелердің берілген дипломдары танылады.

4-тарау. Диссертациясын шетелде қорғаған тұлғаларға философия
докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру

      19. Ғылыми дәрежелер, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін шетелде алған Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру аталған дәрежелердің баламалылығын тану арқылы жүзеге асырылады. Баламалылықты тану рәсімін осы Қағиданың 20, 21, 22-тармақтарында белгіленген тәртіпте өздерінің жеке өтініштері (ерікті нысанда) және (немесе) үміткер жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты (ерікті нысанда) бойынша Комитет жүргізеді.

      20. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерінің баламалылығын тану рәсімі екі кезеңнен тұрады:

      1) дәреженің берілгені туралы құжаттың түбірін растау;

      2) диссертацияның Қағиданың 4-7 тармақтарына сәйкестігін сараптау.

      21. Шетелде алынған ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері дипломдарының баламалылығын тану келесі санаттар:

      1) аспирантураның, докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге жіберілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтары үшін;

      2) академиялық рейтингтердің топ 500 қатарына (Джао Тонг Шанхай университеті, Таймс, QS) немесе U.S. News and World Report рейтингінің ұлттық университетінің топ 200 қатарына кіретін жоғары оқу орындарында диссертация қорғаған тұлғалар үшін;

      3) "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге оқу үшін ұсынылатын ұйымдардың тізіміне енгізілген Ресей Федерациясының ЖОО-ларында диссертация қорғаған адамдар үшін Қағиданың 20-тармағының 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерсіз жүргізіледі.

      22. Егер шетелде қорғалған диссертацияда мемлекеттік құпиялар болса немесе диссертацияны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік органдары және Ішкі істер министрлігі ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберген тұлға қорғаған жағдайда, баламалылығын тану рәсімі Қағиданың 20-тармағының 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерсіз жүргізіледі.

      "Құпия" белгісін беру және ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберілу фактісі Қағиданың 23-тармағының 12) тармақшасына сәйкес анықтамамен (ерікті нысанда) расталады.

      23. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерінің баламалылығын тану рәсімін өткізу үшін ізденуші мынадай құжаттары бар аттестациялық істі Комитетке ұсынады:

      1) жеке өтініш (ерікті нысанда) және (немесе) ізденуші жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты (ерікті нысанда);

      2) жеке басты куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;

      3) дәреженің берілгені туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмесі немесе дәрежені беру туралы құжаттың нотариалды расталған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы;

      4) мынадай ақпараттары бар дәреженің берілгені туралы құжатқа (транскрипт) қосымшаның нотариалды расталған көшірмесі: өткен оқу пәндері мен практикалардың, алған қорытынды бағалары мен бітіру біліктілік жұмыстарының көлемі. Транскрипт жоқ болған жағдайда өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/не кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі;

      5) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация. Шет тіліндегі диссертацияға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі авторефераттың немесе кеңейтілген аннотацияның (40 мың баспа белгіден кем емес) нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі. Аннотацияда зерттеудің бастапқы деректері, мақсаты, міндеттері, таңдалған тақырыптың өзектілігі, негізгі ғылыми ережелері, қорытындылар мен ұсынымдар көрсетіледі (Қағиданың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін ұсынылмайды);

      6) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар тізімі мен көшірмесі (Қағиданың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін ұсынылмайды);

      7) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аты, жөні, тегінің (болған жағдайда) жазылуы туралы мәлімет;

      8) жұмыс орны растаған 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

      9) диссертацияда авторы мен дереккөзіне сілтемесіз бөтен материалдың пайдаланылғанының тексерілгені туралы "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" АҚ-ның (ерікті нысанда) және диссертация қорғаған елдің уәкілетті органының анықтамасы (ерікті нысанда) (Қағиданың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін ұсынылмайды).

      10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014) болып тіркелген Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диссертацияның есептік карточкасы (Қағиданың 22-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін ұсынылмайды);

      11) "Қазақстан Республикасы Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның аспирантураның, докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге жіберу туралы еркін нысандағы анықтамасы (Қағиданың 21-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін);

      12) Қағиданың 22-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін "құпия" белгісін беру және әскери білім беру арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жүйесіндегі білім беру саласындағы уәкілетті органның ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберуі туралы (ерікті нысанда) анықтама.

      Аттестациялық істерді қарау мерзімі олардың Комитетте тіркелген күнінен бастап 4 (төрт) айды құрайды. Аттестациялық істе көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда, Комитет аттестациялық істі қарамай қайтарады.

      Диссертация сыртқы сарапшыға жіберілген немесе ізденуші Сараптау кеңесінің отырысына шақырылған жағдайда, аттестациялық істің қарау мерзімі 1 (бір) айға созылады. Қарау мерзімінің созылғаны туралы Комитет ізденушіге мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      Аттестациялық іс Комитетте қаралудан ізденушінің жеке өтініші (ерікті нысанда) болған жағдайда алынады.

      24. Аттестациялық іс Қазақстан Республикасы азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға шетелде берілген ғылыми дәрежесін, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін тану туралы қорытынды беретін Сараптау кеңесінде қаралады. Қорытынды Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      25. Сараптау кеңесінің теріс қорытындысы болған жағдайда, Комитет философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы бұйрық шығарады.

      26. Сараптау кеңесінің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру бойынша оң қорытындысының негізінде ғылыми дәрежені, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін шетелде алған Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Комитет № 39 бұйрықпен бекітілген формадағы мемлекеттік үлгідегі философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломын береді.

5-тарау. Апелляцияларды қарау

      27. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруден бас тарту туралы диссертациялық кеңестің және Комитеттің шешіміне оның шыққан күнінен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде докторант, ізденуші апелляцияға бере алады. Апелляция философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған диссертациялық кеңеске немесе Комитетке беріледі. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін апелляция қарауға қабылданбайды.

      28. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру мәселелері бойынша дауларды сотқа дейін реттеу үшін апелляция берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде Комитет құрамы өзінің 2 (екі) өкілінен және ғылыми кеңесші, рецензент, диссертациялық және Сараптау кеңестерінің мүшелері болып табылмайтын тиісті мамандық бойынша 3 (үш) ғалымнан тұратын апелляциялық комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Комиссия құрылған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аттестациялық істің материалдарын қарайды және апелляция нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.

      29. Апелляциялық комиссияның қорытындысы комиссия мүшелерінің көпшілік ашық дауыс беруі негізінде қабылданады және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      30. Комиссия өз қызметінде Қағиданы, Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені басшылыққа алады.

      31. Апелляциялық комиссияның қорытындысына қол қойылған күнінен бастап Комитет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелесін беру/беруден бас тарту туралы тиісті бұйрық шығарады және ол туралы шағымданушыға хабарлайды.

      32. Қағидамен реттелмейтін, оның ішінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруден, апелляцияға беру мерзімін қалпына келтіруден бас тарту мәселелері бойынша даулар сот тәртібінде шешіледі.

  Ғылыми дәрежелерді
беру Қағидасына
1-қосымша

      Нысан

      ______________________________________ бойынша Сараптау кеңесінің

      (ғылым саласы)

      Қорытындысы

      20__ ж. "_______" _________________ № ________________ хаттама

      Тыңдалды:

      ________________________________________________мамандығы бойынша

      тақырыбындағы диссертацияны қорғау негізінде докторант _____________________________________________________________________

      (докторанттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы

      қолдаухат бойынша 20___ ж. “____” _____________ (№ ___ хаттама)

      _____________________________________________________________________

      (диссертациялық кеңестің шешімі туралы)

      № __________ іс.

      Сарапшы ________________________________________ тыңдап және

      істің материалдарын талқылап, Сараптау кеңесі мынаны белгіледі:

      1. Диссертация тақырыбының Қазақстан Республикасында іске

      асырылатын ғылыми дамудың басым бағыттарына және/немесе мемлекеттік

      бағдарламаларға сәйкестігі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Диссертацияны өзі жазу принципінің сақталуы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Диссертацияда ішкі бірлік принципінің сақталуы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Диссертацияда ғылыми жаңашылдық принципінңғ сақталуы,

      негізгі ғылыми нәтижелері

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Диссертацияда дәйектілік принципінің сақталуы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Диссертацияда практикалық құндылығының принципінің сақталуы

      Диссертацияның қолданбалы немесе теориялық мәні бар (керектісін сызу

      қажет).

      Диссертация нәтижелерін енгізу_________________________________

      _____________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік ендіру ауқымы, тәжірибелік-өнеркәсіптік,

      _____________________________________________________________________

      зертханалық сынақтар, оқу процесінде пайдалану)

      _____________________________________________________________________

      Практикаға ендіру үшін ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (авторлық куәліктер, патенттер, алдын ала патенттер, зияткерлік

      меншік туралы куәліктер)

      _____________________________________________________________________

      (ғылыми нәтижелерді пайдалану жөнінде теоретикалық ұсыныстар)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ________________________________________________ұсынылады.

      7. Жарияланымдар толықтығының сәйкестігі: диссертация тақырыбы

      бойынша _______ ғылыми еңбек, оның ішінде:

      _______ Комитет ұсынатын басылымдарда;

      _______ Томсон Рейтер компаниясының ақпараттық базасының

      деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus,

      Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysical journal

      деректер базасына JSTORE компаниясының деректер базасына кіретін

      халықаралық ғылыми журналдарда;

      _______ халықаралық конференциялар материалдарында, оның ішінде

      _______ шетелдік конференциялар материалдарында

      _______ басқа жарияланымдар.

      8. Рецензенттер мен ғылыми кеңесшілердің бір-біріне тәуелсіздік

      қағидасының сақталуы ________________________________________________

      Аттестациялық іс материалдарының Диссертациялық кеңес туралы

      үлгі ереже мен Қағида талаптарына сәйкестігін бағалау _______________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      9. Диссертацияда авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен

      материалды пайдаланғанының (плагиат) анықталуы

      _____________________________________________________________________

      (бар немесе жоқ)

      Плагиат болған жағдайда пайдаланған дереккөзін көрсетілген

      салыстырмалы кесте қоса беріледі.

      10. Диссертациялық кеңеске ескертулер__________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      11. Сараптау кеңесі Қаулы етеді:

      11.1 Іс Қағиданың және Диссертациялық кеңес туралы үлгі

      ереженің барлық талаптарын _________________________________________.

       (қанағаттандырады немесе қанағаттандармайды)

      11.2 Комитет докторант ________________________________________

       (докторанттың Т.А.Ә (болған жағдайда).)

      ____________________________________________________мамандығы бойынша

      _____________________________________________________________________

      философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруді

      _____________________________________________________________________

      (ұсынады немесе ұсынбайды)

      _____________________________________________________________________

      Дауыс беру нәтижелері: "жақтап" дауыс бергені ____________

      "қарсы" _________________

      "қалыс қалғаны" ____________

      Төраға ______________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда).)

      Ғалым хатшы ______________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда).)

  Ғылыми дәрежелерді
беру Қағидасына
2-қосымша

      Нысан

      "Бекітемін"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      Білім және ғылым саласындағы

      бақылау комитетінің төрағасы

      ____________________________

      20__ ж. " ___"_____

____________________сараптау кеңесінің келу парағы

       20___ ж. " ___"_____

Тегі, а.ә (болған жағдайда).

Сараптау объектісі, қорытындылар саны

Сағат саны

Сараптау кеңесі мүшесінің қолы

Сараптау кеңесі төрағасының қолы

қорытындылар

жұмысқа қатысу, сағат





























  Ғылыми дәрежелерді
беру Қағидасына
3-қосымша

      Нысан

      ______________________________________ бойынша Сараптау кеңесінің

      (ғылым саласы)

      Қорытындысы

      20__ ж. "_______" _________________ № ________________ хаттама

      Тыңдалды:

      ___________________________________________________ мамандығы бойынша

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________елде алған

      (мемлекет, ұйым)

      _____________________________________________________________________

      (ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі -Т.А.Ә (болған

      жағдайда).)

      _________________________________ дәреженің баламалылығын тану туралы

      __________№ аттестациялық іс.

      Диссертация тақырыбы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сарапшы ________________________________________ тыңдап және

      істің материалдарын талқылап, Сараптау кеңесі мынаны белгіледі:

      1. Диссертация тақырыбының өзектілігін бағалау_________________

      _____________________________________________________________________

      (ғылым мен техниканың дамуына, қоғамдық практика сұраныстарына

      сәйкестігі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Ең маңызды ғылыми нәтижелер, олардың жаңалығы және

      негізділігі

      _____________________________________________________________________

      (теориялық жағдайы, мәдени-әлеуметтік, экономикалық, саяси,

      техникалық

      _____________________________________________________________________

      немесе технологиялық шешімдер)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Диссертацияның қолданбалы немесе теориялық мәні бар

      (керектісін сызу қажет).

      Диссертация нәтижелерін практикалық пайдалану кезеңі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік ендіру ауқымы, тәжірибелік-өнеркәсіптік,

      _____________________________________________________________________

      зертханалық сынақтар, оқу процесінде пайдалану)

      _____________________________________________________________________

      Пайдаланудан алынған әсер:

      _____________________________________________________________________

      (экономикалық, техникалық, экологиялық, әлеуметтік)

      Практикаға ендіру үшін

      _____________________________________________________________________

      (авторлық куәліктер, патенттер, алдын ала патенттер, зияткерлік

      меншік туралы куәліктер)

      _____________________________________________________________________

      (ғылыми нәтижелерді пайдалану жөнінде теоретикалық ұсыныстар)

      ____________________________________________________ұсынылады.

      4. Жарияланымдар толықтығының сәйкестігі: диссертация бойынша

      _______ ғылыми еңбек, оның ішінде:

      _______ Комитет ұсынатын басылымдарда;

      _______ Томсон Рейтер компаниясының ақпараттық базасының

      деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus,

      Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysical journal

      деректер базасына JSTORE компаниясының деректер базасына кіретін

      халықаралық ғылыми журналдарда;

      _______ халықаралық конференциялар материалдарында, оның ішінде

      _______ шетелдік конференциялар материалдарында

      _______ басқа жарияланымдар.

      5. Диссертацияда авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен

      материалды пайдаланғаны (плагиат ) анықталуы_________________________

      (бар не жоғы)

      Плагиат анықталған жағдайда пайдаланған дереккөзін көрсетілген

      салыстырмалы кесте қоса беріледі.

      6. "Қазақстан Республикасы Халықаралық бағдарламалар орталығы"

      АҚ-ның аспирантураның, докторантураның кәсіптік білім беру

      бағдарламаларын меңгеруге жіберу туралы анықтаманың болуы (Қағиданың

      21-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін):

      _____________________________________________________________________

      7. 500 академиялық рейтингтердің тобына (Джао Тонг Шанхай

      университеті, Таймс, QS) немесе News рейтингінің 200 ұлттық

      университетінің тобына кіретін; "Болашақ" халықаралық стипендиясын

      иеленушілеріне ұсынылатын ұйымдар тізіміне енгізілген Ресей

      Федерациясының ЖОО-лары туралы мәлімет_______________________________

      (ЖОО, рейтинг)

      _____________________________________________________________________

      8. "Құпия" белгісін беру және әскери білім беру арнайы

      мемлекеттік және құқық қорғау органдары жүйесіндегі білім беру

      саласындағы уәкілетті органның ғылыми және ғылыми-педагогикалық

      кадрлар даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберуі туралы

      анықтаманың болуы (Қағиданың 22-тармағында көрсетілген тұлғалар

      үшін):_______________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      9. Сараптау кеңесі Қаулы етеді:

      9.1 Ізденуші __________________________ аттестациялық ісі осы

      (Т.А.Ә (болған жағдайда).)

      Ереженің барлық талаптарын__________________________________________.

       (қанағаттандырады немесе қанағаттандармайды)

      9.2 Комитет ізденуші___________________________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда).)

      ____________________________________________________мамандығы бойынша

      (мамандық шифры, мамандық)

      _______________________________дәрежесінің баламалылығы танылсын және

      ____________________________________________________мамандығы бойынша

      _____________________________________________________________________

      философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруді

      ұсынады.

      9.3 Комитетке _________________________________________________

      ізденушінің аттестациялық ісін келесі себептерге байланысты

      _____________________________________________________________________

      (Қағиданың қай тармақтарына сәйкес келмейтіні көрсетіледі)

      _____________________________________________________________________

      (ұсынбайды және (немесе) қайтарады)

      Дауыс беру нәтижелері: "жақтап" дауыс бергені ____________

      "қарсы" _________________

      "қалыс қалғаны" ____________

      Төраға ______________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда).)

      Ғалым хатшы ______________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда).)