Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезіндегі өтемақы төлемдерін берудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдеде № 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9672 тіркелді

Қолданыстағы

      2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 7-бабының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезіндегі өтемақы төлемдерін берудің қағидалары бекітілсін.
      2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасы
      Спорт және дене шынықтыру
      істері агенттігінің төрағасы
      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      С. Қайырбекова
      2014 жылғы 31 шілде

Т. Есентаев


Қазақстан Республикасы


Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының


2014 жылғы № бұйрығымен бекітілген

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 7-бабы 34) тармақшасының негізінде әзірленді.
      2. Осы қағида спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлеуді жүзеге асыру мақсатында әзірленген.
      3. Өтемақы төлеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
      4. Өтемақы төлемдері – халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алған немесе мертіккен адамды емдеу және оңалту шығындарының құнын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер.
 

2. Өтемақы төлеуді жүзеге асыру тәртібі

      5. Өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін мынадай құжаттар болуы қажет:
      1) осы қағидаларының қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) спорттық жарақат алған немесе мертіккен адамның жеке куәлігінің не паспортының көшірмесі;
      3) тиісті спорттық іс-шараға қатысқанын растайтын құжат;
      4) Уәкілетті органның Спорттық медицина және оңалту орталығымен берілген, диагнозы көрсетілген медициналық қорытынды;
      5) спорттық жарақат алған немесе мертіккен адамды емдеуге және оңалтуға жұмсалатын шығыстың құнын растайтын құжат;
      6) есеп шотының бар болуы туралы анықтама.
      6. Уәкілетті органның құжаттарды қарау, өтемақы төлеу немесе бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі өтініш қабылданған сәттен бастап жиырма күнтізбелік күн болады.
      7. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган оның негізінде өтемақы төлеуді жүзеге асыру (төлеуден бас тарту) туралы шешім қабылданатын қорытынды шығарады.
      8. Өтемақы төлеуді жүзеге асыруға шешім қабылданғаны (төлеуден бас тартылғаны) туралы уәкілетті орган өтініш берушіге жазбаша түрде осындай шешім қабылданған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде хабарлайды.
      9. Өтемақы төлеуді жүзеге асыру Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктегі өтініш берушінің есеп шотына аудару арқылы жүргізіледі.
 


Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларына


қосымша


Нысан

      Кiмге _________________________________
      Кiмнен ________________________________
 

Өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін

өтiнiш

      Сiзден _________________________________________________________
      _________________________________________________________________
      Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      4) ____________________________________________________________
      5) ____________________________________________________________
      М.О. ___________                         _____________________
      (қолы)                               (тегi, аты-жөнi)
      «____» ___________ 20__ ж.
      Өтiнiштiң түскен күнi «___» __________ 20 __ ж.