Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), шетел тасымалдаушыларының, авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының, авиациялық қауіпсіздік пен әуе кеңістігін пайдалану қызметі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 243 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 мамырда № 9463 тіркелді

Жаңартылған

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 623 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2) Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 № 660 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3) Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 № 660 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4) Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 623 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5) Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6) Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      7) күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 625 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      8) күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      9) Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 625 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.05.2015 № 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.05.2015 № 623 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.05.2015 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.05.2015 № 660 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 29 қыркүйектегі № 652 «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» бұйрығының 1-тармағының 1)3)9)10)12) және 16) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8072 тiркелген, 2014 жылғы 12 сәуірде № 71 (27692) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу ұқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне мемлекеттік тіркелгені және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберілгені туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Ж.Қасымбек

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникация      
министрінің            
2014 жылғы 9 сәуірдегі      
№ 243 бұйрығына          
1-қосымша            

«Авиация персоналына куәлiктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 623 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникация 
министрінің      
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 243 бұйрығына    
2-қосымша       

«Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 № 660 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің      
2014 жылғы 9 сәуірдегі 
№ 243 бұйрығына     
3-қосымша       

«Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асырушы шетел тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 № 660 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация     
министрінің           
2014 жылғы 9 сәуірдегі      
№ 243 бұйрығына          
4-қосымша             

«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 623 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация  
министрінің        
2014 жылғы 9 сәуірдегі  
№ 243 бұйрығына      
5-қосымша         

«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің     
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 243 бұйрығына    
6-қосымша      

«Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылығына сертификат беру туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - қызметті беруші) «Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылығына сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін және авиация қызметін пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 66-бабының 2-тармағының негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген «Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылығына сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетеді.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз және (немесе) электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі әуеайлаққа (тікұшақ әуеайлағына) жарамдылық сертификатын беру (бұдан әрі - сертификат сертификаттың телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.

2. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме қызметті алушының өтініші мен Cтандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың тізімі болып табылады.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімдері (іс-қимылдары):
      1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарларды тіркеу журналында қызметті алушының мемлекеттік қызмет алу үшін қажет өтініш пен өзге де құжаттарын алып, ашу, сұрыптау және тіркеп, қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      2) қызметті берушінің басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті қызмет алушының ұсынған құжаттарын қарастырып, оларды көрсетілетін қызметті берушінің Әуежайлар басқармасының басшысына жолдайды (бұдан әрі - Басқарма);
      3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жолдайды;
      4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қызметті алушыға қызметті берушінің басшысы қол қойған қызметті алушыға сертификаттық тексеріс өткізу туралы шешімін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту дәлелді жауабын жолдайды.
      Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті берушінің сертификаттық тексеріс өткізуге комиссияны құру туралы бұйрығын қабылдағаннан кейін күнтізбелік 30 күннен асырмай қызметті беруші басшысының сертификаттық тексеріс үшін комиссияны құру туралы бұйрығын қабылдауды қамтамасыз етеді.
      Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті берушінің басшысы сертификаттық тексеріс актісіне қол қойған күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен асырмай сертификатты ресімдеу және оны қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдауды қамтамасыз етеді.
      Басқарманың сарапшысы Заңмен белгіленген тәртіпте бас тарту себебін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды.
      Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 15 минут ішінде есеп және берілген сертификаттарды (сертификат телнұсқаларын) тіркеу журналында қолхатпен қызметті алушының жеке қатысуымен сертификат (сертификаттың телнұсқасын) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын береді.
      Сертификаттың телнұсқасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажет қызмет алушының өтініші және өзге де құжаттары тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 7 күннен асырмай беріледі.
      7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажет қызметті алушының өтініші және өзге де құжаттарын қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды қызметті берушінің басшысына беру;
      2) Басқарма басшысына қарастыру үшін қызметті беруші басшысының қарары;
      3) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) қарастыру үшін Басқарма басшысының қарары;
      4) Басқарманың бас сарапшысымен (сарапшы) сертификатты (сертификаттың телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеуі және оны қызметті берушіге қол қою үшін беру;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға сертификат (сертификаттың телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын беру.

3. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне мынадай қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
      1) кеңсе қызметкері;
      2) қызметті берушінің басшысы;
      3) Басқарма басшысы;
      4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы)
      9. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлер арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
      1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарларды тіркеу журналында мемлекеттік қызмет алуға қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын қабылдау, ашу, сұрыптау және тіркеп, қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік қызмет алуға қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарастырып, оларды қызметті берушінің Басқарманың басшысына жолдайды;
      3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік қызмет алуға қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жолдайды;
      4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызмет алуға қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сертификаттық тексеру өткізу туралы шешімді қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдауды қамтамасыз етеді.
      5) Басқарманың сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызмет алуға қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеген күнінен бастап 3 ай мерзімнен асырмай сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) ресімдеуді және оны қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдауды қамтамасыз етеді.
      Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 15 минут ішінде есеп және берілген сертификаттарды (сертификат телнұсқасын) тіркеу журналында қолхатпен қызметті алушының жеке қатысуымен сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын береді.
      10. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау осы «Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылығына сертификат беру» (бұдан әрі - Регламент) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес блок-схемада көрсетілген.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      11. «Электрондық үкімет» веб-порталы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде қызметті берушінің өтініші және рәсімдер (іс-қимыл) дәйектілігінің тәртібі:
      Портал арқылы әрбір қадамдық әрекеттері мен шешімдері осы Регламенттің 2,3-қосымшасында келтірілген:
      1) өзінің ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің көмегімен ЭЦҚ-та тіркеуді жүзеге асырады, ол қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады;
      2) 1-үдеріс – қызмет алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының ЭЦҚ-ға парольді енгізу үдерісі;
      3) 1-шарт - ЭЦҚ-да логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген қызметті алушы туралы деректердің нақтылығын тексеру;
      4) 2-үдеріс – қызметті алушының деректерінде жөнсіздіктер бар болуына байланысты ЭЦҚ-дың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3-үдеріс – қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету және нысанның құрылымы мен форматтық талаптарының есебімен, сұрау нысанына электронды түрде қажетті құжаттарды бекіте отырып, оны (деректерді енгізу) тұтынушының толтыруы үшін экранға сұрау нысанын шығаруы;
      6) 4-үдеріс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін қызмет алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2-шарт - ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және тізімде кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің (жойылғандар) болмауын сондай-ақ, сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН арасында және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП-да тексеру;
      8) 5-үдеріс – Қызметті алыушының ЭЦҚ-ның түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.

«Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының)
жарамдылығына сертификат беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
регламентіне            
1-қосымша             

Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттаудың блок-схемасы

«Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының)
жарамдылығына сертификат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
регламентіне 2-қосымша      

Портал арқылы қадамдық іс-қимылдары және шешімдері

«Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының)
жарамдылығына сертификат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
регламентіне 3-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің     
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 243 бұйрығына   
7-қосымша      

«Аэронавигациялық ұйымның
әуе қозғалысына қызмет көрсету органының
сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 625 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы  
Көлік және коммуникация  
министрінің 2014 жылғы  
9 сәуірдегі № 243 бұйрығына
8-қосымша         

«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің     
2014 жылғы 9 сәуірдегі 
№ 243 бұйрығына   
9-қосымша      

«Экипаж мүшесінің куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.