"Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 338 және "Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 479 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 193/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9637 тіркелді

Жаңартылған

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2 бабының 10-4) және 10-6) тармақшаларына сәйкес БҰЙРАМЫН:
      1. Мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақшаның күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.03.2015 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1) «Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 338 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7260 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 16 қарашада № 365 (26756) жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кондоминиум объектісін басқару органы инженерлік желілер мен жабдықтарды, ортақ пайдаланылатын жерлер мен және кондоминиум объектісіне іргелес жатқан аумақты тиісті күтіп-ұстауды және жөндеуді, Меншік иесіне коммуналдық және өзге де қызметтерді беруді қамтамасыз етеді.
      Кондоминиум объектісін басқару органдары осы мақсат үшін әрбір кондоминиум объектісі бойынша ортақ мүлікті күрделі жөндеуге соманы жинақтау үшін екінші деңгейдегі банктерде жинақтау шотын ашады.
      Кондоминиум объектісін күрделі жөндеу үшін жинақталған соманы жинақ шотынан алуды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша кондоминиум объектісін басқару органдарының басшылары жүзеге асырады.
      Бұл ретте, жинақ шотын жүргізумен байланысты операцияларды аяқтауда кондоминиум объектісінің басшылары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңымен анықталған тәртіппен таңдалып алынған (төлем құжаттарына қол қою) басқарманың кемінде екі мүшесінің, не үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысында анықталған үй-жайлардың (пәтерлердің) екі меншік иесінің өкілдерімен бірлесіп жүзеге асырады.»;
      Қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2) Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.03.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаменті (М.С. Байсүгірова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оны бірінші рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 193/нқ бұйрығына   
қосымша        

Кондоминиум объектісін басқарудың
үлгі шартына қосымша    

Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жұмыстардың тізбесі

Жұмыстардың атауы

Өткізу кезеңділігі


Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысында жылдық күнтізбелік жоспарды құру және қолдану

Бастапқы – өзінің құрылғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде; кейіннен – жыл сайын


Меншік иелерінің жиналысын, оның ішінде жазбаша сауалнама жолымен ұйымдастыру және өткізу, жиналыстың нәтижелерін хаттама түрінде ресімдеу

Бастапқы өзінің құрылғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде, кейіннен кондоминиум объектісін басқару органының немесе үй-жайлар меншік иелерінің, не жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша


Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысының жалпы жиналыс отырысы үшін күн тәртібін және ақпараттық материалдарды құру

Жалпы жиналыс отырысын өткізуге дейін үш күнтізбелік күн ішінде


Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы туралы хабарламаны әзірлеу және тарату

Жалпы жиналыс отырысын өткізуге дейін үш күнтізбелік күн ішінде


Хаттамаларды жүргізу және бұрыштама жобаларын әзірлеу

Жалпы жиналыс отырысын өткізгеннен кейін бір күнтізбелік күн ішінде


Осы тұрғын үй үшін (өнім беруші, қолжетімді қолайлық және қызметтер, жұмыс сағаттары, меншік иелері мен жалдаушылар туралы) арнайы ақпаратты әзірлеу, тарату және жаңарту

Ай сайын


Кондоминиум объектісін тіркеумен (қайта тіркеу) байланысты функцияларды орындау

Кондоминиум объектісін басқару органының құрылғанынан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде


Коммуналдық қызметті көрсететін жеткізушілермен шарттар жасасу, көрсетілген коммуналдық қызметтер үшін жеткізушілермен заңды және қаржылық жұмыс жүргізу

Үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша отыз күнтізбелік күн ішінде


Кондоминиум объектісін күтіп-ұстау бойынша сервистік қызмет субъектілерімен шарттар жасау

Кондоминиум объектісін басқару органының құрылғаннан немесе бұрынғы сервистік компаниямен келісім-шартты бұзғаннан кейін


Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындаған кезде тапсырыс берушінің функциясын (кондоминиум объектісін басқару органы) жүзеге асыру

Тұрақта негізде


Басқару шешімдерін, іс-қимылды құжаттамалық ресімдеу; құжат айналымын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының тұрғын-үй заңнамасына сәйкес құжаттаманы ретке келтіру және сақтау

Тұрақта негізде


Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша жалдаушыларды (жалға алушыларды) тіркеу есебі

Бастапқы – басқару органының құрылғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде; кейіннен – жыл сайын


Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін, сондай-ақ жалдаушыларды (жалға алушыларды) көрсетілген коммуналдық қызметтер сапасының нормативтік көрсеткіштері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету

Бастапқы – басқару органының құрылғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде; кейіннен – жыл сайын


Кондоминиум объектісінің ортақ үлестік меншігіндегі үлесіне сәйкес әрбір үй-жайдың (пәтердің) меншік иесі үшін төлемдер мөлшерін есептеу

Бастапқы – басқару органының құрылғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде; кейіннен – үлесін өзгерткеннен кейін үш жұмыс күн ішінде


Кондоминиум объектісін басқару бойынша жеке ай сайынғы есепті дайындау және үй-жайлардың (пәтерлердің) әрбір меншік иелеріне жазбаша нысанда беру

Келесі есептік кезеңі үшін әрбір ай сайын айдың он күн ішінде


Кондоминиум объктісі конструкцияларының және инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне тексеруді жүзеге асыруды ұйымдастыру

Үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы жиналысында бекітілген кестеге (жоспарға) сәйкес.


Кондоминиум объектісін пайдалануға техникалық дайындығын (оның ішінде маусымдық), ортақ мүлікке ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігіне анықтау мақсатында кондоминиум объектісін (объектілерін) тексеру жұмыстарын ұйымдастыру

Үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы жиналысында бекітілген кестеге (жоспарға) сәйкес


Басқаруға берілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды жоспарлау.

Тұрақта негізде


Қаржылық және техникалық ресурстарды жоспарлау, мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасу

Тұрақта негізде


Мердігерлік ұйымдар, сервистік қызмет субъектілері қызметтерінің, жұмыстарының сапсына, жасалған шарттар аясында өзге міндеттердің орындалуына жүйелі бақылауды жүзеге асыру

Шарттық міндеттемелерге сәйкес


Жасалған шарттарға сәйкес мердігерлердің, сервистік қызмет субъектілерінің (жұмыстарды, қызметтерді жүргізудің барысына қатысушылардың) жұмыстары мен қызметтерін қаржыландыру

Тұрақта негізде


Басқаруға берілген кондоминиум объектісінің техникалық құжаттамасын жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісін басқарумен және күтіп-ұстаумен байланысты бухгалтерлік, қаржылық, салықтық, статистикалық есеп және есептілікті жүргізу

Тұрақта негізде


Халықпен (меншік иесімен) жұмыс, оның ішінде қызмет көрсету сапасы бойынша өтініштер мен арыздарды қарау

Тұрақта негізде


Кондоминиум объектісіне банктік ағымдағы (ортақ мүлікті күтіп ұстауға және ағымдағы жөндеуге) және жинақ (ортақ мүлікті күрделі жөндеуге) шотын ашу.

Өзінің құрылғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде.


Көрсетілген коммуналдық қызметтер үшін төлемдер бойынша берешегі бар үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін анықтау, берешекті өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде сот органдары арқылы, соттың шешімін орындау бойынша сот приставтарымен жұмыс жүргізу

Тұрақта негізде


Ортақ мүлікті күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстар үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің төлемі бойынша берешектеріне, оның ішінде жинақ шотындағы ай сайынғы жинаққа мониторингті жүзеге асыру

Ай сайын