Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9682 тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 7-бабы 31) тармақшысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидалары бекітілсін;

      2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Мыналар күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 02-02-18/169 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7193 болып тіркелген, 2011 жыл 18 қазан № 501-502 (26894) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 02-02/18/169 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 04 қыркүйектегі № 318 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8764 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 қазандағы № 243 (28182) "Егемен Қазақстан" газетінде жария етілген).

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігінің төрағасы
Т. Есентаев

  Қазақстан Республикасы
  Спорт және дене шынықтыру
  істері агенттігі төрағасының
  2014 жылғы 25 шілдедегі
  № 289 бұйрығымен бекітілді

Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) аға жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының құрама командаларының негізгі және резервтік (жастар, жасөспірімдер) құрамасының даярлығы үшін жауап беретін жаттықтырушы;

      2) бірінші жаттықтырушы - жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлаудың бастапқы (ерте) кезеңдерінде спортшыны даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;

      3) жаттықтырушылар кеңесі - спортшылар мен командаларды спорт жарыстарына қатысуға даярлау әдістемесіне ұсынымдар әзірлеу үшін бас жаттықтырушы, мемлекеттік жаттықтырушы, облыстардың аға жаттықтырушылардан, спорт түрлері бойынша құрама командалардың дәрігерлерінен, дене шынықтыру және спорт саласындағы ғалымдардан, дене шынықтыру, спорт түрлері бойынша республикалық федерациялардың кеңесші органы;

      4) жеке жаттықтырушы - спортшыны спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасынан (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командадан) тыс болған кезеңінде оның жеке-дара даярлау жоспарын орындауына бағытталған даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;

      5) жылдың басты республикалық жарыстары - Қазақстан Республикасының чемпионаттары, Қазақстан Республикасының спартакиадалары және Қазақстан Республикасының кубоктері;

      6) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалар) - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қаржылық шарттармен спорттық қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында халықаралық спорттық жарыстарға қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары;

      7) мемлекеттiк жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функциялар мен іс-шараларды жүзеге асыратын жаттықтырушы;

      8) нысаналы кешенді бағдарлама - спорттық ұйымдардың күш-қимылын мақсатты және тиімді бөлуге, біліктілігі жоғары спортшыларды тәрбиелеудің басты бағыттарына назар аударуға мүмкіндік беретін, оқу-жаттығу, ғылыми-әдістемелік және медициналық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны, тәрбиелік және патриоттық жұмысты дамытуды қоса алғанда, олимпиядалық циклға спортшыларды даярлау жөніндегі мәселелерді кешенді шешуге арналған перспективалы жоспар;

      9) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысы - Қазақстан Республикасының спорт түрi бойынша құрама командасына (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командаға) басшылық жасауға, оның даярлығына, қалыптастырылуына және әлем чемпионаттарына, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға қатысуына жауап беретiн жаттықтырушы;

      10) спортшы - спорт түрімен (түрлерімен) жүйелі түрде айналысатын және спорттық жарыстарға қатысатын жеке тұлға;

      11) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) - даярлықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында халықаралық спорттық жарыстарға қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команда) негізгі және резервтік (жастар, жасөспірімдер) құрамдарына үміткерлер арасынан қалыптасады.

      Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының негізгі және резервтік (жастар, жасөспірімдер) құрамдарының мүшелері республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаз спортшылары мен жүлдегерлері болып табылады.

      Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының негізгі және резервтік (жастар, жасөспірімдер) құрамдарындағы мүше спортшылар-үміткер өз қатарларынан команда капитанын сайлайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Негізгі және резервтік (жастар және жасөспірімдер) контингент мүшелерінің сандық құрамына:

      1) үштік құрамға - олимпиадалық спорт түрлері бойынша;

      2) қос құрамға - олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша;

      3) бір жарым құрамға - ойын (олимпиадалық және олимпиадалық емес) спорт түрлері бойынша қабылданады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қазақстан Республикасы құрама командаларының негізгі мақсаттары:

      1) Әлемдік спорт ареналарында жоғарғы нәтижелерге қол жеткізу;

      2) әртүрлі деңгейдегі спорттық іс-шараларға қатысу, Олимпиадалық және спорттық қозғалысты Қазақстан Республикасында және одан басқа жерлерде насихаттау;

      3) халықаралық спорттық жарыстарға қатысу арқылы халықтар арасындағы достық пен өзара түсінісушілікті нығайту.

      6. Қазақстан Республикасы құрама командаларының негізгі міндеттері:

      1) Азия, Олимпиада, Паралимпияда және Сурдлимпиада ойындарында, Универсиадаларға, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары мен кубоктарына және басқа халықаралық спорттық жарыстарға дайындалу және табысты өнер көрсету;

      2) спортшылардың спорттық шеберлігін одан әрі жетілдіру;

      3) Қазақстан спортының халықаралық аренадағы беделін арттыру;

      4) спортшыларды патриоттыққа тәрбиелеу және дене шынықтыру мен спортты насихаттау;

      5) спортшыларды даярлаудың, оқу-жаттығу процесін ғылыми және медико-биологиялық қамтамасыз етудің әдістемесін жетілдіру.

2-тарау. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын қалыптастыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кандидаттардың тиісті тізіміне енгізілген спортшылар қатарынан қалыптастырылады.

      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары алдыңғы жылдың басты республикалық спорттық жарыстарында өнер көрсету нәтижелері бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-1. Аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының құрамына қабылдау үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына спортшыларды енгізу туралы қолдаухат;

      2) спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясының мөрімен расталған спорттық жарыстардың хаттамасы (алдыңғы жылдың басты жарыстарындағы спорттық нәтижесі);

      3) Қазақстан Республикасының спорт түрі бойынша құрама командасының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына қабылдауға үміткер спортшының "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/у нысанындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) медициналық анықтамасы;

      4) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-2. Осы Қағидалардың 7-1-тармағында көзделген құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 7-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-3. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың негізінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын бекіту туралы бұйрық шығарады.

      Ескерту. 7-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын Заңның 7-бабының 30) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган жыл сайын жазғы спорт түрлері бойынша 25 желтоқсанға дейін және қысқы спорт түрлері бойынша 1 маусымға дейін бекітеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар, дене шынықтыру-спорт және медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлері уәкілетті орган шешімімен Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелері ретінде бекітіледі.

      10. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мәртебесін және спортшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) негізгі және резервтік (жастар және жасөспірімдер) құрамдарының жаңа мүшелерін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасы мүшесінің Антын қабылдай отырып, салтанатты қабылдау өткізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелері спорттық нәтижелерді төмендеткені, спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарын жүйелі орындамағаны, Қазақстан Республикасының допингке қарсы ережелерін бұзғаны үшін, сондай-ақ спорттық этика нормаларын бұзғаны үшін спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамынан шығарылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Бас жаттықтырушы Қазақстан Республикасы құрама командаларына басшылық етеді және спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар кеңесін басқарады.

      13. Бас жаттықтырушы спорт түрлерінен құрама команда мүшелерінің даярлығы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және құрама командаға мүше спортшылардың жарыстарға қатысуының нәтижелеріне үнемі талдау жүргізеді. Даярлықтың нысаналы әрі кешенді бағдарламаларын іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізеді.

      14. Қазақстан Республикасы құрама командасына мүше спортшының жеке жаттықтырушысы Қазақстан Республикасы құрама командасына орталықтандырылған даярлық үшін уақытша іссапарға жіберілуі мүмкін.

      15. Спорт дәрігері Қазақстан Республикасы құрама командасына мүше спортшының денсаулығын қадағалайды, жаттықтырушылар құрамына спортшының функционалды жағдайы мен ұсынылатын жаттығу жүктемелері жөнінде ұсыныстар береді, медико-биологиялық, қалпына келтіру шаралары мен емдеуді, сондай-ақ спортшыны үйлесімді тамақтандыруды, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өтетін орындардың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылауды жүзеге асырады.

      16. Қазақстан Республикасы құрама командасының массажшысы спорт дәрігерінің немесе бас дәрігердің әдістемелік басшылығымен жұмыс істейді.

      17. Қазақстан Республикасы құрама командасын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін тартылатын мамандар, оның функционалдық және техникалық деңгейіне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады өз құзыреті шегінде, бас жаттықтырушымен, жаттықтырушылар кеңесімен бірлесіп бағдарламалар мен жеке дайындық жоспарын әзірлеуге қатысады, спортшыларды даярлауда әдістемелік көмек көрсетеді.

      18. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамынан шығаруды тиісті спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясының қолдаухаты негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 18-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларын (спорт түрлері бойынша штаттық ұлттық құрама командаларды)қалыптастыру тәртібі

      Ескерту. 3-тараумен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша штаттық ұлттық құрама командалардың) құрамы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелері қатарынан қалыптастырылады.

      20. Бас жаттықтырушы алдыңғы жылдың (спорт түрі бойынша) халықаралық және республикалық спорттық жарыстарында өнер көрсету нәтижелері бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясымен келісім бойынша және жаттықтырушылар кеңесі отырысының қорытындылары бойынша кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.

      21. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша штаттық ұлттық құрама командалардың) сандық құрамы құрама командалар мүшелерінің халықаралық және республикалық спорттық жарыстарында өнер көрсетуі және спорт түрлерін саралау қорытындылары бойынша айқындалады.

      22. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша штаттық ұлттық құрама командалардың) құрамына қабылдау үшін аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының штаттық командасының құрамына енгізу туралы қолдаухат;

      2) спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясының мөрімен расталған спорттық жарыстардың хаттамасы (алдыңғы жылдың басты жарыстарындағы спорттық нәтижесі);

      3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медициналық қорытындысы;

      4) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

      5) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 295 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9673 болып тіркелген) Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес спортшыны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

      23. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының құрамын Заңның 7-бабының 30) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган жыл сайын жазғы спорт түрлері бойынша 25 желтоқсанға дейін және қысқы спорт түрлері бойынша 1 маусымға дейін бекітеді.

      24. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелері спорттық нәтижелерді төмендеткені, спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарын жүйелі орындамағаны, Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын, спорттық әдеп нормаларын бұзғаны үшін, сондай-ақ еңбек қызметі туралы шарттың немесе спорттық қызмет туралы шарттың (келісімшарттың) талаптарын бұзғаны үшін спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамынан шығарылады.

      25. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командасының (спорт түрлері бойынша ұлттық штатық құрама командалардың) құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командасының (спорт түрлері бойынша ұлттық штатық құрама командалардың) құрамынан шығаруды тиісті спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерацияларының қолдаухаты негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

      26. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына қабылдаудан бас тарту үшін:

      1) осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) спортшының және (немесе) ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

      27. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың негізінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қосымшамен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалардың) құрамын бекіту туралы бұйрық шығарады.

  Спорт түрі бойынша
Қазақстан Республикасының
құрама және штаттық құрама
командаларының (спорт түрі
бойынша ұлттық құрама
командалардың) құрамын
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Cпорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командалардың) ҚҰРАМЫ

      Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Спортшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Спорттық атағы, разряды

Ең жақсы нәтижесі

Өңір, тұрақты мекен жайы

Оқу, жұмыс орны

Жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бірінші жаттықтырушы

Жеке жаттықтырушы

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























  Спорт түрі бойынша
Қазақстан Республикасының
құрама және штаттық құрама
командаларының (спорт түрі
бойынша ұлттық құрама
командалардың) құрамын
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы мүшесінің (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) анты

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мен,__________________(тегі аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      мені _______________ спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама

      командасына (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) қабылдауды

      мемлекеттің ерекше сенімі ретінде бағалай және өзімнің жауапкершілігімді сезіне отырып:

      - аса жоғары нәтижелерге жету үшін өзімнің жеңіске деген бар күш-жігерімді жұмсай

      отырып, спорт аренасында біздің Отанымыздың намысын лайықты қорғау үшін спорттық

      шеберлігімді үнемі жетілдіруге;

      - спорт жарыстарында адал күресуге, жарыс ережелерін қатаң сақтауға, допингке қарсы

      қағидаларды ұстануға және тыйым салынған заттарды және (немесе) әдістерді пайдаланбауға;

      - спорттағы тәлімгерлердің барлық нұсқаулары мен талаптарын орындауға,

      жаттықтырушы-оқытушылар құрамына, команда мүшелеріне, бәсекелестерге, төрешілерге,

      көрермендер мен жанкүйерлерге сыйластықпен қарауға;

      - өзімнің барлық іс-әрекетімде спорттық әдеп ережелерін басшылыққа алуға салтанатты

      түрде ант етемін.

      Менің осы антты бұзуым спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама

      командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) мүшесі деген жоғары

      атақпен сыйыспайтындығын ұғынамын.

      _______________________________ __________________

      тегі аты әкесінің аты (болған жағдайда) (күні)

  Спорт түрі бойынша
Қазақстан Республикасының
құрама және штаттық құрама
командаларының (спорт түрі
бойынша ұлттық құрама
командалардың) құрамын
қалыптастыру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Cпорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамы

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Спортшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Спорттық атағы, разряды

Ең жақсы нәтижесі

Өңір, тұрақты мекен жайы

Спортшыны тіркеу туралы куәлігі

Жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Штаттық бірлік

Бірінші жаттықтырушы

Жеке жаттықтырушы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10