Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Хромтау ауданының мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторының 2013 жылғы 07 маусымдағы № 154/231 ұсынысы негізінде Құдықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Құдықсай ауылдық округінің Құдықсай ауылында ірі қара малдың бруцеллез эпизоотикалық ошағын айқындауға байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құдықсай селолық округінің әкімі: Б.Журтканов