РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 203 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларында:
2-қосымшада:
Төлем белгілеу кодының жан-жақты кестесінде:
«0 – Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар» деген бөлімде:
001 және 002-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«001 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бюджеттік қаражат есебінен судьяның ай сайынғы табысының он пайызы мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналары |
002 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері сомасынан, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының оның активтері сомасынан түскен комиссиялық сыйақы»; |
005, 006, 007, 008 және 009-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«005 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған өсімпұл сомаларын қайтаруы |
006 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушының комиссиялық сыйақысы |
007 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақысы |
008 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды қайтаруы |
009 |
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұл»; |
011-код мынадай редакцияда жазылсын:
«011 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері»; |
014 және 015-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«014 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысы сомасынан міндетті зейнетақы жарналары уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұл |
015 |
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары»; |
«Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен инвестициялық кіріс» деген 018-кодтың екінші жолы алып тасталсын;
024 және 025-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«024 |
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында аудару |
025 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысы сомасынан аударылатын міндетті зейнетақы жарналары уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұлды қайтаруы»; |
«Республикалық бюджеттен трансферттер» деген 030-кодтан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«030 |
Зейнетақы төлемдерін алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын алушының зейнетақы төлемдеріне құқығын иелену кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерінің сомаларын төлеу |
030 |
Бір жасқа жеткенге дейін бала күтуге байланысты табысты жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушыларға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау»; |
031 және 032-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«031 |
Банктің қате төлемдерді қайтаруы, оралмандарға бір жолғы төлемдерді, банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдерді қайтару |
032 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы, ерікті зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды қайтаруы»; |
040 және 041-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«040 |
Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдерді алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақылар |
041 |
Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдерді алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды қайтару»; |
059-код мынадай редакцияда жазылсын:
«059 |
Анасына немесе әкесіне, баланы (қызды) асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақылар»; |
069-код мынадай редакцияда жазылсын:
«069 |
Анасына немесе әкесіне, баланы (қызды) асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақыны қайтару»; |
078 және 079-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:
«078 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының аударым сомаларын қайтаруы |
079 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының республикалық бюджеттің қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табыс сомасынан аударылған міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруы»; |
088-код мынадай редакцияда жазылсын:
«088 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтары бойынша кредиторлық берешегін өтеу»; |
095-код мынадай редакцияда жазылсын:
«095 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін қате есепке алынған айыппұл сомаларын қайтаруы»; |
«Басқа төлемдер» деген 099-кодтан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«099 |
Оралмандарға берілетін бір жолғы төлемдер |
099 |
Банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдер |
099 |
Осы бөлімде ескерілмеген өзге де басқа төлемдер (жәрдемақылар)»; |
«3 - Салымдар (депозиттер)» деген бөлімде:
«Шартты салымдар бойынша клиенттің шотына есептелген сыйақыны банктің есептеуі» деген 319-кодтың үшінші жолынан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«319 |
Ақшаны сенімгерлікпен басқаруға өткізу»; |
«Клиенттердің бір банктегі өзінің ағымдағы шотынан басқа банктегі өзінің ағымдағы шотына аударымы» деген 321-кодтың бесінші жолы алып тасталсын;
«Банктің бір банктегі өзінің корреспонденттік шотынан басқа банктегі өзінің корреспонденттік шотына өз қаражаттарын аударуы» деген 325-кодтан кейін мынадай мазмұндағы 326-кодпен толықтырылсын:
«326 |
Клиенттердің бір банктегі өзінің ағымдағы шотынан басқа банктегі өзінің ағымдағы шотына аударымы»; |
«Шартты салымнан ақша алу: негізгі соманы және есептелген сыйақыны» деген 329-кодтың екінші жолынан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«329 |
Сенімгерлікпен басқаруға берілген ақшаны қайтару»; |
«8 - Қызмет көрсету» деген бөлімде:
«Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысы (жарна)» деген 831-кодтан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«831 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының не ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуы»; |
832-кодта:
екінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
«832 |
Сақтандыру ұйымының өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін аударуы»; |
екінші жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«832 |
Сақтандыру ұйымының аннуитеттік сақтандыру бойынша мерзімдік/өмір бойы сақтандыру төлемдері»; |
«Сақтандыру агенттеріне комиссиялық төлемдер» деген 837-кодтың екінші жолынан кейін мынадай мазмұндағы 838-кодпен толықтырылсын:
«838 |
Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасын қайтару»; |
«Дата, мөр немесе нөмір қоюға арналған штемпельдер, этикеткалар басуға немесе бедерлеп өрнектеуге, баспа терімдеріне арналған қолмен жұмыс істейтін құрылғылар дайындау» деген 859-кодтың екінші жолы алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын 1-тармақтың елу бірінші, елу екінші және елу үшінші абзацтарын қоспағанда, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов