Әулиекөл ауданының аумағындағы жер асты суларының Семиозерное кен орны Аманқарағай элеваторының № 9312, № 2056 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 241 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 шілдеде № 4192 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданының аумағындағы жер асты суларының Семиозерное кен орны Аманқарағай элеваторының № 9312, № 2056 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Қостанай
      облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры
      _______ Б. Кенжебаев
      "Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрлігінің Су
      ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау
      жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы"
      республикалық мемлекеттiк
      мекемесінің басшысы
      _______ Г. Оспанбекова

  Әкімдіктің
2013 жылғы 17 маусымдағы
№ 241 қаулысына
қосымша

Әулиекөл ауданының аумағындағы жер асты суларының Семиозерное кен орны Аманқарағай элеваторының № 9312, № 2056 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

Су
тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

№ 9312,
№ 2056
ұңғы-
малар

Радиусі
-әр
ұңғыма-
ның
айнала-
сында 50
метр

1,57
гектар

Ұзындығы
–167,0
метр
Әр
ұңғыма
үшін
барынша
ені–152,
6 метр

16,0
гектар

Радиусі
-әр
ұңғыма-
ның
айнала-
сында
564,0
метр

200,0
гектар

      Ескерту: "Қостанай облысының Әулиекөл ауданы жер асты суларының Семиозерное кен орны Аманқарағай элеваторының №№ 9312 және 2056 ұңғымалары учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулерінің мөлшерлерін негіздеу жобасы" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Аманқарағай элеваторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).