Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9674 тіркелді.

Жаңартылған

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 07.02.2024 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамамен бекітілген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігінің төрағасы
Т. Есентаев

  Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі Төрағасының
2014 жылғы 28 шілдедегі
№ 294 бұйрығымен
бекітілген

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 07.02.2024 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін (бұдан әрі – Бірыңғай күнтізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Бірыңғай күнтізбе мыналарға бөлінеді:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесі (бұдан әрі – Бірыңғай республикалық күнтізбе);

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік (облыстық республикалық маңызы бар қаланың, астананың) күнтізбесі (бұдан әрі – Бірыңғай өңірлік күнтізбе).

      3. Бірыңғай республикалық күнтізбе жыл сайынғы халықаралық және республикалық деңгейдегі спорттық жарыстар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар күнтізбесін қамтиды және оны Заңның 7-бабының 39) тармақшасына сәйкес алдағы жылға дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган ағымдағы жылғы 20 желтоқсанға дейін бекітеді.

      4. Бірыңғай өңірлік күнтізбе жыл сайынғы халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар күнтізбесін қамтиды және оны Заңның 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес алдағы жылға тиісті жергілікті атқарушы орган ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін бекітеді.

      5. Бірыңғай республикалық күнтізбе негізінде халықаралық және республикалық спорттық жарыстар Бірыңғай өңірлік күнтізбеге енгізіледі.

      6. Бірыңғай республикалық күнтізбенің негізінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары өздерінің спорттық-бұқаралық іс-шараларының күнтізбесін жасайды.

2-тарау. Бірыңғай республикалық күнтізбеге және Бірыңғай өңірлік күнтізбеге халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарды, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды енгізу тәртібі

      7. Бірыңғай республикалық күнтізбеге және Бірыңғай өңірлік күнтізбеге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ спорт федерациялары есебінен қаржыландырылатын халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар енгізіледі.

      8. Бірыңғай республикалық күнтізбе және Бірыңғай өңірлік күнтізбе мынадай құрылымнан тұрады:

      1) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның атауы;

      2) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның өткізілу мерзімі және орны;

      3) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын ұйымдар;

      4) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын команда құрамы;

      5) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын спортшылар саны;

      6) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын жаттықтырушылар саны;

      7) "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығына сәйкес (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14052 болып тіркелді) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын төрешілер және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге мамандар саны;

      8) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысты, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараны ұйымдастырушы;

      9) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар.

      9. Бірыңғай республикалық күнтізбе және Бірыңғай өңірлік күнтізбе мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) 1-бөлім – кешенді халықаралық және республикалық жарыстар;

      2) 2-бөлім – дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары;

      3) 3-бөлім – ұлттық спорт түрлері;

      4) 4-бөлім – мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорттық іс-шаралар;

      5) 5-бөлім – жазғы олимпиадалық спорт түрлері;

      6) 6-бөлім – қысқы олимпиадалық спорт түрлері;

      7) 7-бөлім – олимпиадалық емес спорт түрлері;

      8) 8-бөлім – қолданбалы және техникалық спорт түрлері;

      9) 9-бөлім – дене-шынықтыру спорт ұйымдары өткізетін іс-шаралар.

      10. Алдағы жылға арналған Бірыңғай республикалық күнтізбеге осы қағиданың 9-тармақтағы 3, 4, 5, 6, 7 және 8 бөлімдерге енгізу үшін ұсыныстарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға алдағы жылға 1 желтоқсанға дейін спорт түрлерінен республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерациялары, осы қағиданың 9-тармақтағы 1, 2 және 9 бөлімдерге өзге дене шынықтыру-спорт ұйымдары береді.

      11. Бірыңғай өңірлік күнтізбеге алдағы жылға енгізу үшін ұсыныстарды дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға алдағы жылға 1 желтоқсанға дейін спорт түрлерінен жергілікті аккредиттелген спорт федерациялары береді.

      12. Спорттық іс-шараны Бірыңғай республикалық күнтізбеге және Бірыңғай өңірлік күнтізбеге енгізу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) спорт түрінен (түрлерінен) республикалық, өңірлік, жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының өтінішхаты;

      2) ақпаратты осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша.

3-тарау. Бірыңғай республикалық күнтізбеге және Бірыңғай өңірлік күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      13. Бірыңғай республикалық күнтізбеге және Бірыңғай өңірлік күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар мынадай жағдайларда енгізіледі:

      1) халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде өткізілетін спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардың өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;

      3) республикалық, өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі.

      14. Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі іс-шаралар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар Бірыңғай республикалық күнтізбе мен Бірыңғай өңірлік күнтізбеден халықаралық спорт федерацияларының және (немесе) республикалық, өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорттық федерациялардың іс-шараларды өткізуден бас тартқан жағдайларда алып тасталады.

      15. Бірыңғай күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерацияларының, сондай-ақ дене шынықтыру-спорт ұйымдарының өтінішхаты бойынша іске асырылады.

      16. Бірыңғай республикалық күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен енгізіледі.

      17. Бірыңғай өңірлік күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның бұйрығымен енгізіледі.

      18. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне өзгерістер мен толықтырулар сол ұйым басшысының бұйрығымен енгізіледі.

  Спорттық-бұқаралық
іс-шаралардың бірыңғай
күнтізбесін қалыптастыру
қағидаларына 1-қосымша
Нысан

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесі

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның атауы

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның өткізілу мерзімі және орны

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын ұйымдар

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын команда құрамы

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын спортшылар саны

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын жаттықтырушылар саны

Халықаралық, республикалық деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын төрешілер мен дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге мамандар саны

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысты, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараны ұйымдастырушы

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1-бөлім – кешенді халықаралық және республикалық жарыстар











2-бөлім – дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары











3-бөлім – ұлттық спорт түрлері











4-бөлім – мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорттық іс-шаралар











5-бөлім – жазғы олимпиадалық спорт түрлері











6-бөлім – қысқы олимпиадалық спорт түрлері











7-бөлім – олимпиадалық емес спорт түрлері











8-бөлім – қолданбалы және техникалық спорт түрлері











9-бөлім – дене шынықтыру-спорттық ұйымдар өткізетін іс-шаралар











  Спорттық-бұқаралық
іс-шаралардың бірыңғай
күнтізбесін қалыптастыру
қағидаларына 2-қосымша
Нысан

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесі

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның атауы

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараның өткізілу мерзімі және орны

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын ұйымдар

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын команда құрамы

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын спортшылар саны

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын жаттықтырушылар саны

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысатын төрешілер мен дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге мамандар саны

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысты, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараны ұйымдастырушы

Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарысқа, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1-бөлім – кешенді халықаралық және республикалық жарыстар











2-бөлім – дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары











3-бөлім – ұлттық спорт түрлері











4-бөлім – мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорттық іс-шаралар











5-бөлім – жазғы олимпиадалық спорт түрлері











6-бөлім – қысқы олимпиадалық спорт түрлері











7-бөлім – олимпиадалық емес спорт түрлері











8-бөлім – қолданбалы және техникалық спорт түрлері











9-бөлім – дене шынықтыру-спорттық ұйымдар өткізетін іс-шаралар