Прокуратура органдарында (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 111-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 мамырда № 9391 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға
зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру
қағидаларының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Прокуратура органдарында (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңда белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетіне, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына, Қазақстан Рсепубликасының Бас прокуратурасына жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                          Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры
      ____________ А. Дауылбаев
      2014 жылғы 3 сәуір

Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің    
2014 жылғы 20 наурыздағы  
№ 111-ө бұйрығымен   
бекітілген        

Прокуратура органдарында (әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге зейнетақы төлемдерiн
тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы Прокуратура органдарында (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрi – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларының (будан әрі – Қағидалар) 5-тармағына сәйкес адамдардың көрсетілген санатына зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру тәртібін нақтылау үшін әзірленді.
      2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемi – еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар сыныптық шен берілген прокуратура органдарының (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызметкерлеріне, сондай-ақ сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға (бұдан әрі – прокуратура қызметкерлері) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалатын ай сайынғы ақшалай төлем;
      2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (бұдан әрі – базалық зейнетақы төлемі) – еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар прокуратура қызметкерлеріне берілетін, бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ай сайынғы ақшалай төлем;
      3) зейнетақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
      4) зейнетақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;
      5) Орталықтың филиалдары – Орталықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларының филиалдары;
      6) Орталықтың бөлімшелері – Орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері;
      7) зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар, «Қазпочта» АҚ-ның аумақтық бөлімшелері;
      8) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы төлемін алушы (бұдан әрі – алушы) – Орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалған прокуратура қызметкерлерінің қатарындағы жеке тұлға;
      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
      10) орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі – ОДҚ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда төлемдер түрлерін жүзеге асыруға арналған Орталықтың орталықтандырылған дерекқоры.

2. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және
базалық зейнетақы төлемін тағайындау және жүзеге асыру

      3. Қызметте болудың шекті жасына жетуі, штаттың қысқаруы, өз қалауы және денсаулығының жағдайы бойынша жұмыстан босатылған прокуратура қызметкерлеріне еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы төлемiн тағайындауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      4. Еңбек сіңірген жылдары, базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін прокуратура қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша Орталықтың бөлімшесіне Қғидалардың 6-тармағында көзделген қажетті құжаттарды және олардың көшірмелерімен қоса, осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті береді.
      5. Еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемін тағайындау ушін көрсетілген құжаттардан басқа, прокуратура қызметкерлерінің қызмет өткерген және шығарылған күні ақшалай қамтылымының мөлшерін растайтын мынадай құжаттар ұсынады:
      Осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша прокуратура органдарының елтаңбалық мөрімен куәландырылған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шығуға өтіл белгілеу бойынша прокуратура органдары комиссиясының қорытындысы;
      прокуратура органдарының елтаңбалы мөрімен куәландырылған қызметтік тізім;
      прокуратура органдарының елтаңбалы мөрімен куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабына сәйкес жұмыс кезеңін растайтын басқа құжаттар;
      әскери билетінің көшірмесі;
      осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшалай қамтылымы төленген күні көрсетілген ақшалай қамтылымның мөлшері туралы анықтама;
      қызметтен босатылған күні және босатылу себебі туралы бұйрықтың көшірмесі ұсынылады.
      6. Өтініш осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы азаматтардың өтініштерін тіркеу журналына Орталық бөлімшесінің маманы тіркейді. Өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.
      7. Орталықтың бөлімшесі өтінішті тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша прокуратура органдары қызметкерінің және сыныптық шендер алу және нысаны киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушының қағаз және электрондық іс макетін (бұдан әрі – іс макеті) қалыптастырады.
      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық іс макетін қалыптастыру кезінде:
      1) Орталық бөлімшесінің маманы қағаз іс макетін сканерлейді, сканерленген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі макетке сәйкестігін тексереді, электрондық шешім жобасын осы Нұсқаулыққа 56-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қалыптастырады, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады;
      2) Орталық бөлімшесінің бастығы электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі макетіне сәйкестігін, сканерленген құжаттардың сапасын, зейнетақы мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасының ресімделу дұрыстығын тексереді және оны ЭЦҚ-мен куәландырады;
      3) Орталықтың филиалы келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептің және электрондық шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электрондық шешім жобасымен бірге уәкілетті органға жібереді. Бұл ретте электрондық шешім жобасы Орталық филиалы маманының және басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.
      8. Уәкілетті орган электрондық шешім жобасымен қоса Орталықтың филиалынан келіп түскен электрондық іс макетін бес жұмыс күні ішінде:
      1) электрондық шешім жобасымен қоса келіп түскен электрондық іс макетін қарайды, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін, базалық зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды;
      2) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін, базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы шешіммен және хабарламамен қоса осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешімнің іс макетін Орталықтың бөлімшесіне жібереді. Хабарлама уәкілетті органның жауапты адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.
      9. Электрондық іс макетін және электрондық шешім жобасын жете ресімдеу қажет болған жағдайда уәкілетті орган 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жете ресімдеу қажеттігі туралы хабарлама жібереді және электрондық іс макетін және электрондық шешім жобасын:
      Орталықтың бөлімшесі жіберген қателер анықталған жағдайда – бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;
      шешім қабылдауға қажетті құжаттар болмаған жағдайда не ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігіне күмән туындаған кезде – отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Орталықтың бөлімшесіне қайтарады.
      10. Құжаттардың болмауы себепті уәкілетті органның электрондық шешім жобасымен қоса электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда, Орталықтың бөлімшесі хабарламада көрсетілген жиырма жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы бес жұмыс күні ішінде алушыны хабардар етеді.
      Осы Нұсқаулықтың талаптарын ескере отырып, жете ресімделген электрондық іс макетін, электрондық шешім жобасын дайындау және оны уәкілетті органның бекітуі осы Нұсқаулықтың 78-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
      11. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық шешімде бас тарту және хабарламада еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы төлемін тағайындаудан бас тарту негіздемесін көрсетеді және Орталық бөлімшесіне электрондық іс макетін, электрондық шешім жобасын және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны қайтарады.
      Хабарлама уәкілетті органның жауапты адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.
      12. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы шешім қабылдаған кезде Орталықтың бөлімшесі осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік жазады және алушыға қол қойғызып береді.
      Куәліктің берілуі осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлікті тіркеу журналына тіркеледі.
      13. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі, базалық зейнетақы төлемі мөлшерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жыл сайынғы арттыруларға, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты өзгеруін уәкілетті орган осы Нұсқаулыққа 12 және 13-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Орталықтың бөлімшесі даярлаған электрондық шешім жобасының негізінде жүргізеді.
      14. Алатын төлемдердің мөлшері өзгерген жағдайда Орталық бөлімшесі куәлікке орын алған өзгерістер туралы жазба жүргізеді, ол Орталық бөлімшесінің мөртаңбасымен расталады.
      15. Уәкілетті органның еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін, базалық зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы қағаз жеткізгіштегі шешімін Орталық бөлімшесінің маманы алушының ісіне тігеді.
      Орталық бөлімшесінің маманы уәкілетті орган қабылдаған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін, базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы шешімдерінің негізінде оларды ОДҚ-ға төлеуге қоюды жүзеге асырады.
      16. Алушының банк шотының нөмірі, тұрғылықты жері өзгерген кезде Орталықтың бөлімшесі ОДҚ-ға тиісті өзгертулерді енгізеді және алушының ісіне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса өтінішті тігеді.
      17. Прокуратура қызметкерлерінің қатарындағы зейнеткерлерді әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып мемлекеттік қызметке алу кезінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін, базалық зейнетақы төлемін төлеу оны лауазымға тағайындаған күннен бастап тоқтатылады.

3. Тұрғылықты жерін ауыстыру кезінде прокуратура
қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін, базалық зейнетақы төлемін төлеу

      18. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кететін алушыларға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері, базалық зейнетақы төлемі тұрғылықты жері бойынша тіркеуден алынған айды қоса төленеді.
      Орталықтың бөлімшесі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететін адамның өтінішінің негізінде зейнетақы ісін қолына береді немесе басқа елдердің уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша жіберіледі.
      19. Республиканың басқа өңірлеріне кететін жағдайда алушы жаңа тұрғылықты жері бойынша осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
      Орталықтың бөлімшесі өтініш берушінің бұрынғы тұрғылықты жері бойынша зейнетақы ісіне сұрау салуды жүзеге асырады.
      Республиканың басқа өңірлеріне кететін алушының зейнетақы ісі Орталықтың басқа бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша осы Нұсқаулыққа 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-аттестатпен қоса жіберіледі.

4. Жерлеуге арналған біржолғы ақшалай
төлемді (өтемақыны) тағайындау және төлеу

      20. Алушыны жерлеуді жүзеге асырған адам жерлеуге арналған біржолғы төлем (өтемақы) тағайындау үшін қайтыс болған алушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың бөлімшесіне Қағидалардың 32-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      21. Орталықтың бөлімшесінде өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Орталықтың бөлімшесі қағаз өтінішті және Қағидалардың 32-тармағында көзделген құжаттарды сканерлейді, осы Нұсқаулыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жерлеуге біржолғы ақшалай төлем (өтемақы) тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қалыптастырады, жерлеуге арналған біржолғы ақшалай төлемнің (өтемақының) мөлшерін есептеуді жүргізеді және оларды Орталықтың филиалына жібереді. Бұл ретте электрондық шешім жобасын Орталық бөлімшесінің маманы мен бастығының ЭЦҚ-сымен куәландырады.
      Орталықтың филиалы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық шешім жобасын қарайды, есептің және электрондық шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін уәкілетті органға жібереді. Электрондық шешім жобасы Орталықтың филиалы маманының және басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.
      22. Уәкілетті орган:
      1) электрондық шешім жобасымен қоса келіп түскен электрондық іс макетін олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды, жерлеуге арналған біржолғы ақшалай төлем (өтемақы) тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды;
      2) жерлеуге арналған біржолғы ақшалай төлем (өтемақы) тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Орталықтың бөлімшесіне осы Нұсқаулыққа 7 (9)-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жерлеуге арналған біржолғы ақшалай төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы уәкілетті органның жауапты адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған шешімді және хабарламаны жібереді.
      23. Жерлеуге арналған біржолғы ақшалай төлемді (өтемақыны) аударуды Орталық зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылған банк шоттарына жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды адам өтінішті және барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Прокуратура органдарында 
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы 
төлемдерiн тағайындау және
оларды жүзеге асыру   
жөніндегі нұсқаулыққа  
1-қосымша        

                                                                нысан

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шығуға өтілін белгілеу жөніндегі
прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері комиссиясының
қорытындысы

      20 __ жылғы «__» __________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ___________ 19 __ жылғы «__» _______ туған
      Сыныптық шені: ________________________________________________
      Прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері
комиссиясының 20___ жылғы «__» ______ бұйрығымен 20___ жылғы «____»
__________ бастап ______________ себепке байланысты жұмыстан босатылды.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129
қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және
құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе
арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру
құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек
сіңірген жылдарын есептеу қағидаларына сәйкес жеке ісінің
материалдарын тексеріп, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шығуға
құқық беретін өтілін белгілейді.
      Еңбек сіңірген жылдары жұмыстан босатылған күнге:
      күнтізбелік есептеуде __ жыл __ ай __ күнді,
      жеңілдікпен есептеуде __ жыл __ ай __ күнді,
      01.01.1998 жылға еңбек сіңірген жылдарына __ жыл __ ай __ күнді құрайды.
      Еңбек өтілі жұмыстан босатылған күнге:
      күнтізбелік есептеуде __ жыл __ ай __ күнді,
      жеңілдікпен есептеуде __ жыл __ ай __ күнді,
      еңбек өтілі 01.01.1998 жылға __ жыл __ ай __ күнді құрайды.
      Комиссия төрағасы, лауазымы ____________________________ Т.А.Ә.
                                             (қолы)
      Комиссия хатшысы _______________________________________ Т.А.Ә.
                                       (қолы)
      Комиссия қорытындысымен таныстым
және келістім ____________________________________ қызметшінің Т.А.Ә.
                              (қолы)

Прокуратура органдарында 
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы 
төлемдерiн тағайындау және
оларды жүзеге асыру   
жөніндегі нұсқаулыққа  
2-қосымша        

                                                                нысан

      Тапсыру күні 20__ жылғы «__» __________
      Шығ. № ______

Ақшалай қамтылымның мөлшері туралы анықтама

_____________________________________________________________________                     (прокуратура органының атауы)
жұмыстан босатылған күнге ақшалай қамтылым
_____________________________________________________________________
             (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_____________________________________________________________________
                           (лауазымы)
_____________________________________________________________________
                        (сыныптық шені)
_______ теңгені, оның ішінде лауазымдық жалақысы _______ теңгені,
сыныптық шеніне төленетін үстемеақы _______ теңгені құрайтыны осымен
куәландырылады.

Ақшалай қамтылым 20__жылғы «__» __________ дейін төленді.
Басшы ____________________________________ Т.А.Ә.
                  (қолы)
Бас бухгалтер ______________________________ Т.А.Ә.
                        (қолы)

      М.О.

Прокуратура органдарында 
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы 
төлемдерiн тағайындау және
оларды жүзеге асыру   
жөніндегі нұсқаулыққа  
3-қосымша        

                                                                нысан

________________ тағайындау туралы азаматтардың
(төлем түрі)                               өтініштерін тіркеу журналы

Р/с №

Өтініш білдірген және құжаттар қабылданған күн

Т.А.Ә
толық

Туған күні

Тұратын жері

01.01.1998 жылға еңбек өтілі

01.01.1998 жылға еңбек сіңірген жылдары















(кестенің жалғасы)

Еңбек сіңірген жылдары жұмыстан босатылған күнге

Еңбек өтілі жұмыстан босатылған күнге

Тағайындау күні,мөлшері

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің шешімді бекіткен немесе бекітуден бас тартқан күні

Ескертпе

Еңбек сіңірген жылдарға зейнетақы төлемі

Базалық зейнетақы төлемі













Журналда ___________________________ парақ нөмірленді және тігілді
         (сандармен және жазбаша)
М.О. Орталық бөлімшесінің бастығы __________________________

Прокуратура органдарында 
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы 
төлемдерiн тағайындау және
оларды жүзеге асыру   
жөніндегі нұсқаулыққа  
4-қосымша        

                                                                нысан

Прокуратура органдары қызметкерінің және сыныптық шендер иелену және
нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап
жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін
алушының зейнетақы ісі

      № ______ алушының зейнетақы ісі

      Қазақстан Республикасы

      Облыс


      Қала (аудан)


      Телефон


      Төлем түрі


      ЖСН


      Тегі


      Аты


      Әкесінің аты


      Банк филиалы


      № байланыс бөлімшесі


      Төлем кестесі


Есепке алу және есептен шығару туралы белгілер

     20 __ ж. «__» ____ бастап есептен шығарылды
Төлем түрі __________
     Төлем мөлшері ______ теңге
20 __ ж. ___ ____ дейін төленді
      Істегі парақ саны _______
      _____________
      М.О. Бөлімше бастығы _____________
      20__ж. «__» ___ бастап есепке алынды
Төлем түрі ___________
      Төлем мөлшері ______ теңге /__________________/
      Істегі парақ саны _______
      _____________
      М.О. Бөлімшенің бастығы _____________
      20__ж. «__» ___ бастап есептен шығарылды
Төлем түрі ___________
      Төлем мөлшері ______ теңге
      20__ж. «__» ___ дейін төленді
      Істегі парақ саны _______
      _____________
      М.О. Бөлімшенің бастығы _____________
      20 __ ж. «__» _______ бастап есепке алынды
Төлем түрі ________
       Төлем мөлшері ______ теңге /__________________/
       Істегі парақтар саны _______ __________
       М.О. Бөлімшенің бастығы ____________
       ___

       Түгендеу туралы белгі



___ парақ (күні, қолы, __ парақ ( күні, қолы, лауазымы)


___ парақ (күні, қолы, __ парақ ( күні, қолы, лауазымы)


___ парақ (күні, қолы, __ парақ ( күні, қолы, лауазымы)


___ парақ (күні, қолы, __ парақ ( күні, қолы, лауазымы)


___ парақ (күні, қолы, __ парақ ( күні, қолы, лауазымы))___ парақ (күні, қолы, __ парақ ( күні,

      Істерді тексеру туралы белгілер

          ___________
         |___________|
|Өкіл (күні, қолы, лауазымы)
          __________
         |__________|
Өкіл (күні, қолы, лауазымы)
         ___________
        |___________|
| Өкіл (күні, қолы, лауазымы)
         ___________
        |___________|
Өкіл (күні, қолы, лауазымы)
         ___________
         |__________|
| Өкіл (күні, қолы, лауазымы)
          __________
         |__________|
Өкіл (күні, қолы, лауазымы)
         __________
         |__________|
| Өкіл (күні, қолы, лауазымы)
         __________
         |__________|
Өкіл (күні, қолы, лауазымы)

Прокуратура органдарында 
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы 
төлемдерiн тағайындау және
оларды жүзеге асыру   
жөніндегі нұсқаулыққа  
5-қосымша        

                                                                нысан

Код __________
Облыс __________

______________ облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау
департаментінің

20___ ж. «___» __________ № ___ шешімі

Істің № ___

      1. Прокуратура органдарының қызметкерлеріне және сыныптық
шендерді алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1
қаңтардан бастап жойылған адамдарға қызмет өткерген жылдары үшін
зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы
      Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________________
      Жынысы __________ Туған күні «__» __________ 19__ ж.
      Өтініш берген күні «__» __________ 20__ ж. № __________
      Жұмыстан босатылу күні және себебі __________
      Жұмыстан босатылған күнге ақшалай қаражаттың мөлшері __________
теңге.
      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы __ бабының __
тармағы __ тармақшасына сәйкес ақшалай қамтылымның __ пайыз
мөлшерінде толық, толық емес көлемде қызмет өткерген жылдары үшін
зейнетақы тағайындалсын.
      Қызмет өткерген жылдары үшін өмір бойы төленетін айлық
зейнетақының мөлшері 20___ жылғы «__» ____________ бастап _________
теңге ______________________
       (сомасы жазбаша)
      2. __________________________________ ұстап қалу жүргізіледі
      (ұстап қалу түрі, ұсталған сома, пайыздық қатынасы)
Қызмет өткерген жылдары үшін айлық зейнетақының ұстап қалғаннан
кейінгі мөлшері 20___ жылғы «__» ____________ бастап 20___ жылғы «__»
____________ қоса алғанда _________ теңге ________________________
                                               (сомасы жазбаша)
      3. ____________________________________________________________
                              (негіздеме)
қызмет өткерген жылдары үшін зейнетақы тағайындаудан бас тартылсын.

      Департамент басшысы        ____________________ (Т.А.Ә.)
      Басқарма (бөлім) басшысы   ____________________ (Т.А.Ә.)
      Тағайындау жөніндегі маман ____________________ (Т.А.Ә.)

      М.О.

      Шешімнің жобасы әзірленді:
      Орталықтың облыстық
      филиалының директоры       ____________________ (Т.А.Ә.)
      Орталықтың облыстық
      филиалының маманы          ____________________ (Т.А.Ә.)

      М.О.

      Орталық бөлімшесінің
      бастығы                    ____________________ (Т.А.Ә.)
      Орталық бөлімшесінің
      маманы                     ____________________ (Т.А.Ә.)

      М.О.

Прокуратура органдарында 
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы 
төлемдерiн тағайындау және
оларды жүзеге асыру   
жөніндегі нұсқаулыққа  
6-қосымша        

                                                                нысан

Код ______________________
Облыс __________________

______________ облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау
департаментінің

20___ ж. «___» __________ № ___ шешімі

Істің № __________

      1. Прокуратура органдарының қызметкерлеріне және сыныптық
шендерді алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1
қаңтардан бастап жойылған адамдарға мемлекеттік базалық зейнетақы
төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы
      Азамат ________________________________________________________
      Жынысы _______ Туған күні «__» _______ 19__ ж.
      Өтініш берген күні «__» ________ 20__ ж. № ________
      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы __ бабының __
тармағына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалсын.
      Базалық зейнетақы төлемнің айлық мөлшері
      20___ жылғы «__» __________ бастап 20___ жылғы «__» __________
дейін _________ теңге __________________________________
                            (сомасы жазбаша)
      2. ___________________________________ ұстап қалу жүргізіледі
    (ұстап қалу түрі, ұсталған сома, пайыздық қатынасы)
      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ұстап қалғаннан кейінгі
төленуге тиіс мөлшері 20___ жылғы «__» ____________ бастап 20___ жылғы «__» ____________ қоса алғанда _________ теңге _______________
                                                    (сомасы жазбаша)
      3. ____________________________________________________________
                             (негіздеме)
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындаудан бас тартылсын.

      Департамент басшысы        ____________________ (Т.А.Ә.)
      Басқарма (бөлім) басшысы   ____________________ (Т.А.Ә.)
      Тағайындау жөніндегі маман ____________________ (Т.А.Ә.)

      М.О.

      Шешімнің жобасы әзірленді:
      Орталықтың облыстық
      филиалының директоры       ____________________ (Т.А.Ә.)
      Орталықтың облыстық
      филиалының маманы          ____________________ (Т.А.Ә.)

      М.О.

      Орталық бөлімшесінің
      бастығы                    ____________________ (Т.А.Ә.)
      Орталық бөлімшесінің
      маманы                     ____________________ (Т.А.Ә.)

      М.О.

Прокуратура органдарында 
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы 
төлемдерiн тағайындау және
оларды жүзеге асыру   
жөніндегі нұсқаулыққа  
7-қосымша        

                                                                нысан

_________________________________________ тағайындау туралы
            (төлем түрі)
№ _____ хабарлама

                                         20___ жылғы «___»___________

Азамат (ша) _________________________________________________________
            (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Туған күні: «__»__________19 __ ж.

Тағайындау туралы 20___ ж. «___»_________ № _________ шешім

Тағайындалған сома: 20__ж. «___»_________ бастап _____________ ________________________________ теңге
      (сомасы жазбаша)

Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды

_____________________________________________________________________
             (жауапты адамның лауазымы және Т.А.Ә.)

Прокуратура органдарында 
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы 
төлемдерiн тағайындау және
оларды жүзеге асыру   
жөніндегі нұсқаулыққа  
8-қосымша        

                                                                нысан

_________________________________________
(төлем түрі)

құжаттарды жете ресімдеу қажеттілігі туралы
№ _____ хабарлама

                                   20___ жылғы «_____»_______________

      Зейнетақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
Сіздің назарыңызға жеткізеді
      Өтініш берушінің Т.А.Ә. _______________________________________
      Өтініш берушінің туған күні: «____»_______________ 19 ____ ж.
_____________________________________________________________________
               (жете ресімдеудің себебін көрсету)
_____________________________________________________________________
_________________________________ жете ресімдеудің қажеттілігі туралы

Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды
_____________________________________________________________________
             (жауапты адамның лауазымы және Т.А.Ә.)

Прокуратура органдарында 
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы 
төлемдерiн тағайындау және
оларды жүзеге асыру   
жөніндегі нұсқаулыққа  
9-қосымша        

                                                                нысан

_________________ зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы
  (төлем түрі)

№ _____ хабарлама

                                       20___ жылғы «___» ____________

Азамат (ша) _________________________________________________________
            (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Туған күні «___» __________19 _ ж.

_____________________________________________________________________
                (негіздеме (себебін көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тағайындаудан бас тартылды.

Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды

_____________________________________________________________________
              (жауапты адамның лауазымы және Т.А.Ә.)

Прокуратура органдарында 
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы 
төлемдерiн тағайындау және
оларды жүзеге асыру   
жөніндегі нұсқаулыққа  
10-қосымша        

                                                                нысан

Герб

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ
ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
МИНИСТРЛIГI
МЕМЛЕКЕТТIК ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕУ
ЖӨНIНДЕГI ОРТАЛЫҒЫ

МИНИСТЕРСТВО ТРУДА И
СОЦИАЛЬНОЙ ЗАЩИТЫ НАСЕЛЕНИЯ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЦЕНТР
ПО ВЫПЛАТЕ ПЕНСИЙ

КУӘЛIК
УДОСТОВЕРЕНИЕ

Куәлiк № ____
Удостоверение

_________________________
     (тегi - фамилия)
_________________________
        (аты - имя)
_________________________
(әкесiнiң аты - отчество)
«__»_________________ ж.\г
(туған жылы - дата рождения)

сурет - фото

    М.О. М.П.

Бөлiмшенің бастығы ____________

Начальник отделения

Берiлген уақыты «__» ________
20__ ж./г.

Дата выдачи

1. Заңның _______ бабына сәйкес
________________________ теңге
______________________________
______________________________
мөлшерiнде ____________ жылдан
бастап _________________ дейiн
______________________________
(төлемнiң түрi)
______________________________
тағайындалды.
2. ___________________________
теңге мөлшерiнде _____ 20__ ж.
бастап мемлекеттiк базалық
зейнетақы төлемi тағайындалды.

1. В соответствии со ст.
_____________________ Закона
______________________________
______________________________
назначена ____________________
(вид выплаты)
в размере ____________________
________________________ тенге

с «__»______г. по «__»_______г.
 
2.Назначена государственная
базовая пенсионная выплата с
_________ 20__г. в размере
________________________ тенге

№ _____ Куәлiкке қосымша бет
Есепке қою және шығару
_______________________________
аудандық (қалалық) орталық
бөлiмшесi
_______________ есепке қойылды
__________ жылғы бастап теңге
мөлшерiнде зейнетақы төленсiн

Бөлiмшенің бастығы ______________
М.О.
_________________________________
аудандық (қалалық) орталық
______________________ есептен
бөлiмшесi шығарылды
____ теңге мөлшерiнде зейнетақы
____________ жылғы дейiн төлендiБөлiмшенің бастығы
______________
М.О.

Вкладыш к удостоверению № ____
Постановка и снятие с учета
Принят на учет _______________
рай(гор) отделение Центра
Выплата пенсии производится

с «__» _______ г.
в размере ______________ тенге
Начальник отделения
М.П.
Снят с учета _________________
рай(гор) отделение Центра

Выплата пенсии в размере ________________ тенге
произведена по «__» ________ г.
Начальник отделения __________
М.П.

Зейнетақы төлеу мерзiмi ұзартылды

немесе оның мөлшерi өзгертiлдi ___________ жылғы

_________________ бастап
________ жылгы ______ дейiн
______ теңге
мөлшерiнде зейнетақы тағайындалды.
_________________________________
(зейнетақы түрi)
өзгеруiне байланысты

Бөлiмшенің бастығы ______________
М.О.

Выплата пенсии продлена или изменен размер с
«__»_____ г. до «__»_______ г.
Пенсия установлена в размере _______ тенге в связи с изменением ___________________
(вид пенсии)
Начальник отделения __________
М.П.

Прокуратура органдарында 
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы 
төлемдерiн тағайындау және
оларды жүзеге асыру   
жөніндегі нұсқаулыққа  
11-қосымша        

                                                                нысан

Куәлікті тіркеу журналы

Р/с №

Т.А.Ә.

Істің №

Жеке куәліктің, паспорттың № кім берді, берілген күні

Алатын күні

Қолы































      Мөрмен бекіту: журналдағы парақтардың саны _____________
                                                  (жазбаша)

      М.О. Бөлімшенің бастығы __________
      Төлем бөлімінің бастығы __________

Прокуратура органдарында 
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы 
төлемдерiн тағайындау және
оларды жүзеге асыру   
жөніндегі нұсқаулыққа  
12-қосымша        

                                                                нысан

Код ______________________
Облыс __________________

______________ облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау
департаментінің

20___ ж. «___» __________ № ___ шешімі

Істің № ___

      Прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің
қызметкерлеріне және сыныптық шендерді алу және нысанды киім киіп
жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға
Орталықтан төленетін қызмет өткерген жылдары үшін зейнетақы төлемінің
мөлшерін арттыру туралы
      Азамат ________________________________________________________
      Жынысы _____ Туған күні «__»__________ 19 ___ ж.
      Зейнетақының 20__ жылғы «__» __________ дейінгі мөлшері
___________ теңге ___________________________________________________
                               (сомасы жазбаша)
      Орталықтан төленетін қызмет өткерген жылдары үшін зейнетақы
төлемінің мөлшері ___________________________________________________
              (нормативтік құқықтық актінің атауы, нөмірі мен күні)
_________________________________________________ сәйкес арттырылсын.
      Орталықтан төленетін қызмет өткерген жылдары үшін зейнетақы
төлемінің мөлшері 20__ жылғы «__» _________ бастап _______________
теңге

      Департамент басшысы        ____________________ (Т.А.Ә.)
      Басқарма (бөлім) басшысы   ____________________ (Т.А.Ә.)
      Тағайындау жөніндегі маман ____________________ (Т.А.Ә.)

      М.О.

      Шешімнің жобасы әзірленді:
      Орталықтың облыстық
      филиалының директоры       ____________________ (Т.А.Ә.)
      Орталықтың облыстық
      филиалының маманы          ____________________ (Т.А.Ә.)

      М.О.

      Орталық бөлімшесінің
      бастығы                    ____________________ (Т.А.Ә.)
      Орталық бөлімшесінің
      маманы                     ____________________ (Т.А.Ә.)

      М.О.

Прокуратура органдарында 
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы 
төлемдерiн тағайындау және
оларды жүзеге асыру   
жөніндегі нұсқаулыққа  
13-қосымша        

                                                                нысан

Код ______________________
Облыс __________________

______________ облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау
департаментінің
20___ ж. «___» __________ № ___ шешімі

Істің № ___

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін арттыру туралы
Азамат ______________________________________________________________
      Жынысы _____ Туған күні «__»__________ 19 ____ ж.
      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің 20__ жылғы «__»
__________ дейінгі мөлшері _________ теңге __________________________
                                               (сомасы жазбаша)
      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері _______________
_______________________________________________ сәйкес арттырылсын.
(нормативтік құқықтық актінің атауы, нөмірі мен күні)
      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 20__ жылғы «__»
_________ бастап _______________ теңге

      Департамент басшысы        ____________________ (Т.А.Ә.)
      Басқарма (бөлім) басшысы   ____________________ (Т.А.Ә.)
      Тағайындау жөніндегі маман ____________________ (Т.А.Ә.)
      М.О.

      Шешімнің жобасы әзірленді:
      Орталықтың облыстық
      филиалының директоры       ____________________ (Т.А.Ә.)
      Орталықтың облыстық
      филиалының маманы          ____________________ (Т.А.Ә.)
      М.О.
      Орталық бөлімшесінің
      бастығы                    ____________________ (Т.А.Ә.)
      Орталық бөлімшесінің
      маманы                     ____________________ (Т.А.Ә.)
      М.О.

Прокуратура органдарында 
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы 
төлемдерiн тағайындау және
оларды жүзеге асыру   
жөніндегі нұсқаулыққа  
14-қосымша        

                                                                нысан

20___ ж. «____»____________
№ ______ анықтама-аттестат

      Азамат______________________ Орталықтың____________бөлімшесінен
______________________________________________________________ алды.
                  (төлемнің түрін көрсету)

      1. Қызмет өткерген жылдары үшін зейнетақы 20 __ жылғы «___»
__________ қоса алғанда ________ теңге мөлшерінде төленді.
      2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 20 __ жылғы «___»
__________ қоса алғанда ________ теңге мөлшерінде төленді.
      3. Қоса беріледі:
_____________________________________________________________________
Барлық төлемдер тоқтатылған және Орталық бөлімшесінің есебінен
алынған.
_____________________________________________________________________
            (маманның Т.А.Ә., қызметтік телефонының нөмірі)
      М.О.
      Орталық бөлімшесінің бастығы __________________________________
      Төлем бөлімшесінің бастығы (маманы) ___________________________

Прокуратура органдарында 
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы 
төлемдерiн тағайындау және
оларды жүзеге асыру   
жөніндегі нұсқаулыққа  
15-қосымша        

Код ______________________
Облыс __________________

______________ облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау
департаментінің

20___ ж. «___» __________ № ___ шешімі
Істің № __________

      1. Жерлеуге арналған біржолғы ақшалай төлем (өтемақы) тағайындау туралы
      Азамат (заңды тұлға) __________________________________________
                          (алушының Т.А.Ә./ заңды тұлғаның атауы)
      Өтініш берушінің жүгінген күні 20____ж. «____» _______ №_______
      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алатын алушының
қайтыс болған күні 20____ж. «____» ______________
      «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан
Республикасы Заңының 67-бабына сәйкес,
_____________________________________________________________________
                (қайтыс болған алушының Т.А.Ә.)
жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы тағайындалсын.
Жерлеуге арналған біржолғы ақшалай өтемақының сомасы ______ теңге
_______________________________ теңге
      (сомасы жазумен)

      Департамент басшысы        ____________________ (Т.А.Ә.)
      Басқарма (бөлім) басшысы   ____________________ (Т.А.Ә.)
      Тағайындау жөніндегі маман ____________________ (Т.А.Ә.)
      М.О.

      Шешімнің жобасы әзірленді:
      Орталықтың облыстық
      филиалының директоры       ____________________ (Т.А.Ә.)
      Орталықтың облыстық
      филиалының маманы          ____________________ (Т.А.Ә.)
      М.О.
      Орталық бөлімшесінің
      бастығы                    ____________________ (Т.А.Ә.)
      Орталық бөлімшесінің
      маманы                     ____________________ (Т.А.Ә.)
      М.О.