Алтынсарин ауданының Шоқай ауылындағы № 1, № 2 ұңғымалар учаскесінде жер асты сулары орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 447 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 қарашада № 4310 болып тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қосымшаға сәйкес Алтынсарин ауданының Шоқай ауылындағы № 1, № 2 ұңғымалар учаскесінде жер асты сулары орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы
      _______________ С. Байменова
      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары
      комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ Г. Оспанбекова

  Әкімдіктің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 447 қаулысына қосымша

Алтынсарин ауданының Шоқай ауылындағы
№ 1, № 2 ұңғымалар учаскесінде жер асты сулары
орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту

көзінің

атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І-белдеу

ІІ-белдеу

ІІІ-белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 1, № 2
ұңғымалар

Ұзындығы –

140 метр

Ені – 100

метр

1,4

гектар

Ұзындығы –

140 метр

Барынша ені

– 100 метр

1,4

гектар

Ұзындығы –

572,5 метр

Барынша ені

– 169,5

метр

14,7

гектар

      Ескерту: "Алтынсарин ауданының Шоқай ауылындағы № 1, № 2 ұңғымалар учаскесінде жер асты сулары орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Шоқай-К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).