«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) Осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
8) Осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
9) Осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 29 қыркүйектегі № 652 «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» бұйрығының 1-тармағының 1), 3), 9), 10), 12) және 16) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8072 тiркелген, 2014 жылғы 12 сәуірде № 71 (27692) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу ұқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне мемлекеттік тіркелгені және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберілгені туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж.Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 243 бұйрығына
1-қосымша
«Авиация персоналына куәлiктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және әуе қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54-бабының 5-тармағының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі авиация персоналына куәлiктер (бұдан әрі - куәлік) беру болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Көрсетілетін көрсетілетін қызмет құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынның 9-тармағында көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті өтініш пен өзге де құжаттарды беру болып табылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімдері (іс-қимылдары):
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарын тіркеу журналында мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын тіркеп, оларды қызметті берушінің басшысына қарастыруға жібереді;
2) қызметті берушінің басшысы 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын қарап, оларды көрсетілетін қызметті берушінің Авиация персоналына куәлiктер беруді ұйымдастыру және медицина жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын қарап, оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын тіркеу күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде куәліктерді ресімдеуді немесе куәліктің мерзімінің ұзартылуын және көрсетілетін қызметті алушы басшысының қол қоюын қамтамасыз етеді.
Бас сарапшы (сарапшы) 15 минут ішінде қызметті алушының жеке келуі кезінде куәлікті береді.
7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды қызметті берушінің басшысына беру;
2) Басқарма басшысына қарастыру үшін қызметті беруші басшысының қарары;
3) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшының) қарастыру үшін Басқарма басшысының қарары;
4) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшының) куәлікті ресімдеуі және оны қол қою үшін қызметті берушінің басшысына беру;
5) қызметті алушыға куәлік беру.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) қызметті берушінің басшысы;
3) Басқарма басшысы;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы).
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтылығы көрсетілген қызметкерлер арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) дәйектілігін сипаттау:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарын тіркеу журналында мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын тіркеп, оларды қызметті берушінің басшысына қарастыруға жібереді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын тіркеп, оларды қызметті берушінің Авиация персоналына куәлiктер беруді ұйымдастыру және медицина жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын тіркеп, оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын тіркеу күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде куәліктерді ресімдеуді немесе куәліктің мерзімінің ұзартылуын және қызметті алушы басшысының қол қоюын қамтамасыз етеді.
Бас сарапшы (сарапшы) 15 минут ішінде қызметті алушының жеке келуі кезінде куәлікті береді.
10. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау осы «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл блок-схемасында келтірілген.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
11. Портал арқылы өтініш беру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде қызмет беруші ресімдерінің (әрекеттерінің) жүйелілік тәртібі:
Порталда тіркелген қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы тексеру;
пайдаланушының мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сауал үлгісін экранға шығару және сауал үлгісіне қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, қызметті алушының үлгіні толтыруы (деректерді енгізуі);
мемлекеттік көрсетілетін қызмет сауалының толтырылған үлгісін (енгізілген деректерді) қызметті алушының ЭЦҚ-сы көмегімен сауалды куәландыру (қол қою);
электрондық құжатты (қызметті алушының сауалын) тіркеу және сауалды Порталда өңдеу;
қызметті алушының өтінішін қызмет берушінің тексеруі;
қызметті алушының Портал құрған сертификат мемлекеттік қызметінің нәтижесін алуы. Электрондық құжатты қызмет берушінің басшысы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып құрады.
Қызметті алушы Портал арқылы өтініш білдіргенде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының өтінішін және өзге де құжаттарын Порталда тіркеген күнінен бастап 30 жұмыс күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметтің нәтижесі ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде оның жеке кабинетіне жіберіледі.
12. Портал арқылы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
«Авиация персоналына куәлiктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында рәсімдер (іс-қимыл) дәйектілігін сипаттаудың блок-схемасы
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 243 бұйрығына
2-қосымша
«Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Қызметті алушы) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 40-бабының 1-тармағының 4) негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау аэронавигациялық ақпараттар жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды немесе көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.
2. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме қызметті алушының халықаралық тұрақты емес рейстерді орындауға өтінім және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімдері (іс-қимылдары):
1) Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға өтінімді Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпараттар жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы қабылдау және құжаттардың электронды көшірмелерін «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Рұқсат беру бөлімінің маманының 5 минут ішінде қабылдауы;
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған Стандартта көрсетілген құжаттарды «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Рұқсат беру бөлімінің маманының 5 минут ішінде қабылдауы;
3) тұрақты емес рейсті орындауға өтінімді ӘК қондыру Қазақстан Республикасының қонуға жоспарланған әуежайларымен, сондай-ақ «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алымдар бөлімімен аэронавигациялық қызметтер үшін төлем жасауға «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Рұқсат беру бөлімінің мамандарымен күнтізбелік 5 күн ішінде келісу;
4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті сарапшысының (қызметті беруші) құжаттарды 22 күн ішінде қарастыруы;
5) Азаматтық авиация комитеті сарапшысының тұрақты емес халықаралық рейсті орындауға рұқсатты күнтізбелік 1 күн ішінде ресімдеуі, рұқсат ресiмделген;
6) қызметті беруші басшысының рұқсатқа күнтізбелік 1 күн ішінде қол қоюы, рұқсатқа қол қрйылған.
7) «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Рұқсат беру бөлімінің маманы күнтізбелік 1 күн ішінде халықаралық тұрақты емес рейсті орындауға рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты береді.
3. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде мынадай лауазымды адамдар қатысады:
1) «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Рұқсат беру бөлімінің маманы;
2 қызметті берушінің басшысы;
3) «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алымдар бөлімінің маманы;
4) тиісті функцияны жүзеге асыратын атқаратын құрылымдық бөлімшенің қызметкері (орындаушы).
7. Осы регламентке қосымшада көрсетілген әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтылығы қызметкерлер арасындағы рәсімдердің отырып (іс-қимылдың) дәйектілігін сипаттау:
1) Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға өтінімді Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпараттар жинағында жарияланған байланыс арналары бойынша қабылдау және құжаттардың электрондық көшірмелерін «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Рұқсат беру бөлімінің маманының 5 минут ішінде қабылдауы;
2) «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Рұқсат беру бөлімінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған Стандартта көрсетілген құжаттарды 5 минут ішінде қабылдау;
3) тұрақты емес рейсті орындауға өтінімді Қазақстан Республикасының қонуға жоспарланған әуежайларымен, сондай-ақ «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Рұқсат беру бөлімі Алымдар бөлімімен аэронавигациялық қызметтер үшін төлем жасауға «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Рұқсат беру бөлімінің мамандарымен күнтізбелік 5 күн ішінде келісу, «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Рұқсат беру бөлімі Алымдар бөлімінің қызметкерінен келісім бойынша жауап алу;
4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті сарапшысының (қызметті беруші) құжаттарды 22 күн ішінде қарастыруы, құжаттар қарастырылған;
5) Азаматтық авиация комитеті сарапшысының тұрақты емес халықаралық рейсті орындауға рұқсатты күнтізбелік 1 күн ішінде ресімдеуі, рұқсат ресiмделген.
6) қызметті беруші басшысының 1 күн ішінде рұқсатқа қол қоюы, рұқсаттқа қол қойылған;
7) «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Рұқсат беру бөлімінің маманы күнтізбелік 1 күн ішінде халықаралық тұрақты емес рейсті орындауға рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты береді.
8. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау осы «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл блок-схемасында келтірілген.
«Халықаралық тұрақты емес ұшуларды
орындауға арналған рұқсаттарды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерімен) рәсімдер дәйектілігін сипаттаудың блок-схемасы
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 243 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асырушы шетел тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асырушы шетел тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 81-бабының 2-тармағының негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 қаулысының 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітіліген «Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асырушы шетел тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі- қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - Портал) жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз және (немесе) электронды (ішінара автоматтандырылған) түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асырушы шетел тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі - куәлік, куәліктің телнұсқасы) беру болып табылады.
2. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішін және қызметті алушының өзге де құжаттарын алу болып табылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімдері (іс - қимылдары):
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын кiрiс хаттарды тіркеу журналында тіркейді және қызметті берушінің басшысына жолдайды;
2) қызметті берушінің басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарастырады, және оларды қызметті берушінің Халықаралық қатынастар және авиациялық тасымалдар басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жолдайды;
3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарастырады, және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жолдайды;
4) Басқармасының бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 40 күннен аспайтын мерзімде және куәліктің телнұсқасын алуға қажетті қызметті алушының өтінішін және өзге де құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде оларды бекітілген талаптарға сәйкестігін қарайды, куәлікті немесе телнұсқаны ресімдейді және қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
5) қызметті берушінің басшысы күнтізбелік бір күн ішінде куәлікке (куәліктің телнұсқасы) қол қояды және оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) тапсырады;
6) Басқармасының бас сарапшысы (сарапшы) 15 минут ішінде куәлікті (куәліктің телнұсқасы) қызметті алушының жеке келуінде берілген куәліктерді (куәліктердің телнұсқасы) есепке алу және тіркеу журналында қолхатпен тапсырады.
Куәліктің телнұсқасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының өтінішін және өзге де құжаттарын тіркеген күнінен бастап 10 жұмыс күні дейінгі мерзімде тапсырылады.
7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс - қимылдың) нәтижесі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды қызметті берушінің басшысына тапсыру;
2) Басқарма басшысының қарауы үшін қызметті беруші басшының қарары;
3) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшы) қарауы үшін Басқарма басшысының қарары;
4) Басқарма бас сарапшысының (сарапшы) куәлікті (куәліктің телнұсқасы) ресімдеуі және қызметті берушінің басшысына қол қою үшін тапсыруы;
5) куәлікке (куәліктің телнұсқасына) қызметті берушінің басшысына қол қоюы және оларды бас сарапшыға (сарапшыға) тапсыруы;
6) куәлікті (куәліктің телнұсқасын) қызметті алушыға тапсыруы;
7) куәлікті алуы және куәлікпен танысуын және қабылдауын растайтын қызметті берушінің қолы.
3. Қызметті берішінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) қызметті берушінің басшысы;
3) Басқарма басшысы;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы).
9. қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын кiрiс хат хабарларды тіркеу журналында тіркейді және оларды қызметті берушінің басшысына жолдайды;
2) қызметті берушінің басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарастырады және оларды қызметті берушінің басшысына жолдайды;
3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарастырады және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жолдайды;
4) Басқармасының бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының өтінішін және өзге де құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде және куәліктің телнұсқасын алуға қажет көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде оларды бекітілген талаптар сәйкестігіне қарайды, куәлікті немесе телнұсқаны ресімдейді және қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
5) қызметті берушінің басшысы куәлікке (куәліктің телнұсқасы) қол қояды және оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) тапсырады;
6) Басқармасының бас сарапшысы (сарапшы) 15 минут ішінде куәлікті (куәліктің телнұсқасы) қызметті алушының жеке келуінде берілген куәліктерді (куәліктердің телнұсқасы) есепке алу және тіркеу журналында қолхатпен тапсырады.
10. қызметті алушының құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл блок - схемасында осы «Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асырушы шетел тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшаға сәйкес келтірілген.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. Портал арқылы дәйектілігінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде қызметті берушінің өтініші және рәсімдер (іс-қимыл) дәйектілігінің тәртібі:
Портал арқылы мемлекетік көрсетілетін қызмет кезінде қызметті берушінің жүгіну тәртібі және рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігі:
Портал арқылы әрбір қадамдық әрекеттері мен шешімдері осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:
1) өзінің ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің көмегімен ЭЦҚ-та тіркеуді жүзеге асырады, ол қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады;
2) 1-үдеріс – қызмет алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының ЭЦҚ-ға парольді енгізу үдерісі;
3) 1-шарт - ЭЦҚ-да логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген қызметті алушы туралы деректердің нақтылығын тексеру;
4) 2-үдеріс – қызметті алушының деректерінде жөнсіздіктер бар болуына байланысты ЭЦҚ-дың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
5) 3-үдеріс – қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету және нысанның құрылымы мен форматтық талаптарының есебімен, сұрау нысанына электронды түрде қажетті құжаттарды бекіте отырып, оны (деректерді енгізу) тұтынушының толтыруы үшін экранға сұрау нысанын шығаруы;
6) 4-үдеріс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін қызмет алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт - ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және тізімде кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің (жойылғандар) болмауын сондай-ақ, сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН арасында және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП-да тексеру;
8) 5-үдеріс – Қызметті алыушының ЭЦҚ-ның түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үрдіс - порталмен құрылған қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (куәлік (куәліктің телнұсқасы) алуы. Электрондық құжат қызметті берушінің басшысымен ЭЦҚ пайдалану арқылы құрылады.
Қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының ұсынған де құжаттарын Порталда тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде ЭЦҚрасталған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолданады.
10. Портал арқылы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Қазақстан Республикасы аумағында
өз қызметін жүзеге асырушы шетел
тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлік
беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет
регламентіне
1-қосымша
Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдыр) дәйектілігін сипаттаудың блок-схемасы
«Қазақстан Республикасы аумағында өз
қызметін жүзеге асырушы шетел
тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлік
беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет
регламентіне
2-қосымша
Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсеткен кезде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 243 бұйрығына
4-қосымша
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы
сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық авиация орталығына сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және әуе қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54-бабының 5-тармағы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан оқу орталығына сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі авиация оқу орталығына сертификат (бұдан әрі - сертификат) беру болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз ретінде.
2. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініш пен өзге де құжаттарды беруі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің рәсімдері (іс-қимылдары):
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарын тіркеу журналында мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеп, оларды қызметті берушінің басшысына қарастыруға жібереді;
2) қызметті берушінің басшысы 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарап, оларды қызметті берушінің Авиация персоналына куәлiктер беруді ұйымдастыру және медицина жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарап, оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеу күнінен бастап 21 жұмыс күнінен асырмай қызметті алушының берген құжаттамасын қарастырады және екі жұмыс күнінен асырмай комиссияны құру күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қызметті алушының сертификатты тексерілуін жүргізетін қызметті алушыны сертификатты тексеру үшін комиссияны құру туралы қызметті алушының бұйрығын қабылдауды қамтамасыз етеді.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті алушының сертификатты тексерілуі аяқталған соң он жұмыс күнінен кешіктірмей қызметті алушыға қызметті алушының басшысына бекітілген сертификатты тексеру актін жіберіп, сертификатты тексеру актін бекіткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде сертификатты ресімдеу мен оған қызметті алушының басшысының қол қоюын қамтамасыз етеді.
Бас сарапшы (сарапшы) 15 минут ішінде қызметті алушының жеке келуі кезінде сертификатты береді.
7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажет қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды қызметті берушінің басшысына беру;
2) Басқарма басшысына қарастыру үшін қызметті беруші басшысының қарары;
3) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) қарастыру үшін Басқарма басшысының қарары;
4) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшының) үлгі сертификатты ресімдеуі және оны қол қою үшін қызметті берушінің басшысына беру;
5) қызметті алушыға сертификат беру.
3. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) қызметті берушінің басшысы;
3) Басқарма басшысы;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы).
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтылығы қызметкерлер арасында рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарын тіркеу журналында мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеп, оларды қызметті берушінің басшысына қарастыруға жібереді;
2) қызметті берушінің басшысы 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарап, оларды қызметті берушінің Басқарма басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажет көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарап, оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын тіркеу күнінен бастап 21 жұмыс күнінен асырмай қызметті алушының берген құжаттамасын қарастырады және екі жұмыс күнінен асырмай комиссияны құру күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қызметті алушының сертификатты тексерілуін жүргізетін қызметті алушыны сертификатты тексеру үшін комиссияны құру туралы қызметті алушының бұйрығын қабылдауды қамтамасыз етеді.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті алушының сертификатты тексерілуі аяқталған соң он жұмыс күнінен кешіктірмей қызметті алушыға қызметті алушының басшысына бекітілген сертификатты тексеру актін жіберіп, сертификатты тексеру актін бекіткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде сертификатты ресімдеу мен оған қызметті алушының басшысының қол қоюын қамтамасыз етеді.
Бас сарапшы (сарапшы) 15 минут ішінде қызметті алушының жеке келуі кезінде сертификатты береді.
10. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау осы «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы блок-схемасында келтірілген.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. «Электрондық үкімет» веб-порталы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде қызметті берушінің өтініші және рәсімдер (іс-қимыл) дәйектілігінің тәртібі:
Портал арқылы әрбір қадамдық әрекеттері мен шешімдері осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:
1) өзінің ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің көмегімен ЭЦҚ-та тіркеуді жүзеге асырады, ол қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады;
2) 1-үдеріс – қызмет алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының ЭЦҚ-ға парольді енгізу үдерісі;
3) 1-шарт - ЭЦҚ-да логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген қызметті алушы туралы деректердің нақтылығын тексеру;
4) 2-үдеріс – қызметті алушының деректерінде жөнсіздіктер бар болуына байланысты ЭЦҚ-дың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
5) 3-үдеріс – қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету және нысанның құрылымы мен форматтық талаптарының есебімен, сұрау нысанына электронды түрде қажетті құжаттарды бекіте отырып, оны (деректерді енгізу) тұтынушының толтыруы үшін экранға сұрау нысанын шығаруы;
6) 4-үдеріс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін қызмет алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт - ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және тізімде кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің (жойылғандар) болмауын сондай-ақ, сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН арасында және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП-да тексеру;
8) 5-үдеріс – Қызметті алыушының ЭЦҚ-ның түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үрдіс - порталмен құрылған қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (куәлік (куәліктің телнұсқасы) алуы;
10) 7-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-де электронды құжатты (қызмет алушының сұрау салуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды өңдеу;
11) 3-шарт – өңірлік бөлімшемен талаптарға және қызметтік тізім бар анықтамаларды қалыптасыруға қызметті алушының сәйкестігін тексеруі;
12) 8-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да ұсынылған құжаттардың негізінде құрылған қызметтік тізімі бар анықтамалар тіркелген өтінім жіберу;
14) 9-үрдіс - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырылған құжаттарды өңірлік бөлімшеден алу;
15) 10-үрдіс – уақытын, өткізілетін күнін көрсетумен аттестаттау комиссиясының шешімінің негізінде тестілеуге жібеу немесе жіберумеу туралы ескерту хат әзірлеу;
16) 11-үрдіс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырылған (электронды аттестат) қызмет нәтижесін қызмет алушының алуы. Электронды құжат аттестаттау комиссиясының шешімінің негізінде қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен құрылады.
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы
сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Ққызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттаудың блок-схемасы
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы
сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2014 жылғы
9 сәуірдегі № 243 бұйрығына
5-қосымша
«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабының 17) тармақшасының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді сер тификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді сертификатын (сертификат телнұсқасын) (бұдан әрі – сертификат, сертификат телнұсқасы);
2. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздемесі Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қызметті алушының өшіші мен өзге де құжаттары болып табылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімі (іс-қимылы):
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарды тіркеу журналына қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішін және өзге де құжаттарын тіркейді және оларды қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді;
2) қызметті берушінің басшысы төрт сағат ішінде қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын қарайды және қызметті берушінің авиациялық қауіпсіздік басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы екі сағат ішінде қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын қарайды және оны Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызметті алу үшін қажеті қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күннен асырмай қызметті алушының берген құжаттамасының толықтығын тексереді және қызметті алушыға сертификаттық тексеріс өткізу туралы қызметті беруші басшысының қолы қойылған шешімді жібереді және күнтізбелік 10 күннен асырмай қызметті беруші басшысының сертификаттық тексеріс үшін комиссияны құру туралы бұйрығын қабылдауды қамтамасыз етеді.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 15 минут ішінде берілген сертификаттарды (сертификат телнұсқасын) тіркеу журналында қолхатпен қызметті алушының жеке қатысуымен сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) береді.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті берушінің басшысы сертификаттық тексеріс аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 күннен асырмай сертификатты ресімдеу және оны қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдауды қамтамасыз етеді.
7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті өтініштер мен өзге де құжаттарды қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оны қызметті берушінің басшысына тапсыру;
2) Басқарма басшысына қарастыру үшін қызметті беруші басшысының қарары;
3) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) қарастыру үшін Басқарма басшысының қарары;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) сертификатты ресімдейді және қызметті берушінің басшысына қол қою үшін тапсырады.
5) қызметті алушыға сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) беру.
3. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) қызметті берушінің басшысы;
3) Басқарма басшысы;
4) Басқарманың сарапшысы.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлер арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарды тіркеу журналына қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын тіркейді және оларды қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді;
2) қызметті берушінің басшысы төрт сағат ішінде қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішін және өзге де құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасының басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы екі сағат ішінде қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішін және өзге де құжаттарын қарайды және оны Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күннен асырмай қызметті алушының берген құжаттамасының толықтығын тексереді және қызметті алушыға сертификаттық тексеріс өткізу туралы қызметті беруші басшысының қолы қойылған шешімді жібереді және күнтізбелік 10 күннен асырмай қызметті беруші басшысының сертификаттық тексеріс үшін комиссияны құру туралы бұйрығын қабылдауды қамтамасыз етеді.
5) Комиссия сертификаттық тексерісті күнтізбелік 10 күн ішінде жүргізеді:
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) сертификаттық тексеріс аяқталғаннан бастап 10 күннен асыпайтын мерзімде сертификатты ресімдеуді және қызметті беруші басшысының қол қоюын қамтамасыз етеді.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 15 минут ішінде берілген сертификаттарды (сертификат телнұсқасын) тіркеу журналында қолхатпен қызметті алушының жеке қатысуымен сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) береді.
10. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау осы «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл блок-схемасында көрсетілген.
«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді
сертификатын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігін сипаттаудың блок-схемасы
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 243 бұйрығына
6-қосымша
«Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылығына сертификат беру туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - қызметті беруші) «Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылығына сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін және авиация қызметін пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 66-бабының 2-тармағының негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген «Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылығына сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз және (немесе) электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі әуеайлаққа (тікұшақ әуеайлағына) жарамдылық сертификатын беру (бұдан әрі - сертификат сертификаттың телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
2. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме қызметті алушының өтініші мен Cтандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың тізімі болып табылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімдері (іс-қимылдары):
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарларды тіркеу журналында қызметті алушының мемлекеттік қызмет алу үшін қажет өтініш пен өзге де құжаттарын алып, ашу, сұрыптау және тіркеп, қызметті берушінің басшысына жолдайды;
2) қызметті берушінің басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті қызмет алушының ұсынған құжаттарын қарастырып, оларды көрсетілетін қызметті берушінің Әуежайлар басқармасының басшысына жолдайды (бұдан әрі - Басқарма);
3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жолдайды;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қызметті алушыға қызметті берушінің басшысы қол қойған қызметті алушыға сертификаттық тексеріс өткізу туралы шешімін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту дәлелді жауабын жолдайды.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті берушінің сертификаттық тексеріс өткізуге комиссияны құру туралы бұйрығын қабылдағаннан кейін күнтізбелік 30 күннен асырмай қызметті беруші басшысының сертификаттық тексеріс үшін комиссияны құру туралы бұйрығын қабылдауды қамтамасыз етеді.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті берушінің басшысы сертификаттық тексеріс актісіне қол қойған күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен асырмай сертификатты ресімдеу және оны қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдауды қамтамасыз етеді.
Басқарманың сарапшысы Заңмен белгіленген тәртіпте бас тарту себебін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 15 минут ішінде есеп және берілген сертификаттарды (сертификат телнұсқаларын) тіркеу журналында қолхатпен қызметті алушының жеке қатысуымен сертификат (сертификаттың телнұсқасын) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын береді.
Сертификаттың телнұсқасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажет қызмет алушының өтініші және өзге де құжаттары тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 7 күннен асырмай беріледі.
7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажет қызметті алушының өтініші және өзге де құжаттарын қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды қызметті берушінің басшысына беру;
2) Басқарма басшысына қарастыру үшін қызметті беруші басшысының қарары;
3) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) қарастыру үшін Басқарма басшысының қарары;
4) Басқарманың бас сарапшысымен (сарапшы) сертификатты (сертификаттың телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеуі және оны қызметті берушіге қол қою үшін беру;
5) көрсетілетін қызметті алушыға сертификат (сертификаттың телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын беру.
3. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне мынадай қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) кеңсе қызметкері;
2) қызметті берушінің басшысы;
3) Басқарма басшысы;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы)
9. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлер арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарларды тіркеу журналында мемлекеттік қызмет алуға қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын қабылдау, ашу, сұрыптау және тіркеп, қызметті берушінің басшысына жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік қызмет алуға қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарастырып, оларды қызметті берушінің Басқарманың басшысына жолдайды;
3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік қызмет алуға қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жолдайды;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызмет алуға қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сертификаттық тексеру өткізу туралы шешімді қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдауды қамтамасыз етеді.
5) Басқарманың сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызмет алуға қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеген күнінен бастап 3 ай мерзімнен асырмай сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) ресімдеуді және оны қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдауды қамтамасыз етеді.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 15 минут ішінде есеп және берілген сертификаттарды (сертификат телнұсқасын) тіркеу журналында қолхатпен қызметті алушының жеке қатысуымен сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын береді.
10. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау осы «Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылығына сертификат беру» (бұдан әрі - Регламент) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес блок-схемада көрсетілген.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. «Электрондық үкімет» веб-порталы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде қызметті берушінің өтініші және рәсімдер (іс-қимыл) дәйектілігінің тәртібі:
Портал арқылы әрбір қадамдық әрекеттері мен шешімдері осы Регламенттің 2,3-қосымшасында келтірілген:
1) өзінің ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің көмегімен ЭЦҚ-та тіркеуді жүзеге асырады, ол қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады;
2) 1-үдеріс – қызмет алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының ЭЦҚ-ға парольді енгізу үдерісі;
3) 1-шарт - ЭЦҚ-да логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген қызметті алушы туралы деректердің нақтылығын тексеру;
4) 2-үдеріс – қызметті алушының деректерінде жөнсіздіктер бар болуына байланысты ЭЦҚ-дың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
5) 3-үдеріс – қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету және нысанның құрылымы мен форматтық талаптарының есебімен, сұрау нысанына электронды түрде қажетті құжаттарды бекіте отырып, оны (деректерді енгізу) тұтынушының толтыруы үшін экранға сұрау нысанын шығаруы;
6) 4-үдеріс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін қызмет алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт - ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және тізімде кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің (жойылғандар) болмауын сондай-ақ, сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН арасында және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП-да тексеру;
8) 5-үдеріс – Қызметті алыушының ЭЦҚ-ның түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.
«Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының)
жарамдылығына сертификат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша
Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттаудың блок-схемасы
«Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының)
жарамдылығына сертификат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Портал арқылы қадамдық іс-қимылдары және шешімдері
«Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының)
жарамдылығына сертификат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 243 бұйрығына
7-қосымша
«Аэронавигациялық ұйымның
әуе қозғалысына қызмет көрсету органының
сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 15-1) тармақшасының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру (бұдан әрі – сертификат, сертификаттың телнұсқасы) болып табылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процессінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау негіздемесі қызметті алушының өтініші мен стандартта көрсетілген құжаттар тізімін ұсынуы болып табылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процессінің рәсімі (іс-қимылы):
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарды тіркеу журналына қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын тіркейді және оларды қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді;
2) қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің аэронавигация басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы екі сағат ішінде қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын қарайды және оны Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішін және өзге де құжаттарын алған күнінен бастап 20 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттарға баға береді.
Қызметті алушы ұсынған құжаттама бағасының оң қорытындысы кезінде Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) көрсетілетін қызметті алушыға қызметті берушінің басшысы қол қойған қызметті алушыны сертификаттық тексеру туралы шешімді жібереді (Бұдан әрі - шешім) және оң шешім қабылданғаннан кейін Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) 3 жұмыс күні ішінде қызметті алушыны сертификаттық тексеруді өткізу үшін комиссия құру туралы бұйрықты қабылдауды қамтамасыз етеді, оның жұмысы аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қызметті алушыға келісілген комиссия мүшелерімен және қызметті берушінің басшысы не ол бекіткен уәкілетті адамның сертификаттық тексеру актісін (бұдан әрі - акт) жолдайды.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) актіге қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күннен аспайтын мерзімде сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) ресімдейді және қызметті беруші басшысының сертификатқа қол қоюын қамтамасыз етеді.
Бас сарапшы (сарапшы) актіні бекіткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде қызметті алушының өзі келген кезде сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) береді.
Бас сарапшы (сарапшы) қызметті алушының атауы немесе оның ұйымдастыру-құқықтық нысанының өзгеруіне байланысты қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті өтініші мен өзге де құжаттары тіркелген күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде сертификатты беруді жүзеге асырады.
7. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі:
1) қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті ұсынған құжаттарды қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оны қызметті берушінің басшысына тапсыру;
2) қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысына қарау үшін бұрыштаманы береді;
3) Басқарма басшысы Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) қарау үшін бұрыштаманы береді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) қызметті берушінің басшысына қол қою үшін тапсырады.
5) қызметті алушыға сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) беру.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процессінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процессінде қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) жұмылдырылды:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) қызметті берушінің басшысы;
3) Басқарма басшысы;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы).
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлер арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарды тіркеу журналына қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын тіркейді және оларды қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді;
2) қызметті берушінің басшысы 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын қарайды және қызмет берушінің басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы 2 сағат ішінде қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішін және өзге де құжаттарын қарайды және оны Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарын алған күнінен бастап 20 жұмыс күннен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттарға баға береді.
5) Қызметті берушінің басшысы бағалауды өткізетін күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде қызметті алушыға сертификациялық тексеру өткізу үшін комиссия құру туралы бұйрық шығарады.
6) қызметті берушінің комиссия мүшелері қызметті алушыға күнтізбелік 5 күннің ішінде сертификациялық тексеру жүргізеді.
7) сертификациялық тексеру актісін қызметті берушінің басшысы бекітеді және оны қызметті алушының бас сарапшысына (сарапшысына) жібереді.
8) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) сертификациялық тексеру актісінін бекіткеннен кейін күнтізбелік 5 күн ішінде сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) береді.
10. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігінің сипаттамасы осы «Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау блок-схемасында көрсетілген.
«Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет
көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау блок-схемасы
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2014 жылғы
9 сәуірдегі № 243 бұйрығына
8-қосымша
«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 15-1) тармақшасының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген «Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі сертификатын беру (бұдан әрі - сертификат сертификаттың телнұсқасы) болып табылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау негіздемесі қызметті алушының өтініші мен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізімі болып табылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімі (іс-қимылы):
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарды тіркеу журналына көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын тіркейді және оларды қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді;
2) қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын қарайды және қызметті берушінің аэронавигация басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы екі сағат ішінде қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын қарайды және оны Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын алған күнінен бастап 20 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарға баға береді.
Қызметті алушы ұсынған құжаттама бағасының оң қорытындысы кезінде Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) қызметті алушыға қызметті берушінің басшысы қол қойған қызметті алушыны сертификаттық тексеру туралы шешімді жібереді (бұдан әрі - шешім) және оң шешім қабылдағаннан кейін Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) 3 жұмыс күні ішінде қызметті алушыны сертификаттық тексеруді өткізу үшін комиссия құру туралы бұйрықты қабылдауды қамтамасыз етеді, оның жұмысы аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қызметті алушыға келісілген комиссия мүшелерімен және қызметті берушінің басшысы не ол бекіткен уәкілетті адамның сертификаттық тексеру актісін жолдайды.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) актіге қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күннен аспайтын мерзімде сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) ресімдейді және қызметті беруші басшысының сертификатқа қол қоюын қамтамасыз етеді.
Бас сарапшы (сарапшы) сертификаттық тексеру актісін бекіткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті алушының өзі келген кезде, сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) береді
Бас сарапшы (сарапшы) қызметті алушының атауы немесе оның ұйымдастыру-құқықтық нысанының өзгеруіне байланысты қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті өтініші мен өзге де құжаттары тіркелген күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде сертификатты беруді жүзеге асырады.
7. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі:
1) қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті ұсынған құжаттарды қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оны қызметті берушінің басшысына тапсыру;
2) қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысына қарау үшін бұрыштаманы береді;
3) басқарма басшысы Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) қарау үшін бұрыштаманы береді;
4) басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) және қызметті берушінің басшысына қол қою үшін тапсырады.
5) көрсетілетін қызметті алушыға сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) жұмылдырылды:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) қызметті берушінің басшысы;
3) Басқарма басшысы;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы).
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлер арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарды тіркеу журналына қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарын тіркейді және оларды қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді;
2) қызметті берушінің басшысы 2 сағат ішінде қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын қарайды және қызмет берушінің аэронавигация басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жібереді;
3) басқарма басшысы 2 сағат ішінде қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын қарайды және оны Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) жібереді;
4) басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын алған күнінен бастап 20 жұмыс күннен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттарға баға береді.
5) Қызметті берушінің басшысы бағалауды өткізетін күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде қызметті алушыға сертификациялық тексеру өткізу үшін комиссия құру туралы бұйрық шығарады.
6) қызметті берушінің комиссия мүшелері қызметті алушыға күнтізбелік 5 күннің ішінде сертификациялық тексеру жүргізеді.
7) сертификациялық тексеру актісін қызметті берушінің басшысы бекітеді және оны қызметті алушының бас сарапшысына (сарапшысына) жібереді.
8) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) сертификациялық тексеру актісінін бекіткеннен кейін күнтізбелік 5 күн ішінде сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) береді.
10. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігінің сипаттамасы осы «Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау блок-схемасында көрсетілген.
«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты
және байланысты пайдалану қызметі сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау блок-схемасы
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2014 жылғы
9 сәуірдегі № 243
бұйрығына
9-қосымша
«Экипаж мүшесінің куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
2. Жалпы ережелер
1. «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі экипаж мүшесінің куәлігін (бұдан әрі - ЭМК);
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме қызметті алушының өтініші мен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізімі болып табылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімі (іс-қимылы):
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарын тіркеу журналында мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының хат-өтінімдерді және өзге де құжаттарды қабылдау, ашу, сұрыптау және тіркеуді жүргізеді және оларды қызметті берушінің басшысына жібереді.
2) қызметті берушінің басшысы 4 сағат ішінде мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарастырады және оларды орындау үшін қызметті берушінің Авиациялық қауіпсіздігі басқармасының басшысына жібереді (бұдан әрі - Басқарма).
3) Басқарма басшысы 2 сағат ішінде мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті қызметті берушінің ұсынған құжаттарын Басқарма сарапшысына жібереді;
4) Басқарма сарапшысы қызметті алушының ұсынған құжаттарын мемлекетті қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын алған сәттен бастап 15 жұмыс күнінің ішінде қарастырады, ЭМК ресімдейді;
5) Басқарма сарапшысы көрсетілетін қызметті алушының өзі келген жағдайда 15 минут ішінде ЭМК береді.
7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) қызметті берушінің кеңсесінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеп, оларды қызметті берушінің басшысына жібереді;
2) Басқарма басшысына қарастыру үшін қызметті беруші басшысының қарары;
3) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) қарастыру үшін Басқарма басшысының қарары;
4) берілген құжаттарды бас сарапшының (сарапшының) қарастыруы;
5) ЭМК Басқарма бас сарапшысының (сарапшы) ресімдеуі;
6) ЭМК беріледі.
3. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде н қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) қызметті берушінің басшысы;
3) Басқарма басшысы;
4) Басқарманың сарапшысы.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлер арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарын тіркеу журналында мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының хат-өтінімдерді және құжаттарды қабылдау, ашу, сұрыптау және тіркеуді жүргізеді және оларды қызметті берушінің басшысына жібереді.
2) қызметті берушінің басшысы 4 сағат ішінде мемлекеттік қызмет алу үшін қажет қызметті алушының хат-өтінімдерін және өзгеде құжаттарын қарастырады және оларды орындау үшін қызметті беруші Басқарманың басшысына жібереді.
3) Басқарма басшысы 2 сағат ішінде мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті қызметті берушінің ұсынған құжаттарын Басқарма сарапшысына жібереді;
4) Басқарма сарапшысы қызметті алушының ұсынған құжаттарын мемлекетті қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының хат-өтінімдерін және өзге де құжаттарын алған сәттен бастап 15 жұмыс күнінің ішінде қарастырады, ЭМК ресімдейді;
5) Басқарма сарапшысы қызметті алушының өзі келген жағдайда 15 минут ішінде ЭМК береді.
10. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау осы «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл блок-схемасында көрсетілген.
«Экипаж мүшесінің куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша