"Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 338 және "Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 479 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 193/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9637 тіркелді

Жаңартылған

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2 бабының 10-4) және 10-6) тармақшаларына сәйкес БҰЙРАМЫН:
      1. Мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.03.2015 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      2) Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.03.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.03.2015 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.03.2015 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаменті (М.С. Байсүгірова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оны бірінші рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 193/нқ бұйрығына   
қосымша        

Кондоминиум объектісін басқарудың
үлгі шартына қосымша    

Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жұмыстардың тізбесі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.03.2015 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.