Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Таран ауданында орналасқан Козырев кен орнының № 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесінің
директоры
_______________ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы" республикалық
мемлекеттiк мекемесінің бастығы
________________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің
2013 жылғы 1 сәуірдегі
№ 121 қаулысына қосымша
Таран ауданында орналасқан Козырев кен орнының
№ 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты
сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық
қорғау аймақтары
Су тарту |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері |
|||||
І-белдеу |
ІІ-белдеу |
ІІІ-белдеу |
||||
Шекарасы |
Ауданы |
Шекарасы |
Ауданы |
Шекарасы |
Ауданы |
|
№ 3э/6806 |
Ұзындығы |
1,042 |
Ұзындығы – |
15,3 |
Ұзындығы – |
60,0 гектар |
Ескерту: "Қостанай облысының Таран ауданында орналасқан Козырев кен орнының № 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты суларының санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Лисаковскгоркоммунэнерго" өндірістік-шаруашылық бірлестігі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).