Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9674 тіркелді

Қолданыстағы

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 38) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
      2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамамен бекітілген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Спорт және дене шынықтыру істері
      агенттігінің төрағасы                      Т. Есентаев

Қазақстан Республикасы 
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі Төрағасының
2014 жылғы 28 шілдедегі 
№ 294 бұйрығымен    
бекітілген       

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 38-тармақшасына сәйкес әзірленген және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін (бұдан әрі – Бірыңғай күнтізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
      2. Бірыңғай күнтізбе мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай республикалық күнтізбесі (бұдан әрі – Бірыңғай республикалық күнтізбе) осы Қағиданың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес;
      2) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай өңірлік (облыстық республикалық маңызы бар қаланың, астананың) күнтізбесі (бұдан әрі – Бірыңғай өңірлік күнтізбе) осы Қағиданың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес.
      3. Бірыңғай республикалық күнтізбе халықаралық, республикалық спорттық іс-шаралардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық шаралардың тізбесін қамтиды және оны тиісті күнтізбелік жылдың алдындағы 15 желтоқсанға дейін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      4. Бірыңғай өңірлік күнтізбе халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларды, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық шаралардың тізбесін қамтиды және тиісті күнтізбелік жылдың алдындағы 25 желтоқсанға дейін тиісті жергілікті атқарушы орган бекітеді.
      5. Бірыңғай республикалық күнтізбе негізінде халықаралық, республикалық жарыстар Бірыңғай өңірлік күнтізбеге енгізіледі.
      6. Бірыңғай республикалық күнтізбенің негізінде дене шынықтыру –спорттық ұйымдар өздерінің спорттық-бұқаралық іс-шараларының күнтізбесін жасайды.

2. Бірыңғай күнтізбеге спорттық-бұқаралық іс-шараларды
енгізу тәртібі

      7. Бірыңғай күнтізбеге мемлекеттік бюджет есебінен де, спорттық федерациялар, демеушілік қаражат көзінен де қаржыландырылатын спорттық-бұқаралық іс-шаралар енгізіледі.
      8. Бірыңғай күнтізбе мынадай құрылымнан тұрады:
      1) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың атауы;
      2) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өткізілу мерзімі және орны;
      3) спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысатын ұйымдар;
      4) спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысатын команда құрамы;
      5) спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысатын спортшылар саны;
      6) спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысатын жаттықтырушылар саны;
      7) спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысатын төрешілер саны;
      8) спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар;
      9) спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар.
      9. Бірыңғай күнтізбе мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) 1 бөлім – кешенді халықаралық және республикалық жарыстар;
      2) 2 бөлім – дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары;
      3) 3 бөлім – ұлттық спорт түрлері;
      4) 4 бөлім – мүгедектер арасындағы жарыстар;
      5) 5 бөлім – жазғы олимпиадалық спорт түрлері;
      6) 6 бөлім – қысқы олимпиадалық спорт түрлері;
      7) 7 бөлім – олимпиадалық емес спорт түрлері;
      8) 8 бөлім – қолданбалы және техникалық спорт түрлері;
      9) 9 бөлім – дене-шынықтыру спорттық ұйымдар өткізетін іс-шаралар;
      10. Бірыңғай күнтізбеге енгізілетін ұсыныстарды уәкілетті органға алдыңғы жылдың 1 қарашасына дейін республикалық аккредиттелген спорт федерациялары береді:
      11. Бірыңғай өңірлік күнтізбеге енгізілетін ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға алдыңғы жылдың 1 қарашасына дейін облыстық және жергілікті аккредиттелген спорт федерациялары береді:
      12. Бірыңғай күнтізбеге халықаралық спорттық федерацияларының күнтізбелік жоспарын қалыптастыру бөлігіндегі спорт түрлерінің ерекшеліктері ескеріле отырып, спорттық-бұқаралық іс-шаралар енгізіледі.
      13. Бірыңғай республикалық күнтізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық спорттық-бұқаралық жарыстарды енгізу үшін мынадай құжаттар беріледі:
      1) Қазақстан Республикасының мәлімделген аумағында халықаралық спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу туралы халықаралық спорт федерациясының (ұйымдардың) шешімі (мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған);
      2) халықаралық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу жоспарланып отырған аумақтағы жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімі;
      3) халықаралық спорт федерациясы бекіткен халықаралық спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізу туралы ереженің (регламентің) жобасы (мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған);
      4) спорттық-бұқаралық іс-шараны қаржыландырудың жоспарланған көзі көрсетілген қаржы-экономикалық есебі (смета).
      14. Бірыңғай республикалық Күнтізбеге республикалық жарыстарды енгізу үшін мынадай құжаттар беріледі:
      1) республикалық спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жоспарланып отырған аумақтағы жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімі;
      2) республикалық спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізу туралы ереже (регламент) жобасы;
      3) спорттық-бұқаралық іс-шараны қаржыландырудың жоспарланған көзі көрсетілген қаржы-экономикалық есебі (смета);
      15. Бірыңғай республикалық күнтізбеге Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі немесе жүлдесіне арналған жарыстарды енгізу үшін мынадай құжаттар беріледі:
      1) республикалық спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жоспарланып отырған аумақтағы жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімі;
      2) спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізу туралы ереже (регламент) жобасы;
      3) спорттық-бұқаралық іс-шараны қаржыландырудың жоспарланған көзі көрсетілген қаржы-экономикалық есебі (смета);
      4) спорт түрінің Қазақстан Республикасында және халықаралық аренада даму барысы туралы ақпарат;
      5) жарысқа қатысатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) саны;
      6) жарысқа қатысушылардың жалпы саны (спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер);
      7) қатысушы елдердің саны (халықаралық жарыстар үшін);
      8) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі.
      16. Бірыңғай республикалық күнтізбеге әйгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің атына және/немесе жүлдесіне спорттық-бұқаралық іс-шаралар енгізу үшін мынадай құжаттар беріледі:
      1) республикалық спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жоспарланып отырған аумақтағы жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімі;
      2) спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізу туралы ереже (регламент);
      3) спорттық-бұқаралық іс-шараны қаржыландырудың жоспарланған көзі көрсетілген қаржы-экономикалық есебі (смета);
      4) өмірбаян (спортшы, жаттықтырушы, спорт немесе қоғам қайраткері);
      5) спортшының спорттағы жетістіктері, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерінің дене шынықтыру және спорт саласына қосқан үлесі туралы ақпарат;
      6) наториалды расталған спортшының, жаттықтырушының, қоғам қайраткерінің немесе мұрагерінің жазбаша келісімі (болған жағдайда);
      7) әйгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерінің дене шынықтыру және спорт саласына қосқан үлесін федерацияның растауы.
      17. Бірыңғай өңірлік күнтізбеге әйгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің атына және/немесе жүлдесі үшін өңірлік спорттық-бұқаралық іс-шараларды енгізу үшін мынадай құжаттар беріледі:
      1) өңірлік спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жоспарланып отырған аумақтағы жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімі;
      2) өңірлік спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізу туралы ереже (регламент);
      3) өңірлік спорттық-бұқаралық іс-шараны қаржыландырудың жоспарланған көзі көрсетілген қаржы-экономикалық есебі (смета);
      4) өмірбаян (спортшы, жаттықтырушы, спорт немесе қоғам қайраткері);
      5) спортшының спорттағы жетістігі, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерінің дене шынықтыру және спорт саласына қосқан үлесі туралы ақпарат;
      6) нотариалды расталған спортшының, жаттықтырушының, қоғам қайраткерінің немесе мұрагерінің жазбаша келісімі (болған жағдайда);
      7) әйгілі спортшының спорттағы жетістігі, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерінің дене шынықтыру және спорт саласына қосқан үлесін федерацияның растауы.
      18. Бірыңғай күнтізбеге спорттық жарыстарға дайындық шараларын енгізу үшін мынадай құжаттар беріледі:
      1) спорт түрі бойынша тиісті жылға арналған дайындық жоспары;
      2) спорттық-бұқаралық іс-шараны қаржыландырудың жоспарланған көзі көрсетілген қаржы-экономикалық есебі (смета).
      19. Спорттық-бұқаралық іс-шаралар осы Қағиданың 1011131415161718-тармақтарында айқындалған тәртіп сақталмаған жағдайда, Бірыңғай күнтізбеге енгізілмейді.

3. Бірыңғай күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар
енгізу тәртібі

      20. Бірыңғай күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар мына жағдайларда енгізіледі:
      1) халықаралық спорттық-бұқаралық жарыстардың мерзімі және/немесе өткізу орнының өзгеруі;
      2) спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізетін спорт федерациясының аккредитациясын алу, тоқтату және қайтарып алу.
      21. Спорттық-бұқаралық іс-шаралар Бірыңғай күнтізбеден мына жағдайларда алып тасталады:
      1) спорт түрлері бойынша республикалық федерациялардың (ұйымдардың) аккредитациясын тоқтату немесе қайтару;
      2) спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізу мерзімінен үш ай бұрын бекітілген ереженің (регламенттің) болмауы;
      3) ұйымдастырушының спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізуден бас тартуы.
      22. Бірыңғай республикалық күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен енгізіледі.

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың
бірыңғай күнтізбесін    
қалыптастыру қағидаларына 
1-қосымша         

                                                                нысан

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай республикалық
күнтізбесі

спорттық-бұқаралық іс-шаралардың атауы

спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өткізілу мерзімі және орны

спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысатын ұйымдар

спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысатын команда құрамы

спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысатын спортшылар саны

спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысатын жаттықтырушылар саны

спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысатын төрешілер саны

спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар

спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1 бөлім – кешенді халықаралық және республикалық жарыстар











2 бөлім – дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары











3 бөлім – ұлттық спорт түрлері











4 бөлім – мүгедектер арасындағы жарыстар











5 бөлім – жазғы олимпиадалық спорт түрлері











6 бөлім – қысқы олимпиадалық спорт түрлері











7 бөлім – олимпиадалық емес спорт түрлері











8 бөлім – қолданбалы және техникалық спорт түрлері











9 бөлім – дене-шынықтыру спорттық ұйымдар өткізетін іс-шаралар











Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың
бірыңғай күнтізбесін    
қалыптастыру қағидаларына 
2-қосымша         

                                                                нысан

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай өңірлік күнтізбесі

спорттық-бұқаралық іс-шаралардың атауы

спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өткізілу мерзімі және орны

спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысатын ұйымдар

спорттық-бұқаралық

іс-шараларға қатысатын команда құрамы

спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысатын спортшылар саны

спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысатын жаттықтырушылар саны

спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысатын төрешілер саны

спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар

спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1 бөлім – кешенді халықаралық және республикалық жарыстар











2 бөлім – дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары











3 бөлім – ұлттық спорт түрлері











4 бөлім – мүгедектер арасындағы жарыстар











5 бөлім – жазғы олимпиадалық спорт түрлері











6 бөлім – қысқы олимпиадалық спорт түрлері











7 бөлім – олимпиадалық емес спорт түрлері











8 бөлім – қолданбалы және техникалық спорт түрлері











9 бөлім – дене-шынықтыру спорттық ұйымдар өткізетін іс-шаралар