"Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын бекіту ту

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 26 мамырда № 20726 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 34) және 35) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9672 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 28 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 34) және 35) тармақшаларына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.";

      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) бойынша мемлекеттік қызметті көрсететін орган болып табылады.";

      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың пакетін ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) баяндалған.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы Стандарттың 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қоса бере отырып, өз басшысының атына қорытынды шығарады, оның негізінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтемақы төлемін жүзеге асыру (төлеуден бас тарту) туралы шешім қабылданады және көрсетілетін қызметті алушыға өтемақы төлеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.

      Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға өтемақы төлеу туралы хабарлама немесе осы Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Өтемақы төлемі халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен адамдарды емдеуге және оңалтуға жұмсалған шығындардың құны мөлшерінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі көрсетілетін қызметті алушының есеп шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүргізіледі.

      11. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілген қызметті берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      13. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

      14. Шағымды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      15. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      16. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органдарға немесе сотқа жүгіне алады.

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.";

      көрсетілген Қағидалардың қосымшасы алынып тасталсын;

      осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Қағидалардың 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс - шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице - министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр культуры и спорта Республики Казахстан А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 25 мамырдағы
№ 145 бұйрығына
1-қосымша
  "Спорт түрлері бойынша
Қазақстан Республикасы құрама
командаларының (спорт түрлері
бойынша ұлттық құрама
командалардың) мүшелеріне
олардың халықаралық спорттық
жарыстарда жарақаттар алуы
және мертігуі кезінде өтемақы
төлемдерін төлеу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлгігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық/ қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушыға өтемақы төлеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметтіберушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 - ден 14.30 - ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00 - ден 18.30 - ға дейін.
Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00 - ден 20.00 - ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі немесе портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/memleket/entities/sport "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) көрсетілетін қызметті алушының өкілі (сенім білдірілген өкіл) жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) нотариус куәландырған сенімхат (сенім білдірілген өкіл) (сәйкестендіру үшін);
2) осы Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін өтініш;
3) тиісті халықаралық спорттық жарыстарға қатысқанын растайтын құжат;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген, халықаралық спорттық жарыста алған жарақат және мертігуі бойынша диагнозы көрсетілген медициналық қорытынды;
5) міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі тегін медициналық көмектің және (немесе) медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеуге және (немесе) оңалтуға жұмсалған шығындардың құнын растайтын құжат;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) электрондық құжат нысанында тиісті халықаралық спорттық жарыстарға қатысқанын растайтын құжат;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген, халықаралық спорттық жарыста алған жарақат және мертігуі бойынша диагнозы көрсетілген құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы медициналық қорытынды;
4) міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмектің және (немесе) медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеуге және (немесе) оңалтуға жұмсалған шығындардың құнын растайтын құжаттың электрондық нысанындағы құжат.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Стандарттың 8-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып, бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш беру жолымен жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік қызметті алуға сұранысты портал арқылы электрондық нысанда жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша.

  "Спорт түрлері бойынша
Қазақстан Республикасы құрама
командаларының (спорт түрлері
бойынша ұлттық құрама
командалардың) мүшелеріне
олардың халықаралық спорттық
жарыстарда жарақаттар
алуы және мертігуі кезінде
өтемақы төлемдерін төлеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
  Нысан
  Кiмге_______________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің басшысының
лауазымы,
____________________________
тегi, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
Кiмнен______________________
(көрсетілетін қызметті
алушының
____________________________
тегi, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
____________________________
(мекенжайы және телефон
нөмірі)

Өтініш

      Сiзден____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________ сұраймын.

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы______________________________________________________________

      Банк шотының №___________________________________________________________

      Шот түрі: ағымдағы_________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының

      2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығымен бекітілген "Спорт түрлері бойынша Қазақстан

      Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама

      командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы

      және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет

      стандартының 8-тармағында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын

      құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      ___________________________________________ ___________________

      (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                        (қолы)

      20____жылғы "_____" ____________

      Өтiнiштiң түскен күнi 20____жылғы "_____"

      _________________________________________________ ____________________

      (өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты            (қолы)

      (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 25 мамырдағы
№ 145 бұйрығына
2-қосымша
  "Спорт түрлері бойынша
Қазақстан Республикасы құрама
командаларының (спорт түрлері
бойынша ұлттық құрама
командалардың) мүшелеріне
олардың халықаралық спорттық
жарыстарда жарақаттар алуы
және мертігуі кезінде өтемақы
төлемдерін төлеу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының
____________________________
тегi аты, әкесінің аты,
(болған жағдайда)
____________________________
не ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) филиалының №____________________________ бөлімі

      ________________________________________________________________________________

      (заңды мекенжайы көрсетілсін)

      "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы):

      1)____________________________________________________________;

      2)____________________________________________________________;

      3)____________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:_______________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                        (қолы)

      Орындаушы:_________________________________________            _________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                  (қолы)

      Телефоны ____________________

      Алдым:___________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты            (қолы)

      (болған жағдайда)

      20__ жылғы"___"_________