"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 295 бұйрығы. Қазастан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 тамызда № 9701 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.01.2016 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7690 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 318-319 (393) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
      910-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйым қызметінің үлгі қағидаларымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтау кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.».
      10. Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін комиссия жаңа орындарға конкурстық негізде қалыптастырады.
      Қатысуға өтініш берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберіледі. Өтініш нысаны ерікті.
      Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне, облыстық (республикалық маңызды қалалар, астана) білім басқармаларына мынадай құжаттар ұсынады:
      1) комиссия төрағасының атына ерікті нысандағы өтініш;
      2) бизнес сәйкестендіру нөмірі тағайындалған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының, жарғының, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;
      3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);
      4) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың болуының көшірмесі;
      5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші міндеттемесінің нысаны ерікті.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А.Сәрінжіпов