Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Алтынсарин ауданының Шоқай ауылындағы № 1, № 2 ұңғымалар учаскесінде жер асты сулары орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_______________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 447 қаулысына қосымша
Алтынсарин ауданының Шоқай ауылындағы
№ 1, № 2 ұңғымалар учаскесінде жер асты сулары
орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері |
|||||
І-белдеу |
ІІ-белдеу |
ІІІ-белдеу |
||||
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
|
№ 1, № 2 |
Ұзындығы – |
1,4 |
Ұзындығы – |
1,4 |
Ұзындығы – |
14,7 |
Ескерту: "Алтынсарин ауданының Шоқай ауылындағы № 1, № 2 ұңғымалар учаскесінде жер асты сулары орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Шоқай-К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).