Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 204-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 4 шілдеде № 9570 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 51-38)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қарғау министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 262-Ө «Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8779 тіркелген, 2014 жылдың 01 ақпандағы № 22 (27643) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жетекшілік ететін Вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы 
Қоршаған орта және   
су ресурстары министрлігінің
2014 жылғы 5 маусымдағы
№ 204-Ө бұйрығымен  
бекiтiлген      

                                                             нысан

Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы) Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама

____________________________________________________________________
(заңды/жеке тұлғаның атауы, басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар
болғанжағдайда), жануарлар әлемін пайдалануға арналған_______________
рұқсат көшірмесінің негізінде нөмірі _____ күні______).

Пайдаланушы туралы ақпарат:

№ р/р

Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы:

Балық және басқа да су жануарларының түрлері

20_ жылдан 20 _ жылға дейін бекітілген квота (тонна)

20__ жылдың «__» ______ жағдай бойынша ауланғаны (тонна)

1





2





3





Жиыны:




Жөнелтпе көліктік құжаттың нөмірі және күні (Пайдаланушыны алып тастағанда) _________________________________________________________
Сату-сатып алу келісімшарттының нөмірі және күні (Пайдаланушыны алып тастағанда) _________________________________________________________
Инспекция балықтың қайда ауланғанын растайды:

№ р/р

Балықтың саны (тонна)

Балықтың түрі

1.



2.



3.



Жиыны:


Анықтаманың берілген күні 20 ___ ж «____» _______________

Қолы ________________________________________________________________
            (аумақтық бөлімше басшысының тегі, аты, әкесінің аты
                        (бар болған жағдайда))

Мөр орны