Таран ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылы 16 қазандағы № 450 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 қарашада № 4314 болып тіркелді.

Жаңартылған

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Таран ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Қостанай
      облысы бойынша департаменті"
      мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы
      _______________ С. Байменова
      "Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрлігі Су ресурстары
      комитетінің Су ресурстарын
      пайдалануды реттеу және
      қорғау жөніндегі
      Тобыл-Торғай бассейндік
      инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      ______________ Г. Оспанбекова
      "Қостанай облысы әкімдігінің
      табиғи ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу басқармасы"
      ММ басшысы
      ________________ Қ. Төлеубаев
      Таран ауданының әкімі
      _____________ Б. Өтеулин

  Әкімдіктің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 450 қаулысына қосымша

Таран ауданының Береговое ауылындағы
№ 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз
су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 20.10.2017 № 526 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І белдеу

ІІ белдеу

ІІІ белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 10137
ұңғыма

Ұзындығы – 87,7 метр

Барынша ені – 75 метр

0,61 гектар

Радиусы –

81 метр

2,06 гектар

Ұзындығы – 1562 метр

Барынша ені – 1040 метр

139,19 гектар

      Ескерту: "Қостанай облысы Таран ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз суға арналған орталықтандырылған су тартудың санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген.