Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, тоқтата тұру және одан айыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 25 қаулысымен бекітілген
Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, тоқтата тұру және одан айыру қағидалары
1. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, тоқтата тұру және одан айыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, тоқтата тұру және одан айыру тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруды лицензиялау бөлігінде Қағидалар екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.
2. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алатын үміткер заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) лицензиялық алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасын;
3) жарғының және өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының немесе куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелерін;
4) өтініш берушінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерін төлегендігін растайтын құжаттарын;
5) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (олар болған жағдайда) тізімін және сондай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелерін;
6) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша Қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді;
7) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының резиденті емес қатысушысы (акционері) шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын және резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, күні және тіркелу орны туралы ақпараты бар, нотариат куәландырған мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасы бар сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа заңдастырылған құжат;
8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген) сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттарды;
9) қызметкерлердің тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, олардың атқаратын лауазымы көрсетіле отырып, штат кестенің көшірмесін;
10) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру бойынша міндеттер жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережені;
11) ішкі аудит қызметін тексеруді жүргізу және есепті жасау тәртібін, кезеңділігін айқындайтын өтініш берушінің ішкі аудит қызметі туралы ереже. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған өтініш беруші ішкі аудит қызметі бар болған жағдайда ол туралы ережені ұсынады;
12) құрамы туралы мәліметтерді қоса отырып, инвестициялық комитет туралы ережені.
Осы талап трансфер-агенттік қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттарды ұсынған өтініш берушілерге қолданылмайды;
13) өтініш берушіде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарының және өзге де жабдықтарының болуын растайтын мынадай құжаттардың көшірмелері:
жабдықты жеткізуге шарты;
жабдықты қабылдау-өткізу актісі;
лицензиялардың санын көрсете отырып бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шарты;
бағдарламалық қамтамасыз етудің қабылдау-өткізу актісі;
қорғауды және қауіпсіздікті ұйымдастыру құжаттары (ақпаратты резервтеу тәртібінің сипаттамасы, деректерге қол жетімділігін бөлу механизмінің сипаттамасы, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау механизмдері).
Өтініш беруші бағдарламалық өнімді дербес әзірлеген не басқа тұлға бағдарламалық өнімнің өтініш берушіге ақысыз тапсырған жағдайда осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Сондай-ақ, ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат көрсетіледі: пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелері, деректер базасын басқару жүйелері) версиялар, лицензияның болуы туралы мәліметтер.
Құжаттардың көшірмелері бірінші басшының қолымен және өтініш берушінің мөр бедерімен расталады;
14) өтініш беретін тоқсанның алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік балансты;
15) өтініш беруші атқарушы органының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған жылға өтініш берушінің қаржылық есебін;
16) директорлар кеңесімен бекітілген жақын арадағы үш жылға арналған және Заңның 48-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерін қамтыған бизнес-жоспар (трансфер-агенттің акционерлік қоғамнан басқа өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған бизнес-жоспары);
17) бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру бойынша, сауда-саттық қызметтерін пайдаланатын субъектілермен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың өзара қарым-қатынасын айқындайтын қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидалар (бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміткер өтініш берушілер үшін);
18) клиринг ұйымдарының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымдарының өзара қарым-қатынасын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары (қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер өтініш берушілер үшін);
19) «Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 244 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5991 тіркелген), «Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7554 тіркелген), «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген), «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 240 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8816 тіркелген) талаптарына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін айқындайтын ішкі қағидалар;
20) өтініш берушінің басшы қызметкерлері арасында міндеттердің бөлінуін айқындайтын құжаттар.
3. Қағидалардың 2-тармағында санамаланған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірлеп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйіншегіне жапсырылған жапсырманың үстіне өтініш берушінің мөрімен куәландырылып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығына ие өтініш берушінің лауазымды тұлғаларының қолдарымен және өтініш беруші мөрінің таңбасымен куәландырылады.
4. Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы ретінде тіркелген заңды тұлғалардың лицензия алу үшін ұсынған құжаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды. Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы ретінде тіркелген заңды тұлғалар уәкілетті органға олардың Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды ұсынады.
5. Лицензия алуға ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш берушіге осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес лицензия беріледі.
6. Лицензия өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысына не тиісінше ресімделген сенімхат негізінде оның өкіліне беріледі.
7. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға (бұдан әрі - лицензиат) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия алу үшін Қағидалардың 2-тармағының 1), 2), 10), 12), және 16) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
8. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген сауда-саттықты ұйымдастырушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 2), 17), 18) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қосымша ұсынады.
9. Лицензиатқа бағалы қағаздар нарығындағы қосымша қызмет түрін жүзеге асыруға берілетін лицензия төмендегі талаптармен беріледі:
1) бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын ұйым үшін уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді лицензия беру туралы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан үш айдың ішінде орындау;
2) қолданыстағы санкциялардың, сондай-ақ лицензия беру туралы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан үш айдың ішінде қолданылған санкциялардың болмауы.
10. Лицензиат лицензия алуға берген өтінішінде көрсетілген мекенжайы өзгерген жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тармағының 3), 5), 6), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он күнтізбелік күн аралығында уәкілетті органға өзгеріс енгізілген құжаттарды ұсынады.
11. Уәкілетті орган лицензия беруден бас тартуды Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген негіздемелер бойынша жасайды. Өтініш берушіге лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді себебі бар жауап лицензия беру белгіленген мерзімде, жазбаша түрде беріледі.
12. Лицензиат лицензияны ерікті түрде қайтарған, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауы өзгерген және (немесе) қызмет түрі (шағын түрі) алып тасталған кезде акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде барлық қызмет түрі (шағын түрлері) немесе (ерікті түрде қайтарылған жағдайда), өзгеріс енгізілуі және (немесе) алынып тасталуы тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша барлық міндеттемелер орындалған соң отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға лицензияны ерікті түрде қайтару, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау жөнінде өтініш береді.
13. Лицензияны ерікті түрде қайтару, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау жөніндегі ақпаратты лицензиат уәкілетті органға өтініш берген күнге дейін алпыс күнтізбелік күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімдік баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
14. Лицензиаттың бірінші басшысы қол қойған, лицензияны ерікті түрде қайтаруға, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгертуге және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастауға өтініш Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға ұсынылады. Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі:
1) лицензиялық алымның (қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау кезінде) бюджетке төленгенін растаушы құжаттың түпнұсқасы;
2) лицензияны ерікті түрде қайтару, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау жөніндегі лицензиаттың акционерлердің жалпы жиналысының шешімі;
3) лицензиаттың барлық қызмет түрі (шағын түрлері) немесе өзгеріс енгізілуі және (немесе) алып тасталуы тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың болмауы жөніндегі кепілдеме-хат;
4) лицензиаттың жеке шотындағы «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ның есепке алу жүйесіндегі жеке шоттар мен барлық қосалқы шоттарды жабу туралы шотындағы «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ның хаты немесе лицензиаттың атына ашылған жеке шотқа «жоғалған клиент» мәртебесін беру туралы Орталық депозитарийдің ақпараты;
5) депозитарлық қызмет көрсету шартын, ағымдағы шот шартын және факсимилді хабарлама түріндегі операциялық құжаттарды қабылдау және беру шартын (лицензияны ерікті түрде қайтару) бұзу туралы шотындағы «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ның хаты;
6) барлық қызмет түрі (шағын түрлері) немесе ерікті түрде қайтарылуы, өзгеріс енгізілуі және (немесе) алынып тасталуы тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның алдында берешектің жоқтығы туралы «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның хаты;
7) өтініш жіберген күннің алдындағы күні жасалған бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба. Бухгалтерлік балансқа түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомасын және олардың туындау негіздемелерін көрсете отырып, лицензиаттың кредиторлары туралы (олар бар болса) ақпарат жарияланады.
Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшалары трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын лицензиатқа қолданылмайды.
Қызмет түрінің (шағын түрінің) атауы өзгерген кезде лицензиат Қағидалардың 2-тармағының 10) және 16) тармақшаларында көрсетілген қосымша құжаттарды береді.
Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түрін алып тастаған не ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түрінің атауы ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түріне өзгерген жағдайда ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры Қағидалардың 14-тармағында көзделген құжаттармен бірге ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушысының (осындай бар болса) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған және мөрлерімен расталған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісін береді.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға қызметтің шағын түрін алып тастауға немесе өзгертуге өтініш берген күнге дейін атауынан «ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді және (немесе) «ЕЖЗҚ» деген аббревиатураларды алып тастау бөлігінде мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8810 тіркелген) (бұдан әрі – № 216 қаулы) бекітілген Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару қағидаларының 4-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензияны ерікті қайтару № 216 қаулыға сәйкес жүзеге асырылады.
15. Қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгертуге және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастауға өтінішті Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген, заңнаманың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган қарастырады.
Лицензияны ерікті түрде қайтаруға өтінішті Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген, заңнаманың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттарды алған күннен бастап үш ай ішінде уәкілетті орган қарастырады.
16. Лицензияны ерікті түрде қайтару, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау:
1) Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген толық құжаттар пакетін ұсыну;
2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі;
3) өзгертуге және (немесе) алып тастауға тиіс қызмет түрінің (шағын түрінің) барлық түрлері (лицензияны ерікті қайтарған жағдайда) немесе қызметтің түрі (шағын түрі) бойынша міндеттемелердің жоқ екендігі талаптарын орындаған кезде жүргізіледі.
17. Лицензиат Қағидалардың 16-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган осындай лицензиатқа ескертулерді көрсете отырып жазбаша жауап жібереді. Лицензиат өтінішті қайталап берген кезде уәкілетті органның оны қарау мерзімі оны қайталап берген күнінен басталады.
18. Лицензиат уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру (қайта ресімдеу) туралы хатын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бұрынғы лицензияның түпнұсқасын қайтарады.
19. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша және соттың бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясы бар заңды тұлғаны лицензиядан айыруға байланыссыз негіздер бойынша тарату туралы шешімі бойынша жүргізіледі.
Уәкілетті орган қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады немесе лицензиатты лицензиядан айырады.
20. Уәкілетті органның қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиядан айыру туралы шешімі лицензиатқа орындау үшін көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жіберіледі.
21. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиядан айыру (оның ішінде қызметтің жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша) туралы ақпаратты уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиядан айыру туралы шешімін алған күннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсына жариялайды.
22. Лицензиясының қолданылуы, оның ішінде қызметтің жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша тоқтата тұрылған лицензиат ай сайын әр айдың оныншы күнінен кешіктірмей (лицензияның қолданылуы жаңартылған не лицензияны тоқтата тұру мерзімі аяқталған күнге дейін) уәкілетті органға өзінің анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі жүргізген іс-шаралары туралы хабарлайды.
23. Лицензиат уәкілетті органның қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензиядан айыру туралы шешімін алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей лицензиат уәкілетті органға лицензияның түпнұсқасын қайтарады.
Уәкілетті органның қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензиядан айыру туралы шешімін алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде лицензиат қызметтің барлық түрлері бойынша немесе өзі лицензиядан айырылған қызметтің түрлері (шағын түрлері) бойынша шарттардың барлық міндеттемелерін орындайды және уәкілетті органға Қағидалардың 14-тармағы 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, тоқтата тұру
және одан айыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
__________________________________________________________
уәкілетті органның толық атауы
_________________________________________________________
өтініш берушінің толық атауы
Өтініш
_____________________________________________________________________
(бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін (шағын түрін) көрсетуді)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын
Өтініш беруші туралы мәлімет:
1. Атауы, орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)
_____________________________________________________________________
(телефон, факс)
2. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
анықтамасының немесе куәлігінің нөмірі мен күні, бизнес – сәйкестендіру нөмірі:
_____________________________________________________________________
3. Өтініш берушінің банк шоты ашылған банктің атауы және
орналасқан жері, банктің сәйкестендіру коды
_____________________________________________________________________
4. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша
даналар мен парақтардың саны:
_____________________________________________________________________
Өтініш беруші және олардың құрылтайшылары (акционерлері)
өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттардың) дәйектілігіне
толық жауапты болады.
_____________________________________________________________________
(өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)
(күні және қолы)
Мөр орны
Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, тоқтата тұру
және одан айыру қағидаларына
2-қосымша
Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)
________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
1. Өтініш берушінің акционері (қатысушы):
_____________________________________________________________________
(толық атауы)
_____________________________________________________________________
Орналасқан жері:
_____________________________________________________________________
(почталық индексі, мекенжайы)
Байланыс деректемелері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(телефон және факс нөмірі, бар болса электрондық почтаның адресі)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі мен берілген күні, кім берген)
Қазақстан Республикасының резиденті (резиденті емес):
_____________________________________________________________________
Қызметтің негізгі түрі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Акционерге тиесілі дауыс беруші акциялар санының өтініш
берушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық арақатысы
немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі:
_____________________________________________________________________
3. Өтініш берушілердің акцияларына ақы төлеуге ақша енгізу
алдында өтініш берушінің акционері (қатысушы) меншікті капитал
мөлшері (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі) және
өтініш берушінің акциялары үшін ақы төлеу сомасы (өтініш берушінің
жарғылық капиталына қатысу үлесі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Акционердің (қатысушының) жарғылық капиталына ақы төлеуді
растайтын құжаттардың деректемелері (төлем тапсырмаларының, кассалық
кіріс ордерлерінің нөмірі мен күні):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Акционердің қатысушысы ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне өтініш берушінің акционері (қатысушысы) қатысуы жөніндегі мәліметтер (акционер тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8318 болып тіркелген) белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі ВВ+ төмен емес шетел валютасы түрінде ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар, резидент емес заңды тұлға ретінде болғанда аталған мәліметтер берілмейді):
Толық атауы/ тегі, аты (бар болcа әкесінің аты) |
Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес) |
Дауыс беруші акцияларының пайызы не жарғылық капиталын қатысу үлесі |
Негізгі қызмет түрі |
6. Қатысушылар, өтініш беруші акционерінің дауыс беруші акцияларының он және одан асатын пайыздарына ие не өтініш берушінің (қатысушы) акционерінің жарғылық капиталына қатысу үлесі оның жарғылық капиталының он және одан асатын пайызын құрайтын өтініш беруші акционері (қатысушылары) акционерлер туралы мәліметтер:
Толық атауы/ тегі, аты (бар болcа - әкесінің аты) |
Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес) |
Дауыс беруші акцияларының пайызы не жарғылық капиталына қатысу үлесі |
Негізгі қызмет түрі |
7. Ұйымдардың толық атауы, орналасқан жері көрсетілген өтініш
берушінің акционері (қатысушы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік,
қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар,
консорциумдар туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Осы сауалнаманың 3-5-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген,
бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сондай болып
табылатын акционер (қатысушы), өтініш берушінің басқа үлестес
тұлғалары туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Өтініш беруші акционерінің (қатысушының) басшысы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)
20__жылғы «__» _____________
Өтініш беруші акционерінің
(қатысушының) басшысының қолы _________________________________
Мөр орны
Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, тоқтата тұру
және одан айыру қағидаларына
3-қосымша
Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер
(жеке тұлға үшін)
_______________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
1. Өтініш берушінің акционері (қатысушы):
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
Туған күні мен жылы
_____________________________________________________________________
Азаматтығы __________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
_____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берген)
Тұрғылықты жері:_____________________________________________________
(почталық индексі, мекенжайы)
Байланыс деректемелері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(телефон нөмірі, электрондық почтаның адресі)
Жұмыс орны (мекенжайын, лауазымын көрсетіп)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Акционерге тиесілі дауыс беруші акциялар санының өтініш
берушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық арақатысы
немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі:
_____________________________________________________________________
3. Өтініш берушілердің акцияларына ақы төлеуге ақша енгізу
алдындағы өтініш берушінің акционерінің (қатысушының) меншікті
капитал мөлшері (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі)
және өтініш берушінің акциялары үшін ақы төлеу сомасы (өтініш
берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Жарғылық капиталға ақы төлеуді растайтын құжаттардың
деректемелері (төлем тапсырмаларының, кассалық кіріс ордерлерінің
нөмірі мен күні):____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және
қызметіне өтініш беруші акционердің (қатысушының) қатысуы жөніндегі
мәліметтер:
Толық атауы/ тегі, аты (бар болcа - әкесінің аты) |
Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес) |
Дауыс беруші акцияларының пайызы не жарғылық капиталына қатысу үлесі |
Негізгі қызмет түрі |
Осы сауалнаманың 3-тармағында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес сондай болып табылатын өтініш
берушінің акционері (қатысушысы) басқа үлестес тұлғалары туралы
мәліметтер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20 __ жылғы «__» _____________
Өтініш беруші акционерінің (қатысушының) қолы _________________
Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, тоқтата тұру
және одан айыру қағидаларына
4-қосымша
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтабасының суреті бар бланкте
басып шығарылады)
Уәкілетті органның толық атауы
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия
Лицензияның нөмірі _______ Берілген күні ___ жылғы «__» ____________
________________________________________________________ берілген.
(лицензиаттың толық атауы)
Осы лицензия бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін
жүзеге асыру құқығын береді:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Алғаш алынған бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру
үшін лицензиялар туралы деректер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Уәкілетті органның Төрағасы
(Төрағаның орынбасары)
____________________________________
Мөр орны
Алматы қаласы
Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, тоқтата тұру
және одан айыру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Лицензияны ерікті қайтаруға, қызмет түрінің (шағын түрінің)
атауын өзгертуге және (немесе) қызметтің түрін (шағын түрін)
алып тастауға өтініш
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лицензиаттың атауы)
акционерлерінің жалпы жиналысының
_____________________________________________________________________
(өткізу орны)
_____жылғы «__» _____________ № ____ шешіміне сәйкес
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген 20__
жылғы «_»_______№_____лицензияны ерікті қайтаруын,
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген
20__жылғы «__» ________ № ______ лицензиядан төмендегі қызметтің
түрін (шағын түрін) өзгертуін: __________________________________,
(қызмет түрінің (шағын түрінің) атауы)
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген
20__жылғы «__»________№_____лицензиядан төмендегі қызметтің түрін
(шағын түрін) алып тастауын:_____________________________________,
(қызмет түрінің (шағын түрінің) атауы)
жүзеге асыруды (керегін таңдап алу) сұрайды.
Лицензиат өтінішпен қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.
Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):
Лицензиаттың бірінші басшысы (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылған құжатқа сілтеме)
_______________________
(қолы) мөр
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 25 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші
жойылған қаулыларының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар берудің талаптары мен тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 87 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7534 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 19 маусымда № 330-335 (27409) жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 235 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8009 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 21 қарашада № 763-767 (27839) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 7-тармағы.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 6 тамызда № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 32-тармағы.