Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Дене шыныктыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Занының 7-бабы 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы |
Т. Есентаев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
С. Қайырбекова
2014 жылғы 31 шілде
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы № бұйрығымен бекітілген |
"Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.12.2018 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 34) және 35) тармақшаларына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы қағида спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлеуді жүзеге асыру мақсатында әзірленген.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) бойынша мемлекеттік қызметті көрсететін орган болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Өтемақы төлемдері – халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеу және оңалту шығындарының құнын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.12.2018 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың пакетін ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) баяндалған.
6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды портал арқылы алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Стандарттың 8-тармағында көзделген толықтығы мен сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қоса бере отырып, өз басшысының атына қорытынды шығарады, оның негізінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтемақы төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылданады және көрсетілетін қызметті алушыға өтемақы төлемі туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
Жауап теріс болған немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтемақы төлемін жүзеге асыру туралы оң шешім болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға өтемақы төлемі туралы хабарлама, теріс шешім болған кезде - көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.
Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға өтемақы төлеу туралы хабарлама немесе осы Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Өтемақы төлемі халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен адамдарды емдеуге және оңалтуға жұмсалған шығындардың құны мөлшерінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі көрсетілетін қызметті алушының есеп шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүргізіледі.
11. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілген қызметті берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараумен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
14. Шағымды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
15. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
16. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін ӨТIНIШ
Ескерту. Қосымша алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлгігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні ішінде. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті алушыға өтемақы төлеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Жеке тұлғаларға тегін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға: |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып, бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш беру жолымен жүргізеді. |
Өтініш
Сiзден____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________ сұраймын.
Банк деректемелері:
Банктің атауы______________________________________________________________
Банк шотының №___________________________________________________________
Шот түрі: ағымдағы_________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының
2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығымен бекітілген "Спорт түрлері бойынша Қазақстан
Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама
командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы
және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының 8-тармағында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
___________________________________________ ___________________
(тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
20____жылғы "_____" ____________
Өтiнiштiң түскен күнi 20____жылғы "_____"
_________________________________________________ ____________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (қолы)
(болған жағдайда)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға
арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік
қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) филиалының №______________
______________ бөлімі
_______________________________________________________________________
(заңды мекенжайы көрсетілсін)
"Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының
(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың
халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы
төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген
тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас
тартады, атап айтқанда болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен
құжаттардың атауы):
1)___________________________________________________________;
2)___________________________________________________________;
3)___________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:
________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы:_________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Байланыс телефонының нөмірі ____________________
Алдым:__________________________________ _____________
(көрсетілетін қызметті алушының (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы "___"_________