"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 38) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы |
Т. Есентаев |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығымен бекітілген |
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.02.2016 № 26 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 38-тармақшасына сәйкес әзірленген және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін (бұдан әрі – Бірыңғай күнтізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Бірыңғай күнтізбе мынадай түрлерге бөлінеді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай республикалық күнтізбесі (бұдан әрі – Бірыңғай республикалық күнтізбе);
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай өңірлік (облыстық республикалық маңызы бар қаланың, астананың) күнтізбесі (бұдан әрі – Бірыңғай өңірлік күнтізбе).
3. Бірыңғай республикалық күнтізбе жыл сайынғы халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар тізбесін қамтиды және оны Заңның 7-бабының 39-тармақшасына сәйкес алдағы жылға дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган ағымдағы жылғы 20 желтоқсанға дейін бекітеді.
4. Бірыңғай өңірлік күнтізбе жыл сайынғы халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар тізбесін қамтиды және Заңның 8-бабының 10-тармақшасына сәйкес алдағы жылға ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін тиісті жергілікті атқарушы орган бекітеді.
5. Бірыңғай республикалық күнтізбе негізінде халықаралық, республикалық жарыстар Бірыңғай өңірлік күнтізбеге енгізіледі.
6. Бірыңғай республикалық күнтізбенің негізінде дене шынықтыру–спорттық ұйымдар өздерінің спорттық-бұқаралық іс-шараларының күнтізбесін жасайды.
2-тарау. Бірыңғай күнтізбеге халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарды, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды енгізу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Бірыңғай күнтізбеге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ спорт федерациялары есебінен қаржыландырылатын халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар енгізіледі.
8. Бірыңғай күнтізбе мынадай құрылымнан тұрады:
1) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шаралардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар атауы;
2) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шаралардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың өткізу мерзімі және орны;
3) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын ұйымдар;
4) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын команда құрамы;
5) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын спортшылар саны;
6) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын жаттықтырушылар саны;
7) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын төрешілер саны;
8) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларды, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды ұйымдастырушы;
9) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар.
9. Бірыңғай күнтізбе мынадай бөлімдерден тұрады:
1) 1-бөлім – кешенді халықаралық және республикалық жарыстар;
2) 2-бөлім – дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары;
3) 3-бөлім – ұлттық спорт түрлері;
4) 4-бөлім – мүгедектер арасындағы жарыстар;
5) 5-бөлім – жазғы олимпиадалық спорт түрлері;
6) 6-бөлім – қысқы олимпиадалық спорт түрлері;
7) 7-бөлім – олимпиадалық емес спорт түрлері;
8) 8-бөлім – қолданбалы және техникалық спорт түрлері;
9) 9-бөлім – дене-шынықтыру спорттық ұйымдар өткізетін іс-шаралар;
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Бірыңғай күнтізбеге енгізілетін ұсыныстарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға алдағы жылға 1 қарашасына дейін спорт түрлерінен республикалық аккредиттелген спорт федерациялары береді:
11. Бірыңғай өңірлік күнтізбеге алдағы жылға енгізу үшін ұсыныстарды дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін спорт түрлерінен облыстық және жергілікті аккредиттелген спорт федерациялары береді:
12. Бірыңғай күнтізбеге халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларды енгізу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасының мәлімделген аумағында халықаралық деңгейдегі спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу туралы халықаралық спорт федерациясының (ұйымдарының) шешімі (мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудара отырып) (республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардан басқа);
2) халықаралық, республикалық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізу болжанатын аумақтағы жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімі (жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардан басқа);
3) халықаралық спорт федерациясы (ұйымы) және (немесе) республикалық, өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерациясы бекіткен халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі іс-шараларды өткізу туралы ереженің (регламент) жобасы (мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудара отырып);
4) қаржыландырудың жоспарланған көздерін көрсете отырып, қаржы-экономикалық есеп (смета).
13. Бірыңғай күнтізбеге спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды енгізу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) тиісті жылға спорт түрі бойынша дайындық жоспары;
2) қаржыландырудың жоспарланған көздерін көрсете отырып, қаржы-экономикалық есеп (смета).
14. Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында айқындалған тәртіп сақталмаған жағдайда, Бірыңғай күнтізбеге енгізілмейді.
3-тарау. Бірыңғай күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Бірыңғай күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар мынадай жағдайларда енгізіледі:
1) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде өткізілетін халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шаралардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың мерзімдері мен (немесе) өткізу орындарының өзгеруі;
2) жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі іс-шаралардың мерзімдері мен (немесе) өткізу орындарының өзгеруі;
3) Республикалық, өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың мерзімдері мен (немесе) өткізу орындарының өзгеруі;
4) халықаралық спорттық федерациялардың және (немесе) республикалық, өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының және дене-шынықтыру – спорттық ұйымдардың бастамасы бойынша.
16. Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі іс-шаралар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар Бірыңғай күнтізбеден халықаралық спорт федерацияларының және (немесе) республикалық, өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорттық федерациялардың іс-шараларды өткізуден бас тартқан жағдайларда алып тасталады.
17. Бірыңғай республикалық күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен енгізіледі.
18. Бірыңғай өңірлік күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның бұйрығымен енгізіледі.
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай республикалық күнтізбесі
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың атауы | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың өткізілу мерзімі және орны | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын ұйымдар | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын команда құрамы | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын спортшылар саны | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын жаттықтырушылар саны | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын төрешілер саны | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарды, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды ұйымдастырушылар | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1-бөлім – Кешенді халықаралық және республикалық жарыстар | |||||||||
2-бөлім – Дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары | |||||||||
3-бөлім – Ұлттық спорт түрлері | |||||||||
4-бөлім - Мүгедектігі бар адамдарға арасындағы жарыстар | |||||||||
5-бөлім – Жазғы олимпиадалық спорт түрлері | |||||||||
6-бөлім – Қысқы олимпиадалық спорт түрлері | |||||||||
7-бөлім – Олимпиадалық емес спорт түрлері | |||||||||
8-бөлім – Қолданбалы және техникалық спорт түрлері | |||||||||
9-бөлім – Дене-шынықтыру спорттық ұйымдар өткізетін іс-шаралар | |||||||||
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай өңірлік күнтізбесі
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың атауы | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың өткізілу мерзімі және орны | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын ұйымдар | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын команда құрамы | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын спортшылар саны | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын жаттықтырушылар саны | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс - шараларға қатысатын төрешілер саны | Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарды, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды ұйымдастырушылар | Халықаралық,республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1-бөлім – Кешенді халықаралық және республикалық жарыстар | |||||||||
2-бөлім – Дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары | |||||||||
3-бөлім – Ұлттық спорт түрлері | |||||||||
4-бөлім – Мүгедектігі бар адамдарға арасындағы жарыстар | |||||||||
5-бөлім – Жазғы олимпиадалық спорт түрлері | |||||||||
6-бөлім – Қысқы олимпиадалық спорт түрлері | |||||||||
7-бөлім – Олимпиадалық емес спорт түрлері | |||||||||
8-бөлім – Қолданбалы және техникалық спорт түрлері | |||||||||
9-бөлім – Дене-шынықтыру спорттық ұйымдар өткізетін іс-шаралар | |||||||||