Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің Құдықсай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай селолық округінің әкімінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 қыркүйекте № 3647 болып тіркелді

Жаңартылған

     Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 21.10.2014 № 1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Хромтау ауданының мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторының 2013 жылғы 07 маусымдағы № 154/231 ұсынысы негізінде Құдықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің Құдықсай ауылы аумағында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
     Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 21.10.2014 № 1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Құдықсай селолық округінің әкімі:

Б.Журтканов