Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 5-2/325 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9615 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.10.2015 № 1-3/920 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасын, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.10.2015 № 1-3/920 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алуға қатысты есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.12.2016 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және азық-түлік нарықтары департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралында жариялауға жіберу туралы және мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Статистика агенттігінің

      төрағасы

      ___________ A. Смайылов

      2014 жылғы 25 маусым

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 5-2/325 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
__________________________________________ бойынша

      (облыс, астана, республикалық маңызы қала)

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысаны

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.12.2016 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Есепті кезең – күн тізбелік тоқсан

      Индексі: форма № 1-АТТҚ

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын тұлғалар тобы: аудан деңгейіндегі жергілікті атқарушы

       органдар, облыс деңгейіндегі жергілікті

       атқарушы органдар.

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Тапсыру мерзімі: тоқсан сайын есептелік кезеңнен кейінгі айдын 10 күнінен кешіктірмей




Оның ішінде

Өнім атауы

Барлығы, тонна

ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, тонна

шаруа/ фермер қожалықтарында, тонна

астық қабылдау бекеттері мен элеваторларда, тонна

басқа кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерде (сауда нүктелерінде), тонна

азық-түлік тауарларының өңірлік Тұрақтандыру қорларының қоры, тонна

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Бидай

-

-

-

-

-

-

1.1

азық-түліктік

-

-

-

-

-

-

1.2

тұқымдық

-

-

-

-

-

-

1.3

жем-азықтық

-

-

-

-

-

-

2.

Күріш


-

-

-

-


2.1

азық-түліктік

-

-

-

-

-

-

2.2

тұқымдық

-

-

-

-

-

-

2.3

жем-азықтық

-

-

-

-

-

-

3.

Картоп







4.

Қызанақ






-

5.

Қияр






-

6.

Сәбіз







7.

Қырыққабат







8.

Басты пияз







9.

Ет-барлығы







 
 
 

оның ішінде







9.1

сиыр еті







9.2

шошқа еті






-

9.3

қой еті







9.4

жылқы еті






-

9.5

құс еті







10.

Шикі сүт






-

11.

Тауық жұмыртқасы






-

12.

Бидай ұны







12.1

1-ші сұрыпты ұн







12.2

2-ші сұрыпты ұн






-

13.

Қарақұмық жармасы







14.

Ұннан жасалған бидай наны






-

15.

Макарондар







16.

Ет өнімдері - барлығы








оның ішінде







16.1

шұжық өнімдері






-

16.2

ет консервілері







17.

Сары май






-

18.

Ірімшік






-

19.

Сүзбе






-

20.

Қаймақ






-

21.

Өсімдік майы - барлығы








оның ішінде







21.1

күнбағыс майы







21.2

соя майы






-

21.3

мақта майы






-

21.4

рапс майы






-

21.5

мақсары майы






-

22.

Қант-құмшекер







23.

Шай







24.

Ас тұзы








      Ұйымның атауы: Жергілікті атқарушы орган

      Облыс (астана, республикалық маңызы бар қала): ______________________

      Аудан: ______________________________________________________________

      Орналасқан орны: ____________________________________________________

      Басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):

      __________________________ қолы _____________________________________

      Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):

      __________________________ қолы _____________________________________

       телефоны: _________________________________

      Күні: 20____ жыл "____" __________________

      Мөр орны

      Ескерту. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысанының қосымшасында келтірілген

  Өңірлер бойынша азық-түлік
тауарлар қорларын есепке алу
нысанына қосымша

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке
алу нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысаны "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.12.2016 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Нысан келесі түрде толтырылады:

      4, 5, 6, 7 және 8 бағандарда сәйкесінше 2 бағанда көрсетілген азық-түлік тауарларының қолда бар, заттай мәндегі нақты салмағы көрсетіледі;

      "-" белгісі бар жолдардағы бағандар толтырылмайды;

      2 жолдағы 3 бағанда осы жолдағы 8 бағандағы деректер көрсетіледі;

      2 жолдағы 8 бағанда өңірлік азық-түлік тұрақтандыру қорындағы күріштің заттай мәнде нақты қолда бар мәні көрсетіледі;

      3 жолдағы 3 бағанда осы жолдағы 4, 5, 6, 7 және 8 бағандарда көрсетілген деректер қосындылары көрсетіледі.

      Нысанның барлық жолдары осындай нысанға сай толтырылады.

      9 жолдағы бағандардың деректері осы бағандағы 9.1, 9.2, 9.3, 9.4 және 9.5 жолдағы деректер қосындыларынан кем болмау керек.

      12 жолдағы бағандардың деректері осы бағандағы 12.1 және 12.2 жолдағы деректер қосындыларынан кем болмау керек.

      16 жолдағы бағандардың деректері осы бағандағы 16.1 және 16.2 жолдағы деректер қосындыларынан кем болмау керек.

      21 жолдағы бағандардың деректері осы бағандағы 21.1, 21.2, 21.3, 21.4 және 21.5 жолдағы деректер қосындыларынан кем болмау керек.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 5-2/325 бұйрығына
2-қосымша

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алуға қатысты есептілікті ұсыну қағидалары

      Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.12.2016 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жергілікті атқарушы органдар өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорына қатысты есептілікті тоқсан сайын жүргізеді.

      2. Аудан деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы құрылымдарынан қолда бар азық-түлік тауарлар қорлары бойынша ақпаратты жинап жыл сайын бірінші тоқсанның соңына дейін күнтізбелік 15 күн бұрын облыс деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.12.2016 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Облыс деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдар облыста (астанада, республикалық маңызы бар қалада) қолда бар азық-түлік тауарлар қорлары бойынша ақпаратты бірінші тоқсанның соңына дейін күнтізбелік 10 күн бұрын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.12.2016 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Өңірлерде қолда бар азық-түлік тауарлар қорлары бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына қатысты мониторинг жүргізу мақсатында қолданады.