Таран ауданында орналасқан Козырев кен орнының № 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 121 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 сәуірде № 4098 болып тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қосымшаға сәйкес Таран ауданында орналасқан Козырев кен орнының № 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік мекемесінің
      директоры
      _______________ Б. Кенжебаев
      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігінің Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы" республикалық
      мемлекеттiк мекемесінің бастығы
      ________________ Г. Оспанбекова

  Әкімдіктің
2013 жылғы 1 сәуірдегі
№ 121 қаулысына қосымша

Таран ауданында орналасқан Козырев кен орнының
№ 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты
сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық
қорғау аймақтары

Су тарту

көзінің

атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І-белдеу

ІІ-белдеу

ІІІ-белдеу

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

№ 3э/6806
№ 4э/6807
ұңғымалар

Ұзындығы

– 50 метр

Ені – 60

метр

1,042

гектар

Ұзындығы –

367,5 метр

Барынша ені


416,4 метр

15,3

гектар

Ұзындығы –

1400 метр

Барынша ені


428,5 метр

60,0 гектар

      Ескерту: "Қостанай облысының Таран ауданында орналасқан Козырев кен орнының № 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты суларының санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Лисаковскгоркоммунэнерго" өндірістік-шаруашылық бірлестігі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).