2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Таран ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_______________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________ Г. Оспанбекова
"Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
ММ басшысы
________________ Қ. Төлеубаев
Таран ауданының әкімі
_____________ Б. Өтеулин
Әкімдіктің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 450 қаулысына қосымша
Таран ауданының Береговое селосындағы
№ 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз
су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту |
Санитарлық қорғау аймақтарының |
|
І - белдеу |
||
шекарасы |
ауданы |
|
№ 10137 |
Ұзындығы – 87,7 |
0,61 гектар |
Кестенің жалғасы:
Су тарту |
Санитарлық қорғау аймақтарының |
|
ІІ - белдеу |
||
шекарасы |
ауданы |
|
№ 10137 |
Радиусі – 81 |
2,06 гектар |
Кестенің жалғасы:
Су тарту |
Санитарлық қорғау аймақтарының |
|
ІІІ - белдеу |
||
шекарасы |
ауданы |
|
№ 10137 |
Ұзындығы – 1562 |
139,19 гектар |
Ескерту: "Қостанай облысы Таран ауданының Береговое селосындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз суға арналған орталықтандырылған су тартудың санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші – "Викторовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).