Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 5-2/325 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9615 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.10.2015 № 1-3/920 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.07.2024 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алуға қатысты есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.12.2016 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және азық-түлік нарықтары департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралында жариялауға жіберу туралы және мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Статистика агенттігінің

      төрағасы

      ___________ A. Смайылов

      2014 жылғы 25 маусым

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 5-2/325 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.07.2024 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-АТТҚ

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы ____________

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: қызметі азық-түлік тауарларын сақтау объектілерімен байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер (бұдан әрі – шаруашылық жүргізуші субъектілер), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері).

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:

      шаруашылық жүргізуші субъектілер аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей;

      аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей.

      тонна

Өнім атауы

Барлығы, тонна

оның ішінде

ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, тонна

шаруа/фермерлік шаруашылықтарда, тонна

басқа кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлерде (сауда нүктелерінде), тонна

қоймалардағы қор (көтерме тарату орталықтары, көлік-логистикалық орталықтар, көтерме саудагерле)

азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларының қоры, тонна

көкөніс қоймаларының қоры, тонна

жеміс қоймаларының қоры, тонна

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Азық-түліктік күріш









2.

Картоп









3.

Қырыққабат









4.

Асханалық қызылша









5.

Басты пияз









6.

Асханалық сәбіз









7.

Бұрыш









8.

Қызанақ









9.

Қияр









10.

Алма









11.

Шұжық өнімдері









12.

Жылқы еті









13.

Сиыр еті









14.

Қой еті









15.

Шошқа еті









16.

Тауық еті









17.

Салқындатылған және мұздатылған балық









18.

Өңделген сүт









19.

Қышқыл сүт өнімдері









20.

Сары май









21.

Ірімшік және сүзбе









22.

Бидай ұны









23.

Нан









24.

Макарондар









25.

Қарақұмық жармасы









26.

Тазартылған күнбағыс майы









27.

Құмшекер









28.

Тұз









29.

Тауық жұмыртқасы, мың дана









      Атауы _____________________________________________________________________
      Мекенжайы ________________________________________________________________
      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: _________________________________________________
      Телефон ___________________________________________________________________
      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________________
      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
      ___________________________________ ____________________________________
      (аты және әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  "Өңірлер бойынша азық-түлік
тауарларының қорларын
есепке алу" әкімшілік
деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

"Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      5. Нысанның 2-бағанында өнімнің атауы көрсетіледі;

      6. Нысанның 3-бағанында көрсетілген жолдың 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-бағандарында көрсетілген деректердің жалпы сомасы көрсетіледі.

      7. Нысанның 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-бағандарында заттай мәнде бар 2-бағанда көрсетілген азық-түлік тауарларының нақты көлемі көрсетіледі.

      8. 3-баған сомасы 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-бағандарда көрсетілген сомадан аспауы қажет.

      Нысанды осылай толтыру схемасы нысанның барлық жолдарын толтырған кезде сақталады.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 5-2/325 бұйрығына
2-қосымша

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлары қорларын есепке алу бойынша есептілікті ұсыну қағидалары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.07.2024 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлары қорларын есепке алу бойынша есептілікті ұсыну қағидалары "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ай сайын жүргізеді.

      3. Қызметі азық-түлік тауарларын сақтау объектілерімен байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер (бұдан әрі – шаруашылық жүргізуші субъектілер) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген "Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлары қорларын есепке алу" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – есептілік) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.

      Шаруашылық жүргізуші субъектілер есептілікті пошта байланысы қызметтері арқылы немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының электрондық мекенжайы бойынша жібереді не аудандардың, қалалық облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі арқылы қолма-қол енгізеді.

      4. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары шаруашылық жүргізуші субъектілерден азық-түлік тауарлары қорларының бар болуы туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей есептілікті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсынады.

      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары облыста (астана, республикалық маңызы бар қала) азық-түлік тауарлары қорларының болуы туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей есептілікті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі-Министрлік) ұсынады.

      6. Министрлік республика бойынша есептілікті жинауды, қорытындылауды және талдауды жүзеге асырады және оны азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында пайдаланады.