Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, тоқтата тұру және одан айыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 25 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 сәуірде № 9324 тіркелді

Жаңартылған

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, тоқтата тұру және одан айыру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                    Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 26 ақпандағы 
№ 25 қаулысымен бекітілген

Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, тоқтата тұру және одан айыру қағидалары

      1. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, тоқтата тұру және одан айыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, тоқтата тұру және одан айыру тәртібін айқындайды.
      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруды лицензиялау бөлігіндегі Қағидалар екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
      2. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың түпнұсқасы;
      3) жарғының және өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының немесе куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;
      4) өтініш берушінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерін төлегендігін растайтын құжаттар;
      5) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (олар болған жағдайда) тізімі және сондай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелері;
      6) құжаттарды берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша Қағидалардың 23-қосымшаларына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;
      7) Қазақстан Республикасының резиденті емес өтініш берушінің қатысушысы (акционері) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын және резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелу күні және орны туралы ақпарат қамтылатын, нотариат куәландырған мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасы бар сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа заңдастырылған құжат;
      8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген) сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттар;
      9) қызметкерлердің тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, олардың атқаратын лауазымы көрсетіле отырып, штат кестенің көшірмесі;
      10) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру бойынша міндеттер жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ереже;
      11) тексеруді жүргізу тәртібін, кезеңділігін және ішкі аудит қызметінің есепті жасау мерзімін айқындайтын өтініш берушінің ішкі аудит қызметі туралы ереже. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған өтініш беруші ішкі аудит қызметі бар болған жағдайда ол туралы ережені ұсынады;
      12) құрамы туралы мәліметтерді қосқанда, инвестициялық комитет туралы ереже.
      Осы талап трансфер-агенттік қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттарды ұсынған өтініш берушілерге қолданылмайды;
      13) өтініш берушіде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарының және өзге де жабдықтарының болуын растайтын мынадай құжаттардың көшірмелері:
      жабдықты жеткізу шарты;
      жабдықты қабылдау-өткізу актісі;
      лицензиялардың санын көрсете отырып бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шарты;
      бағдарламалық қамтамасыз етудің қабылдау-өткізу актісі;
      қорғауды және қауіпсіздікті ұйымдастыру құжаттары (ақпаратты резервтеу тәртібінің сипаттамасы, деректерге қол жетімділікті бөлу тетігінің сипаттамасы, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау тетіктері).
      Өтініш беруші бағдарламалық өнімді дербес әзірлеген не басқа тұлға бағдарламалық өнімді өтініш берушіге өтеусіз тапсырған жағдайда осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
      Сондай-ақ, ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат көрсетіледі: пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелер, деректер базасын басқару жүйелері) версиялар, лицензияның болуы туралы мәліметтер.
      Құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің бірінші басшысының қолымен және өтініш берушінің мөр бедерімен расталады;
      14) өтініш беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік баланс;
      15) ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, өтініш беруші атқарушы органының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған жылға өтініш берушінің қаржылық есептілігі;
      16) директорлар кеңесі бекіткен жуырдағы үш жылға арналған және Заңның 48-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер қамтылатын бизнес-жоспар (акционерлік қоғамнан басқа өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған трансфер-агенттің бизнес-жоспарын заңды тұлғаның атқарушы органы бекітеді);
      17) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен сауда-саттықты ұйымдастырушының өзара қарым-қатынасын айқындайтын бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары (бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға үміткер өтініш берушілер үшін);
      18) клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынасын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары (қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер өтініш берушілер үшін);
      19) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5991 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 244 қаулысымен бекітілген Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықтың, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7554 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 қаулысымен бекітілген Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптардың, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларының, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8816 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 240 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларының ережелеріне сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін айқындайтын ішкі қағидалар;
      20) өтініш берушінің басшы қызметкерлері арасында міндеттердің бөлінуін айқындайтын құжаттар.
      Талап етілетін құжаттар қоса беріле отырып, өтінішхат уәкілетті органға қағаз тасымалдағышта не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Қағидалардың 2-тармағында санамаланған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірлеп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйіншегіне жапсырылған жапсырманың үстіне өтініш берушінің мөрімен куәландырылып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығына ие өтініш берушінің лауазымды тұлғаларының қолдарымен және өтініш беруші мөрінің таңбасымен куәландырылады.
      4. Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы ретінде тіркелген заңды тұлғалардың лицензия алу үшін ұсынған құжаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды. Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы ретінде тіркелген заңды тұлғалар уәкілетті органға олардың Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды ұсынады.
      5. Лицензия алуға ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш берушіге осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес лицензия беріледі.
      6. Лицензия өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысына не тиісінше ресімделген сенімхат негізінде оның өкіліне беріледі.
      7. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға (бұдан әрі - лицензиат) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия алу үшін Қағидалардың 2-тармағының 1)2)10)12), және 16) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      8. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген сауда-саттықты ұйымдастырушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы Қағидалардың 2-тармағының 1)2)17)18) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қосымша ұсынады.
      9. Лицензиатқа бағалы қағаздар нарығындағы қосымша қызмет түрін жүзеге асыруға берілетін лицензия төмендегі талаптармен беріледі:
      1) бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын ұйым үшін уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді лицензия беру туралы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан үш айдың ішінде орындау;
      2) қолданыстағы санкциялардың, сондай-ақ лицензия беру туралы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан үш айдың ішінде қолданылған санкциялардың болмауы.
      10. Лицензиат лицензия алуға берген өтінішінде көрсетілген мекенжайы өзгерген жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тармағының 3)5)6)9)10)11)12)13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он күнтізбелік күн аралығында уәкілетті органға өзгеріс енгізілген құжаттарды ұсынады.
      11. Уәкілетті орган лицензия беруден бас тартуды Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген негіздемелер бойынша жасайды. Өтініш берушіге лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді себебі бар жауап лицензия беру белгіленген мерзімде, жазбаша түрде беріледі.
      12. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтату, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау жөнінде уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде барлық қызмет түрі (шағын түрлері) немесе (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген жағдайда) немесе өзгеріс енгізілуі және (немесе) алынып тасталуы тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беруге байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгертуге және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастауға уәкілетті органға өтініш береді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
      12-1. Лицензияны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін құжаттар «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсынылады.
      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау туралы ақпаратты лицензиат Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей жариялайды.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
      14. Лицензиаттың бірінші басшысы қол қойған, уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беруіне байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгертуге және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастауға туралы лицензияны өтініш Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға ұсынылады. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) лицензиялық алымның (қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау кезінде) бюджетке төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
      2) лицензияның қолданылуын тоқтату, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау жөніндегі лицензиаттың акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;
      3) лицензиаттың барлық қызмет түрі (шағын түрлері) немесе өзгеріс енгізілуі және (немесе) алынып тасталуы тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ болуы жөніндегі кепілдеме-хат;
      4) лицензиаттың жеке шотындағы «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ның есепке алу жүйесіндегі жеке шоттар мен барлық қосалқы шоттарды жабу туралы шотындағы «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ның хаты немесе лицензиаттың атына ашылған жеке шотқа «жоғалған клиент» мәртебесін беру туралы Орталық депозитарийдің ақпараты;
      5) депозитарлық қызмет көрсету шартын, ағымдағы шот шартын және факсимилді хабарлама түріндегі операциялық құжаттарды қабылдау және беру шартын (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде) бұзу туралы «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ның хаты;
      6) барлық қызмет түрі (шағын түрлері) (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде) немесе өзгеріс енгізілуі және (немесе) алынып тасталуы тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның алдында берешектің жоқтығы туралы «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның хаты;
      7) өтініш жіберген күннің алдындағы күні жасалған бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба. Бухгалтерлік балансқа түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомасын және олардың туындау негіздемелерін көрсете отырып, лицензиаттың кредиторлары туралы (олар бар болса) ақпарат жарияланады.
      Осы тармақтың 4)5) және 6) тармақшалары трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын лицензиатқа қолданылмайды.
      Қызмет түрінің (шағын түрінің) атауы өзгерген кезде лицензиат Қағидалардың 2-тармағының 10) және 16) тармақшаларында көрсетілген қосымша құжаттарды береді.
      Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түрін алып тастаған не ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түрінің атауы ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түріне өзгерген жағдайда ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры Қағидалардың 14-тармағында көзделген құжаттармен бірге ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушысының (осындай бар болса) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған және мөрлерімен расталған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісін береді.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға қызметтің шағын түрін алып тастауға немесе өзгертуге өтініш берген күнге дейін атауынан «ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді және (немесе) «ЕЖЗҚ» деген аббревиатураларды алып тастау бөлігінде мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8810 тіркелген) (бұдан әрі – № 216 қаулы) бекітілген Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару қағидаларының 4-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
      Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш жасау № 216 қаулыға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
      14-1. Лицензиаттың бірінші басшысы қол қойған лицензияны қайта ресімдеу үшін берілетін өтініш осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішпен уәкілетті органға мынадай жағдайларда ұсынылады:
      1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпке сәйкес лицензиаттың қайта ұйымдастырылуы;
      2) лицензиаттың атауы және (немесе) заңды адресінің өзгеруі;
      3) Қазақстан Республикасының Заңында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы.
      Өтінішке мыналар қоса беріледі:
      бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растаушы құжат;
      лицензияны қайта ресімдеуге негіздеме болатын өзгерістер туралы ақпарат бар құжаттар көшірмелері;
      ұсыну талабы Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де құжаттар.
      Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
      15. Қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгертуге және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастауға өтінішті Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген, заңнаманың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган қарастырады.
      Уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беруге байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға өтінішті Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген, заңнаманың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттарды алған күннен бастап үш ай ішінде уәкілетті орган қарастырады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
      16. Лицензияның қолданылуын тоқтату, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беру:
      1) Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген толық құжаттар пакетін ұсыну;
      2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі;
      3) қызмет түрінің (шағын түрінің) барлық түрлері (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде) немесе өзгертуге және (немесе) алып тастауға тиіс қызметтің түрі (шағын түрі) бойынша міндеттемелердің жоқ екендігі талаптарын орындаған кезде жүргізіледі.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
      17. Лицензиат Қағидалардың 16-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган осындай лицензиатқа ескертулерді көрсете отырып жазбаша жауап жібереді. Лицензиат өтінішті қайталап берген кезде уәкілетті органның оны қарау мерзімі оны қайталап берген күнінен басталады.
      18. Лицензиат уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру (қайта ресімдеу) туралы хатын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бұрынғы лицензияның түпнұсқасын қайтарады.
      19. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
      Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша және соттың бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясы бар заңды тұлғаны лицензиядан айыруға байланыссыз негіздер бойынша тарату туралы шешімі бойынша жүргізіледі.
      Уәкілетті орган қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады немесе лицензиатты лицензиядан айырады.
      20. Уәкілетті органның қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиядан айыру туралы шешімі лицензиатқа орындау үшін көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жіберіледі.
      21. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиядан айыру (оның ішінде қызметтің жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша) туралы ақпаратты уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиядан айыру туралы шешімін алған күннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсына жариялайды.
      22. Лицензиясының қолданылуы, оның ішінде қызметтің жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша тоқтата тұрылған лицензиат ай сайын әр айдың оныншы күнінен кешіктірмей (лицензияның қолданылуы жаңартылған не лицензияны тоқтата тұру мерзімі аяқталған күнге дейін) уәкілетті органға өзінің анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі жүргізген іс-шаралары туралы хабарлайды.
      23. Лицензиат уәкілетті органның қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензиядан айыру туралы шешімін алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей лицензиат уәкілетті органға лицензияның түпнұсқасын қайтарады.
      Уәкілетті органның қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензиядан айыру туралы шешімін алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде лицензиат қызметтің барлық түрлері бойынша немесе өзі лицензиядан айырылған қызметтің түрлері (шағын түрлері) бойынша шарттардың барлық міндеттемелерін орындайды және уәкілетті органға Қағидалардың 14-тармағы 4)5)6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Бағалы қағаздар нарығында 
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, тоқтата тұру
және одан айыру қағидаларына
1-қосымша          

Нысан

__________________________________________________________
уәкілетті органның толық атауы
_________________________________________________________
өтініш берушінің толық атауы

Өтініш

_____________________________________________________________________
(бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін (шағын түрін) көрсетуді)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын

      Өтініш беруші туралы мәлімет:
      1. Атауы, орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
           (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)
_____________________________________________________________________
                           (телефон, факс)
      2. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
анықтамасының немесе куәлігінің нөмірі мен күні, бизнес – сәйкестендіру нөмірі:
_____________________________________________________________________
      3. Өтініш берушінің банк шоты ашылған банктің атауы және
орналасқан жері, банктің сәйкестендіру коды
_____________________________________________________________________
      4. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша
даналар мен парақтардың саны:
_____________________________________________________________________
      Өтініш беруші және олардың құрылтайшылары (акционерлері)
өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттардың) дәйектілігіне
толық жауапты болады.
_____________________________________________________________________
(өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

      (күні және қолы)
      Мөр орны

Бағалы қағаздар нарығында 
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, тоқтата тұру
және одан айыру қағидаларына
2-қосымша         

Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)
________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)

1. Өтініш берушінің акционері (қатысушы):
_____________________________________________________________________
              (толық атауы)
_____________________________________________________________________
Орналасқан жері:
_____________________________________________________________________
         (почталық индексі, мекенжайы)
Байланыс деректемелері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(телефон және факс нөмірі, бар болса электрондық почтаның адресі)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі мен берілген күні, кім берген)
Қазақстан Республикасының резиденті (резиденті емес):
_____________________________________________________________________
Қызметтің негізгі түрі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2. Акционерге тиесілі дауыс беруші акциялар санының өтініш
берушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық арақатысы
немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі:
_____________________________________________________________________
      3. Өтініш берушілердің акцияларына ақы төлеуге ақша енгізу
алдында өтініш берушінің акционері (қатысушы) меншікті капитал
мөлшері (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі) және
өтініш берушінің акциялары үшін ақы төлеу сомасы (өтініш берушінің
жарғылық капиталына қатысу үлесі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Акционердің (қатысушының) жарғылық капиталына ақы төлеуді
растайтын құжаттардың деректемелері (төлем тапсырмаларының, кассалық
кіріс ордерлерінің нөмірі мен күні):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      5. Акционердің қатысушысы ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне өтініш берушінің акционері (қатысушысы) қатысуы жөніндегі мәліметтер (акционер тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8318 болып тіркелген) белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі ВВ+ төмен емес шетел валютасы түрінде ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар, резидент емес заңды тұлға ретінде болғанда аталған мәліметтер берілмейді):

Толық атауы/ тегі, аты (бар болcа әкесінің аты)

Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес)

Дауыс беруші акцияларының пайызы не жарғылық капиталын қатысу үлесі

Негізгі қызмет түрі

      6. Қатысушылар, өтініш беруші акционерінің дауыс беруші акцияларының он және одан асатын пайыздарына ие не өтініш берушінің (қатысушы) акционерінің жарғылық капиталына қатысу үлесі оның жарғылық капиталының он және одан асатын пайызын құрайтын өтініш беруші акционері (қатысушылары) акционерлер туралы мәліметтер:

Толық атауы/ тегі, аты (бар болcа - әкесінің аты)

Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес)

Дауыс беруші акцияларының пайызы не жарғылық капиталына қатысу үлесі

Негізгі қызмет түрі

      7. Ұйымдардың толық атауы, орналасқан жері көрсетілген өтініш
берушінің акционері (қатысушы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік,
қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар,
консорциумдар туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      8. Осы сауалнаманың 3-5-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген,
бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сондай болып
табылатын акционер (қатысушы), өтініш берушінің басқа үлестес
тұлғалары туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      9. Өтініш беруші акционерінің (қатысушының) басшысы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

      20__жылғы «__» _____________

      Өтініш беруші акционерінің
      (қатысушының) басшысының қолы _________________________________

      Мөр орны

Бағалы қағаздар нарығында  
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, тоқтата тұру
және одан айыру қағидаларына 
3-қосымша          

Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер
(жеке тұлға үшін)
_______________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)

1. Өтініш берушінің акционері (қатысушы):
_____________________________________________________________________
               (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
Туған күні мен жылы
_____________________________________________________________________
Азаматтығы __________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
_____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берген)
Тұрғылықты жері:_____________________________________________________
                       (почталық индексі, мекенжайы)
Байланыс деректемелері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (телефон нөмірі, электрондық почтаның адресі)
Жұмыс орны (мекенжайын, лауазымын көрсетіп)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2. Акционерге тиесілі дауыс беруші акциялар санының өтініш
берушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық арақатысы
немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі:
_____________________________________________________________________
      3. Өтініш берушілердің акцияларына ақы төлеуге ақша енгізу
алдындағы өтініш берушінің акционерінің (қатысушының) меншікті
капитал мөлшері (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі)
және өтініш берушінің акциялары үшін ақы төлеу сомасы (өтініш
берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Жарғылық капиталға ақы төлеуді растайтын құжаттардың
деректемелері (төлем тапсырмаларының, кассалық кіріс ордерлерінің
нөмірі мен күні):____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      5. Қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және
қызметіне өтініш беруші акционердің (қатысушының) қатысуы жөніндегі
мәліметтер:

Толық атауы/ тегі, аты (бар болcа - әкесінің аты)

Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес)

Дауыс беруші акцияларының пайызы не жарғылық капиталына қатысу үлесі

Негізгі қызмет түрі

      Осы сауалнаманың 3-тармағында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес сондай болып табылатын өтініш
берушінің акционері (қатысушысы) басқа үлестес тұлғалары туралы
мәліметтер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      20 __ жылғы «__» _____________

      Өтініш беруші акционерінің (қатысушының) қолы _________________

Бағалы қағаздар нарығында 
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, тоқтата тұру
және одан айыру қағидаларына
4-қосымша          

(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтабасының суреті бар бланкте
басып шығарылады)

Уәкілетті органның толық атауы

Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия

Лицензияның нөмірі _______ Берілген күні ___ жылғы «__» ____________
________________________________________________________ берілген.
                    (лицензиаттың толық атауы)
      Осы лицензия бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін
жүзеге асыру құқығын береді:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Алғаш алынған бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру
үшін лицензиялар туралы деректер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Уәкілетті органның Төрағасы
      (Төрағаның орынбасары)
____________________________________

      Мөр орны
      Алматы қаласы

Бағалы қағаздар нарығында 
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, тоқтата тұру
және одан айыру қағидаларына
5-қосымша         

Нысан

Лицензияны ерікті қайтаруға, қызмет түрінің (шағын түрінің)
атауын өзгертуге және (немесе) қызметтің түрін (шағын түрін)
алып тастауға өтініш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                            (лицензиаттың атауы)
акционерлерінің жалпы жиналысының
_____________________________________________________________________
                           (өткізу орны)
_____жылғы «__» _____________ № ____ шешіміне сәйкес
      бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген 20__
жылғы «_»_______№_____лицензияны ерікті қайтаруын,

      бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген
20__жылғы «__» ________ № ______ лицензиядан төмендегі қызметтің
түрін (шағын түрін) өзгертуін: __________________________________,
                            (қызмет түрінің (шағын түрінің) атауы)

      бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген
20__жылғы «__»________№_____лицензиядан төмендегі қызметтің түрін
(шағын түрін) алып тастауын:_____________________________________,
                          (қызмет түрінің (шағын түрінің) атауы)

жүзеге асыруды (керегін таңдап алу) сұрайды.

      Лицензиат өтінішпен қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.
      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):
      Лицензиаттың бірінші басшысы (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылған құжатқа сілтеме)

      _______________________
               (қолы)                                  мөр

Бағалы қағаздар нарығында  
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, тоқтата тұру
және одан айыру қағидаларына
6-қосымша          

Нысан

      Ескерту. 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

_____________________________________________________________________
                   Уәкілетті органның толық атауы
_____________________________________________________________________
                  Өтініш берушінің толық атауы

Өтініш

_____________________________________________________________________
           (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету)
     байланысты
_____________________________________________________________________
                  (лицензияның атауын көрсету)

       Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын.

       Өтініш беруші туралы мәліметтер:
      1. Атауы, тұрғылықты жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (телефон, факс)
      2. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтаманың немесе куәліктің нөмірі және күні, бизнес- сәйкестендіру нөмірі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Өтініш берушінің банктік шоты ашылған банктің атауы және тұрғылықты жері, банктік сәйкестендіру коды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Жіберіліп отырған құжаттар тізбесі, даналардың және парақтардың әр қайсысының саны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Өтініш беруші және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) шынайылығы үшін толық жауапкершілік атқарады.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, бар болса –
                     әкесінің аты)
      _______________________
         (күні және қолы)
       Мөр орны.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 26 ақпандағы 
№ 25 қаулысына      
қосымша         

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші
жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар берудің талаптары мен тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 87 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7534 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 19 маусымда № 330-335 (27409) жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 235 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8009 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 21 қарашада № 763-767 (27839) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 7-тармағы.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 6 тамызда № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 32-тармағы.