Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданының аумағындағы жер асты суларының Семиозерное кен орны Аманқарағай элеваторының № 9312, № 2056 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай
облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
_______ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің Су
ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттiк
мекемесінің басшысы
_______ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің
2013 жылғы 17 маусымдағы
№ 241 қаулысына
қосымша
Әулиекөл ауданының аумағындағы жер асты суларының Семиозерное кен орны Аманқарағай элеваторының № 9312, № 2056 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Су |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері |
|||||
І - белдеу |
ІІ - белдеу |
ІІІ - белдеу |
||||
Шекарасы |
Ауданы |
Шекарасы |
Ауданы |
Шекарасы |
Ауданы |
|
№ 9312, |
Радиусі |
1,57 |
Ұзындығы |
16,0 |
Радиусі |
200,0 |
Ескерту: "Қостанай облысының Әулиекөл ауданы жер асты суларының Семиозерное кен орны Аманқарағай элеваторының №№ 9312 және 2056 ұңғымалары учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулерінің мөлшерлерін негіздеу жобасы" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Аманқарағай элеваторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).